Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер кіреді:
инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржы ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);
әртүрлі көздерден түсетін қаржыларды аккумуляциялау;
инвестицияға бақылау орнату механизмі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

5 - бөлім.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

Екінші кезең. Инновациялық қатынастардың  субъектілерін, қаржылық қамтамасыз ету  түрі мен көздерін анықтау; инновациялық қызмет фазасы бойынша авансталған  қаражаттарды бөлу; әрбір фазада тиімділікті  болжау және тәуекел деңгейін анықтау.

Үшінші кезең. Инновациялық өнімнің  нақты объектілері мен ресурстарының  өзгеруімен байланысты.

Төртінші кезең. Инновациялық және инвестицияны өткізуден аралық тиімділікті  анықтау.

Бесінші кезең. Инновацияны кең  өндіруде қаржылық қамтамасыз ету.

Алтыншы кезең. Қаржы-несие қаражатын  қайтару және коммерциялық тиімділік  алу.

Нарықтық қатынастар қызметті қаржыландыру мемлекеттің қаржы саясатының маңызды элементі бола алады. Ол келесідей маңызды мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді:

ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу арқылы ұлттық экономиканы құрылымдық-технологиялық қамтамасыз ету;

ел экономикасын дамытудың маңызды  бағыттарыда ғылыми-техникалық және инновациялық мүмкіндіктерді дамыту және сақтау.

Нарықтық экономика  жағдайында инновациялық белсенділікке әсер ету үшін, нарық механизмнің қаржылық құралдарын қолдану қажет. Ол инновациялық қызметке әсер ете алады. Тауар, ақша қатынастарының негізгі формасы - қаржы және несие, оның инноваторлардың іс әрекетіне әсер ету мүмкіндігі жоғары.

Тұрақты экономикалық жүйе жағдайларында инновациялық қызметтерге  қажет жағдайда қамтамасыз етеді. Оған бірінші кезекте инновациялық қызметті заңмен бекіту, сонымен қатар инновациялық белсенділікке қаржылық әсер етудің нормативті-құқықтық актілер деңгейінде бекіту. Тиімділіктің негізгі критері-пайда деңгейі. Ол инновациялық кәсіпорындардың қарамағында болады.

Шеттелдік тәжірибеге сүйенсек тұрақсыз экономикалық жүйе жоғарыда, жоғары инфляция процесі мен олардың  экономикалық агенттерге әсер етуі нәтижесінде тікелей көмек көрсету екінші орынға қалады. Бұл жерде маңызды орынды жанама реттеу алады: салық жеңілдіктері, несиелер, несиеге проценттік төлемдер, сақтандыру, амортизациялық аударымдар және т.б.

Инновациялық белсенділікті  жанама реттеу құралына негізінен өнеркәсіп өндірісі саласында салықтармен несиелер жатады (жеке қаржы институттарындағы несие ресурсы, сонымен қатар тек өнеркәсіп өндірісіне бағытталған мемлекеттік несие). Ал амортизациялық аударымдар сұраныс шектеулерінің әсерінде болып отырады. Сақтандыру жанама әсер ету тек инновациялық қызметтің нормативті-құқықтық бағасы мен инфрақұрылымы дамыған жағдайда ғана тиімді болып табылады.

Отандық инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі үнемі дамып  отыруда. 1991 ж дейін бюджеттік  және орталық тындырылмаған бағытта болған. Қазіргі таңда инновациялық қызметті қаржыландырудың көзі болып:

мемлекеттік және аумақтық деңгейлерді бөлініп жатқан бюджеттік  көмек;

кәсіпорындар мен аймақтық басқару органдарында құрылған ҒЗКТЖ-ды қаржыландыру бюджеттік емес арнайы қаражаттары;

әртүрлі коммерциялық құрылымдардағы қаржы ресурстары;

арнайы инвестициялық  банктердің несие қаражаттары;

инновациялық жобалар  үшін арнайы несиелер;

шетел инвестрлары.

ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік қаржыландыру

Қазіргі кезде Қазақстанда инновациялық белсенділіктің төмендеуі инновациялық қызметке салымдардың жоғары тәуекелі мен байланысты болады. Бұл тәуекелдік жоғары болуы инновациялық процесті қаржы-несиелік қамтамасыз ету әдістері мен ұйымдастыру принциптерінің жетілмегеніне және инновациялық қызметті қаржыландырудың нормативті құқықтық негізінің жетілмегенімен де тығыз байланысты. Нақты өндірістік сектордағы инновациялық процесті тоқтатудың негізгі себептеріне келесілер жатады: тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі, ішкі және әлемдік нарықта өнімнің бәсекелестігі қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі.

Қазақстан үкіметінің алдында  экономикаға ұзақ мерзімді ресурстарды  тарту үшін оңтайлы жағдай жасау  мәселесі қойылуда.

Ол ұйымдастырушылық экономикалық қатынастардың жиынтығын қалыптастыру қызметімен тікелей байланысты болады, ол инновациялық процесті қаржылық қамтамасыз ету үшін жүзеге асады.

Өнеркәсібі дамыған  Батыс елдерінде инновациялық қызметтерді  қаржыландыру негізінен мемлекеттік  емес көздерден жүзеге асады. Жаңа технология мен өнеркәсіптік жаңалықтарға ішкі Қазақстан нарығында төлем қабілетінің төмендеуіне байланысты ғылыми зерттеу және жобалау жұмыстарына демеуші әрі бағыттаушы болып, ал жұмыстарға тапсырыс беруші болып мемлекет шығады. Бұл үшін несие немес қайтарымсыз субсидиялар беретін арнайы қорлар жүйесі қалыптасуда. Отандық инновациялық қызмет нарығы мен ғылыми сыйымды өнімдердің дамымауына байланысты арнайы қорлар, инновациялық қызметті қаржыландыру механизмін нарықтық шарттардың жағдайына жақындатуға көмек беруі. Мұндай қорлардың халық шарттардағы салалары бойынша қалыптастыру инновациялық қызметті қаржыландыру мәселелері бойынша шешімдерді орталықсыздандыруға мүмкіндік береді.

Соңғы төрт жылды салыстырып қарасақ зерттеулер мен өңдеулерге қаржы бөліну жылдан жылға артуда. Ол келесі 5.1–кестеде көрсетілген.

2006 ж салыстырғанда  2009 ж зерттеулер мен өңдеулерге  жұмсалған ішкі шығын көлемі 5% өскен. Яғни 2006 ж 27, 2009 ж 32% құралған.

 

Кесте 5.1 – Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындардың қаржыландыру көздері (млн. тенге)

 

2006

2007

2008

2009

Зерттеулер мен өңдеулерге жұмсалатын ішкі шығындар

Барлығы:

Бюджет қаражаттары

Жоғары оқу орындарын  қамтамасыз етуге бөлінген бюджеттік  аударымдар 

Меншік қаражаты

Тапсырыс берушілер  қаражаты

Шетел инвесторларының қаражаттары

 

3706,9

 

1534,5

 

 

1,7

 

506,8

 

1577,0

 

86,8

 

4706,9

 

1980,8

 

 

3,0

 

857,3

 

1759,5

 

106,3

 

7154,1

 

2847,8

 

 

1,1

 

1592,7

 

2515,6

 

196,9

 

9633,0

 

3974,0

 

 

49,5

 

2539,5

 

2989,9

 

80,1


 

Қаржыландыру көздері  бойынша 2006 жылы зерттеулер мен өңдеу жұмыстарына жұмсалған ішкі шығынның пайыздық құрылымын талдап қарастырсақ, онда тапсырыс берушілердің қаражаты 43%, бюджет қаражаты 40%, меншік қаражаты 14%, ал шетел қаражаты 3% құраған. 2009 жылы осы көрсеткіште дәрежесі мынадай болған. Тапсырыс берушілердің қаражаты 31%, бюджет қаражаты 40%, меншік қаражаты 26%, ал шетел қаражаты 2% құраған. Яғни, 2006 жыл мен 2009 жыл көрсеткіштерін салыстыра отырып соңғы жылдары өз меншігіндегі қаражат арқылы зерттеулер мен өңдеу жұмыстарын іске асырушылардың саны көбейгендігін көруге болады. Оған жекеменшік салада осы зерттеулер мен өңдеу жұмыстарына көп назар аударып жатқаны әсер еткен.

Дамыған нарықтық экономикалы  елдер мыс, АҚШ мемлекеттік бюджеттің  ЖҰӨ-ң 2,2-2,7% осы зерттеулерге жұмсалған  францияда 1,8-2,3%; Германия мен Жапония 2-2,9%; Англияда 2-2,5% жұмсалады. Батыстағы экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіретін елдердің ҒЗКТЖ-ға жұмсалатын шығыны ЖҰӨ-ң 2,2% құрайды. “ірі жеті” елдерде - 2,4%, ал АҚШ - 2,6%, Ресейде 0,9% көрсеткішін құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш өте төмен деңгейде болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы инновациялық саланы қаражаттық қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, мұндай қаржы үшін тек  орталықтан емес, сондай-ақ бюджеттік  емес әртүрлі қорларды, шартты  қайтару несие түрін қолдануға болатынын айтуға болады.

Орталықтанған қорлардан  жаңа бәсекелі өнімге баға қосымшаларын төлеуге болады. Мемлекеттік инвестициялық саясат даму бағдарламасының негізінде іске асады. Оған жататындар:

капиталдың тез айналымын және жоғары бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ететін салаларда өндірісті дамыту;

ғылыми сыйымды салалар  мен жоғары технологияны, жоғары деңгейлі өңдеу салаларына қолдау көрсету;

экономиканы технологиялық  қайта құру негізінде бәсекелі машина жасау өнімін өндіру.

Мемлекеттік инвестициялық  саясатта маңызды орынды экономикалық өсу ырғағының жоғарлауы алады  және дәл осы Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің негізгі бағыты болып  табылады. Үкіметтің ағымдағы бағдарламасы оңтайлы инвестициялық жағдай  жасауды қамтамасыз етеді . Ол жоғары технологиялы өнімге, өндірістік қызметті қайта қалыптастыруға, өндірістің инфрақұрылымын жаңартуға және жеке секторға қуатты қайта құруға тікелей инвестицияның ағымына үлес қосады [71, 72].

Экономиканың тоқырау  жағдайында мемлекеттік бюджеттен тек жалпы экономикалық деңгейдің дамуына әсер ететін маңызды иннвестициялық жобалар ғана қаржыландырылуы керек. Қайтымсыз бюджеттік қаражатты бөлген кезде несиені беру принциптеріне негізделуі керек, яғни тез, қайтару және төлем принциптері мемлекеттік бюджеттен бөлінетін ақша қаражатының қайтымын жоғарлату үшін басқа да принциптерді қолдануға болады:

тез қайтым принциптері-ақша қаражатын қолда бар жүзеге асу  кезеңінде тұрған немесе аз ғана жұмысты  қажет ететін жобаларға салу. Мұнымен қатар қайтарым сөзінің мағынасы ретінде инвестициялық қаражаттың қосымша құнмен қайтарылуын түсіну керек;

уақытша бөлу принципі-экономикалық барлық салаларын қамтитын инновациялық жоба инвестицияланады.

Экономикалық әртүрлі  салаларына мемелкеттік бюджет қаражатын инвестициялау таңдауын жүргізгенде бірінші кезекке импорт алмастырушы тауарларына бәсекелі тауар және қызметке сұр. Жоғары тауарларға бағытталған өндіріске назар аудару керек. Инновациялық қызметке инвестиция тарту үшін несие пайызын төмендету керек. Бизнес-жоспарда маңызды орынды маркетингтік зерттеулер алады. Оның негізінде өнімді тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің деңгейі анықталады. Капитал салымының өтелу мерзімі екі жылдан аспауы керек.

Инновациялық процестерді  мемелкеттік-коммерциялық қаржыландыруды жүзеге асыру жобаларды сертификаттау мен инвесторларға мемлекеттік кепілдік беруді қарастырады. Жобаларды сертификаттау шетел және отандық инвесторлардың оған деген сенімділігін арттырады. Жекеменшік инвесторларға мемлекеттік кепілдік берілсе, онда мемлекет сол жоба іске аспай қалса, салынған ресурстың бөлігін қайтарып беруі міндетті.

Қаржылық салымдардың  қайтымын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз экспертиза жүйесін және инновациялық жобаларды сақтандыру процестерін  қолдану керек.

Инновациялық қызметті қаржыландырудың ішкі көздері жетіспеген кезде, Қазақстанға ғылыми сыйымды  технологияны тарту процесін қалыптастыру керек. Осыған байланысты инновацияны мемлекеттік қаржыландыру шегінде, мемлекет шекарасы арқылы дамыған техника және технологияны енгізуде кеден салығын толық жою мәселесін қарастырған жөн. Сонымен қатар отандық ғылыми сыйымды өнеркәсіпті қорғау мәселелерін де ескеру қажет.

Өнеркәсіп кәсіпорындарда инновациялық қызметті қаржыландырудың  негізгі көзі болып-олардың меншікті қаржы ресурсы табылады. Олар зерттеулер мен конструкторлық бөлімдердің  жұмыстарына немесе келісім шарт негізінде іске асатын жобаларға бағытталады. Инновацияға жұмсалатын меншік қаражаты 2006 ж 14%, ал 2009 ж 26% құраған. Яғни жыл сайын зерттеулер мен өңдеулерге меншік қаражатын жұмсау артуда. Нақты ақшамен көрсететін болсақ 2006 ж 506,8 млн. теңге, 2007 ж 857,3 млн. теңге, 2008 ж 1592,7 млн. теңге, ал 2009 ж 2539,5 мли. теңге құралған.

Инновациялық қызметке бағытталған кәсіпорындардың меншікті көздері болып, акционерлер арасында бөлінбеген пайда бөлігі, амортизациялық аударымдар мен кәсіпорындардың  акционерлік капиталы табылады. Ірі кәсіпорындар өндіріс дамуының қоры мен амортизациялық аударымдар қорында жинақталған, өз меншігіндегі қаражаттары арқылы конструкторлық және технологиялық жаңалықтарды игереді.

Өндірісті дамыту қоры негізінен  өндірістің кеңеюі мен жаңалауына, ғылыми зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және технологиялық жобалар мен жаңа өнім түрлерін игеру үшін, өзінің айналымын қаражатын көбейтуге, сондай-ақ басқа да материалдық-техникалық базасын күшейту үшін арналады. Инновацияны іске асырушы кәсіпорындар үшін ең маңызды ҒЗКТЖ-ға жұмсалған шығынды өнімнің өз құнына енгізу алады. Қазіргі таңда ҒЗКТЖ-ға жұмсалған қаражат сомасы өз құнға енгізілмейді және бұл шығындарды есепке алудың әлемдік тәжірибесіне сай келмейді, бұл өз кезегінде кәсіпорындардың инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қолданатын меншік қаражатының көлемін азайтады.

Бөлінбеген пайдадан қаржыландыру ірі орта немесе ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруда  қолданылмайды. Себебі ол шаруашылық айналымынан  ақша қаражат алумен, ол өндірістік тұрақтылықты бұзумен байланысты болып табылады.

Шетелдік компаниялар  тәжірибесіне сүйене отырып, акционерлік  капитал да жаңа өнім өндірумен байланысты ірі және орта жобаларды қаржыландырудың  көзі болып табылатынын айту керек.

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің