Инвестициялық жоба түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:15, реферат

Краткое описание

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КIРIСПЕ.doc

— 1.47 Мб (Скачать документ)
  1. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
  • Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
  • Мемлекеттік зейнетақы қорына;
  • Аймақтық бюджетке;
  • Республикалық бюджетке.
  1. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Индустрияландыр кртасының  жобаларымен танысатын болсақ, елдің  экономикасын дамыту бағытын көздейтін  индустрияландыр бағдарламасы ұлттық идеяға айналып үлгергенін атап өтуге  болады. Қазақстандық қамтуды дамыту үшін заңнамаға барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Осының арқасында мемлекеттік  органдардың сатып алуларындағы отандық кәсіпорындардың үлесі 70 пайыздан асты, яғни бұл 100 млрд.теңгеден астам қаржыны құрайды. Бұл өз кезегінде мемлекеттің бизнеспен  бірлесе оң инвестициялық шешімдерді жасауға мүмкіндік береді. Мұның  айқын көрінісі – бүгінгі таңда  еліміздің әр аймағында іске қосылып  жатқан өндірістік жобалар екені  анық. Сол жобаларды біразы салтанатты жиында Президенттің көз алдында  іске қосылып, өмірге жолдама алып үлгерді. Солардың бірі – Павлодардағы «Каустик»  зауыты. Жалпы құны 16 млрд.теңге болатын  алып нысанды «Самұрық-Қазына» әл-ауқат  қоры және Қазақстанның даму банкі  қаржыландырған. Сондай-ақ, Маңғыстау  облысында бұрғылау ерітінділерін  өндіретін зауыт пен Алматыдағы «Медеу-Шымбұлақ» тау шаңғысы  курорты, жылына 70 мың тонна катодты  мыс балқыту және электролиздік  зауыт құрылыс. Оңтүстік Қазақстанда  жаңа типтегі цемент зауыты іске қосылды. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты – 1млн.тонна М400 және М500 маркалы цементті шығару. [28,69-71бб]

2010 жылы аймақтарды іске  қосылған Қазақстанның индустриялық  карта жобаларына үңілсек, Ақмола  облысында – 11, Ақтөбеде –  23, Алматыда – 10, Атырауда –  7, Шығыс Қазақстанда -12, Жамбылда  – 8, Батыс Қзақстанда – 9, Қарағандыда  – 9, Қостанайды – 10, Қызылордада  – 7, Маңғыстау облысында –  9, Павлодарда – 16, Солтүстік Қазақстан  облысында – 9, Оңтүстік Қазақстанда  – 7, Алматы қаласында – 4 және  Астана қаласында 1 өнідіріс орны  іске қосылған. Егер осы көрсеткіштерді сала бойынша сараптасақ, бұл жобалардың 15-і мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы саласында, 23-і тауа-металлургия өнеркәсібінде, 4-еуі көлік және телекоммуникация инфрақұрылымында, 9-ы энергетика, 1-еуі туризм, 5-еуі химия өнеркісібі, 26-сы құрылыс индустриясы, 15-і машина жасау, 48-і агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, 2- еуі жеңіл өнеркәсіп, ал 4-еуі фармацевтика саласында жүзеге асты. Бір жылдың ішінде барлығы 152 ірі индустриялдық-инновациялық жоба іске қосылды.

Осы жобалардың іске асуына 800миллиардқа жуық теңге жұмсалды, 24 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазақстанның индустрияландыру картасы  еліміздегі жұмыссыздық санын 6,5-тен 5,6 пайызға төмендетті. Ішкі жалпы  өнім жалпы 7 пайызға артып, өнеркәсіп  өнідірісінің өсімі 10 пайызды құрады.

Индустриялдық жобалардың тұсаукесер рәсімінде «Бейнеу-Бозой-Қызылорда-Шымкент» магистральды газ құбырының құрылысы басталуына орай капсула салынды. Бұл  жоба жүзеге асқанда батысқазақсатндық  арзан газдың игілігін оңтүстіктегілер  де көретін болады. Осыған орай ғасыр  құрылысы атанған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының Бейнеу-Шымкент  бағытындағы алғашқы кезеңі пайдалануға  берілді. Бұл құрылыстың жалпы құны 500 млрд.теңгені құрайды.

Газ құбырының ұзындығы 1,5 мың шақырым. Газ құбыры іске қосылған жағдайда «көгілдір отынды» тұтыну көлемі Қызылорда облысында – 5есе, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2,5есе, Жамбыл облысында – 4 есе, Алматы облысы мен Алматы қаласында 4,4 есеге  өспек. Жалпы, Бейнеу-Шымкент бағытында  іске қосылып отырған газ құбыры Қытайға тартылатын транзиттік газ  желісімен жалғасады.

Қазақстанның индустрияландыру Картасына енгізу үшін Қызылорда  облысы бойынша жалпы сомасы 296,5 млрд.теңгені құрайтын 92 жоба ұсынылды. Бүгінгі күні, жобалрды нақтылау жұмыстары  нәтижесінде жалпы қаржысы 245,2 млрд.теңгені  құрайтын 54 инвестициялық жобалар  іріктелініп алынды.

Қазіргі таңда 10 жобаның  жалпы сомасы 950,0 млн.теңге құрайтын 2 жобасы жүзеге асырылды. Атап айтқанда,

  • «Тасбұлақ» ЖШС-гінің қуаттылығы жылына 1,3млн.тонна құрайтын қиыршықтас шығаратын өндірісі іске қосылды. Жоба құны – 250,0млн.теңге. жаңадан 50 жұмыс орны ашылды.
  • «УАД» ЖШС-нің «Битум шығару зауытының құрылысы»жобасы бүгінгі таңда толығымен дайын және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен өнімге лицензия алынды. Жобаның қуаттылығы тәулігіне – 500тонна битум. Жаңа жұмыс орны – 50.

Қалған 8 жоба бойынша жұмыс  жүргізілуде, атап өтсек олар:

  1. «РЗА» АҚ-ның «Тауарлы сүт фермасының құрылысы» инвестициялық жобасы.
  2. «Қазгермұнай» АҚ-ның «Газды тиімді пайдалану кешенінің 2-ші кезегінің құрылысы» инвестициялық жобасы.
  3. «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ-ы Компаниясының «Құмкөл газотурбиналық стансасында қуаттылығы 25 мВТ-ы 2 қосымша газотурбиналық қондырғының құрылысы» инвестициялық жобасы.
  4. «БИС» ЖШС-нің «Мұнай қалдықтарын және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу қондырғысы» инвестициялық жобасы.
  5. «УАД» ЖШС-нің «Қиыршық тас зауыты» инвестициялық жобасы.
  6. «УАД» ЖШС-нің «Асфальт шығару зауыты» инвестициялық жобасы.
  7. «Шалқия Неруд» Компаниясы» ЖШС-нің «Жоғары сапалы қиыршықтас өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық жобасы.
  8. «Шапағат сүт» ЖШС-нің «Аусымына 30тн.нан өнімдерін шығаратын нан зауыты» инвестициялық жобасы.

Қазақтанның индустрияландыру картасына жалпы сомасы 8 триллион құрайтын 294 жоба еніп отыр. Биылдың  өзінді 805млрд.теңге игеріліп, 152 жоба іске қосылды. Осылайша біздің стратегиямыз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. 2020 жылға дейін әлі он жыл  бар. Бірақ бұл жұмыс жиырма жылмен тоқтамайды. Олар көп жылға созылады. Егер де біз көштің артында қалып, басқалардың шаңын жұтпайық десек, осы бағдарламалар орындалуы керек. Сондықтан жастар, зиялық қауым, жалпы бүкіл халық осы индустриялық мәселеге белсенді араласуы тиіс.

Бүгінде қазақ елі атқарып  датқан жұмыстарға бүкіл әлем, солардың арасында Дұниежүзілік банктер жоғары баға беріп отыр. Қазақстандық қарқында дамып келе жатқанына барлық ел куә. Бүгінде мемлекет кәсіпкерлікке  қолдау көрсетумен ғана шектеліп отырған  жоқ. Билік пен бизнес арасында да серіктестікті дамытуға ерекше көңіл  бөлінуде.

Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің жеделдетушісі болатын  «дәстүрлі мамандандыру» салаларын  дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған  болатын.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде  мемлекеттің күш жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға бағытталады деп қорытындылар жасауға  болады:

  • дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кеәннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстырылатын атом және химия өнеркәсібі;
  • жер қойнауы пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;
  • шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;
  • келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.

 

 Инвестициялар мен ішкі салымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Біз  дамудың нақты, орнықты және үдемелі қарқынына қол жеткізу міндетін қойдық. Біз осы міндетті тарихи тұрғыдан алғанда  аса қысқа мерзімде шештік.

Дәл осы «Қазақстан-2030»  Стратегиясында  басты назар экономикалық өсуге аударылды.

Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі  1997  жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы  28 триллион теңгеге  өсті.

Елдің ІЖӨ  16  еседен астам өсті.  1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы  өсуі  7,6%-ды құрап,  алдыңғы қатарлы  елдерді басып озды.

Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.

Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей  шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті.

Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік.

Осы жылдар ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды.  Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік.

Бұл – ықтимал экономикалық және қаржылық сілкіністерден қорғайтын сенімді қалқанымыз. Бұл – бүгінгі  және болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі.

Үдемелі индустрияландыру  бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы іске асырылған екі  жыл ішінде  жалпы көлемі   101,2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды.

Біз – бүгін  халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз. [29,21-23бб]

3.2 Жобаға қатысу тиімділігін бағалау ерекшеліктері

 

Жобаға қатысу тиімділігін бағалаудың құрамына:

1. кәсіпорындар мен  акция ұстаушыларына жобаға қатысу  тиімділігін бағалау;

2. әлдеқайда жоғары  деңгейдегі құрылымдар үшін жобаға  қатысу тиімділігін бағалау;

3. инвестициялық жоба  бюджеттік тиімділігін бағалау.

Әрбір осы бөлімдерде белгілі деңгейде жобаны қаржыландыру кестесі, кәсіпорынның есеп саясаты және жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмдерінің басқа да элементтері қолданылады.

Есептеулерді болжамды бағаларда жүргізу ұсынылады (тиімділік  көрсеткіштері үшін – міндетті дефлирлеумен).

Жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмі  мүлдем құрылмаған немесе жете құрылмаған жағдайда оны есептеулерді орындау  процесінде құру ұсынылады.

Жобаға қатысушы кәсіпорын тарапынан жоба тиімділігі олардың жобаға қатысу тиімділік көрсеткіштерімен сипатталады (акционерлік кәсіпорындарға байланысты оларды кейбір кезде акционерлі капитал тиімділігінің көрсеткіші).

Кәсіпорынның жобада тиімділігі көрсеткіштерін есептегенде  ақша құралдарының қолдануы бұл қаражаттар түріне (жеке, қарыз, пайда және т.б.) тәуелсіз. Бұл есептерде қызметтің барлық түрлерінен ақша ағындары ескеріледі ( инвестициялық, операциондық және қаржылық) және жобаны қаржыландыру кестесі қолданылады. Қарыз қаражаттары кіріс ақша ағындары, ал қарыз бойынша төлемдер-шығын ақша ағындары болып саналады. Акция ұстаушыларына дивиденттер төлеу шынайы ақшалардың шығын ағыны ретінде ескерілмейді.

Есеп меншік және қарыз  капиталының диконты туралы қарапайым  батыс жорамал әдістемелері негізінде  жүргізіледі. Қазақстандық жағдайда бұндай есеп жобада қатысу тиімділігінің көрсеткіштерін тым арттыруына алып келуі мүмкін. Сондықтан есептеудің мұндай тәсілі ары қарай оңайтылған деп аталады. Бұндай есептеудегі (тиімділіктің артуы жағына) қателік капиталдағы қарыз капиталы мен займ бойынша қарыздарды қайтару жылдамдығы азайған сайын арта түседі. Тиімділік көрсеткіштерін оңай есептеу кезінде қосымша қорларға шығын ағындары және олардан кіріс ағымдары ескерілмесе болады. Қосымша қорлармен операциялар өзімен-өзі тиімділіктің көрсеткіш мәндерін өзгерте алады. Бұдан басқа, қаражаттарды алған кезде депозиттік пайыздардан қосымша шығын ағыны болып табылатын және нақтыланған есепте ескерілуі тиіс салық алынады.

 

Кесте 5 - Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалаудың концептуалы [30,407б]

 

Кәсіпорынның  жобада қатысу тиімділігін есептеудің шығын формалары ретінде кестелер ұсынылады:

  • жобаны жүзеге асырудан түскен пайда мен шығын (табыс пен шығындар) туралы есеп;
  • ақша ағындары мен тиімділік көрсеткіштері;
  • ИЖ қаржылық жүзеге асуын бағалау үшін қаржылық жоспарлау;
  • болжамды қаржылық көрсеткіштер.

Қосымша ретінде, сондай-ақ, есеп қадамы бойынша активтер мен  пассивтер болжамды балансын (баланстық  есептің кестесі) келтіру ұсынылады.

ИЖ тиімділігі көрсеткіштерін акция ұстаушылары үшін бағалау акциялардың әрбір түрі үшін (қарапайым, артықшылығы бар) меншік ақша ағындары негізінде жобаның жоспарлы кезеңі үшін жүргізіледі. Бұл ағындардың есебі бағытты сипатқа ие, себебі жобаны құру кезінде дивиденттік саясат белгісіз. Бірақ жобаға акция ұстаушыларды қатысуға тарту мүмкіндігін бағалау үшін пайдалы болып қалуы мүмкін.

Кәсіпорынның жобада қатысу тиімділігінің әдістемелік  есебі ИЖ экономикалық бағалауына ұқсас  жүргізіледі. Шығын ағыны ретінде  меншік (акционерлі) капитал, ал кіріс  ағыны ретінде міндетті төлемдерден кейін жобаны жасаушы меншігінде қалатын түсімдер (оның ішінде, тартылған қаражаттар бойынша) қарастырылады. ИЖ экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесімен салыстырғанда есепке келесі өзгерістер енгізіледі.

Инвестициялық қызметтен  ақша ағынында: шығын ағындарына қосымша қорлар қосылады, айналым капиталындағы қажеттілік есебінде қарыздарды өтеу есебінен пассивтерді қосуға болады.

Операциондық қызметтен  ақша ағынында: кіріс ағынында қосымша  қорларды пайдаланудан түскен табыстар (қажет болған жағдайда) қосылып, инвестициялық қарыздарды өтеу және қайтару кезінде пайда салығы бойынша жеңілдіктер ескеріледі.

Информация о работе Инвестициялық жоба түсінігі