Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

ЭЕМ-нің пайда болуымен және оларды ақпараттарды өңдеуде пайдалана отырып, көптеген ақпараттық-анықтамалық және есептеуіш есептерін автоматты шешу мүмкіншіліктері пайда болды. Алғашында ЭЕМ-де ақпараттарды жинақтау және сақтау үшін локалдық массивтер (немесе файлдар) қолданылады, осыдан әрбір функционалдық есептердің шешімін алу үшін жеке файлдар және ақпараттардың нәтижелерін шығаратын файлдар құрылды. Бұл әрекет мәліметтердің мәндерінің көшірмесін жасауға, олардың жаңаруын күрделендірді, өзара байланысты мәселелерді шешуді қиындатты.
Уақыт өте ЭЕМ программасының дамуына байланысты басқару жүйелерін құру идеясы пайда болды, яғни есептерді жинақтау, сақтау және өзара байланысты есептерді жаңарту, мысалы, кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептерді автоматтандыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.doc

— 4.69 Мб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

 

Кез келген  қызмет  ортасында  үлкен  көлемді  мәліметтермен  жұмыс  атқаруға  тура  келді. Мұның  негізгі  операцияларының  бірі  болып  ақпараттар  жиынтығы,  оның  өңделуі (яғни  берілгендерді  іздеу,  сорттау) форма  жасау  және  оларды  баспаға  шығару  есептелінеді. 

Бұл  функциялардың  қамтамасыз  етілуіне  көмектесетін  берілгендер  қорының   берілгендер  жүйесі  программалық  жемісі  Delphi  болып  саналады.

Негізгі  мақсаты:  Delphi  ортасында берілгендер  қорының  басқару  жүйесі    технологиялық  жұмысын  үйрету.  Қатынасқан  берілгендер  қорын  кәсіби  түрде  құру,  редакторлау  және  олармен  сұраныс,  форма,  есеп  жасауды  жүзеге  асыру  болып  табылады.

Есептің,  бақылаудың  және  жоспардың  негізі  болып,  картотека,  регистрациялық журналдар,  тізімдер  және  тағы  басқа  мүмкіншіліктер  жатады.  Олар  біртіндеп  жинақталып  жаңарып  отырады.  Ең  үлкен  көлемде  ақпаратты  іздеу  және  қажетті  мәліметтермен  қатыстар,  қолмен  жасауды  жүзеге  асыру  ең  жеткілікті  еңбек  процесін  көрсетеді.

ЭЕМ-нің  пайда  болуымен  және  оларды  ақпараттарды  өңдеуде  пайдалана  отырып,  көптеген  ақпараттық-анықтамалық  және   есептеуіш  есептерін  автоматты  шешу  мүмкіншіліктері  пайда  болды.  Алғашында  ЭЕМ-де  ақпараттарды  жинақтау және  сақтау  үшін  локалдық  массивтер (немесе  файлдар)  қолданылады,  осыдан  әрбір  функционалдық  есептердің  шешімін  алу  үшін  жеке  файлдар  және  ақпараттардың  нәтижелерін  шығаратын  файлдар  құрылды.  Бұл  әрекет  мәліметтердің  мәндерінің  көшірмесін  жасауға,  олардың  жаңаруын  күрделендірді,  өзара  байланысты  мәселелерді  шешуді  қиындатты.

Уақыт  өте  ЭЕМ  программасының  дамуына  байланысты  басқару  жүйелерін  құру  идеясы  пайда  болды,  яғни  есептерді  жинақтау,  сақтау  және  өзара  байланысты  есептерді  жаңарту,  мысалы,  кәсіпорындардағы  бухгалтерлік  есептерді  автоматтандыру.  Бұл  идеялар   берілгендер  қорын  басқару  жүйесінде  өз  орнын  тапты.  БҚБЖ  бұл  локалдықтармен  өзара  әрекет  жасамайды,  өзара  байланысты  ақпараттық  массивтермен  жасайды,  яғни   ол  берілгендер  қоры  деп  аталады.  БҚБЖ  персоналдық  компъютерлердің  пайда  болуы,  бұл  кестелік  ақпараттарды  өңдеуге  белгілі  болды.  Олар  үлкен  көлемдегі  банк  мәліметтерінің  проектілік  жағдайы  болды.  Берілгендер  қорымен  компъютерде  жұмыс  істеумен  айналысуға  көп  уақыт  өтті.  Өкінішке  орай  бұл  программалар  мәліметтерді  сақтауда  элементарлық  диспетчер  болды  және  берілгендерді  өңдей  алмады  немесе  өте  күрделі  және  қиын  болды.

Delphi ортасындағы компоненттерімен қолданып  функционалдық  толық  реляциялық  БҚБЖ құруға мүмкіндік бар.  Мұнда  барлық  қажетті  жағдайлар,  яғни  анықтау  және  мәліметтерді  өңдеу,  сондай-ақ  оның  басқаруымен  үлкен  көлемдегі  ақпараттар  жұмысын  жасау  қарастырылған.

Бұл  жердегі  жеңіл  пайдалануға  не  жатады  дейтін  болсақ,  онда  Delphi   нағыз  өзгеріс  енгізді  және  көптеген  өзінің  жеке берілгендер  қорын  құру  үшін  және  мәліметтер  дәл  осыған  сүйенеді. Берілгендер  қорын  басқару  жүйесі  тапсырмалар  құрылымын  бақылау  жасауға  және  өзінің мәліметтерінің   суреттемесін  жасауға,  олармен  жұмыс  істеуге  және  бұл  ақпараттардың  ұжымдық  организациясына  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  береді.  БҚБЖ   сондай-ақ  мүмкіншіліктерді   кеңейтеді  және  көп  санды  кесте  ақпараттарына  кіруге  мүмкіншілік  жасайды.

БҚБЖ-  ол  үш  негізгі  функциялар  типінен  тұрады:

Мәліметтерді  анықтау  (құрылымдар  тапсырысы  және  суреттемен),  мәліметтерді  өндеу  және  мәліметтерді  басқару.  Осы  функционалдық   мүмкіншіліктер  Delphi ортасында  толығымен  жасалған. 

Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың қолданылуы экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез-келген авотматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық-программалық комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда желілік технологиялардың  және мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жалпы жүйе көптеген жергілікті және глобальды есептеу желілерінің комплексі түрінде анықталады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.  

Менің қарастырып отырған дипломдық жобамның тақырыбы «Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру» болып табылады. Менің дипломдық жобамда ауруханаға күнделікті келіп түсетін науқастарды тіркеу және олар жайлы мәліметтерді БҚ енгізу, оларды іздеу сорттау, өңдеу, қашан келіп түсті, қанша күн ауруханада болғандығы туралы есептер қарастырылған. Аурухананың қызметкерлері жайлы мәліметтерде дәл осылай есептеледі және де олар жайлы мәліметтер сақталады.

 

1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

    1. Жаңа ақпараттық технологиялар және олардың маңызылығы жөнінде

 

 

ХХ ғасырдың ортасында информацияны  өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі   электрондық  техника мен технологияның қарқынды дамуына  себепші болды.

Жаңа технологияның маңыздылығы - оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында.

«Информациялық жаңа әлемде» бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты.

Біріншіден, қоғамның бұрын  болмаған дәрежеде   информациялық техникаға қол жеткізуі. Бұл қозғалыс барлық салада: өкіметтік мекемелерде жеке іскерлік кеңселерде, аурухана мен кітапханаларда, зауыттар мен ғылыми-зерттеу институттарында, мектептер мен университеттерде, банктер мен дүкендерде, аэропорт пен полиция бөлімшелерінде жүріп жатыр.

Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен адаптерлердің саны көп есе өсіп кетті. Дерек көздердің көрсетуінше, 1975-ші жылдан бастап-ақ жалданып істеген американдық  азаматтардың жартысынан көбі негізінен информацияны өңдеумен немесе соған байланысты жұмыстармен айналысады.                                                                                                

Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандар, кәсіпкер номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.

Информациялық қызмет көрсету жүйесі – қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер мен олардың жұмыстарын үйлестіріп отыратын пайдаланушылардың жиынтығы.

Қазіргі информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі техникалық құралы ретінде дербес компьютерді қолданады. Ірі ұйымдарда информациялық қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасына дербес компьютерлермен бірге майнфрейм немесе супер ЭЕМ енеді. Сондай-ақ, информациялық қызмет көрсету жүйесі адамның рөлінсіз іске аспайды.

Информациялық қызмет көрсету жүйелерінде компьютерді пайдалану салалары көп. Мысалы,

  • кітапханалар жұмысын автоматтандыру (кітаптарды жылдам іздеп табу, олар жайлы мәліметтер беру т.с.с.);
  • абоненттік  телефор номері сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;
  • қалааралық транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске сатылған және бос орындар компьютерге тіркелгендіктен, оларды пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес) ;

Жалпы информацияны ЭЕМ-де өңдеп, нәтижесін талдауды ұйымдастыру үшін орындалатын әрекеттер мынадай:

    • информация талдап, оны өңдеуге мүмкіндік туғызатын үлгісін дайындау;
    • информацияны тиімді өңдеу үшін нұсқаулар тізбегін (алгоритмін) жинақты түрде құру;
    • мәшине түсіне алатын командаларды (командалар жүйесін) пайдаланып программалау тілдерінің бірінде алгоритмнің программасын жазып шығу;
    • программаны ЭЕМ-де орындап, нәтижені алу;
    • нәтижені зерттеу. Егер құрылған үлгіде, алгоритмде не программада қате кеткен болса, оны дұрыстау;
    • дұрысталған программаны сақтау;
    • пайдаланушыға программаны пайдалану жайлы нұсқаулар беру.

Күрделі информацияны әмбебап компьютерде ғана өңдеуге мүмкіндік бар. Сондықтан информатикаға қатысты мәселелер информацияны өңдеу тәсілдерін зерттеу мен компьютерде түрлі есептерді шешу ғана емес. Информациялық қызмет көрсету үшін ЭЕМ-ді тиімді түрде пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру, осыған сәйкес компьютердің дамытылған үлгілерін құрастыру және информациялық қызмет көрсетудің дамуының алғышарттары болып табылады.

Компьютерлер мен информациялық қызмет көрсету жүйесі арасындағы айырмашылықты дұрыс түсіну қажет. Арнайы бағытқа негізделіп құрылған программалармен жабдықталған компьютерлер информациялық қызмет көрсету жүйесінің техникалық базасы және құралы болып табылады. Информациялық қызмет көрсету жүйесі компьютермен және телекоммуникациямен бірлесіп әрекет қылатын пайдаланушысыз жұмыс жасай алмайды.

Кез-келген информациялық қызмет көрсету жүйесінің өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Олар:

  • қажетті информацияны пайдаланушыға жалдап, ыңғайлы түрде жеткізеді;
  • информацияның нақтылығын,  дәлдігін қамтамасыз етеді;
  • үлкен көлемдегі мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтайды;
  • қағаз бетіндегі құжат көлемін кемітеді;
  • информацияны қайта өңдеуді ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
  • пайдаланушыны күрделі есептеулерден босатады;
  • қызмет көрсету мен өнім өндіру шығынын қысқартады және т.б.

Информациялық жүйесі пайдаланушы қолданатын бағдарламамен қамтамасыз етілген терминалдар тобынан құралған электронды машинадан тұрады. Терминалдар мамандардың жұмыс орнында орналасып, машинадан кез-келген қашықтықта болуы мүмкін.

Үлкен немесе орташа информациялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі қызметі тұтынушы белгілі бір информациялық сервиспен қамтамасыз етіп, басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.

Қазіргі кезеңдегі информациялық қызмет көрсету жүйелері тұтынушылармен екі режимде жұмыс істей алады:

Біріншісі тапсырманы орындау режимі, оның мәні тұтынушы машинаға тапсырыс береді. Онда берілген мәліметтерді өңдеу процесіне нұсқаумен қолданбалы бағдарламаны қолдану қажеттілігі туралы түсінік беріледі.

Екіншісі қолданбалы бағдарламаның өзімен жұмыс тәсілдері.

Осы заманғы информациялық жүйелер жоғарғы тез әрекетті, әрі үлкен жады көлемін иемденеді. Олардың әрқайсысы бір мезетте жергілікті және терминалдың бірталай бөлігімен жұмыс істейді.

Осының арқасында информациялық жүйе:

  • әртүрлі тектес жұмысты автоматтандырады;
  • жүйедегі информацияны бақылау және қателіктерді жою;
  • тұтынушылардың жүйеде сақталынатын информацияларды   әрдайым жаңарту;
  • тұтынушылардың тапсырмасын тез орындау және т.б. жұмыстарды істей алады.

 

 

1.2  Ақпараттық технология түсінігі

 

 

Технология сөзін грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік деген мағынаны білдіреді. Мұның өзі процестер. Ал процесс деп қойылған мақсатқа жету үшін жасалатын қимылдар жиынтығын айтады. Ол адам таңдаған стратегиямен және әртүрлі құрылғылар мен әдістер жиынтығы арқылы жүзеге асады. Ақпаратты технология бұл процесс обьект жайында жаңа ақпарат алу үшін қолданылатын құрылғылар әдістер жиынтығы. Ақпарратты технологияның мақсаты адам таңдап және ақпарат шығару. Технологиялық процесті материалды өндірісте қолдану әртүрлі техникалық құрылғылар арқылы жүзеге асады. Ақпаратты өндірістің техникалық құрылғылары ретінде осы процестің математикалық бағдарламалық  және ақпаратты қамтаммассыздандыратынын айтамыз. Осылар арқылы ақпаратты    өңдеу нәтижесінде жаңа ақпаратты сапа аламыз. Ақпаратты технологияның құрлымы бұл бір немесе бірнеше байланыстағы бағдарламалар жиынтығы. Жаңа ақпаратты технологияларды мекемелерге енгізерде заман талабына сай етіп бағалау керек. Себебі ақпаратты өнімдерге басқа өнімдер сияқты жылдам өзгертіп отырады [1].

 

 

1.3  Ақпараттық технология түрлері

 

 

Мәліметті өңдеу ақпаратты технологиясы бұл жақсы құрлымды есептерді шешуге арналған. Бұл технологияның негізгі компоненттері мәліметтерді сақтау, жинау есеп құру.

Ақпаратты басқару технологиясы бұл фирмалардағы барлық жұмысшылардың сұраныстарына байланысты ақпаратпен қамтаммассыздандыру.

Офисті автоматтандыру- бұл басқару жұмысында рационалды және сапалы мәліметпен қамтамассыздандыру. Кәзіргі заманда бірнеше бағдарламалар шығаратын  атап  айтқанда мәтіндік процессор, мәтіндік кестелік, электрондық почта, аудио почта, мәтінді сақтау құрылғылары. Бұл технологияның негізгі компоненті берілгендер қоры. Сондықтан офис автоматтандыру технологиясында берілгендер қоры фирманың өндірістік жүйелері туралы мәліметтерді сақтайды.

Информация о работе Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру