Инвестициялық жоба түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:15, реферат

Краткое описание

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КIРIСПЕ.doc

— 1.47 Мб (Скачать документ)

КIРIСПЕ

 
       “Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi. Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда халықаралық инвестициялық істесуге барады және шетелдік инвестицияларды тартуға ынталы болып келеді. Өйткені экономикалық заңдылық бойынша өздігімен тұйықталған экономика ешқашан тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды. [1]

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері» Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. 
Бұл тақырыптың  өзектілігі – Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады, сондықтан  бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Инвестициялық жобаның мақсаты - Қазақстан  Республикасында  әлемдік   стандарттарға сәйкес келетін шыны табағын және одан істелінген бұйымдардың  қазіргі заманғы өндірісін ұйымдастыру.Осы жобаны іске асыру ұлттық шыны өнеркәсібін құруды қамтамасыз етеді, техникалық тәжірибені, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану жолымен және стратегиялық серіктестің бәсекеге қабілетті өнім өндірісіне қатысуы арқылы құрылыс секторының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.    

Кез  келген  жобаны   қаржыландыру  мен  несиелеуге  инвестиция  жұмсау  жекелеген  тәуекел  түрлерімен  анықталады. Сондықтан  инвестицияны  жұмсамас  бұрын  жоба  жүргізу  қажет. Жобалық жұмыс маңызды болып табылады, себебі инвестицияны  тиімді  пайдалану оған тікелей байланысты.

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.

Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:

  • Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
  • Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
  • Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
  • Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын  бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.

Кез келген инвестициялық  жобаны талдау барысында жобаның  түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар және т.б. жатады.

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.

Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Қаржыландыру үшін инвестициялық  жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі  әдістемелік ұсыныстар халықаралық  тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар  мен әдістерге негізделген. 

Инвестициялық жоба- қаржылық нәтижесі пайда алу, материалдық-мүліктік нәтижесі жаңа өндірісті құру немесе стратегиялық мақсаттарға жету мақсатында жұмыс  істеп тұрған өндірісті жаңарту, қалпына келтіру,өндірісті кеңейту  қаражат салу, қаржы құралдары мен материалдық емес активтерді сатып алу және пайдалануға бағытталған жүйелі түрдегі шаралар жиынтығын білдіреді.

Инвестициялық  жобаларға  тұрғын  үй, құрылыс, үй  объектілерін  салу жобасы, инвестициялық  портфельді қалыптастыру, ғылыми-зерттеу  жұмыстарын зерттеу жобалары, жаңа техника мен озық технологияларды игеру жобасы, кәсіпорындарды қайта құру және кеңейту жобалары, кинофильмдерді шығару жобалары, аймақты қамту және т.б. жатады.

Жобаны іске асыру бұл кезең бизнес - идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

Коммерциялық тиімділікті  есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобаның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.

Менің Курстық  жұмыстың  құрылымы,  яғни кіріспеден,  үш бөлімнен,  қорытынды және  қолданылған әдебиетер тізімінен тұрады.

Бірінші  бөлімде,  Инвестициялық  жобалар: түсінігі және іске асыру кезеңдері;

Екінші  бөлімде,  Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау;

Үшінші бөлімде, Әрекет уақыты әр түрлі инвестициялық жобаларды  бағалаудағы жетілдіру жолдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 
1.1 Инвестициялық жоба түсінігі

 

 

 

  Кез келген  инвестициялық  қызметтің  түрі, оған  капитал жұмсау  немесе   инвестициялау  барысында  арнайы  инвестициялық  жобаның  болуына талап етеді.

Тар мағынада жоба дегеніміз - бұл мүліктік объектілерді және техникалық үдерістерді жүзеге  асыруға қажетті материалдық-қаржылай еңбекпен және  инвестициялық мақсаттарға жету бойынша жұмыс жүргізу үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық құжаттардың пакетін, сондай-ақ олардың орындалуымен байланысты басқару шешімдерін және шараларын қамтитын, көздеген  мақсатқа немсе нәтижеге жетуге  бағытталған жүйе болып табылады.  Жоба - ресурстарды пайдалану арқылы белгілі бір табыс алуға бағытталған адамзат қызметінің немесе қызмет жиынтығының түрі. Жобаларға: бағалы қағаздарды сатып алу, банкке бос ақша қаражаттарын салумен байланысты адамның мақсатты қызметін жатқызуға болады. Жаңа объектілерді салу немесе ағымдағы объектілерді жөндеу, тіпті сауда-делдал қызметін де жатқызуға болады. [2,236б]

Жоғарыда келтірілген  анықтаманың көптеген шарттары бар, себебі салыстырмалы түрде альтернативті әдістерді пайдалану, тек осы әдістерді сандық өлшеуге келетін кезде мүмкін болады. Негізінен, сандық өлшеуге келмейтін көптеген адами қызмет түрлері бар. Бірақ, біз оған жобаны жатқыза алмаймыз. Өйткені жобаны іске асыруда қажетті ресурстарды бағалап, талдауға болады.

Кез келген қоғамның ресурстары шектеулі болып келеді, сол себепті  қоғам оларды максималды түрде тиімді жұмсауға мүдделі. Осы жағынан жобаның кең мағынада анықтамасын беруге болады.

Сонымен, Жоба деп- қоғамның өмір сүру жағдайын жақсартуы мен ұлттық экономиканың тез дамуына алып келетін кез келген іс шараны айтуға болады, яғни қоғамның әлеуметтік мақсаттары мен шектеулерін есепке ала отырып, жүргізілетін іс шаралар жиынтығы. 

Инвестициялық жоба- қаржылық нәтижесі пайда алу, материалдық-мүліктік нәтижесі жаңа өндірісті құру немесе стратегиялық мақсаттарға жету мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңарту, қалпына келтіру,өндірісті кеңейту қаражат салу, қаржы құралдары мен материалдық емес активтерді сатып алу және пайдалануға бағытталған жүйелі түрдегі шаралар жиынтығын білдіреді.

Инвестициялық  жобаларға  тұрғын  үй, құрылыс, үй  объектілерін  салу жобасы, инвестициялық  портфельді қалыптастыру, ғылыми-зерттеу  жұмыстарын зерттеу жобалары, жаңа техника мен озық технологияларды игеру жобасы, кәсіпорындарды қайта құру және кеңейту жобалары, кинофильмдерді шығару жобалары, аймақты қамту және т.б. жатады.

Көп нәрсені жоба деп  санауға болады: элеватор құрылысы, өнім өндіру процесіне жаңа технология ендіру, оқу семинарларын өткізу,тракторларды жөндеу және т.б. Бұндай акциялардың барлығының ортақ белгілері бар:

  • Олар нақты анықталған мақсаттарға бағытталған;
  • Өзара байланысты іс әрекеттерді орындау;
  • Бастамасы мен соңы көрсетілген шектеулі уақыт ұзақтылығының болуы;
  • Ресурстардың шектеулілігі мен нақты сыртқы жағдайлардың әсер етуі;
  • Ресурстар салу мен нәтиже алу процестері тығыз байланысты, бір рет жасалынған салымның ұзақ уақыт бойы әсері байқалып тұрады;
  • Қайталанбас шарттарымен ерекшелініп тұрады.

Келтірілген белгілер жобаны басқа түрдегі шаралардан екекшелейді; олардың болуы шараны жоба деп тануға мүмкіндік бағыттарының дамуын анықтайды.

Әдетте, негізгі мақсат және бірнеше ағымдағы міндеттер  болады. Жиі «максаттар тізімі» құрылып, олардың ішінде әр мақсаттың деңгейі  анықталады.

Жобаны іске асыру  процесін негізгі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін, төменгі деңгейдегі мақсаттарға  қозғалысы деп қарауға болады. Кейде әр түрлі жұмыстар бір уақытта  атқарылып, әр түрлі деңгейдегі мақсаттар  бірге іске асырылуы мүмкін.

Ешқандай да жоба ұзақ уақытта созыла бермейді; әр жобаның басы мен соңы болады.

Жобаларды әдет бойынша  тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін(арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, Әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен,  өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды  жаңартуымен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік  емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және  жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және  тактикалық  мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік  инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Жобаның басы, әдетте, ол қаржыландырылған кезде немесе қаржыландыру туралы шешім қабылданған кезі болып  саналады. Ал жобаның аяқталу кезі оған қажетті негізгі құралдарды сатып алу, пайдалану мерзіміне  байланысты.

Инвестициялық жобалар  сыртқы ортаға байланысты жүзеге асырылады, ол экономиканың нақты шарттарымен, құқық саласымен, әлеуметтік және демографиялық ортамен, қаржылық нарықтың дамуымен анықталады және жоспарланады.

Кез келген жоба әр түрлі  ресурстық салымдарды ( материалдық, техникалық, еңбек, қаржылық және т.б.) қажет етеді. Бұлардың қайсы болмаса да шектеулі болып келеді, сол себепті қажетті ресурстарға толығымен немесе олардың бір бөлігіне ғана шектеу салынады.

Инвестициялау процесі  әрқашанда белгілі бір нәтиже алуды көздейді. Оларға: табыс алу, нақты бір әлеуметтік мәселені шешу немесе нарықта өз орнын табу және тағы басқа. Басқа сөзбен айтқанда, бір де бір ресурс белгіленген мақсатсыз артық жұмсалмауы тиіс. [3,35-37бб]

Жобалық талдау  тәжірибесі жобаларды әзірлеу  тәжірибесін  жалпылауға және типтік жобаларды  атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде  кездесетін инвестициялық жобалардың  негізгі түрлері  мынадай:

1.Тұрақты  масштабтағы  бизнестің табиғи  жалғасуы  ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған  ұқсас жобалар ұзақ және күрделі  дәлелдемелерді, шешім қабылдауды  талап  етпейді. Ұқсас  қондырғылардың  бірнеше түрі бар болса және олардың  ішінен біреуінің  басымдылығын дәлелдей керек болса,  көп баламалылық  пайда болуы мүмкін.

2.Ағымдағы өндірістік  шығындарды  азайту мақсатында 

қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты  – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым  жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға  қарағанда салыстырмалы  түрде тиімділігі  азырақ  болады.  Жобалардың  осы  түрі  әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп   қажет етеді,  өйткені техникалық  мағынада неғұрлым  тиімді бола  бермейді.

3.Өнім шығаруды  арттыру және қызмет көрсету  нарығын  кеңеуті.  Жобалардың бұл түрі  әдетте  кәсіпорын  басқармасының  жоғарғы деңгейі  қабылдайтын жауапты шешімді талап  етеді. Жобаның  коммерциялық  орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің  тиянақты дәлелдемесімен  және  сату  көлемін арттырудың табыстың өсуіне  алып келе-келмеуін  анықтай отырып, жобаның қаржылық  тиімділігін тиянақты  талдау керек.

Информация о работе Инвестициялық жоба түсінігі