Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер кіреді:
инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржы ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);
әртүрлі көздерден түсетін қаржыларды аккумуляциялау;
инвестицияға бақылау орнату механизмі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

5 - бөлім.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

 Шикізатқа деген  әлемдік сұраныстың күрт азаюы  тек өндіріс қарқынының бәсеңсуіне  ғана әкеліп соқтырған жоқ,  сонымен бірге осы салаға күйылатын инвестиция көлемінің кемуіне де өз ыкпалын тигізді. Соңғы әлемдік уақиға көрсеткішіндей, тек шикізаттық өндіріске бағыт ұстаған экономикалық саясат, ішкі экономикалық тұрақсыздыққа ұшыратады. Ұлттық экономикаға саясат, сыртқы рынок конъюктурасының елеулі түрде өзіндік әсері бар. Сөйтіп, зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, шетел инвестициясының республика экономикасын жедел көтеріп жіберетіндігі туралы әңгімені айту әлі ертерек. Тікелей шетел инвестициясының негізгі бөлігі қаржы саласына несие мен қарыз түрінде құйылуда.

   Казақстан көз  жетер жақын болашақта "Казақстандық  кереметтің" болуын тікелей мүнай  саласымен тығыз бірлікте қарастыруда.  Сөйтсе де кейбір ғалымдар, атап  айтқанда А.Е. Есентүгелов   қазақстанның мұнай өндіру-көлемін - ұлғайту және экспортқа шығару жөнінде керемет жоспарлар жасауының ғылыми негізі жоқ деп санайды. Шындығында да мұнай өндіру көлемін арттыру және оны шикізат күйінде экспорттаудан түсетін табыс мардымсыз, әрі ұзақ мерзімді нәтижесін беруге қабілетсіз. Біздің ойымызша, ғалым А.Е.Есентүгеловтың айтқан пікірлерінің жаны бар [71]. Қазіргі кездегі Қазақстанның мұнай саласын дамытуға байланысты стратегиясын қайта қараған жөн. Мұнда негізінен, ел экономикасының даму бағыттарында шикізаттық бағдардың күшейіп отырғандығын аңғармасқа болмайды. Қазақстанның мұнай өнеркәсібі саласындағы жаңа стратегиясы ескі бағдарлардан толықтай бас тартып, Қазақстан мұнайын жан-жақты пайдалануға, яғни кешенді және терең өңдеуге бағытталу керек. Экономиканың мұнай, химия жөне мұнай өндеу секілді секторларын дамытқан орынды болмақ. Жәй  мұнай өндіру мен оны сол күйінде шетке шығаруға қарағанда, мұнай енеркәсібі саласын түбірімен қайта құрып, оны өндеуге талпынып, сол бағытта жұмыстар жүргізудің пайдасы зор.

Сонымен, шетел инвестициясын  тарту мен пайдалануға байланысты атқарылған істерді зерттеудің нөтижелерін сарапқа сап, сыртқы инвестициялаудың бұрынғы моделінің тиімсіз болуының негізгі себептері мынадан көрінеді:

шетел инвестициясының  экономиканың нақты секторларына аз бөлінуі;

инвестициялық ресурстың  жарым жан құрылымы;

сырттан  алынған  несиелердің  өндірістік  емес  мақсатқа,  яғни  бюджет 
тапшылығын қаржыландыруға көбірек жұмсалуы;

тікелей шетелдік инвестициясының  экономиканың нақты секторларынан 
гөрі, қызмет көрсету, сауда-саттық саласында пайдалануы;

шетел      инвестициясын      барынша      өндіруші      салаға      жұмылдыру тенденциясының өсуі,  соның салдарынан экономиканың өзге секторларының тұрақсыздыққа  ұшырауы;

сырттан тартылған қаржының қайтадан сыртқа кетуі т.б.

Жоғарыда тізіліп кеткен мұндай кемшіліктер инвестициялық саясаттың қайта қарап, оны жағдайға сай түбегейлі өзгертудің қажеттілігін көрсетеді. Басты назар сырттан қаржының көп көлемде тартуға емес, оны ең алдымен тиімді, ұтымды пайдалана білуге аударылуы керек.

Инвестициялық процесті басқаратын мемлекеттік органдардың міндеттері мыналарды көздейді:

ел экономикасын дамыту басымдылықтарын анықтау;

мемлекеттік         инвестициялық        бағдарламалар,         инвестициялық 
басымдықтар жобаларын жасау;

мемлекеттік      орталықтандырылған      инвестициялық      қаржылардың үйлесімді тартылуын қанағаттандыру;

инвестициялық қолайлы  жағдай жасау, осы негізде ұлттық экономикаға 
тартылатын    капитал    ағымын   жөне    олардың    басымдық   салаларға 
жіберілуін канағаттандыру.

Инвестициялық қызметке қолайлы орта қалыптастыру факторларына ең алдымен экономикалық және саяси тұрақтылық, жеке секторларға демеу көрсету, инфрақұрылымдарды, бақылау жүйесін дамытуы, шетел инвестицияларына қатысты зандылықтар тұрақты болу т.б. қамтылады.

Осы міндеттерге байланысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі принциптері анықталады. Олардың қатарына мыналарды атауға болады:

инвестицияны қаржыландыру көздері көпжақты болу;

инвестиция ең жоғарғы  деңгейде қайтарылымды болу;

инвестициялық салаларыды орталықтандырмау;

инвестициялық белсенділікте  экономикалық және ұйымдастырушылық 
әдіс, тетіктерді пайдалану;

инвестицияны тартуды жүзеге асырудағы басымдықтарды таңдау мынадай қажеттіліктерден бастау алады:

экономиканың   басқа   секторларын   инвестициялау   үшін   валюталық қаржы түсуін қанағаттандыратын экспорттық потенциалды дамыту;

ел мүддесі жүйесін қүрайтын салаларға мемлекеттен демеу  көрсету;

ішкі және сыртқы нарықтарға жоғары сүранысқа жетерліктей бәсекелік  қабілетті өнім өндіретін өндірістерге инвестиция жасау;

жоғары  деңгейде   дайын   өнім   шығаратын   өндірістер   мен   салаларға инвестиция жасау;

салалар    мен    аймақтық   өңірде    құрылымдық-технологиялық елеулі өзгерістер жасау тұрғысынан бағалау;

жалпы    экономиканы    ілестіре   өсіруге    қабілетті    "өсу    нүктесін" нысаналаған нүктелік инвестиция жасағанда шетелдік капитал тиімдірек болады.

 Сөйтіп, инвестицияны  тартудағы саясатты жүзеге асырудың  экономикалық механизмдерінің негізгі  бөлігі ұлттық жөне шетелдік  жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуден, оны экономикалық жағынан ынталандырудың шаралар жүйесі болып келеді.

 Сөз соңында   шетел инвестициясын тиімді пайдаланудың  мынадай шараларының жиынтығын  көрсетуге болады:

сырттан   алынған   қарыз бен   несиені    бюджет   тапшылығын   жабуға қолдануды тоқтату, оны әлемнің озық технологиясын алуға, яғни инновация саласына жұмсау;

мұнай-газ    саласының   даму    стратегиясын    қайта    қарап,    Қазақстан  мұнайын кешенді және терең өңдеу негізінде жан-жақты пайдалану бағытына  көшу;

шетел    инвестициясын    шағын    және    орта    кәсіпкерлікті    дамытуға  жұмылдыруды ынталандыру;

шетелдік   компаниялардың   басқаруына    берілген    ірі   кәсіпорындарға мемлекеттік  бақылауды күшейту;

шетел капиталына берілген жеңілдіктерді шектеу және бірте-бірте оны  жою.    Шетелдік    және    отандық    инвесторларға    бірдей    жағдай    жасайтын инвестициялаудың ұлттық режиміне көшу.

Сайып келгенде айтарым, тәуелсіздікке ие болған осы он екі  жыл уақыт ішінде еліміздің Үкіметі  шетелдік компаниялармен жүмыс жөнінде біршама тәжірибе жинақтап үлгерді. Олардың қарым-қатынастағы негізгі пайдаланатын тәсілі халықаралық құқықтық нормаларды да меңгеріп келеді. Демек, ендігі жерде орынсыз талаптарға, бұлаңқұйрықәөрекеттерге көр көне берудің жөні келмес. Оның үстіне кәптеген шетелдік компаниялардың жақсы дамып келе жатқан Қазақстан экономикасын инвестициялауға мүдделі екені сезіледі. Осы жағдайды пайдалана отырып, іште жұмыс істеп отырған шетелдік компанияларға шектен шықпауды, Қазақстаннның құқықтық заңдылықтарын құрметтеуді, елдің жағдайымен санаса отырып жұмыс істеуді ескертетін уақыт жетті деп есептеймін.

Инвестиция - экономика  емшісі. Бұлай дейтін себебім, ұзақ мерзімдік заемдар мен басқа да несиелерді қалай жұмсау, қайда бағыттау қолында билігі барлардың еркінде болса, ал инвестиция- шаруашылықтың белгілі бір саласының нақты буынындағы, айталық зауыт пен кеніштегі экономиканы сауықтыруға жұмсалатын, нақты иесі белгілі қаржы.

Қорыта айтқанда, сырттан  қарыз алу, инвестицияны тарта білу еліміздегі біршама бір ізге түсіп келе жатқаны рас. Алайда, осынау қарыздарды қайтару жолдарын да алдын ала қарастырған жөн. Әйтпесе, келешек ұрпақты қарызға белшесінен батырғаннан үтарымыз шамалы болатынын да ойлауымыз керек.

 

5.4. Қаржы нарығын дамыту және бәсекелестікті қорғау 

 

Монетарлық  саясаттың мақсаттары экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтайтын инфляцияның төменгі деңгейін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерге қолайлы бәсекелестік жағдайды және елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, банктік процентік ставкаларды төмендетуін ынталандыру арқылы банктердің экономиканың нақты секторына кредит беруінің одан әpi өcyi үшін жағдай жасау болмақ.

Монетарлық  саясаттың негізгі мақсаты 2003-2004 жылдары орташа жылдық инфляцияны 4-6% шегінде ұстап тұру және оны 2005 жылға қарай 3-5%-ке дейін, ал одан кейінгі жылдары 2-4%-ке дейін азайту болады.

Монетарлық  саясаттың негізгі құралдары  РЕПО операциялары сияқты ашық рынок  операциялары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын  шығару және вексельдермен қайта есептеме операциялары болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкті РЕПО ставкасы және вексельдер бойынша есептеу ставкасы сияқты өзінің ресми ставкаларының реттеушілік рөлін күшейту шараларын қолдануды жалғастыра береді әpi оларды нақты мәніндегі әлсіз оң сипатын сақтайтын болады. Бұл ақша-кредит саясатын инфляция керсеткіштерін жоспарлауға көшуге дайындық үшін база болып табылады. Инфляция көрсеткіштерін жocпapлayғa көшумен қатар жүргізілетін ақша-кредит саясатына сенімді арттырып, aлғa қойылған мақсатқа қол жетгізу жөнідегі міндеттемелерді қатаң сақтауды қамтамасыз ететін тетік жасалатын болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелері саласында микропроцессорлық карточкалар негізіде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйeсін енгізуге баса назар аударатын болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдағы жылдары ЕурАзЭҚ елдерінің орталық банктерімен бірлесіп ЕурАзЭҚ елдерінің ортақ төлем жүйесін ұйымдастыру және қаржы рыноктары интеграциясының басқа бағыттары бойынша жұмысты жалғастыра береді.

Монетарлық  саясат қаржы рыногының тұрақтылығын caқтayғa, сақдандыру рыногын, бaғaлы қағаздар рыногын одан әpi дамытуға және банк жүйесін нығайтуға, банктердің экономиканық нақты секторына кредит беруінің одан әpi өcyi үшін жағдай жacayғa, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге жәрдемдесетін болады.

Валюта  қатынастарын ырықтандыру

Қазақстан Республикасының қолданыстагы валюталық заңамасымен белгіленген шектеулер мен кедергілер нарықтық қатынастар дамып келе жатқан елдердің көпшілігіне тән.

Міндет валюталық  операциялар жүргізу, уакыттың және халықаралық практиканың талаптарына  сәйкес валюталық операцияларды  реттеудің өзге әдістерін қолдану  кезінде жекелеген шектеулерді  кезең-кезеңмен алып тacтayғa келіп саяды.

Бағамдық саясат өңдеуші өнеркәсіп пен экспортқа бaғдapлaнғaн саланы қолдауға бағытталатын болады.

Валюта режимін  толық ырықтандыруға 2007 жылы қол  жетізу көзделуде. Қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекелестігін арттыру мақсатында АҚШ долларымен салыстырғанда теңгенің айырбас бағамын реттеуде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан валюталық реттеу деңгейі біртіндеп төмендетілетін болады. Қазақстанның қаржы   рыногында шетелдік банктердің қатысуын кеңейту көзделуде.

Қазақстан стратегиялық тұpғыдан алғанда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал экспортына бағдар ұстанған шағын, ашық экономикалы ел ретінде қалыптасуда.

Экономиканың  ғaлaмдaнyы жағдайында дамыған ipi рыноктар тауарлар мен қызмет көрсетулерден  гөpi, инвестиция iздеcтipyгe нeғұpлым баса назар аударады. Бұл олар үшін ұзақ  мерзімді кірістердің жаңа көздерін aшyғa мүмкіндік бepeдi. Егер қазақстандық каржы ресурстары Қытай мен Ресей сияқты ipi рыноктардың дамуына қатысатын болса, онда бұл кәсіпкерлерге табыстардың тұрақты және cенімді көзіне ие болуға мүмкіндік береді.

Қаржы рыногының қатысушыларын институционалдық дамыту.

2004 жылы қаржы рыногын қадағалау жөніндегі дербес бірыңғай реттеуші орган құру жоспарлануда, оның қызметі аясында барлық қаржы институттарына жедел бақылау жасау және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін кешенді қорғay жүзеге асырылатын болады.

Банк  секторын дамыту

Банк секторын дамытудың негізгі бағыттарының бipi банктерден, банк қызметінің жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұратын кредиттеу жүйесінің үш деңгейін құру болып табылады.

Бірінші  деңгей - банк секторын одан әрі дамыту, бұл  орайда екінші деңгейдегі банктерде  корпорациялық басқару және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, сондай-ак ағымдағы қадағалау, оның ішінде банк қадағалауы жөніндегі Базель комитетінің Негізгі қағидалары мен стандарттарына сәйкес топтастырылған қадағалау әдістерін одан әpi жетілдіру жөніндегі ic-шараларды жүзеге асыру көзделеді.

Қаржылық жағынан тұрақты шетелдік банктер үшін банк секторының тартымдылғын арттыру жұмысы жалғастырылатын болады.

Бұған қоса қызметі  банк кызметтерінің  белгілi тізбесін жүргізуді көздейтін мамандандырылған банктер құрылатын болады. Атап айтқанда, осындай банктер құрудың тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі, мамандандырған ипотекалық банктер шеңберінде келешегі бар.

Eкінші деңгей - қаржы институттарының кредиттік серіктестіктер сияқты түрлері дамытылатын болады, бұл орайда олардың заемшылары клиентураның нeгiзгі бөлігін құрайтын шағын және орта заемшылар бола алады.

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің