Инвестициялық жоба түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:15, реферат

Краткое описание

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КIРIСПЕ.doc

— 1.47 Мб (Скачать документ)

тәуекелдің жоғарлығына  байланысты несие  бойынша  пайыздың  өсуі  және  комиссиондық  ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін,  жобалық бақылау жүргізгені үшін  алнатын ақы); жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық  негіздеме дайындау,  пайдалы қазбаларды  табу жұмыстары,  қоршаған ортаға жобаның  тигізетн зияндары, терең  маркетингтік зерттеулер, т.б.); несие алуға  деген өтініш пен оны несиелеу  туралы шешім  қабылдау кезеңдерініңұзақтығы; қарыз  алушының  қызметіне банк тарапынан жүргізілетін  бақылаудың  қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық); кейбір жағдайдағы  қарыз  алушының  өз  тәуелсіздігін  жоғалтып алу қаупі. [13,29-31бб]

Инвестициялық ұсынысты жобалау кезінде  көптеген жағдайларда инвестициялық  жоба тиімділігін жалпы бағалаумен шектелсе болады. Жобаны қаржыландыру кестесі жалпы сипатта көрсетілуі мүмкін (оның ішінде білікті бағалаулар негізіндегі ұқсастық бойынша).

Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан,мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан,акциялар мен  басқа да бағалы қағаздардан,қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден жерді  пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан тағы басқалардан тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларда көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса,онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қызмет —  «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық  іс-әрекеттердің жиынтығы» болып  табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:

- Күрделі инвестиция;

- Инвестициялық сфера;

- Қаржы капиталын пайдалану сферасы;

Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасы.

Инвестициялар әр түрлі  меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтерінде де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы,айналым сферасындағы айналым қорларынан тұрады.  Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес,себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік,ішкі табыстылық,өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар,ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.         Бұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті,жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар,инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.       Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі.         Бұл жерде:

-   ақшаның келешектегі құны;

-   пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;

-   ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны;

-   дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны.

Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды, келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабелділік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланылады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді. Яғни,  инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін,есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді. Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру,осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын-ала дайындауды талап етеді

Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылданған моделінің логикасын макроэкономикалық деңгейде де қолдануға болады. Түптеп келгенде, бұл модель төмендегі кестеде көрсетілген.

 

Стратегиялық  жоспарлау

Идеяны іздестіру

Жобаларды анықтау  және алғашқы талдау

Қаржылық талдау және шешім қабылдау

Жобаны жүзеге асыру

Мониторинг және инвестиция- лық бақылау

Бақылау

Еңбек  ресурстары.




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2 - Инвестицияны стратегилық жоспарлау [14,316б]

 

Кестеде көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек  ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы жағдайлары және сонымен қатар «шектеушілер» түрінде көрініп тұр. Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған (бюджеттік) қорлар есебінен жүргізіледі,ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға жұмсалған өз қаржыларының есебінен толтырылады

Қазақствнда соңғы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлемінде  мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.

Енді қаржыландыру көздері бойынша күрделі құрылысқа  инвестицияларды бөлу көрсеткішін  талдайық.

 

Сала түрі

1996

2005

2010

Күрделі құрылысқа инвестициялар,барлығы

 

100,0

 

100,0

 

100,0

Бюджеттік қаржылар

38,9

5,0

10,0

Соның ішінде:

     

Республикалық бюджеттің

3,5

3,2

Жергілікті бюджеттің

1,1

6,8

Бюджеттен тыс  қаржылардың есебінен

… 

0,4 

… 

Кәсіпорындар  мен ұйымдардың өз қаржылары

59,5

92,3

49,4

Жеке құрылыс  салушылар

1,7

1,2

2,0

Шет ел инвестициялары.

1,5

38,6


Кесте 3 –Қаржыландыру  көздері бойынша күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу [15,5б]

 

Күрделі құрылысқа  жұмсалған инвестициялардың көлемінде  бюджеттік қаржылардың үлесі  жылдан -жылға төмендеуде. Егер бұл  көрсеткіш 1995 жылы 38,9% -ке тең болса, 2005 жылы 5% -ке,ал 2010 жылы– 10%-ке тең. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларының үлесі, тиісінше, 59,4%, 92,3%, 49,4% болып отыр. 10 жыл ішінде жеке құрылыс салушылардың қаржыларының үлесі айтарлықтай өзгере қойған жоқ.

Мемлекеттің инвестициялық  қызметін реттеу шетел инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рөл атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек,олардың үлесі 2005 жылға 1,5 % -тен 2010 жылы 38,6%-ке дейін өскен. Шетел инвестицияларында жетекші орындарды АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сияқты елдер алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарлатуға ұйымдастырушылық — құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық тағы басқа кедергі болуы мүмкін.

Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметті тартудың негізгі қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды.Олардың арасында инвестициялық қызметтің экономикалық және әлеуметтік қағидасы басшылыққа алу – яғни инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен,тікелей инвестициялар мен инвестициялық несие берудің қолайлы жағдайларымен ,жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі.    Соңғы  уақыттарда  республикамыздағы  екінші  деңгейдегі  банктер экономика  секторларын  несиелеу  барысында  ұзақ  мерзімді  жобалармен  тығыз  жұмыс  жасауда.  Жобалар  бойынша   экономика  секторларын  несиелеуде  бұл  қазіргі  несиелеу механизмінің өзіндік  ерекшеліктерін сипаттайды.

Жоба – бұл  белгілі - бір  бастапқы  мәліметтері  бар  және  нәтиженің  болуын  талап  ететін  және  оны шешу  тәсілдеріне   негізделетін міндеттерді білдіреді.  Жобалардың  келесідей  түрлері  болады: тұрғын үй  немесе  құрылър !оаъдкуісін салу,  инвестициялау  портфелін  қалыптастыру,  ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын,  кәсәпорынды  қайта  құру,  жаңа  техника  және  технологиялар  жасау,  кинифильмдер  шығару,   аймақты дамыту. [16,50-53бб]                                                         

Жобаны  бағалауда   және оның тиімділігін  есептеуде  жобалық  талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай  талдаудың негізгі  ұғымы «жобаның өмір сүру циклі» болып  табылады.  «Өмір сүру циклі» деп  жобаның  пайда болуы мен оның  жойылуы  кезіне  дейінгі уақыт  аралығын айтамыз.  Жалпы  алғанда, жобалық цикл  келесі кезеңдерден  тұрады:

- инвестициялық шешім  қабылдау;

- инвестициялау;

- жаңадан  құрылған  объектілерді  пайдалануға  беру.

Әр кезең   шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ  кезеңдердің нақты  сатыларға  бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық  жоба  жүзеге асырып  жатқан әр  елдің  экономикасының өзіне  тән  ерекшеліктері болады.  Екіншіден,  инвестициялық  жобаға   қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер,  жобалық  компаниялар, мердігерлер,  қарыз  берушілер  және инвесторлар, т.б.) және әрбір  қатысушының жобалық циклға  деген  көзқарасы  әр түрлі болады. Инвестициялау  алдындағы  кезең  мынандай  сатылардан  тұрады:

- инвестициялауға  қажетті  қаржы  ресурстарын жинақтау;

- жобаны алдын-ала  дайындау, яғни, оның сметалық құжаттарын  даярлау;

- жобаны жасауды   аяқтау  және оның техникалық  және  қаржылық  тиімділігін  бағалау;

- жоба  бойынша  нақты  шешімдер  қабылдау.

Инвестициялау кезеңі  3 сатыдан  тұрады:

  • келісім-шарт  жасау  және теңдер  жұмыстарын ұйымдастыру;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.

Ал,  ең  соңғы  инвестициялық  объектілерді  пайдалануға  беру кезеңін

қысқаша түрде  былай сатылауға болады:        

- монтаждау;

- жөндеу;

- өндіріс;

- жобаны аяқтау  және оны пайдалануға беру.

Әрбір кезеңнің  сатыланып  бөлінуінен-ақ  әр кезеңде  жүргізілетін  іс

-әрекеттер  рет-ретімен  жүзеге  асырылатыны  көрініп тұр.Белгілі-бір  кезеңнің, тіпті бір сатының   жүргізілмеуі  инвестициялық жобаны  дайындау мен  жүргізу процесін  бұзады.

Несие  беруші  мен  қарыз  алушының  жобалық циклға  қатынасы әр түрлі:

1.Жобалқы цикл қарыз  алушы   үшін едәуір  ұзақ   уақыт   шеңберінде іске асады,  яғни,  ол  жоба идеясының пайда   болуынан  бастап,  оның аяқталуына  дейінгі  мерзімді  қамтыса,  ал  несие  беруші  үшін жобалық   цикл  қарыз  алушыдан  өтініш   келіп  түскен уақыттан бастап,   қарыз  алушының  несие  және  несиелік  шарт  бойынша  барлық  міндеттемелерін  өтеген  уақытқа   дейінгі  мерзімді  қамтиды,  яғни,   банк  үшін  жобалық   цикл  мерзімі  қысқалау.

2.Қарыз   алушы  мен   несие   беруші   жобалық циклдың   жекелеген  сатылары   шеңберінде  өздеріне   маңызды  түрлі   кезеңдерді  белгілейді.  Жобаның   мейлінше  үйлесімді   іске  асуы  несие  беруші  мен   қарыз  алушының  жобалық циклдағы  бір-бірінің  кезеңдерін  толық   білуіне  байланысты. Банкке  қарыз  алушының  жобалық   циклін   толық  білу мынандай  мәліметтер  алу  үшін қажет:

- жобаны іске асырудағы барлық  шығындар мен  түскен  табыстарды  білу үшін;

- жобаны іске асыруда  пайда  болатын  тәуекелдерді анықтау   үшін;

- жобаны  іске асыруда  өз  бақылау  кестесін  құру  үшін.

Айта кететін  жайт,  жобалық  циклдың   үш  сатыға  бөлінуі  барлық  жобаларға  тән.   Кейбір   банктерде   бұдан   басқа   да    қосымша     сатылар  болуы мүмкін.

Инвестициялық  жобаларды  қаржыландыруға  маманданған    банктер

жобалық  құжаттар,   жоба  бойынша  мамандардың лауазымды   міндеттемелері  жөнінде  мағлұматтары  бар  арнайы  нұсқаулар  дайындайды.  Мұндай  нұсқаулар  жобаның  тез  іске  асуына  ықпал  етіп,  банктің  жобалық   циклін  қысқартады. [17]

Информация о работе Инвестициялық жоба түсінігі