Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:56, курсовая работа

Краткое описание

Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер кіреді:
инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржы ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);
әртүрлі көздерден түсетін қаржыларды аккумуляциялау;
инвестицияға бақылау орнату механизмі;

Прикрепленные файлы: 1 файл

5 - бөлім.doc

— 395.50 Кб (Скачать документ)

Отандық кәсіпорындар, инвесторлар үшін қайтымсыз капитал көзінің салымы болады. Себебі кәсіпорындарда құрылғылардың тозуы 50% жеткен. Негізгі құрылғылардың тозуы дегеніміз олардың физикалық және моральдық қасиеттерінің жойылу процесі. Амортизация - тозудың ақшалай көрінісі. Амортизациялық төлемдер өнімінің өзіндік құнының негізгі элементі болып табылады. Амортизациялық төлемдердің жаңа формасына енгізілуіне дейін Қазақстан Республикасының территориясындабіріңғай амортизациялық нормалар қолданылған. Амортизация негізгі құрал құнын, шығарылған өнімінің құнына енгізудің объективтік процесі. Амортизациялық төлемдер реновацияға жіберіледі. Реновация дегеніміз негізгі құрылымдардың бастапқы құнын қалпына келтіру. Амортизациялық төлемдер амортизация нормалары арқылы есептеледі. Есептелген амортизациялық сомалар өнімінің өзіндік құнына есептеледі. Жаңадан түскен негізгі қорлардың амортизациясы келесі айдың бірінші күнінен бастап есептеледі.

Амортизацияны есептеу  әдістері:

біріңғай немесе сызықтық әдісі-амортизация негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне байланысты есептеледі;

кумулятивтік әдіс – кумулятивті сандар қосындысы арқылы анықталады. Комулятивті сандар негізгі қорларының пайдалану мерзімімен анықталады;

регрессивтік әдіс - сызықтық әдістей нормалар қолданылады, бірақ амортизация бастапқы құнынан еселі қалдық құнынан есептеледі.

Қазіргі таңда амортизациялық аударымдар негізгі құрылымдарға салынған жалпы капитал салымының 7% ғана табады.

Кейбір елдерде мысалы Жапонияда арнайы амортизация әдісі  қолданылады, ол қосымша салық жеңілдіктерін  беруге негізделген. Оларға мысалы алғашқы жеңілдік беру әдісі және жай әдіспен есептелген амортизацияға нақты пайыз қосу әдісі. Атқарушы органдар жылдам амортизациясы қолданылатын белсенді өндірістік қорларды анықтап, ол жоғары технологиялық экономика саласына мен прогрессивті құрылғыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Акционерлік капиталда  ірі және орта инновациялық жобаларды  қаржыландыру көзінің негізі бола алады. Олар жаңа өнім түрі немесе техникалық қайта қалыпқа келуге мүмкіндік  береді.      

Қазақстанның акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылған ұйымдары, инновациялық қызметке өз қаражаты жетпегенде қосымша құнды қағаз шығаруына мүмкіндік бар. Акция экономикасы тәжірибеде тек инновациялық қызметті қаржыландыру үшін ғана емес, сондай-ақ айналым құралдарын толықтыру, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттыру үшін де қолданады. Инвесторлар нақты инновациялық жобалар туралы көрініс алуы керек, алдағы жұмыстың мерзімі мен көлемін, бизнес жоспарымен таныс болуы керек.

Өз құралдарын кәсіпорындар көбіне құнды қағаздар ашық орналастыру арқылы, инвесторларға келісім шарттар бойынша сату арқылы орналастырады. Құнды қағаздарды ресми түрде орналастыру-күрделі әрі қымбат процесс. Оны негізінен ірі кәсіпорындар жүзеге асыра алады. Кіші және орта кәсіпорындар акцияларын жекеше (жабық) түрде орналастырады. Бұл әдісті ірі кәсіпорындар акцияларын өз акционерлері арасында орналастырғанда қолданылады.

Бірақ инновациялық жобаларды  қаржыландыруды қажет ететін отандық  кәсіпорындар, көбінесе инвесторлар  үшін қажет кіріс деңгейін өнімділік пен аз акцияларының сенімділігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл акционерлік қоғамдар үшін инновациялық қызметті қаржыландыруды қиындата түседі және басқа жақтан ресурстар тартуға итермелейді.

Қазақстанның шаруашылық тәжірибесінде қарыз міндеттемесін қажет қаржылық ресурстарды тарту үшін жер инновациялық қызмет үшін шығару кең таралмаған. Себебі оны қайтару мерзімінің ұзақтығы мен кірісінің төмендігі және оған деген мемлекеттік кепілдіктің жоқтығынан.

Сондықтан қарыз шарты  инвесторлар үшін тиімді болуы керек. Соның нәтижесіне қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсу кезеңіне жетуге болады. Корпоративті облигациялармен қатар Қазақстанның қор нарығында деривативтер таралуы керек-опциондар мен варианттар. Оларға корпоративті құнды қағаздарды алу құны сатылады. Ол да инновациялық қызметке қажет қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді. 

Қазақстан экономикасының нақты саласындағы кіріс деңгейі экономикалық өсу мүмкіндіктерін анықтайды және келесілерге байланысты болып келеді:

ұлттық тауар өндірушілердің өніміне бағаның әлемдік конъюнктурасына, себебі экспорттан қолма-қол ақша көп түседі;

табиғи монополия қызметіне  бағаның өсуіне;

қарыз капиталының құнына, сондай-ақ экономикадағы ақшаның  сан және сапасына.

Капиталдың жетіспеуі-өндірістік мүмкіндіктің іске асуы мен импортты алмастыру және сұраныстың кеңейтуге кедергі болатын сепебтердің бірі болып табылады. Зерттеулер нәтижесінде кәсіпорындардың тек жартысы ғана өз кірісін өндірісті дамытуға бағыттайтыны анықталды. Кірістің көп бөлігі қызметкерлердің еңбек ақысын жоғарылату мен мемелкеттік құнды қағаздарды жинақтауға жұмсалады екен.

 

5.2.  Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметіне қарыз қаражатын тарту

 

Инновациялық қызметті қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту, коммерциялық несиелеу негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Тұрғындардың нақты кірісінің жоғарлауы мен мемлекетке сенімділіктің қайта орнына келуі инновациялық қызметке тұрғындардың жинақтарын тартуға мүмкіндік береді.

Коммерциялық несиелеу жабдықтаушылардың өз сатып алушыларына төлемді кейінге қалдыру түрінде, векселмен рәсімделеді. Вексельдік айналым инновациялық қызмет саласында кең таралуы мүмкін. Тұрғындардың ағымдағы жинағы бірнеше миллиард доллармен бағаланады. Бұл қаражаттардың көп бөлігі байлардың қолында. Ол тұлғалар бұл қаражаттарын қысқа мерзімде жоғары кіріс әкелетін активтерге, жинақтау көзі ретінде немесе шетелге жіберіп отыр. Шетелдерде жаңалық енгізулерді қаржыландыру үшін арнайы қор көздері тартылады, оларды кіші және орта кәсіпорындарға беру кезінде мемлекеттік кепілдік көрсетіледі [36, 37].

Қазақстан нарығындағы  трансұлттық компаниялар (шикізат саласында, қоғамдық тауар өндіріс, телекоммуникация саласы мен жоғары технология саласында) тұрып қалған өндірістік қуаттарға инвестициялар салмайды.

Инновациялық инвестициялар (венчурлы) негізінде альтернативті капитал нарығының дамуы инвесторлар мен жаңа технологияны құрушылар арасындағы қызығушылықтардың келісуіне мүмкіндік береді.

Венчурлы (инновациялық) қорлар-инвестициялық қорлардың  бір инновациялық өнімді тұтынушы мен  құрушы, тұрғындардың жинақтары және мемлекет есебінен қалыптасады. Инновациялық қорлар, инновациялық жобаларды жеңілдіктер есебінен қаржыландыра алады. Ол инновациялық қызметті қаржыландырады әртүрлі көздерден қайта бөлу арқылы жүзеге асырады. Инновациялық қорлар инновациялық қорларды қаржыландырумен қатар, инновациялық кәсіпорындар мен жеке ғылымдар мен мамандарға қаржылық көмек көрсетумен айналысады.

Инновацияны қаржыландырумен  байланысты тәуекел қордың акционерлік  капиталындағы үлесінен бөлінеді. Пайда  табу мүмкіндігі, бірнеше инновациялық жобаларға қаражат салу арқасында жоғарлайды.

Қаржы-несие қызметімен қатар, инновациялық қорлар көптеген делдалдық  қызметтер атқарады: ақпараттық қамтамасыз ету, инновациялық жобалардың патенттік талдау, лицензиялау, кеңес беру және т.б. Мұның бәрі инноваторлар қызметіне оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Венчурлы инвестициялар  деңгейі Қазақстанда өте төмен. Ол венчурлы инвестиция жүйесінің дамуына мүмкіндік жасайтын құқықтық негіздің болмауына, интелектуалды меншік саласындағы қатынастардың реттелмегенімен, инновациялық жобалардың нарықтық мүмкіндіктерін бағалайтын менеджерлердің болмауынна байланысты. Венчурлы қорларды басқару, инновациялық жобаларды іздеу, сараптау, талдау, басқарумен айналысатын инновациялық компаниялармен жүзеге асады. Мұндай қор, қаражаттық қаражатынан басқа, инновациялық кәсіпорындарға маркетинг, аудиторинг (бухгалтерлер мен заңгерлер) ақпараттық және т.б. кеңес қызметтерін көрсетеді.

Қазақстанда венчурлы қорлардың  көзі болып, сауда және өнеркәсіптердің  артық капиталы жеке жинақ капиталынан тұруы мүмкін. Ұзақ мерзімді қаржы капиталын, зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары беруі мүмкін. Венчурлы қорлар криминалды капиталдың көп бөлігін тартуы мүмкін. Мұндай салымға тәуекел капиталын салған инвесторлардың белсенділігі олардың материалдық қызығушылығының деңгейін көрсетеді. Мұндай қызығушылық келесідей жағдайға байланысты болуы мүмкін:

жоғары пайыз алып келетін басқа капитал салу әдістерінің  болмауы;

несие нарығында басқа  да операциялар үшін ссудалы пайыз  мөлшерінің төмендігі;

мемлекеттің ақша-несие  саясатының тәуекелге қаржылық қолдауы;

өнеркәсіп-қаржылық топтардың  біріктірілген қызығушылығы және т.б.

Отандық венчурлы тәуекел  нарығын дамыту үшін, менің ойымша несие ресурстарының нарығында  жеңілдіктерді мемлекеттік жолдармен беру, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар инновациялық фирмалар мен венчурлы кәсіпорындарға салықты төмендету керек.

Инновациялық жобаларды  қаржыландыруда белсенді орынды шетелдерде зейнетақы қоры алады. Бірақ Қазақстандағы  зейнетақы қорлары коммерциялық қызметпен айналысуға құқы жоқ. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтерін орналастырумен арнайы компаниялар айналысады. Бұл қорлармен арақатынасы активтері басқару келісім шарты негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері инновациялық жобаға салынған біздің елде 10% аспайды. Ал экономикалық дамыған елдерде зейнетық қорлары ірі инвесторлар болып табылады. Қазақстанның зейнетақы қорларының инновациялық жобаларды қаржыландыруын жоғарылату үшін олардың қызметін арнайы заңдарға, негіздеп, нормативті қамтамасыз ету керек.

Инновациялық процестерді  жанама қаржыландыру түрі болып-франчайзинг  табылады. Франчайзинг-жеке немесе заңды  тұлғаға белгілі бір тауар  белгісі арқасында, тауар немесе қызмет өндіруге, немесе сатуға лицензия беруі. Франчайзинг өндіріс технологиясын қалыптастыру, нарықты қамтуға, қызметкерлерді оқытуға, жарнамаға кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді сондай-ақ басқа да қаржылық, технологиялық және коммерциялық көмек көрсетеді. Бұл жаңа кәсіпорындар өзі жеке құру кезінде пайда болатын тәуекел деңгейін қысқартады. Келісім шартта лицензия берілетін мерзім, тауар және қызмет өндірілетін немесе сатылатын территория, төлем түрі көрсетіледі.    

ҚР ТМД елдерінің  ішінде тікелей шетел инвестициясын тартатын негізгі мемлкеттің бірі болып табылады. ТШИ көлемі бойынша екінші орынды алады. Қазіргі таңда ТШИ Қазақстан экономикасының кейбір секторларында маңызды орынды алады. ТШИ негізінен көп табиғи ресурсы бар секторларына бағытталады, ТШИ 50% мұнай-газ өнеркәсібіне салынуда [36, 37].

Шетел инвесторлары және жалпы шетел капиталы ағынының өсуі ҚР-ғы өтпелі кезеңінің жеңіл болуына  әсер етеді. Бұл ішкі қаржы ресурстарының  жетіспеуі мен маңызды сыртқы әсерлердің болмауы себептеріне  байланысты да маңызды болып табылады. Осы шетел инвесторлары арқасында жаңа нарыққа және шетел ноу-хау, технология мен инновациялық процестерді жүзеге асыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Капиталдың көп ағымы Қазақстан экономикасын жақсартудың негізгі шартының бірі болып табылады.

Шетел инвестициялары Қазақстан  кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін  артыруға үлес қосуы мүмкін. Себебі шетел капиталының тікелей салымдары, елдің сыртқы қарызын көбейтетін несиелерге қарағанда тиімді болып  табылады. Ол отандық экономика саласында жаңа технологияны тартуға мүмкіндік береді. Экономиканың нақты секторына шетел инвестициясын тарту бойынша, мемлекеттік стратегияны іске асыру, елде оңтайлы инвесторлық жағдайды қалыптастыруға жол береді. Осы мақсатта басқарудың мемлекеттік органдары шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер жүйесін құрып, оны салық және кеден кодекстерінде бекітуі керек.

Қаржылық емес активтерге салынған инвестиция көлемі жылдан жылға  өсуде соның ішінде компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етуге  салынатын инвестиция әр жылы әртүрлі болып бірде артып бірде кеміп отырғанын келесі кестеде көруге болады. Мысалы 2006 ж 4505, 2007 ж 10257 көтерілген болса, ал 2008 ж 2616 төмендеп 2009 ж 6552 аз ғана жоғарылаған (нақты бағамен млн. тг). Бұл тербелістер өз еліміздегі бағдарламалық қамтамасыз етулердің дамығанын көрсетеді.

Негізгі капиталға салынатын  инвестиция көлеміде жылдан жылға көбейіп  келуде. Оның ішнде мемлекеттік инвестиция көлемі азайып Мыс, 2006 ж 18,9%, ал 2003 ж 1 жарты  жылдығында 13,2% ғана құраған. Жеке меншік секторындағы инвестиция жағдай да солай мысалы 2006 ж жалпы нег. Кап. Салынған инвестиция көлемінің 72,9%, ал 2003 ж 1 жарты жылдығында 56,6% көрсетіп тұр. Шетел инвестициясы керісінше өсуде 2006 ж 8,2%, 2009 ж 30,2% өскен.

Экономикалық қызмет түріне байланысты негізгі капиталдарға инвестицияны талдап қарастырсақ, онда балық аулау және балық өндіру саласына ешқандай инвестицияның бөлініп жатпағанын көреміз. Ал ең көп инвестиция көлемі таукен өнеркәсіптеріне тиіп тұрғаны анық және ол жыл сайын өсуде 2006 ж 42,0% құраса, 2003 ж 1 жарты жалдығында 50,6% өскенін байқауға болады. Соңғы жылдары көлік және байланыс саласына инвестиция салымының өсуі байқалуда мысалы 2006 ж 7,5%, ол өсе келе 2003 ж 17,9% жеткен, ал қаржы қызметі, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жекеменшік қолдану, қонақ үйлер, әлеуметтік салаларға салынған инвестиция көлемі жылдан жылға азаюда. Елімізде білімге назар аударып жатқанын көрсететін жақсы көрсеткіштердің бірі болып келесідей мәліметтерді келтіруге болады. Себебі инновациялық қызметті іске асыруда міндетті түрде жоғары білім талабы қойылады. Соңғы статистикалық мәліметерді талдап қарасақ, онда білім саласына бөлініп жатқан инвестиция көлемі жылдан жылға өсуде 2006 жылы 1057 млн., 2007 жылы 3981млн., 2008 жылы 6914млн., 2009 жылы 7976млн., ал 2003 жылдың бірінші жартысында 4895млн. теңгені құраған. Пайыз түрінде көрсететін болсақ, негізгі капиталға салынған инвестицияның үлесінде, білім саласына бөлінген инвестицияның мөлшері келесідей болған: 2006 жылы 0,3%, 2007 жылы 0,7%, 2008 жылы 0,8%, 2009 жылы 0,7%, ал 2003 бірінші жартысында 1,3% құраған.   

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің