Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

ЭЕМ-нің пайда болуымен және оларды ақпараттарды өңдеуде пайдалана отырып, көптеген ақпараттық-анықтамалық және есептеуіш есептерін автоматты шешу мүмкіншіліктері пайда болды. Алғашында ЭЕМ-де ақпараттарды жинақтау және сақтау үшін локалдық массивтер (немесе файлдар) қолданылады, осыдан әрбір функционалдық есептердің шешімін алу үшін жеке файлдар және ақпараттардың нәтижелерін шығаратын файлдар құрылды. Бұл әрекет мәліметтердің мәндерінің көшірмесін жасауға, олардың жаңаруын күрделендірді, өзара байланысты мәселелерді шешуді қиындатты.
Уақыт өте ЭЕМ программасының дамуына байланысты басқару жүйелерін құру идеясы пайда болды, яғни есептерді жинақтау, сақтау және өзара байланысты есептерді жаңарту, мысалы, кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептерді автоматтандыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.doc

— 4.69 Мб (Скачать документ)
  1. Жаңа проект ашып, формасына Table1, DataSource1, Query1, DBGrid1 компоненттерін орнатамыз.
  2. Ретімен компоненттер қасиеттеріне мәндер меншіктейміз (4-кесте):

           4  кесте

Компонент

Қасиет

Мән

Table1

 

DataSource1

 

Query1

 

DBGrid1

Form1

DatabaseName

TableName

Name

DataSet

DatabaseName

SQL

DataSource

Font

MyDB

Keste2.db

DataSource1

Query1

MyDB

[TString]

DataSource1

Times New R Kaz, 12


 

  1. TString типті SQL қасиеті TQuery  компонентінің ең қажетті бөлімі. 4-кестеде көрінген көп нүкте енгізілген TString қатары шертілген кезде String List editor (редактордың жолдық парағы) терезесі көрінеді.

Терезеге SQL тілінде орындалатын сұраныстың командалық мәтіні (оператор) енгізілуі тиіс (17-сурет). Берілген мысалдың орындалуын қанағаттандыру үшін енгізілетін сұраныс:

SELECT * FROM “Keste2.db” WHERE Tjili >= 1982

(егер Tjili String типімен сипатталған болса, 1982 санын тырнақшаларға не дәйекшелерге алып жазу керек).

 

20сурет - SQL тілінде терезеге енгізілген сұраныс

  1. Терезеге операторды енгізген соң, оның ОК туймесін шертеміз. Form1 терезесі қайта көрінеді.

 

21 сурет - Сұраныс

  1. Query1 компонентін қайта таңдап, оның Active қасиетіне True мәнін меншіктейміз.  Сұраныс DBGrid  компоненті терезесіне енгізіліп қойылады (21-сурет).

Сұраныс енгізілген DBGrid1 терезесін тазалау үшін Query1  компонентінің Active  қасиетіне False мәнін меншіктесе болғаны.

Сұранысты сақтау тәсілі DBGrid компонентінің терезесіне енгізілген кестені сақтау тәсілі сияқты.

 

2-мысал. Database Desktop  утилитасында құрылған Keste2.db кестесі MyDB алиасында (бумасында) сақталған. Кестенің тек Fam өрісінен тұратын қарапайым сұраныс құру керек.

Сұраныс құруы 1-ші мысалдағы сияқты. Тек String List Editor терезесіне  SQL тілінде 

SELECT   Fam   FROM   “Keste2.db”

сұранысын енгізсе болғаны. Сәйкес қасиеттер орнатылған кезде DBGrid компонентінің терезесі ішінде қажетті сұраныс көрінеді (12-сурет).

22сурет  - Кестенің Fam өрісінен тұратын сұраныс

 

Кестеден кез келген жазуды іздеп, экранға шығаратын сұраныс құруға болады. Оны Select командасында жазылатын шартқа енгізсе болғаны. Мысалы, WHERE Fam=”Нұрланқызы М” не WHERE Fam LIKE ‘Нұрланқызы М’.

 

Сұранысты сорттау

24-сурет терезесінде енгізілген Keste2.db кестесін Tjili өрісі бойынша өспелі түрде сорттау керек болсын. Ол үшін көрінген кесте өрістерін толық таңдап, терезенің Sorting қосымша бетін ашу керек. Терезенің төменгі сол панелінде өріс атаулары тізімі көрінеді. Тізімнің Keste2.Tjili өрісі екі рет шертілсе, ол оң панельге көшіріліп қойылады. Көшірілген атауды  таңдап және ортада көрінген өспелі түрде сорттау (A..Z) түймесін шертіп, іске қосу (F9) командасын беру жеткілікті.

Түйме шертілген кезде төменгі сұраныс автоматты түрде  құрылып қойылады (ORDER BY – сорттау үшін қолданылатын қызметші сөз):

SELECT Fam,   Tjili,   Ulti

FROM “Keste2.db” Keste2

ORDER BY Tjili     // ORDER BY  - ұйғарым бойынша [15].

 

 

2.10  INSERT операторы

 

 

Insert (Кірістіру) – кестеге жаңа  жазу қосу операторы. Жазылу форматы:

INSERT INTO < кесте >VALUES (< мәндер тізімі >);

Тізімге енгізілген мәндер үтірлер арқылы бөлініп жазылады. Мәндер типтері кестенің сәйкес өрістерінің типтерімен бірдей болуы тиіс. Мысалы, Keste2.db кестесіне

Ашірбеков Орынбасар 1984 қаз

жазуын  қосуға арналған сұраныс командасы:

INSERT INTO  Keste2.db

VALUES (‘Ашірбеков Орынбасар’,  1984, ‘ қаз’);

Команданы формаға Table1, Query1, DataSource1, DBGrid1  компоненттерін орнатып, Query1  компонентінің SQL қасиетін екі рет шерткен екзде ашылатын терезеге енгізу керек.

 

Агрегаттық функциялар

Кестеге сандық өрістер енгізілген болса, SQL  тілінде олардың қосындысын (sum), ең кіші (min), ең үлкен (max), орта (avg) мәндерін және бір өріске енгізілген барлық мәндер санын (count) есептеп шығаруға болады.  Ол үшін арналған агреттақ функциялар деп аталатын функциялар бар:

SUM (< өріс атауы  >);

MIN (<өріс атауы >);

AVG (<өріс атауы >);

COUNT (<өріс атауы >)

Мысалы, Keste5.db кестесінде Matem атаулы сандық мәндерден тұратын өріс енгізілген болсын. Очы өрістің мәндер қосындысын табу сұранысының жазылуы:

SELECT SUM (Matem) FROM “Keste5.db”

 

Егер формада TTable, Tquery, TdataSource, DBGrid компоненттері орнатылып қойылса, жазылған сұраныс DBGrid компоненті терезесіне 20-суретте көрсетілген сияқты сандық Matem өрісінің мәндер қосындысын шығарады, т.с.с.

 

SUM of matem

}

34


23сурет - Сандық өріс мәндері қосындысының көрінісі

Сұраныс құрудың екінші тәсілі. SQL Builder программасы

Сұраныс құру үшін SQL Builder (сұраныстарды құрастырушы) программасын пайдалану ыңғайлы. Оны қолданып Keste2.db кестесінен 1982 және онан кейінгі жылдары туылған адамдардың тізімінен тұратын сұраныс құру жолы:

    1. Жаңа проект ашып, Form1 терезесіне DataSource1, Query1  компоненттерін орнатамыз.
    2. Компоненттердің қасиеттеріне мына мәндерді меншіктейміз:         

5  кесте

Компонент

Қасиет

Мән

DataSource1

 

Query1

DataSet

Name

DatabaseName

Query1

DataSource1

MyDB


 

    1. Query1 компонентін оң түймемен шертіп, көрінген контексті мәзірден SQL Builder қатырын таңдау. Сұраныс құрастырушы программасы іске қосылып, терезесі экранға шығады. Алғашқыда терезе бос  болып, оның жоғарғы қатарындағы Database өрісіне алиас атауы жазылғаны көрінеді. Table өрісінен қажетті кесте атауын таңдау. Төртбүрыш ішіне алынған кесте (кесте жөнінде мәлімет) терезенің жоғарғы қабатына енгізіліп қойылады (21-сурет).
    2. Кесте өрістерін таңдаймыз. Ол үшін көрінген белгішелердің жоғарғысын таңдау жеткілікті.
    3. Criteria (Іріктеу шарттары) қосымша бетін ашып, төменгі панельдің сол жақ өрісіне Keste2.Tjili атауын, орта (Compare) өрісіне >= операторын, сол жақ өрісіне 1982 санын енгізу (егер кесте құруда сәйкес өріс символдық типті етіп (А) белгіленген болса, санды тырнақшаларға алып енгізу керек).

 

    1. сурет - Сұраныс құрастырушы терезесі

 

    1. Query – Run  командасын береміз. Қажетті сұраныс Query Results терезесінде көрінеді.

Мұнда сұраныс мәтіні де автоматты түрде дайындалады. Оны көріп шығу үшін Query-Show SQL командасын беру керек. Көрінетін сұраныс мәтіні:

SELECT Fam, Tjili, Ulti FROM “Keste2.db” Keste2

WHERE Tjili >= 1982 [14]

 

 

2.11   Кілттік өріс. Кестелерді байланыстару

 

 

Құрылған кестелердің бір өрісін кілттік ету, екі кестені бір типті кілттік өрістері арқылы байланыстыру, байланысты кестелер арқылы сұраныс құру – сұраныстармен жұмыс істеуде қолданылатын негізгі іс-әрекеттер (бір кестемен жұмыс істеу кезінде өрісті кілттік ету міндетті емес).

Екі кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілттік өрісі бірегей (өрістік мәндер қайталанбайтын) болуы тиіс. Мұндай кестені негізгі, екінші кестені бағынышты деп атайды.

Database Desktop утилитасы арқылы құрылған кесте өрісін кілттік ету қиын емес. Ол үшін құрылатын өрістердің біріншісі етіп бірегей сандық мәндерін тұратын ID (Identifier – идентификатор, кілт) өрісін құрып шыққан жөн. Оның сипатталу кезінде Type бағанын оң түймемен шертіп, көрінген мәзірден Autoincrement (Автоқосымша) қатарын таңдау керек. Type өрісіне + символы енгізіліп қойылады. Одан әрі Key (Кілт)  бағанына * (жұлдызша) белгісін енгізу қажет. Кесте құру кезінде бірінші ID өрісіне 1 санын енгізу керек. Autoincrement –тің таңдалуына байланысты, келесі жазулар үшін бұл өріске автоматты түрде ретімен 2, 3, ... сандары  енгізіліп қойылады.

Мысал.  Database Desktop арқылы ID  атаулы өрістері кілттік етілетін Matem1.db және Inf1.db атаулы төмендегі кестелерді құрып, оларды MyDB   алиасында (бумасында) сақтау және  олар арқылы математика мен информатикадан алған бағалары жазылған жинақты сұраныс құру керек.

Matem1.db кестесі         

         6 кесте

ID

Fam

Matem

1

2

3

Ермеков А.

Ахметова С.

Нурланова М.

4

4

5


 

Inf1.db    кестесі                           

        7 кесте 

ID

Fam

Inf

1

2

3

Ермеков А.

Ахметова С.

Нурланова М.

4

5

5


 

    1. Жаңа проект ашып, формаға Query1, DataSource1 компоненттерін орнатамыз.
    2. Олардың қасиеттеріне мәндерді меншіктейміз:

     8 кесте

Компонент

Қасиет

Мән

Query1

DataSource1

DatabaseName

DataSet

MyDB

DataSource1

Query1


  1. SQL Builder терезесін ашамыз. Оның Database өрісінде MyDB алиасы көрінеді.
  2. Терезенің  Table өрісін ашып, қажетті кесте атауларын таңдаймыз (Matem1, Inf1). Олар өрістерімен қоса жақтауларға алынып, терезенің жоғарғы қабатына орналастырылып қойылады да, төменгі қабатта визуальды режимде жазуларды таңдап алуға болатын шарттар жазылатын қосымша беттер атаулары көрінеді: Criteria, Selection, т.б. (кестелер байланыстырылған соң  олардың көрінісі 21-суретте көрсетілген).

 

Қосымша беттерде орындалатын іс-әрекеттер:

Criteria (Критерий) – шарттар енгізілетін панель ашу; әр шарт енгізіліп болған соң келесі жол ашылып, алдына логикалық Және байланысын білдіретін AND сөзі жазылып қойылады.

Selection (Іріктеу) – кесте өрістерін таңдау (бетте атаулар мен оларды пайдаланатын кесте атаулары жазылып қойылады. Қажет болса, өріс орындарын ауыстыруға да болады, т.б.);

Grouping (Топтастыру) – қол жетерлік өрістерді сорттау;

Group Criteria (Іріктеудің топтық критериі) – топтық критерий бойынша шарт дайындау;

Sorting (Сорттау) – таңдалған өрістерді сорттау;

Joins (Қосу, жалғастыру) – кестелердің байланыстылығын көрсету не байланыстыру.

  1. Екі кестені байланыстыру. Оны орындау тәсілі: Matem1 кестесінен кілттік өріс етіп белгіленген ID  өрісін таңдап, одан Inf1 кестесінің ID  өрісіне қарай, тышқан түймесін басып тұрып, көрсеткішті жылжыту. Екі кестені байланыстыратын сызық сызылып қойылады (22 - сурет).
  2. Жалпы, сұраныс құру үшін  Criteria  бетінен панеліне қажетті шарттарды енгізіп, сұранысты іске қосу командасын беру керек.

Мысал тапсырмасын орындау (жинақты сұраныс құру) үшін 6-пунктті орындаудың қажеті жоқ. SQL Builder терезесіне енгізілген кестелердің қажетті өрістерін таңдау (Matem1 кестесінің сол жағында орналасқан жалауша мен Inf1 кестесінің Inf өрісінің жалаушасын орнату)  жеткілікті.

 

25 сурет - Кестелер байланыстырылған  сұраныс құрастырушы терезесі

 

Одан әрі сұранысты іске қосса болғаны. Ол үшін Query – Run командасын беру керек не F9 клавишін басуға болады. Query Results (Сұраныс нәтижесі) терезесіне жинақты сұраныс енгізіліп қойылады (23-сурет).

26сурет - Құрылған сұраныс

 

Құрылған сұраныс мәтінін көріп шығу үшін SQL Builder терезесінен Query - Show SQL командасын беру жеткілікті. Көрінетін сұраныс:

27сурет-сұраныстың жазылу формасы

мұндағы INNER JOIN (ішкі қосылған, байланыстырылған), ON (бойынша) кілттік сөздер [12].

 

Информация о работе Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру