Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер кіреді:
инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржы ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);
әртүрлі көздерден түсетін қаржыларды аккумуляциялау;
инвестицияға бақылау орнату механизмі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

5 - бөлім.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда көрсетілгендей «Шетел инвестициясы» түсінігі «Шетел инвестициясы туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес жалпы  міндеттеме мен мақсаты Шетел  авторларының бірқатар еңбектерінде инвестицияға «кез-келген шетел инвестициясының мүліктерін және оған байланысты құқықтар мен мүдделерін» жатқызуды ұсынады [71, 72].

Г.Шварценберген инвестиция тікелей және портфельді инвестицияларды, орташа айлық (2-5 жыл) және ұзық мерзімді сонымен қатар инвестициялар тікелей немесе жанама түрдегі кез-келген құқықтары мен мүдделерін жатқызуды ұсынды [79].

А.Г.Богатырев, Г.Шварценбергердің инвестицияны құқықтық анықтамасын  қолдады. Онда шетел инвестициясы ең алдымен шетел меншігін оның барлық түрлерін, олардың басқа мемлекет территориясында берілген капиталды қолдану, жұмсау құқықтары ретінде қарастырылады [37, 79].

«Шетел инвестициясы туралы» ҚР Заңының 1-бабына сәйкес шетел инвесторлы келесі жеке тұлғалар жатқызылады: шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелде тұрақты  тұрғын жайы бар ҚР азаматтары. Сонымен шетел инвесторлары болып табылмайтындар Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтары. Сәйкесінше Қазақстан Республикасының территориясында салынған инвестициялар шетел инвестициясына жатпайды. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтарының инвестицияларын шетел инвестициясына жатқызбай, оны ұлттық деп есептеу дұрыс па?

Енді анықталмаған сұрақ  мынау болып табылады: шетел инвестициясына ұлттық инвесторлардан, бірақ шетелден түсетін инвестицияны жатқызуға бола ма? Егер жалпы инвестор-мемлекеттен, тұтынушы-мемлекетке түсетін капитал қозғалысы ретінде қарастырсақ болады, ал қолданылып отырған заңға сай қарастырсақ болмайды. Бұл сұрақтың заңды шешім болуы керек.

Мүлікті шетел жекеменшігі деп айту оны оған шетел инвестициясы деген статус беру деген сөз емес. Шварценбергердің айтуынша, «шетел мүлігі мен шетел инвестициясын нақты ажырату және мүлікті құрамына инвестиция кіретін кең көлемді термин ретінде қарастыру керек».

Осыған байланысты шетел  инвестициясының анықтамасы қосымша  белгілерді қажет етеді. Ғылыми әдебиеттерде берілетін тағы бір анықтама келіп  түсетін шетел қаржыларды шетел  инвестициясына жатқызу. Берілген сөйлем кейбір жағдайда қарама-қайшылық туғазады. Бұл белгі бойынша мемлекетке өтеусіз өндірістік, әлеуметтік немес басқа да белгілерді құру үшін берілген қаржыларды инвестиция деп санауға болмайды.

Н.Н.Вознесенскийдің пікірінше, «Егер мемлекетке қаржылар көмек  ретінде берілсе, онда екі жақ  арасындағы қарым-қатынас инвестициялық проблеманы тудырмайды. Бұл жерде мемлекеттің шетел инвесторлар арасында міндетті қарым-қатынастар жайында комплексі туындамайды» [37]. 

Бұл белгі «шетел инвестициясы туралы» Заңда инвестиция-міндетті деп анықтайды. Сондықтан инвестиция деп шетел инвестицияларының берген қаржысы деп түсінеміз. Ол экономикалық белсенді міндеттемелерді және осы қаржылардың мақсаты орындалуына бағытталған. Шетелдік элементтің өндірістік іс-әрекеті болып табылады.

Экономикалық белсенділік шетел  инвесторларының өндірістік іс-әрекеттері үлкен мағынаға ие. Дегенмен, бұл белгілерді шетел инвестициясының түсінігін анықтауға емес, берілген капиталды жұмсаудың тиімділігі жөнінде сұрақ деп айтуға болады. Бұл көзқарастар дәлелі ретінде «шетел инвестициясы» түсінігінің анықтамасы заңгер тікелей және портфельді деп бола отырып, оларға құқықтық режимде бірдей қызметтерді жүктейді. Мұндай бөлініс шетел және отандық ғылыми әдебиеттерде ұсынылған. Мысалы: құқықтық әдебиеттерде тікелей инвестиция деп белгілі бір объектіге салынған капитал деп түсінуді ұсынады. Яғни шетел кәсіпорынының табысының белгілі бір бөлігі капиталға немесе халықаралық қаржы ұйымдарының акциялары мен бағалы қағаздарының белгілі бір бөлігіне ие болу.

1993 ж 14 сәуір «Валюталық реттеу  туралы» Заңды тікелей және портфельді инвестициялар туралы түсінік берілген. Тікелей инвестициялар жеке тұлғаларды тікелей және жанама түрде бақылау құқығы бар капитал салымы деп анықталады. Портфельді инвестицияға салым жатады.

Егер осы айтылғандардың негізіне қарайтын болсақ, тікелей инвестициялар портфельді инвестицияға қарағанда экономикалық белсенділігі жоғары, өйткені олар заңды тұлғаларды бақылау құқығына ие болуға бағытталған. Сонымен қатар инвестициялық бөліністер құқық жүйесімен реттелетін инвестициялық қарым-қатынастарды тудырады; ең алдымен, мемлекеттің қабылдайтын мемлекеттің құқықтық системасы, халықаралық экономикалық құқық.

Инвестиция әрбір жүйеде, әрбір деңгейде, экономикада өте  үлкен роль атқарады деп есептеймін. Нарықтық экономикаға көшу қарқыны, өндірісті технологиялық жағынан жетілдіру ісі Қазақстан Республикасының халық шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржының мөлшері мен тиімділігіне тікелей байланысты. Қазір еліміз микроэкономикалық көрсеткіштерді салыстырмалы түрде болса да тұрақтандырған кезде, экономикалық дамуға қол жеткізу жөнінде шараларды жүзеге асыру аса маңызды міндетке айналып келеді. Ал, экономикалық даму тұжырымдамасы экономиканың әр түрлі салаларына шетелдік капиталды, отандық жекеменшік іскер топтардың капиталын көптеп тартуды қажет етеді. Ол үшін мемлекет жекеменшік кәсіпорындар инвестицияларының тап өз елімізде қолданыс табуы үшін экономикалық дамуға қажетті қолайлы жағдайлар туғызып отыруға міндетті. Инвестициялар - өндірістік потенциалды жаңа ғылыми -  техника негізінде құрып, әлімдік нарыққа елдердің бәсекелестік позицияларын анықтайды. Сондағы көптеген мемлекет үшін, әсіресе экономикалық және әлеуметтік дағдарыстан шығуға ұмтылып жатқан елдер үшін тікелей, күрделі, қаржылық, портфельді инвестициямен басқа активтер түріндегі шетел капиталын тарту үлкен роль атқарады.

Нарықтық экономика -  көптеген жақсы қасиеттеріне қарамастан өндірсті және инвестициялық қызметті автоматты түрде, сонымен қатар  жалпы қоғам және әр азаматты қызықтыратын экономикалық және әлеуметтік процесті басқара алмайды. Нарықты экономика – көптеген маңызды мәселелерді шеше алмайды. Сондықтан мемлекет барлығын өз қамқорлығына алуы тиіс. Мемлекет ел ішіндегі құқық тәртібін және ұлыттық қауіпсіздікті сақтау инвестициялық қызметтің дамуының негізі болып табылады. Негізінен, шетел инвестицияларын бұрын тиімсіз пайдаланылған табиғи, өндірістік, еңбек потенциалдарын шаруашылық процеске енгізуге әсер ететін фактор ретінде қарастыру керек. Шетел инвестициясы ұлттық ресурстардың жағдайларымен қосылып, прогрессивті еңбек құралдарын қолдану, жұмыскерлердің квалификациясын жоғарылату және қолда бар өндірсітік ресурстарды пайдалануын жақсарту негізінде жоғары интегралды нәтиже береді.

Әрбір ел экономикасының дамуы үшін қажетті шарт – жоғары инвестициялық  белсенділік болып келеді. Бұған инвестициялық ресурстар көлемін өсіру мен бұл ресурстарды экономиканың маңызды салаларында тиімді пайдалану арқылы жетуге болады. Экономикада инвестициялар ролінің жоғары екенін дамыған елдермен жаңа индустриалды елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Біздің еліміздің экономикасы өте үлкен қаржыларды қажет етеді. Сондықтан да ішкі қаржыландыру көзінің  шектеулі болуы нәтижесінде шетел капиталына деген сұранысты арттырып отыр. Шетел инвестициялары,  негізінен, жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік дамудың катализаторы болып келеді. Алайда, шетел капиталының ролін тек жаңа өндірістің құрылуымен ғана  шектеуге болмайды. Ол негізінен бұрын тиімсіз пайдаланылған табиғи, өндірістік, еңбек потенциалдарын шаруашылық процеске енгізуге әсер ететін фактор болып келеді. Шетел капиталы экономикалық дамудың приоритетті салаларына бағытталуы керек. Мұндай салаларда шетел инвестициясы ұлттық инвестициялармен қосылып, өзара тиімді экономикалық қатынастарды қамтамассыз етеді [59].

Инвестициялар – мүліктік қазыналардың  және оларға құқықтардың, сондай–ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне салатын интелектуалдық меншікке құықтардың барлық түрлері. Инвестиция (ағылшынның invеstor -  салымшы) – бұл өндірістік, кәсіпкерлік және басқа да  қызметтерге өнім өндіруді,  жұмысты  және қызметті ұйымдастыру және пайданы алу нмемесе басқа да түпкі нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмірдің сапасын арттыруы және тағы басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзімді қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкін. Сонымен қатар инвестиция деп өндірісті дамытуға немесе өндірістік емес салаға күрделі қаржыны жұмсауды да айтамыз. Инвестицияның деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне маңызды әсер етеді. Инвестициялар елдің  көлемінде кеңейтілген қайта өндірістік процесін анықтайды. Жаңа мекемелердің құрылысы, жаңа үйлердің салынуы, инвестициялау процесіне байланысты болып келеді.

1994 жылдың 27 желтоқсанында № 266 заңындағы өзгерістер мен толықтыруларда келесі инвестиция түсінігі беріледі «Инвестиция - бұл кәсіпкерлік қызметінен кіріс табу көзделген салымның барлық мүлік түрі және интеллектуальдық бағалымдары» сонымен қатар:

жылжымайтын және жылжымалы мүлік, импортқа шығарылатын, қайта өндірілмейтін тауардан басқа ұстау құқығы;

акция және басқа да коммерциялық ұйымдарға қатысудың формалары;

облигация және басқа да бағалы қағаздар;

ақшалай сомаға қойылған талаптар, тауарлар, инвестицияға байланысты келісім- шарттар бойынша басқа да қызмет көрсету;

интеллектуалды қызмет құқығы, авторлық құқық, патенттер, товарлық белгілер, өндіріс үлгілер, техникалық процесстер, ноу-хау, нормативті- техникалық архитектуралық конструкциясы және технологиялық жоба документі;

мемелекеттік мүшелердің лицензия беру негізінде кез-келген қызмет көрсету  құқығы.

Инвестициялау – қызметі шетелдік инвесторлардың бір кәсіпорын обьектісіне  қандайда бір пайда табу негізінде  салынған салыммен байланысты. Инвестиция жалпы алғанда ақша құралы, мемлекеттің мүлік және интеллектуальдық бағалымдары, қандайда бір жаңа кәсіпорын ашудағы заңды және жеке тұлғалар қайта конструкциялау және техникалық жаңғыртулар акция, облигация және бағалы қағаздар және табыс табуды көздеген активтер. Инвестиция бұл капитал  салымына қарағанда кең көлемдегі түсінік.

Инвестицияларға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында тиім салынбаған. Инвестицияның қайнар көзі болып жинақ табылады. Бірақ жинақ тек бір шаруашылықпен айналсатын субьектілерді іске асыра алады.

Инвестиция келесідей факторларға  байланысты болады:

пайда нормасының күтіміне немесе капиталды  қаржы бөлудің тиімділігіне байланысты. Егер бұл тиімділік инвесторлардың пікірі бойныша, тым төмен болса, онда қаржы бөлу іске аспайды;

капиталды қаржы бөлігі альтернативті мүмкіндігіне байланысты. 

Инвестор өзінің ақшасын жаңа зауыттың немесе фабриканың құрылысына сала алады, жаңа технологиялық мүмкіндіктерге, инновацияға, ол сонымен қатар ресустарын банкке де жайғастыра алады. Егер пайыз  нормасы пайда нормасының күтімінен жоғары болса онда ивестициялар іске асырылмайды, және керішінше, егер пайыз нормасы пайда нормасының  күтімінен төмен болса, онда кәсіпкерлер капиталды қаржы бөлігінің жобасын іске асырады. Салық салудың тым жоғары деңгейі инвестицияға жағдай жасамайды. Егер бұл инвестордың көзқарасы бойынша төмен болса, салым іске асырылмайды. Сонымен қатар, инвестор осы  мәселелерді шешу барысында алтернативті мүмкіндіктерді ескереді Инвестициялық процесс ақшаның инфляцилық құнсыздануының қарқынына септігін тигізген

Қазақстан экономикасының өзекті проблемаларының  бірі ең алдымен материалды өндіріс  саласында инвестициялық іс-әрекетті ынталандыру болып табылады. Материалдық  өндіріс саласын дамыту үшін бұл  саланың шығындарын азайтуға назар аударған жөн. Бұл мәселе негізінен елдің инновациялық қызметінің дамуына тікелей байланысты болып табылады.  Қазақстан экономикасының құрылымын қайта құрудың негізгі мәселесі қаржыландыру көздері болып табылады [59]. Қазақстанда инвестициялық іс-әрекетті қаржыландыру көздері болып:

1. Кәсіпорынның өз акцияларын  сатудан түскен қаражаттары: акционерлік  компаниялардың өнеркәсіптік қаржы   топтарының қайтарымсыз негізінде  бөлінетін қаражаттары.

2. Республикалы, аймақты, жергілікті, бюджетті ассигнациялау қайтарымсыз негізінде іскерлікті қолдау.

3. Шетел инвестициялары.

Экономистер үшін инвестиция -  әрқашан  күрделі қаржының нақтылы заттай түрі, ал халық тұрғындар инвестицияның  өздеріне есептеріндегі өзгерістер, акцияны сатып алу, сақтық кассаларындағы есеп ашу деп түсінеді. Жалпы инвестицияны аммортизациялық төлемдерді есепке алмай–ақ  дәл анықтауға болады. Инвестиция макроэкономикада екі түрлі қызметті атқарады. Біріншіден, шығындардың компоненті болғандықтан инвестициядағы күрт өзгерістер жиынтық сұранысқа, сөйтіп өндірістің көлеміне, жұмыспен қамтуға әсер етеді. Екіншіден, инвестиция капиталдың қорлануына алып келеді. Өндірістік қуаттардың көп болмауы өндірістің көлемін ұлғайтуды және экономикалық ұзақ мерзімдік дамуын қамтамассыз етеді. Инвестицияның мәнін ашуға мына үш элемент қажет: табыс, шығындар, нәтиже күту

Табыстар. Инвестиция өндіріс көлемінің  жалпы дәрежесіне не болмаса жалпы  ұлттық өнімге, яғни табыстың деңгейіне  байланысты. Олар жалпы экономикалық белсенділіктің қайнар көзі.

Шығындар. Кәсіпкерлер мен үй сатып алушылар, әдетте инвестиция үшін зайымдық қорлар түрінде төлейді. Оның бағасы зайымдық қаржылардың пайыздық мөлшеріне қатысты. Экономикада пайыз ставкасы ерекше орын алады, инвестиция шығынына әсер етеді, сондықтан ол жиынтық ұсынысты анықтайды. Инвестицияның құрылымына белсенді ықпал етуші тағы бір нәрсе – салықтар. Үкімет инвестицияға салық арқылы бақылау жасайды. Кәсіпкерлер инвестицияны табыс алу мақсатымен жасайды, сондықтан инвестиция шешімі мыналарға байланысты:

жаңа инвестиция арқылы өндірген өнімдерге сұраныс болуы керек;

инвестицияға әсер ететін пайыз  мөлшерімен салық және экономистер  бағалануына негізделген өнеркәсіпшілердің  үміті.

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің