Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер кіреді:
инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржы ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);
әртүрлі көздерден түсетін қаржыларды аккумуляциялау;
инвестицияға бақылау орнату механизмі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

5 - бөлім.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

5 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

 

5.1. Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің

әдістемелік негізі

 

Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен  тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер кіреді:

инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржы  ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);

әртүрлі көздерден түсетін  қаржыларды аккумуляциялау;

инвестицияға бақылау  орнату механизмі;

инновациялық процеске авансталған қаражаттың қайтымды болуы.

Инновациялық іс әрекетке қызмет ететін қаржылық жүйе болып  қаржылық көздер, инвестицияларды қолдануға  бақылау орнатушы механизм, олардың  қайтымдылығы және инновациялық капиталға  тартылған капиталдың тиімділігін  бағалау. Инновациялық қызметті қаржыландырудың ерекшелігі болып, оны қаржыландыру көздерінің көптігі табылды. Ол инновациялық қызметтің әртүрлі бағыттарын қамтуға мүмкіндік береді. Инновациялық жобалардың қаржылық қайтымдылығының өсуі маңызды жинақтаушы     көрсеткіш болып табылады. Оның негізінде инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі анықталады және қаржылық саясаттың жүзеге асуы анықталады. Ол саясатты шаруашылық субъектілердің өзі және мемлекет жүзеге асырып отырады.  Қаржылық қамтамасыз етудің мәні оның негізгі қызметтерінде көрініс табады: Өндірістік, бөлу бақылау өндірістік қызметті қаржылық және материалдық ресурстардың тепе теңдігін жүзеге асырады [44, 49].

Қаржылық қамтамасыз етудің өндірістік қызмет инновациялық инвестиция айналымында көрініс  табады. Қаржылық ресурстар инвестиция айналымының барлық деңгейінде инновациялық капиталдық реттілігін қамтамасыз етеді (ғылыми-техникалық өнімді сатып алу; капиталдың өсуі; инновациялық капитал айналымының өндірістік, тауарлық және ақша кезеңі). Осылайша қаржылық ресурстар инновациялық қызметтің әртүрлі салаларына құйылатын инвестицияның жылдамдығын көбейтеді немесе азайтады, ол инновациялық нарықта қалыптасқан іскерлік конъюнктурасына байланысты.

Қаржылық қамтамасыз етудің бөлу қызметі тиімділікті  қамтамасыз ету үшін ақша ресурстарының қорын қалыптастыру мен қолдануды қамтамасыз етеді. Нарықтық экономикалы елдерде инновациялық капиталдың құрылуы венчурлы қаржыландыру ұйымдарында және басқа да универсалды қаржылық құрамдарда құрылады.

Бақылау қызметі инновацияның құрылуын оны қаржыландыруды, қаржылық көрсеткіштердің өзгеруін, инновациялық кәсіпорын мен тапсырыс берушінің төлем және есеп айырысу жағдайын бақылап отырады. Қаржылық мониторинг:

ақша қаражаты қорының  құрылымы мен инновациялық қызметтің  алға қойған мақсатының арасындағы қарым қатынасты айқындайды;

инноватордың кірісі  мен шығысы арасындағы сәйкессіздіктерді  реттейді;

тиімді емес саладағы қаржыландыруды тоқтатып, инновациялық қызметтердің жаңа бағыттарын қаржыландыру мүмкіндіктерін анықтайды.

Қаржылық қамтамасыз ету – бұл капиталды тарту, бөлу және қолдану қызметі болып табылады. Ол инновациялық саланың бір белгісі бола тұра, инновациялық капитал инновациялық қызметтің әрбір кезеңін реттеп отырады. Жиынтық ұлттық капиталдың маңызды бөлігі болып, мемлекеттік капитал, ссудалы капитал, инвестициялар мен құнды қағаздар, венчурлы капитал шетел капитал, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің меншікті капиталы табылады.

Инновациялық қызметке нақты бағытталған капиталдың қалыптасуы экономикалық реформалар барысында  күрделі сандық және салалық өзгерістерге ұшыраған. Инновацияға бағытталушы капитал, нақты инвестициялар түрінде көрініс табады. Оны келесі сипаттары бойынша жүйелеуге болады:

инновациялық қызметке бақылау жүргізу және енгізу түрі бойынша:

тікелей (қаржылық интелектуалды және басқа да қаражаттарды өндіріске енгізу);

портфельді (құнды қағаздарды сатып алу) немесе несие ретінде  қаражаттарды беру;

инвестициялар түрі бойынша: қаржылық инвестициялар (мақсатты салымдар, айналым қаражаты, құнды қағаздар ссудалар және т.б.), интелектуалды инвестициялар меншік құқы;

меншік түрі бойынша: мемелкеттік, жекеменшік, аралас; 

жеңілдік түрі бойынша: жеңілдетілген, жеңілдетілмеген;

анық экономикалық жүйеге қатынасы бойынша: резидентті, резидентті емес;

қаржылық қамтамасыз ету әдісі бойынша: венчурлы, лизингті, факторлы, аралас.

Инновациядағы инвестициялық негізгі  көзіне жататындар:

меншікті қаржы қаражаты мен  басқа да активтер түрі(негізгі қорлар, жер, өнеркәсіптік меншік және т.б.) және тартылған қаражаттар;

орталық, аймақтық және жергілікті бюджеттен тұрады;

шетел инвестицияларды;

несиелер, соның ішінде мемелкеттік  қайтару шартымен, коммерциялық банк пен шетел инвесторлары.

Инновациялық салаға инвестициялар  көлемі түрлі кезеңдерде әртүрлі  болады. Ұзақ мерзімді және ірі инвестициялар жандану, тоқыраудан шығу кезеңінде қажет болады. Себебі тоқырау кезеңінде жинақтау мен инновацияға назар аудару төмендейді. Мемлекет тікелей (бюджет салымы негізінде) және жанама (экономикалық жеңілдіктер көрсету арқылы) түрде инновациялық белсенділікті қолдайды. Бұл экономиканы жандандыруға және оның бәсекелестігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Тұрақты даму кезінде мемлекеттік қолдау көлемі қысқарады, ал инновациялық процестің өзі бәсеке негізінде жүзеге асады. Бұл кезеңде жақсарту инновациясы кең қолданылады, олар аз инвестицияны талап етеді және тәуекел деңгейі де азаяды. Инновациялық-инвестициялық   белсенділік деңгейі тоқырау кезеңінде ең төмен болып табылады.

Инновациялық қызметті келесідей  сипаттауға болады:

біріншіден, инновациялық процесте нәтижелердің анықсыздығы, авансталған капиталды қайтара алмау тәуекеліне әкеп соқтырады. Ол инновациялық жобаның негізі болып табылатын шығармашылық ойдың қателігінен болуы мүмкін; оны техникалық жүзеге асыру қиындықтары; жаңалықтың нарықтағы алатын орнының белгісіздігі және т.б;

екіншіден, инновациялық қызмет қаржы  қаражаттарын аванстау мен адам коммерциялық қайтым алған уақытша мерзіммен сипатталады;

үшіншіден, инновациялық қызмет нәтижелерінің  анықсыздығының жоғары деңгейі қарыз  қаражатының қайтымын қамтамасыз етпейді. Ол өз кезегінде несие «бағасын» жоғарылатады немесе қарыз берушіге енгізілген жаңалықты бірге иеленуге құқық береді; инновациялық салаға қарыз қаражаты түсуі мүмкін, егер адам түсетін пайда сол ақшаны басқа салаға жұмсағанынан түсетін пайдаға қарағанда әлде қайда жоғары болса;

төртіншіден, инвестициялау субъектінің  көптүрлігі мен тұрақсыздығы (мемелкеттік бюджет қаражаты, корпорациялар, банктер, арнайы инвестициялық қорлар шетел инвесторлары және т.б.) капиталды берудің, түрлері мен шарттарының көптүрлігіне алып келеді.

«Тәуекел капиталы» деген түсінік  осы инновациялық қызметке жұмсалатын ақша қаражатын сипаттайды. Инновацияға  инвестиция салудың тәуекел деңгейі  оның соңғы нәтижесінің анықсыздығына  байланысты өзгеріп отырады. Бұл  жағдайлар сонымен қатар өз меншігіндегі қаражаттың жетіспеуі кәсіпкерлерді жаңалық енгізуге несиелік қаржыландыру түрін қолдануға мәжбүр етеді. Тәуекелді (венчурлы) қаржыландыру механизмінің банктік несиелеуден ерекшелігі, несие берілген кезде мүмкіндігі жоғары ойға беріледі, оны қайтару міндетті емес. Яғни басқаша айтқанда, егер инновациялық жоба күтілген нәтижеге жетпесе, онда салынған қаражат қайтарылмауы мүмкін. Венчурлы (тәуекел) капиталы-бұл қарыз міндеттемесі немесе жай акция ретінде жаңа кәсіпорындарға салынған ақша. Бұл капитал бірнеше жыл тіркелмейді, себебі қарыз міндеттемелері (жай акция) тіркелмегенше сатыла алмайды, яғни өтімділікке ие болмайды. Осылайша венчурлы инвестициялар бұл тез дамушы фирмалардың өсуіне бағытталған капитал. Венчурлы капиталдың нақты пайыз ретінде кіріс алуына сондай-ақ инвестордың оны қайтып алуына кепілдік бере алмайды.

Алғаш рет венчурлы капиталды  институцияландыру АҚШ-та 1946 ж жүзеге асты. Ол кезде зерттеу және өңдеу  бойынша бостандық корпорация ДЭК  фирмасын қаржыландырған болатын. Кейінен бұл фирма есептеуіш техникасын ең ірі өндірушісіне айналған. 1955 жылына кіші инвестициялық компаниялар туралы заң мемелкеттік қаражаттар мен жекеменшік капиталды біріктіріп, оны кіші кәсіпорындарды құру үшін жұмсауға мүмкіндік береді. 60 ж соңында кіші венчурлы фирмалар пайда болды. Олар ЖШС ретінде құрылған. Венчурлы компания ол қаржыландыратын инвестициялық кәсіпорындардың негізгі серіктесі болып, пайданың нақты пайызын алып отырған. Венчурлы компаниялардың қаржы қаражаттарын ЖШС беріп отырған - сақтандыру компаниялары зейнетақы қорлары.

Қазіргі таңда АҚШ-та 600 тәуелсіз қорлар қызмет етеді. 60 жж американдық  ірі корпорациялардың ішінде венчурлы капитал бөлімдері пайда болды. Олар банктермен және сақтандыру компанияларымен байланысатын және жаңа салалармен қызмет етуші фирмалар ретінде көрініс табады. Өз штатындағы компанияларға инвестицияланған қаржылардың бір бөлігін салуға міндетті. Инвестициялық қорлардың көлемі әртүрлі болады - 2,2 млн. долл. бастап.  Венчурлы капиталдың арқасында «Майкрасофт», «Сан», «Интел» корпорациялары өсіп шықты. Осындай венчурлы қаржыландырудың екінші түрі - венчурлы капитал қорлары. Венчурлы капитал ұзақ мерзімге беріледі. 5-7 жыл, ал қазіргі заманғы компьютерлік салада қысқа мерзімді жобаларды іске асыруды бір-екі жыл беріледі. Венчурлы инвестициялау қазіргі заманғы компаниялар үшін арзан және қарапайым болып табылады.

Инновациялы іске асыру  кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартудың мақсаты болып табылады. Инновациялық пайданы капитализациялау арқасында меншік капиталын көбейту арқылы жүзеге асады. Кәсіпорын қызметін қаржы-несиемен қамтамасыз ету үшін қаражаттарды қалыптастыру инновациялық қызметтердің өзінің көптеген бағыттарына қызмет етуге мүнкіндік береді.

Экономикасы дамыған  елдердегі кәсіпкерлер, нәтижесі жаңалық еткізулерге негізделген «инновациялық саясатты» жүзеге асады. Қазіргі заманғы кәсіпорынның инновациялық саясаты маркетинг териториясына негізделген. Ол инновациялық механизмге назар аударады, нарықтағы сұранысты қалыптастырады, жаңа тауар немесе қызметке, көптеп сатып алушылардың қажеттілігін құрастырады. Экономикасы дамыған елдердегі «тұтынушы қоғамнның» дамуы жаңалықтардың, тұрғындардың өмір сүру шартына еніп кетуіне тікелей байланысты.

Тиімді инновациялық саясат жүргізу үшін кәсіпкер қолда  бар ғылыми өнімді бағыттауы, қызметкерлердің үздіксіз өзгерістерді тез қабылдауға жағдай жасауы, қажет жоғарыда өздерінің зерттеу бөлімшелерін құруы керек.

Бұл барлық кезеңдерді бір  процеске жинақтауға мүмкіндік береді - ойдың пайда болуы, қосымша өңдеулер, өндіріс, өткізу іске қосу.

Кәсіпкер үшін ең қиыны  жаңа өнімді өткізу кезеңі, яғни оны  «донордан» (жабдықтаушы) «реципиентке» (тұтынушыға) беру. Реципиентке жаңалықты  беру алдында тауарды қолдануды  үйретеді. Сондықтан өндірушілер  тек үйретіп қана қоймай онымен байланысты шығындарды өзіне алады. Жаңалықтың таралған көлеміне оның пайдалылығы байланысты болып табылады. Сондықтан кәсіпкер тек экономикалық және өндірістік жағдайларды емес, сондай-ақ тұтынушылардың мәдени және психологиялық өзгешеліктерін де ескеру керек, сондай-ақ жастық айырмашылығын да ескерген жөн. Бір жаңалық енгізудің коммерциялық дамуы, келесі инновацияларға негіз болады. С/қ алдыңғы жаңалық енгізу жүзеге аспаса, онда келесіде «инновациялық қорқу» пайда болады. Мұндай психологиялық кедергілер кәсіпкердің қажетті деңгейде маманданбағанын, инновацияға әртүрлі деңгейдегі қызметкерлерді тарта алмағанын, өндірістің адам факторын тиімді қолдана алмағанын көрсетеді.

Инновациялық жобаны жүзеге асыру шешімін қабылдау алдында, оны іске асыру шығындары (техникалық және коммерциялық тәуекелді ескере отырып) мен компаниялық қаржылық мүмкіндіктерін салыстыру керек. Ол кәсіпорындардың бизнес-жоспарында көрініс табуы керек. Компаниялық қаржылық жағдайы инновацияны іске асыру үшін қажет қарыз қаражатының тиімділігі мен мүмкіндіктерін анықтайды.

Қазіргі заман жағдайында инновациялық қызметті іске асырудың тиімді формасы болып, инновацияға  кіретін капиталды басқару табылады. Инновациялық процестің тағы бір  ерекшелігі әртүрлі жағдайларды  енгізу барысында инновациялық және инвестициялық кезеңдер бір-бірімен байланыста болып, әсерлесіп отырады.

Инновациялық қызмет әдетте инвестицияның кезеңділігін анықтайды. Инновациялық және инвестициялық  кезеңдердің ортақтану анықтайды. Инновациялық және инвестициялық теориялық  негізінде келесі жатыр: жаңалық бұл іс әрекеттің нәтижесі болып табылады. Инновациялық кезеңнің әрбір деңгейінде нақты бір нәтижеге жетуге болады, ол жекеменшік тауар бола алады. Бірақ ол тек аралық өнім ғана бола алады. Сондықтан жаңалықты игеру саясаты соңғы өнімге бағытталуы мүмкін. Егер инвестор аралық өнімді соңғы нәтиже ретінде көрсе онда инновациялық кезең сонымен тоқтатылады.

Мұның нәтижесінде келесі формуланы құрастыруға болады, егер t деңгейінде ақша ағынын S(m) деп белгілесек, онда негізгі уақытпен салыстырсақ келесіге тең болады.

 

S(tm,t1)=S(m)xk1xk2xk3,

 

Барлық инновациялық циклға интегралды баға:

 

∑S(tm,t1)= ∑ S(m)xk1xk2xk3,

 

К1- m кезеңінің соңына сәйкес келетін;

tm уақытындағы инфляция көлемін есептейтін коэфицент;

k2-m кезеңінде тәуекелді есепке алу коэффиценті;

k3-m кезеңінде ақша ағымын бөлуді есепке алу коэфиценті.

Бұл коэфиценттер инф/ң  жинақ/қ, ақшаның құнсыздану тәуекелінің  санын көрсетеді. Әртүрлі кезеңдегі  ақша ағымының көлемін салыстыру  инновациялық өнімді өндірушілердің жұмысын  ары қарай жалғастыру немесе сонымен тоқтату керектігін анықтайды. Жаңалық енгізу-бұл процесс пен нәтиженің жиынтығы, ал инновацияның инвестициялық циклы келесі белгілерден тұрады: реттілік кезеңділік деңгейлер мен кезеңдердің тәуелсіздігі. Инвестициялық цикл инновациялық циклдың барлық кезеңін қамтығандықтан, инновациялық өнімді өткізу үшін жаңалықты қалыптастыру мен игеруді инвестициялау керек. Инновациялық және инвестициялық процестерндің байланысы көрініс табады:

Бірінші кезең. Инновациялық өндірісті  құру мен қолданудың экономикалық мақсатын бағалау.

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің