Инвестициялық жоба түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:15, реферат

Краткое описание

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КIРIСПЕ.doc

— 1.47 Мб (Скачать документ)

Ғылымды қажет ететін салалардың дамуы  динамикалық экономикалық өсімнің  негізін  құрып, әлемдік күш орталықтарының қалыптасуының маңызды  факторы  болып  табылады. Жаһандану мен  экономикалардың өзара тығыз  байланысы, инновациялық үдерістерді  басқару міндетін тым күрделендіре түседі. Сондықтан инновациялық жолға  түсуді қалайтын әрбір жеке мемлекет, өзінің инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған  стратегиялық алғышарттарын  дұрыс беліглеп алуы қажет. Осыған орай, инновациялық саясатты қалыптастырудың  жүйелік жолы басты мәнге ие болады.

Бұдан басқа, қазіргі әлемдік экономиканың даму тенженциялары  адами  капиталдың тізгінүзді дамуын қажет етеді. Аталған  фактор әлемдік инновациялық дамудың  ең маңызды сипаттамасы болып  табылады. Білімінің жедел таралуын қамтамасыз ететін кадрлар мобильділігінің  де мәні зор.

Инновациялық белсенділіктің жедел  өсімін қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологияларды да дамыту қажет. Ал білімнің таралу үдерісін алсақ, ол баяғыдан-ақ жеке ұлттық экономикалардың шегінен шығып кеткен болатын.

Жаһандану трансұлттық компаниялардың неғұрлым жоғары дәрежеде қатал  бәсекелестікті жүргізуді  мұқтаж етеді. Сонымен  қатар бәсекелестік ортаның  тығыздылығы, мамандану мен инновациялардың  оқшаулану  процесстерін ынталанырады.

Бүгінгі таңда қоғамда ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастырудың түрлі нұсқалары талқылануда. Бірақ бұл үдеріс естен тандыратындай сипатта болмас үшін, аралық институттардың стратегиясы деп аталатын, неғұрлым өнімдірек жолды қолдану қажет. Алғашқы кезеңдерде ол мемлекеттің абсорбциялық қабілеттерін өсіруге себепші болатын механизмдердің құрылуын қарастыру қажет. Ал әлемдік технологиялық деңгейге жақындаған сайын, бұл механизмдерді инновациялық дамудың жеке меншік институттарымен толықтыру қажет.

Ұсынылып  отырған  концепцияны, өз кезегінде, экономикалық «кереметті»  басынан  өткізген мемлекеттердің тәжрибесі  растайды. Сонымен  қатар  бұл  тәжірибе еліктеу кезеңінде ірі фирмалар мен  банктік  жүйенің  басты  ролде  болатынын  көрестеді. Ал инновациялық жолға  ауысқан сайын, кіші, орта фирмалар мен қаржылық нарықтардың мәні арта түседі. Инновацилық жүйені бағалауға  қатысты, инновациялардың тиімділік  деңгейін анықтау мақсатымен жобалардың инвестициялық тиімділігі бойынша  әдістемелік  ұсыныстарды  қолдану  қате деп  тұжырымдайтын  авторлардың  ойларымен  келісуге болады. Инновациялық үдерісте инвестициялық  жобаны таныстыру  мен  жүзеге асыру  үдерісімен салыстырғанда,  қатысушылардың ортасы едәуір кең.

Ал инновациялардың  экономикалық тиімділігін бағалау үшін, төмендегі  әдістемелік ұсыныстарды ескірген жөн:

-  инновациялардың тиімділігі тек табыстың ортақ салмағына ғана емес, өсімнің қарқындылығына да тәуелді;

-   инноваицлярады енгізудің есептік жылын, оларды пайдаланудың бастапқы жылын, инвестицияларды пайдаланудың соңғы жылын нақты белгілеу қажет;

инновациялардың тиімділігін  бағалағанда қолда бар есептеулердің  неғұрлым тиімді нұсқасын таңдау мүмкіндігінің  болуы;

- инновациялардың тиімділігін бағалау әдісі құрастырушылардың, өндірушілердің, тұтынушылардың және бюджеттің қызығушылығын ескеретін, бағалық көрсеткіштер жүйесінде негізделуі керек;

- инновациялардың құрылуынан, енгізілуінен және пайдалануынан интегралды әсерді шағылыстыру көрсеткіштерін қамтитын жаңалықтарды енгізу тиімділігін бағалау әдістерінің қолданылуы, инновациялар тиімділігінің кешенді бағасын беріп қана қоймай, сондай-ақ инвестициялық қызметтің әрбір қатысушысының үлесін нақты анықтауға мүмкіндік береді;

инновациялардың тиімділігін  бағалау үшін дисконттау әдістерін  ғана емес, компаутинг және аннуитет әдістерін  де қолдаған маңызды;

- инновациялардың тиімділігін бағалағанда, есептік жылдың бір жолғы шығындарын келтіру және инновацияның өндірушілері мен инвесторлардың қызығушылығын ұйғару салынған капиталға табыстың екі нормасын қолдануға болады.

Ұсынылып отырған инновациялардың  тиімділігін бағалау әдістері әмбебеп  екендігін және оларды инвестициялық  жобалардың тиімділігн бағалау үшін де қолдануға  болатындығын ескерген жөн. Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, инновациялардың тиімділігін  бағалау  үшін көрсеткіштердің экономикалық мазмұнына қарамастан, олардың бір  түрі емес, толық жүйесі пайдаланылуы керек. [25,70-73бб]

Қазақстандағы инвестициялық мәселелердің барлығы, сайып келгенде, бір мәселеге жүгенеді – инвестиция үшін ақшаны қандай көздерден және тиімді шарттармен қарызға алуға болады. Содан кейін үдеріс кездейсоқтық сипатта болады. Бұдан сол ақшаны қай жерге инвестициялауға болатынын ұғынамыз, не болмаса, отандық немесе шетел срапшылары ойға салады. Шетел тәжірибесін қолданамыз.

Бұл тактика қате. Себебi басты мәселе, инвестициялық  ресурстарды  барынша  тиiмдi пайдалану, сондай-ақ  неғұрлым жоғары қаржылық әсердi қамтамасыз eтeтiн  инвестициялық жобалардың тiзiмдемесiнiң iшiнен  неғұрлым тиiмдiсiн нақты  және алдын ала таңдап алу мәселелерiн  қамтиды. Ешбiр жағдайда «баламалар бойынша» шешiм қабылдауға болмайды, себебi инвестициялардың тиiмдiлiгi көп  жағдайда жобалар бойынша құрылған объектiлердiң қызмет eтyi мен жүзеге асырылуының сыртқы және iшкi шарттарьша тiкелей тәуелдi. Бұл факторларды инвестор басқара алмайды, ал оларды ескерген өте маңызды. Бұл факторлар өз әcepiн белгiлi бiр инвестициялық үдерiстердiң тиімдiлiгiне ғaнa тигiзбейдi.

Өндiрiстiк инвестициялық жобалар – бұл  жобаның  аумағында  инвестициялар  негiзiнен  капитал қалыптастырушы болып  табылатын  жобалар  екендiгi белгiлi. Бұған қарамастан, өндiрiстiк  инвестициялар түсінігінің мағынасы кең, оларға коммерциялық пайданы алу  және өндiрiстiң техникалық қайта  қарулануы мен дамуы мақсатымен материалды салаға және қызмет көрсету  саласына бағытталған ресурстар  ғaнa емес, мемлекеттiң және жеке бизнестің , тарапынан әлеуметтiк-экономикалық, экологиялық және басқа мәселелердi шешуге бағыттaлған ресурстар да жатады.

Берiлген жaғдайда әдiстемелiк құрал  ретiнде қолданбалы жүйелiк талдаудың  пайдаланылуы мақсатты болып табылады, оның негiздерi мысалы келтiрiлген.

Жүйелiк ойлау концепциясы, оның қағидаттары, әдiстемесiнiң негiздерi және оларды тәжiрибелiк есептеулерде пайдалану мiндеттерi инвестициялық  жобалардың тиiмдiлiгiн бағалауға  жатады.

«Жүйелiк ойлау» негiзiнде ресми  «Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн  бағалау бойынша әдiстемелiк ұсыныстардың»  әзiрленуi де кездейсоқтық емес.

Сондай-ақ бiр жағынан, жобаның сыртқы және iшкi ерекшелiгiн талдау жүйесiнiң жан-жақтылығы, оның микроэкономикалық көрсеткiштерi мен динамикалық сипаттамалары ,екiншi жағынан, оны құрудың макроэкономикалық шарттары, қызмет eтyi мен дамуы өтe маңызды мәселе болып табылады.

Барлық экономикалардың түрлерi үшiн ортақ  осы қағидаттардың  жүйесi (әдiстемелік, тәсiлдiк және жедел), көптеген отандық жене шетелдiк жұмыстарда талданған болатын.

Инвестициялық жобалардың ақша ағындарының  құрылымы мен көрсеткiштерiн оңтайландыру үшiн экономико-математикалық талдау мен синтез әдiстерi қолданылады. Сондай-ақ берiлген мәлiметтердi iздестiру мен  анықтау үшiн ақпараттық технологиялар  әдісі де қолданылады. Белгiлi бiр  әдiстiң немесе қос әдiстiң қолданылуы инвестициялық жобаның түpiнe және oғaн қойылған талаптардың түpiнe байланысты анықталады. Бұл талаптарды нормативтiк, зерттеу, сенiмгерлiк түрде  болуы мүмкін. Фирмаларға қатысты, олар нүктeлік, аралық, алгоритмдiк бола алады.

Қазiргi таңда инвестициялық жобалаудың әдiстерi жүйелiк, объектiлi-бaғдарлы және есептiк-тәжiрибелiк  шарттармен немесе олардың  үйлесуiмен  сипатталады. Бұл әдiстер, қолданлуының aлғышарты сараптамалық зерттеу, математикалық үлгiлердің және бағдарламалық құралдардың әзiрленуi болып табылады. [26,64-67бб]

Жүйелiк  жол  инвестициялық  жобаны белгiлi бiр ортақ мақсатқа бaғытталған  байланысты элементтердiң үйлесуi, байланысы, яғни жүйе түрiнде қарастырады. Ал жеке элементтер, олардың байланысы және жобаның мақсаттың бағыттылығы  құрылымдаудың нәтижесiндегi жүйелер  болып қарастырылуы мүмкін.

Жүйелiк жолдағы құрылымдық шешiмдер инвестициялар  субъектiлерiнiң қызығушылығын  бiлдiретiн  оңтайландырылған критерийлер  мен  шектеулерге  сәйкес қалыптасады.

Объектiлi – бағдарлық  жол баламалы мiндеттердi шешу ұшiн  логикалық  және математикалық құрылыстарды таратуға мүмкiндiк бередi. Мысалы, Марковиц үлгісі бастапқыда бағалы қағаздар портыелінің  құрылымын оңтайландыру үшін әзірленгенболатын, кейіннен бұл жаңалық инвестициялық  жобалардың портфелін оңтайландыру үшін қолданылып келеді. Шарп үлгісі де портыельдік және нақты инвестициялардың тәуекелін талдау үшін қолданыс тапқан.

Күрделі инвестициялық үлгілер өзінің мазмұндық және функционалды элементтерін бұрынғы үлгілерден мирас етеді. Аталған жол техника-экономикалық негіздеменің және бизнес жоспардың әзірленуіне жұмсалған шығындарды қысқартады. Есептік-тәжірибелік әдіс экономикалық жүйенің үлгілері мен ойлық тәжірибеге негізделге және инвестициялық циклдің үлгілерін зерттеуге мүмкіндік береді. Компьютерлік тәжірибелер күрделі үлгілердің синтезін жасауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалаудағы жетілдірілген ақпараттық технологиялар жобаның технико-экономикалық жүзеге асырылуы мен оның нәтижесін бағалау үшін, инвестициялық шешімдерді оңтайландыру және инвестициялық жобаларды басқару үшін қызмет етеді.

Қазіргі Қазақстандық экономиканың қызмет етуі жағдайында, әлемдік  тәжірибеге ортақ экономикалық қатынастардың  қағидаттарын қолдануды  қамтамасыз ететін бірқатар жаңалықтар енгізу қажет.  Осындай  бағыттардың  бірі – инвестициялық  жобалау және инвестициялық  бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру үдерісінде нарықтық қатынастардың реттілігін қолдану болып табылады. Бұл әдіс дамыған мемлекеттердің экономикасында кең қолданыс тапқан.

Жобалық қардыландыруды нақты инвестициялық  жобаны қаржыландыру деп  қарастыруға  барлық негіз  бар. Сонымен қатар, Қазақстандағы жобалық  қаржыландыру жүйесінің жеткіліксіз дамуы  ұзақ мерзімді банктік  несиелеуді тежейтін басты мәселе болып табылады.

Бұл ретте негізгі  құралдарға салынатын  инвестициялардың тиімділігі әр түрлі  факторларға байланысты. Бұл факторлардың негізін  инвестицияларды  тәжірибелік  қолдану, инвестициялардың өтелу мерзімі, инфляция, жобаның  өмірлік  циклі  ішіндегі инвестициялардың рентабельділігі, салымдардан  түсетін  құралдардың  толық  келуі және де капитал салымдарының басқа да баламалы түрлерінің болуы  құрайды.

Капиталдық  немесе қаржылық салымдар түріндегі  инвестициялау  тиянақты экономикалық негіздемені қажет  етеді. Инвестициялық  шешімдерді талдаумен  байланысты технико-экономикалық есептеулер, жоспарлық және болжамдық шығындар мен табыстарға негізделуі керек. Сондықтан  бастапқы материалдарды қарастырғанда, сондай-ақ инвестициялық  шешімді  таңдау мен инвестициялық жобаны әзірлеу  

үдерісінде бірнеше баламаларды  ойластырған жөн. [27,26-29бб]

Елбасы Қазақстан халқына  арналған биылғы Жолдауында «Индустриялық  даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер. Қазақстан табысты  индустриялық держава болады – мен  бұған әбден сенімдімін» деп  атап көрсеткен болатын. Ақиқатында биыл бастау алған индустрияландыру бесжылдығының алғашқы жылы еліміздің  өркениет биігінен лайықты орын алатын әлеуетті де дамыған державаға лайық  қадам жасағандығын паш етті. Міне, осы бір қарышты қарқынмен  даму үрдісіне мемлекет басшысының өзі  сәттілік тілегі, бір мезетте 80 ірі  индустриялық нысанның тұсауын кескендігі айқын дәлел болса керек.

Жалпы инвестициялық жобалар  анықтамасына тоқталып өтетін болсақ, инвестициялық жобалау – бірегей  коммерциялық ұсыныс жасауға бағытталаған жұмыс, немесе әрекеттегі жобаға жаңа айырықша сипаттама беру. Инвестициялық  жобаларды мақсаты – оның нәтижелерін  маңызды жүйе ретінде сипаттайтын  нақты көрсеткіштерден көрініс  табады,

Қазіргі кезде Қзақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.

Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың  өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды  ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс-әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден  және инвестициялық іс-әрекеттің  нәтижесінен тұрады:

  1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
  • экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды;
  • реинвестициялау және әлеуметтік, тапқан пайданың белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
  1. Жоғрыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлерде пайда тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.

Информация о работе Инвестициялық жоба түсінігі