Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер кіреді:
инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржы ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);
әртүрлі көздерден түсетін қаржыларды аккумуляциялау;
инвестицияға бақылау орнату механизмі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

5 - бөлім.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 


 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5.2 – Инвестицияның классификация түрлері

 

Мемелекеттік инвестиция үлесі төмендеп, ал кәсіпорынның  үлесі ұлғайған кезде, инвестицияның жалпы тиімділігі олардың кәсіпорындағы тікелей пайдалану тиімділігіне байланысты болады, ал мәні бойынша кәсіпорындағы инвестицияның жалпы құрылымына байланысты.

Жоғарыда айтылғандарды жинақтай отырып, қорытынды жасауға болады - әр түрлі бағыттар бойынша инвестиция құрылымына талдау жасау ғылыми және тәжірибелік мәнге ие болады берілген талдаудың тәжірибелік мәні арқылы инвестиция құрылымының өзгеру тенденциясын анықтап және осының негізінде ұтымды, тиімді инвестициялық саясатты жасауға болады. Инвестиция құрылымы талдаудың теориялық мәні арқылы инвестициялық қызметке және инвестицияны пайдалану тиімділігіне әсер ететін, бұрын белгілі болмаған жаңа факторлар пайда болады, бұл факторлар инвестициялық саясатты жасау үшін өте маңызды болып табылады.    

Ал енді инвестиция типтеріне келетін  болсақ, кез – келген фирманың негізгі  қызмет саласы айналымдағы қаржы, жобалардың іске асуы, әрбір фирманың жылдық табысын реттеп отыратын инвестициялық операция жүйесі болып табылады. Инвестициялар әртүрлі обьектілерге тартылуы мүмкін:

Физикалық активтегі  инвестицияға   - өндіріс орындары мен құрал   - жабдықтау салаларын, сонымен қатар  бір жыл  мерзімдегі түрлі машина, техника, материалдық мүліктерді жатқызамыз.

Ақшалай активтегі инвестицияға –  кез- келген физикалық және заңды  тұлғалардың белгілі бір құнды  ақшаның қарым-қатынасын жатқызамыз. Бұл банктердегі депозиттер, облигациялар, акциялар, кредит, салық,несие, қарыздар.

Материалдық емес инвестицияға  - құнды материалдар мен құпия программалар, өнім әдістері тиімді моделдер, жерге иелік құқықтары, жекеменшіктік лицензиялар, патенттер мен сертификаттар енеді. Жоғарыда аталған инвестицияның 3 типті де әрбір фирманың дамуы кіріс көзінің өсуіне тікелей ықпал етеді.

Инвестиция класификациясы фирманың қай мақсаттардағы қандай маңызды  мәселелерді шешуге болады және тиімді шетел инвесторларының басқаруына берліген кәсіпорындар мен бәсекелескен кәсіпорындар өздерін өздері қаржымен қамтамассыз етіп бар жұмысты өздері жолға қоюға міндетті. Қазір бұл нәтижесін беріп отыр. Біріншіден, кәсіпорындар бар қуатында жұмыс істейді. Екіншіден, өндірген өніміне қарай заңды белгіленген тәртіппен салық төлеп отыр. Үшіншіден, жұмыссыздықты азайтуға өзіндік үлесі бар.

Сонымен қатар инвестициялар қаржылық емес активтерге салынуы мүмкін. Ол әртүрлі көздерден тартылады. Бұл  мәліметтерді  келесі бетте 5.1–ші кестеден көруге болады.

Соңғы жылдары белгілі өндіріс  орындарын шетелдік компаниялармен фирмалардың басқаруына беру арқылы инвестиция тарту тәжірибесі елмізде  көбірек  қолданылып жүр әсіресе, бұл шикізат өндіруші салаларда шетелдік инвесторладың айрықша ынта - ықыласын тудырып отыр. Өйткені әбден тіс қаққан, не нәрсе болсын әріден ойлайтын  шетел кәсіпкелері шикізат өндіріп, оны экспортқа шығарып сатудан ұтылмайтын анық. Сол себепті олар Қазақстан  үлкен қызығушылықпен капитал салып отыр. Бұл дәл қазір екі жаққа тиімді. Осындай тәртіппен жекешелендірген өндіріс орындардың саны бүгінде 60–тан асады. Оның басым бөлігін отын мен энергетика салалары құрайды [21].

Кез-келген кәсіпорынның экономикалық потенциалының сақталуы мен дамуына  кәсіпорын қызметі мен менеджмент, инвестор шеберліктері қажет. Инвестициялық  қызмет субьектілеріне инвестициялық  қызметті іске асырушы инвесторлар,   физикалық  және   занды   жеке   тұлғалар,  тапсырыс  берушілер, орындаушылар, инвестициялық қызметті қолданушылар мен үйымдық жеткізушілер,   банк    және    қауіпсіздендіру    қызметкерлері,   инвестициялық процеске қатысушылар енеді. Сонымен қатар инвестициялық обьект қызметіне қолданушылар қатарынан физикалық жеке тұлғалардан бастап, заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, шет мемлекеттер халықаралық қызмет Қазақстан зандарында арнайы Президент жарлығы бойынша салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер, «Шетел инвестициялары мен инвесторлары", «Ішкі басқару мен қарыздар", «Қазақстан Республикасының инвестиция қорлары", жөне өзге де нормативтік актілерін түрінде еліміздің заңында өмір алған.

Кесте 5.1 – Инвестицияны қаржылық емес активтерге салу  көзі

Миллион теңге

2006

2007

2008

2009

Қаржылық емес активтерге инвестиция

512332

752645

1158148

1307299

Сонымен қатар:

       

Негізгі капиталға инвестиция

369084

595663

943398

1099986

Олардың ішінде:

       

Негізгі жөндеуге кеткен шығын

21893

43013

85657

146264

Материалдық айналым құралдарын толықтыруға  инвестиция

140147

153526

207067

202912

Басқа да қаржылық емес активтерге инвестиция

3101

3456

7683

4351

Жалпы көлемге  пайыз түрінде
       

Қаржылық емес активтерге инвестиция

100

100

100

100

Сонымен қатар:

       

Негізгі капиталға инвестиция

72,0

79,1

81,4

84,2

Олардың ішінде:

       

Негізгі жөндеуге кеткен шығын

4,3

5,7

7,4

11,2

Материалдық айналым құралдарын толықтыруға  инвестиция

27,4

20,4

17,9

15,5

Басқа да қаржылық емес активтерге инвестиция

0,6

0,5

0,7

0,3


 

Қазақстан мен ТМД  елдерінде инвестиция тартып, қаржы  жинактау жылдамдығы онша жақсы емес. Бізде ол жалпы ішкі өнімнің 4/3 процентін  құрайды. Деген мен, алғашкы жылдарға қарағанда, соңғы жылдары шетелден инвестор тарту біршама жандана  түсті. Оған еліміздегі саяси тұрақтылық шикізат қорының молдығы инвесторларды заң жүзінде қорғау басты рол атқарып тұр. Әсіресе, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы кездегі Америка Құрама Штаттарына, Германия мен Польшаға сапарлары күткен үмітті ақтады. Инвестиция салудан дамыған, өркениетті басқа да мемлекеттер де тартынып отырған жоқ.

Деректерге сүйенетін  болсақ, қазіргі кезге дейін Қазақстанға  келген инвестицияның 40 процентін АҚШ, 25 процентін Оңтүстік Корея, 13 процентін  Англия инвесторлары қүрайды екен. Жалпы кәлемі 9,5 миллиярд доллар түратын Қытай Халық Респупликасымен жасалған келісім өз алдына бір бөлек.

Нарықтық экономикада инвестицияның негізгі үш түрі кең қолданылады. Атап айтқанда: займ арқылы, несие беру жөне тура инвестициялау. Осы үшеуінің ішінде бізге қолайлысы әрі тиімдісі - тура инвестиция. Өйткені мүнда шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар мен бірлескен кәсіпорындар өздерін өздері қаржымен қамтамасыз етіп бар жүмысты өздері жолға қоюға міндетті. Қазір бұл нәтижесін беріп отыр. Біріншіден, кәсіпорындар бар қуатында жүмыс істейді. Екіншіден, өндірген өніміне қарай заңда белгіленген тәртіппен салық төлеп отыр. үшіншіден, жүмыссыздықты азайтуға өзіндік үлесі бар.

 Қазақстан экономиканың  қаржылық тұрақтануы сатысына  ену кезеңінде инвестицияны тартудың қатаң әдістерін қолдана бастады, бұл әдістер төмендегідей бағыттарды қамтиды:

үкіметтік  несиелер   мен   кепілдемелерді  шектеу  (өйткені  үкіметтік несие алдын-ала  ақы тәлеуді, кепілдемелерді ұсынуды  және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді.) Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын   көбейтуге   арналған   мүмкіндіктер   кеңейіп  жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы өр түрлі түсіндіріледі:

тікелей шетел инвесторлары донордың үзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;

донордың  өндірістік процесті басқаруға қатысу  мүмкіндігі болуы- 
тиіс;

елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз 
етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;

тікелей     шетел    инвестициялары     іскерлік    және     шаруашылық 
белсенділікті   қамтамасыз   ете   отырып,   өндірістік   және   ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.

Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты. Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мөселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Инвестицияны тартуда  Қазақстанды дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белілі бір ортақтықтың бар екендігін атап етуге болады. Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең темендегідей нәтижелерге әкеледі:

реформалаудың бірінші  кезеңі - инвестициялық жекешелендіру  қорының 
қалыптасуына және капиталдың үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына 
жағдай жасады;

екінші   кезең -    жекешелендіру   процестерінің   белсенді   жүруін    және акцияларды   мемлекеттік   пакеттерінің   80%-ке   дейін   шетелдік   инвесторларға сатылуын қамтамасыз етті,  осы уақытта    төлемдердің теленбеуі және отандық тауар   өндірушілердің   банкротқа   ұшырауы   мәселелері   қабат-қабат   жүріп отырды;

үшінші    кезең -    жекешелендіру    процесінде    республикалық    нарықта шетелдік   банктердің    рөлін    "тереңірек"    өтті,    нәтижесінде    инвестициялық саясаттың Аргентиналық қателіктері болған,  атап айтқанда аз шығынды  әдіс өңдеу,   ғылыми   технологиялар   салаларының   туындауына   жағдай   жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту қүралдарының дамуына жағдай жасады.

Тиімді   инвестициялық   саясаттың   жоқ   болуы    өсу   нүктесі    болып  табылатын   белгілі   бір   салаларды   анықтауға   мүмкіндік   береді   сыртқы экономикалық      саясатты      иөсу     локомотивінен"      "тежеу     локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының темен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды. Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының көбеюі жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар, яғни 20 мың жаңа жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді. Экономиканың қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.

Жүйелей   айтсақ,   пайда  табу  мақсатында  Қазақстан   Республикасының қаржылық    жөне    қаржылық    емес    активтеріне    салынған    барлық    шетел капиталдары  екі үлкен топқа : тікелей инвестиция жөне сырттан қарыз бөлу болып   бөлінеді.   Қазіргі   кезде   халықаралық   қаржы   институттары   мен   шет мемлекеттер   Қазақстанға тікелей   инвестициядан гөрі,   несие  беруге   құштар болып отырғаны анық байқалуда. Мұның сыры өзіне-өзі түсінікті. Несие үкімет кепілдігімен  жақсы қорғалған.  Ал  инвестициялық салымның қайтарымы  үзақ мерзімді   қажет   етеді,   әрі   мұнда   тәуекелдің   үлесі   жоғары.   Экономикалық қауіпсіздік жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде тиімсіз жақтары  бар.   Займдар   елдің  сыртқы   карызын   көбейтеді,   оның  өтемі  елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей инвестициялық тиімсіз    жағы,    инвесторлар    қаржысын    өзі    қалаған    жағына    салады    да қазақстандықтардың   мүддесі,    қажет   еткен   сала   ескерусіз   қалады.    Үкімет кепілдігімен   сырттан   тартылған   займдар   мен   кредиттердің   экономиканың өндірістік жөне кәсіпкерлік секторын инвестициямен қамтамасыз ету мақсатында алғандығы  белгілі.   Алдын-ала  болжағанындай  бұл  шара   (сырттан  қарыз  алу көлемін   арттыру)   экономиканың   тұрақтылығын   сақтап   қана   қоимай,   оны дамытуға тиіс  еді.  Алайда,   іс-  жүзінде  бөрі  басқаша  болып  шықты.   Талдау нәтижелері көрсеткендей, үкімет кепілдігімен тартылған займдар мен кредиттер, негізінен,     бюджет    тапшылығы     мен    тұтыну    саласының    қажеттіліктерін    қаржыландыруға пайдаланылуда. 

Бүгінгі танда Қазақстан  шетелдік тікелей инвестиция тарту  көлемі жағынан ТМД елдері арасында екінші орынды иеленеді. Тікелей инвестиция, негізінен, бірлескен кәсіпорындар құру, еншілес кәсіпорындар ашу және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге шетел капиталын қатыстыру есебінен іске асырылуда. Өкінішке орай, Қазақстандағы көпшілік бірлескен кәсіпорындар мен шетелдік кәсіпорындар экономиканың жанама секторларын ғана қамтып отыр, әрі оған қомақты қаржы салмауда.

Тағы бір қынжынарлық  жәйт, Қазақстанға негізінен алып-сатарлық мақсатты ғана көздеген үсақ-түйек  кәсіпорындар келуде. Ал өзінің қомакты капиталымен келген ірі кәсіпорындардың саны саусақпен санарлықтай-ақ. Шетелдік инвесторларды қызықтыратыны, негізінен, өнеркәсіптің жылу шикізат саласы. Бүл салада шетелдік инвестицияның салмағы басым. Қазіргі кезде, Қазақстандағы тікелей инвестицияның 60%-ы - мұнай-газ саласының үлесіне тиеді. Басқа өнеркәсіп салалары бойынша инвестицияның үлесі мардымсыз. Мәселен, қара металлургияда - 5%, тамақ өнеркәсібінде - 5%, басқа салаларда - 2%. Мұның ішінде, түсті металлургияда ғана оның үлесі көптеу - 28%-ды құрайды. Соңғы жылдары елімізде мүнай өнеркәсібі жедел өркендеп, мемлекеттің валюталық түсімінің негізгі көздерінің біріне айналды. Бүған Республика үкіметі де айрықша назар аударып отыр. Алайда, экономика саласындағы мамандардың атап көрсеткеніндей тек өндірістің бір ғана саласын инвестициялауға басымдық беру, экономиканың басқа саласының туралауына алып келеді. Мұның салдары мынадан керінеді: Еліміз жоғары өндірістік потенциалы мен табиғи байлығының мол қорының болуына жоғары білікті маман кадрларының көптігіне қарамастан әлемдік рынокта тек шикізат өңдеуші ғана болып қалмақ. Сондықтан, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен, парасатпен, біліктікпен қарап, жағдай жасау қажет.

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің