Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер кіреді:
инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржы ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);
әртүрлі көздерден түсетін қаржыларды аккумуляциялау;
инвестицияға бақылау орнату механизмі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

5 - бөлім.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

Несие нарықтық қатынастар сипатына көбірек сай келеді. Ол инновациялық қызметтің барлық кезеңдерінде қолданыла алады. Коммерциялық банктер  ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу  және конструкторлық жұмыстарды келісіп шарт негізінде несиелей алады. Төлем ақысын жұмыс толық біткен соң төлейді. Банк инновациялық жобаның координаторы қызметін, ақша қаражаты ретінде белгілі бір орган атынан атқара алады. Бұл салынған қаражаттың тиімділігін арттырады және жүзеге асырушының жауапкершілігін артырады.

Қазақстанда ұзақ мерзімді несиелердің тәуекелі жоғары, оларға деген пайыз мөлшері ең төмен  болып табылады. Ол қарыз алушылардың  қаржылық мүмкіндіктерінің төмендігіне  байланысты. Қазақстан банктері тек  меншік капиталы жетіспеумен емес, резервтік мөлшердің жоғары болуымен сипатталады.

Инфляцияның төмендеуі, ақша массасының қысқаруы банктердің капитал салымының жаңа салаларын  іздеуге мәжбүр етеді. Бірақ спекулятивті операциялардан бас тартып, өндірісті несиелеуге бас бұрған банктер күрделі қаржылық проблемаларға ұшырауда. Инвестицияны қажет ететін өнеркәсіптердің 1% ғана несие қайтаруға мүмкіндігі бар.

Экономикалық әдебиеттерде коммерциялық банктердің инновациялық қызметті несиелеуге бағытталған ұсыныстары көп. Кей жағдайларда банктердің пайдасының бір бөлігін бюджеттік емес инновациялық қорларды қалыптастыру үшін әкімшілік құқықтық әдістерді қолдану ұсынылады.

Үкімет инвестициялаудың маңызды бағыттарымен қатар, нақты  секторды несиелеудің жаңа құралдарын да ұсынуда, мысалы авиациялық лизинг. Менің ойымша инновациялық салаға қызмет ету үшін несие мекемелерінің қызығушылығын арттыруға бағытталған күрделі әдістер қолдану керек:

инновациялық жобаларды  іске асырушы кәсіпорындардың жедел  қарыз сомаларын қысқарту немесе мүлдем жою;

отандық кәсіпорындардың  инновациялық жобаларын несиелеуші коммерциялық банктердің міндетті резерв көлемін 50% төмендету;

коммерциялық банктерден алынған несиелерді өз мерзімінде қайтаруға кепілдік беру. Оны Ұлттық банктің белгілі мерзімге пайыссыз несиелеу арқылы жүзеге асыру;

инновациялық процестерді  несиелеу мақсатында Ұлттық банктердің ресурстарын коммерциялық банктер төмен пайыз ставкаларымен беру.

Инновациялық қызметтің  барлық кезеңдерін несиелеуші коммерциялық        

банктерге салық салу бойынша жеңілдіктер көрсету керек. Еліміздегі инновациялық қызмет саласын дамыту үшін инвестицияны тарту мәселесіне назар аударып, оны қолға алу керек.

Сонымен қатар  инновациялық қызметте лизингтің алатын орны маңызды. Лизинг - кәсіпкерлік құрылымның және қаржылық институттардың байланысу формасы. Ол  инвестициялық белсенділіктің  өсуіне және кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау әдісі  болатын лизинг ретінде уақытша бос немесе  тартылған қаржыларды инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметті түсінуге болады.

Лизингтің дамуына байланысты «жаңа» теория қалыптасты, ол неге тұтынушылардың жеке меншік  құқы мен оны қолдану  мүмкіндігінен ажыратуын қарастыра  бастағанын түсіндіреді.

Осы теорияға сүйене отырып, өндірушілердің басты мақсаты-көп  өндіру үшін активтерді жинақтау. Сондықтан тұтынушылар жол принципін, ал банктер клиенттің алдынғы нәтижелеріне қарап несие беруге жақын болып табылады.

Экономикалық дамудың  қазіргі замандағы дамуы өндірістің дамуы мен жаңалануы, сондай-ақ өнімді өткізуде өтімді қаражаттардың жетіспеушілігін анықтады. Өндіріс саласына инновацияны енгізу қажеттілігі, лизинг операцияларының кең таралуына жол ашты. Көптеген кәсіпорын үшін лизинг-қаржыландырудың жалғыз көзі болып табылады. Осылайша лизингтік келісімдер, инновациялық процесті белсендіреді, лизинг алушы кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын жақсартады, кіші және орта бизнестегі бәсеке жағдайын көтереді.

Сондай-ақ лизингті қаржылық қиындыққа шалдықпаған трансұлттық  кәсіпорындарда тұтынады. Осылайша АҚШ-та фирмалардың 80% лизинг шартының  негізінде өздеріне қажет машиналар мен құрылғыларды алуда. лизинг капитал салымын қаржыландырушы ретінде 50 бастап қолдана бастады. Лизингтік операциялар келесі белгілері бойыша бөлінеді:

шартқа тұрушы қатысушылар  құрамы;

лизингке берілетін  зат түрі, оның өтеу деңгейі;

амортизация  шарты;

қызмет ету көлемі;

операциялар жүргізілетін нарық секторы;

салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынас;

лизинг төлемдерінің сипаты.

Қаржы лизинг көбінесе қымбат құрылғыларды бақылау-өлшеу техникасын, ЕЭМ, көлік құралдары және т.б. қажет ететін ірі техниканың инновацияны тез игеру қажеттілігі туғанда қолданылады. АҚШ-та лизинг үлесі машина мен жабдықтардың  жалпы соммасының 30%-і құрайды. Қаржылық жол жөніндегі  келісім шарт бойынша (лизингте) жалға беруші (лизинг беруші) нақты сатушыдан келісім шарт бойынша бір меншік түрін жалға алушыға (лизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта  уақытша қолдануға береді:

1. «Стандартты» келісім шарт («Standard  financial lease») лизинг объектінің иесі лизинг берушінің өзі болмаса. Бұл операцияда үш партнер қатысады, ал лизинг операциясына келесі кезеңдер кіреді: жабдықты сатып алу, меренг құралын жалға және сатуға опцион. Қарым қатынастардың үш нақты сипатын лизинг шартына қатысушы үш субъектті көрсетеді: жабдық иесі (лизинг беруші), жабдықты қолданушы (лизинг алушы), жабдықты сатушы (өндіруші-кәсіпорын).

2. «Қайтымды лизинг» келісім шарты (lease-back); лизинг құралының жабдықтың иесі жабдықтаушы лизинг берушіге оны сату сатып алу шартымен және сол жабдықты қаржы лизингі шартымен сатып алады. Бұл келісім шарт алғашқы иемденушіге өзінің қаржылық жзағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл келісім шарт түрі инновациялық қызмет саласында кен таралған.

3. «Жабдықтаушы» келісім шарт түрі (“deliver”), лизинг құралы лизинг беруші. Сатылады және қаржы лизингі шартымен бірінші болып сатып алынады. Сондай-ақ соңғы тұтынушы болып үшінші тұлға табылады.

Лизингтік компаниялар, жалға алушыға тек құрылғыны  жабдықтаушы таңдау құқын ғана емес сондай-ақ келісім объектін қабылдау құқын да береді. Қабылдаған құрылғының жөндеуін өндіруші кәсіпорындар және жалға алушының өзі жүргізеді.

Лизинг - бұл жалға берушінің жалға алушыға нақты затты, белгілі бір уақытқа беру келісімі. Лизингте ең азы үш қатысушы болуы керек: өндіруші, лизинг компаниясы, жалға алушы.

Жалға беруші ретінде лизингтік операцияларға келесілер кіреді:

қаржылық лизинг компаниялары;

арнайы лизинг компаниялары;

брокерлік лизинг компаниялары;

лизингпен айналысатын  өнеркәсіп корпорациялары мен банктердің бөлімшелері;

банктік ұйымдар;

сақтандыру және зейнетақы қорлары.

Лизингте маңызды орынды банктер алады. Олардың қатысуы  тікелей (егер олармашина және құрылғыларды өздері лизингке берсе) және жанама (егер олар лизингтік компанияларға ссудалар берсе) түрде жүзеге асады. Ірі лизингтік  операция әдетте банктің қатысуынсыз жүзеге аспайды. Осылайша АҚШ-та 70жж 100 млн. долл. активі бар әрбір бесінші банк, тікелей лизингкке қатысқан; лизингтік операцияларға қатысушы банктер саны 500 асқан.

Сақтандыру компаниялары да тікелей және жанама түрде лизингке қатысады. Лизингттің негізгі артықшылығы, кәсіпкер құрылғыны алуға немесе жаңа өндірісті ашуға ірі шығындарды жұмсамайды. Бұл кіші және орта инновациялық кәсіпорындарға ыңғайлы. Мерзім өткен соң жалға берушіге зат қайтарылады немесе өзінің меншігі болып қалады. Тағы бір артықшылығы ол аванстық төлемді қажет етпейді, ол дамушы кәсіпорындардың материалдық негізін жаңартуға мүмкіндік береді. Ескі құрылғыларды жаңамен ауыстыру арқылы лизинг моральдік ескіру тәуекелін төмендетеді. ЭЕМ өндірісіндегі лидер болып табылатын IВМ және Хеrох көшірме техникасы фирмалары жыл сайын жаңа үлгілер шығарып, ескілерін лизингке бере отырып 50-70% кірісін қамтып отыр.

Өкінішке орай Қазақстанда  лизинг қызметі нарығының инфрақұрылымы  қалыптаспаған, лизингтік қызмет көрсету  мүмкіндігі бар лизингтік компаниялар жоқ. Лизингтік операциялардың негізгі қатысушылары-банктер лизингтік келісім агенттеріне қызмет етуге мүмкіндігі жоқ.

Қазақстанда лизингтік  іскерлікті мемлекеттердің орны мен  оған инновациялық бағыт беруге маңызды  болып табылады. Инновациялық кезеңнің ұзақтығы мен мұндай өңдеу жұмыстарының құнының жоғарылығын есепке ала отырып, лизингтік келісімдерді әртүрлі көздерден қаржыландыруды қолдану керек. Жаңа өнімді өндіруші үшін лизинг тауарды нарықта ұсынудың негізгі құралы болып табылады.

Инновациялық қызметті жүзеге асырудың қиындықтары қатысушылардың тәжірибесінің болмауына, айналым құралдарының аздығына байланысты болып табылады. Инновациялық жобалардың көбі кіші және орта кәсіпорындарда жүзеге асады. Себебі көптеген ірі ескі кәсіпорындардың басшылары инновациялық процесті тиімді басқарып, енгізе алмайды, әртүрлі қолайсыз жағдайларды болдырмайтын негізгі бір жолы-сақтандыру болып табылады. Инновациялық салада тәуекелге бейімді екі капитал салымының құралы бар: құрылған жаңалықтар және техника-технологиялық база. Сондай-ақ олар меншікті ғана сақтандырып ғана қоймай, инвестициялық құралдар мен кәсіпкерлік қызығушылықтарды қорғауды ұйымдастырады.

Инновациялық қызмет субъектілері мен олардың материалдық  құндылықтары әртүрлі қауіптерге төнуде. Олар инновациялық өнімнің тиімділігіне кедергі жасайды. Инновациялық салаға әсер ететін қауіптің бәрін есепке алып алдын алу мүмкін емес.

Инновациялық қызметті іске асыру процесінде келесідей  сақтандыру түрлерін бөліп қарастыруға  болады:

өз қызметін атқару барысында денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру;

тұтынушыларға келтірген  зиян келтіргені үшін өндірушілердің жауапкершілігін сақтандыру;

қоршаған ортаны ластағаны  үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігін  сақтандыру;

өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкерлікті сақтандыру.

 

 

5.3 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәні

 

Ғылыми әдебиеттерде шетел инвестициясының түсінігін  анықтауға өте көп көңіл бөлінген. «Шетел инвестициясының» түсінігін  анықтау мақсаты шетел инвестицияларын мемлекетке тарту үшін және оған берілетін экономикалық жеңілдіктерді қолдану. Осы инвестицияларды басқа жеңілдіктер берілмейтін инвестициядан ажыратып көрсету. Мұндай нақты шекара мемлекеттердің мүддесін қорғайды. Ол шетелден келетін барлық капитал және кез-келген құралдарға қызықпайды.

Инвестиция түсінігінің  әр түрлі анықтамаларын экономикалық және заң туралы әдебиеттерден кездестіруге болады. Дегенмен, авторлармен ұсынылған  барлық анықтамалар нақты емес. Олар инвестицияның кейбір қасиеттерін ғана бөліп көрсетеді. Бұл инвестицияның қиындығы мен көпқырлы екендігіне дәлел.

Біріншіден, «инвестиция» сөзі ағылшын тілінен (investments) аударғанда «капитал құю» болып табылғандықтан, бұл екі сөз синонимдер болып келеді.

Екіншіден, «капитал құю» деген сөз терминологияда іс - әрекет және сол іс - әрекеттің нәтижесін білдіреді, яғни инвестициялау шешімі және инвестицияланып отырған нәрсе.

Жүргізілген зерттеулердің  нәтижесінде инвестиция немесе капитал  салу түсінігін екінші жағдайда қарастыру көзделеді, яғни оны инвестицияланатын нәрсе ретінде түсіну.

Экономикалық мағынада инвестициялар өндірістік қуаттар  жасау үшін    «тірі және затталған еңбекті шығындау процесі. Оның көмегімен өндіріс процесінде тұтынуға қараған тірі еңбек көбірек  құнды құрайды» деген анықтаманы береді. Ал капитал салуды -  жоғарылату мен жақсартуға бағытталған шығындар деп анықтайды.

М.И.Кулагин инвестицияны экономикалық тұрғыдан табыс алу  мақсатында өнеркәсіпке, көлік, ауыл шаруашылығы  және ұлттық экономиканың т.б. салаларына салынған ұзақ мерзімді салымдар деген түсінікті ұсынады [37].

Дж.Кейнстің көзқарасы  бойынша инвестициялар деп осы  мерзімдегі өндіріс нәтижесіндегі  «капиталдық мүліктің құнының ағымдағы өсімін» немесе «тұтыну үшін қолданбаған  табыстың бір бөлігін» айтуға болады [79].

Капитал салуға берілетін  жалпылама анықтама П.Массенің пікірінше  келесідей: «Инвестициялау бүгінгі  сұранысты қанағаттандырумен күтілген қанағаттандырылудың инвестициялық  құралдар арқылы алмасу акті» [79].

А.Г.Богатыревтің ойынша, келтірілген инвестицияға деген анықтамаларға жалпылама белгілер тән. Ғылым әдебиеттерінде инвестициялардың құқықтық аспектілері қарастырылады. 1966 жылғы конгресте халықаралық құқық Ассоциацияның қатысушылары шетел инвестициясына келесі анықтама береді: «Инвестиция-бұл тұтынушы-мемлекетке инвестор-мемлкеттерден капиталдың қозғалысы», «Инвестициялар - бұл қызмет көрсету өндірісін немесе қандай да бір өндірістік кәсіпорын құру мақсатында тұтынушы-мемлекетке инвестор-мемлекеттен капиталдың қозғалысы» [37].

Берілген анықтамалар шетел инвестицияларына сырттан келетін барлық қаржылардың жатпайтынын бейнелейді, Мысалы: егер алып келінетін тауарлар белгілі бір қажеттіліктер үшін арналған материалдар мен құрал жабдықтар болмаса, онда бұл тауарлы несиелер инвестиция категориясына жатады.

ҚР валюта заңын талдау барысында «инвестиция» түсінігін  анықтауда дифференциялау әдісін қолданамыз. Қаржы несиелерін беру және алу мерзіміне  қатысты (180 күнге дейін) капитал  қозғалысына байланысты ағымдағы валюталық  операциялар жатады. Осылайша бұл заң құралдарын беру мерзімін инвестициядан қаржы несиелерін шектеді.

Келісім бойынша капитал  алу дегеніміз кез-келген мемлекеттің  территориясындағы капитал салымы. Оларға акциялар, ұзақ мерзімді міндеттемелер, капитал салуды жүзеге асыру және қызмет бойынша келісім шарттар жатады.

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің