Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

ЭЕМ-нің пайда болуымен және оларды ақпараттарды өңдеуде пайдалана отырып, көптеген ақпараттық-анықтамалық және есептеуіш есептерін автоматты шешу мүмкіншіліктері пайда болды. Алғашында ЭЕМ-де ақпараттарды жинақтау және сақтау үшін локалдық массивтер (немесе файлдар) қолданылады, осыдан әрбір функционалдық есептердің шешімін алу үшін жеке файлдар және ақпараттардың нәтижелерін шығаратын файлдар құрылды. Бұл әрекет мәліметтердің мәндерінің көшірмесін жасауға, олардың жаңаруын күрделендірді, өзара байланысты мәселелерді шешуді қиындатты.
Уақыт өте ЭЕМ программасының дамуына байланысты басқару жүйелерін құру идеясы пайда болды, яғни есептерді жинақтау, сақтау және өзара байланысты есептерді жаңарту, мысалы, кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептерді автоматтандыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.doc

— 4.69 Мб (Скачать документ)

6сурет- Өрістер сипатталған терезе

 

2 кесте

Тип

Белгілеме

Мән

Alpha

A

Символдық жол. Ұзындығы [1..255] аралығында

Number

N

Мәні [10-308 ; 10-308] аралығында алынатын 15 мәнді цифрлық нақты сан

Short

S

Мәні [-32767..32767] аралығында алынатын бүтін сан

Long Integer

I

Мәні [-2147483647..2147483647] аралығында алынатын ұзындығы 4 байттық бүтін сан

Memo

M

Alpha-нің мәндер аралығынан үлкен болатын (>=255 байттық) символдық жол.

Money

$

Соңына $ символы қойылатын ақшалық форматты сан

Date

D

Дата

Logical

L

Мәні ақиқат (True) не жалған (False) болатын логикалық типті сан

Autoincrement

+

Кестеге жол қосылған сайын мәні 1-ге өсіп отыратын бүтін сан


 

Size өрісіне 20 не 25 санын енгізу жеткілікті;

Өріс құрылымы сипатталып болған соң терезеде көрінген Required Field (Міндетті өріс) жалаушасын орнатып қойған жөн. Ол берілгендердің жазуларға міндетті түрде қатысуын білдіреді. Басқа көрінген өрістердің толтырылуы міндетті емес (Әдетте, олар ақиқаттықты тексеру шектеулері делінеді).

Өріс сипатталынып болған соң терезенің Save As… түймесін шерту. Құрылатын кесте атауы сұралатын Save Table As… терезесі көрінеді. Терезеде кесте атаулары сақталатын ішкі бума (мысалы, MyDB) құрып, оны ашу (егер ішкі бума бұрын құрылған болса, оны ашу жеткілікті). Файл атауы өрісіне кесте атын енгізу (мысалы, Кеstе2.db) және каталог алиасы үшін терезеде көрінген  WORK: атауын қалдырып, Сақтау түймесін шерту. Кесте құрылымы Кеstе2.db атауы бойынша MyDB бумасында сақталып қойылады. Одан кейін терезені жабамыз.

 

Кесте құру.

Өрістер сипатталып болған соң кестені құру қиын емес:

Database Desktop  терезесінің мәзірінен File-Open-Table (Файл-Ашу-Кесте) командасын береміз. Open Table терезесі көрінеді. Терезеден MyDB  ішкі бумасын ашып және каталог алиасы үшін жүйе дайындаған WORK: атауын қалдырып, бума ішіндегі қажетті өріс сипаттамалары жазылған кесте атауын (Keste2.db)  таңдау, одан  әрі Ашу түймесін шерту керек.  Өрістер енгізілген терезе ашылады (7-сурет).

 

7 сурет - Бос кесте

 

 Кестені толтыруға, берілгендерді  редакциялауға мүмкіндік беретін Table-Edit Data (Кесте-Берілгендерді редакциялау) командасын береміз (аспаптар панелінің аттас клавишін басуға да болады). Keste2  атауының астына 1 саны жазылып, Аты-жөні өрісіне курсор орналастырылып қойямыз.

Өрістерді толтырамыз (1-кестені қараңыз). Терезені жабамыз.

Кестені толтыру кезінде бір өрісіне өзгерту енгізу қажет болса, алдымен осы өріске курсорды орналастырып, Table-Edit Data командасын қайта беру керек.

Database Desktop  утилитасына қазақ шрифтін қосу. Кестені қазақ алфавиті әріптерімен теру тәсілі әдеттегідей. Егер бұл тәсіл жүрмесе, Database Desktop  мәзірінен  Edit – Preferences (Редақциялау - Ұнамды) командасын беріп, ашылған терезенің General (Негізгі) қосымша бетінен Change (Өзгерту) түймесін шерту керек. Change Font (Шрифті  өзгерту) терезесі көрінеді (5 сурет). Терезеден қажетті шрифті, мысалы, Times Kaz   шрифтін таңдап, ОК түймесін шерткен кезде “Бұл әдіспен орнатылған өзгерістер Database Desktop  утилитасын жауып, қайта қосқанда ғана орындалады” ескертпесі жазылған сұхбаттық терезе шығады. Оның ОК түймесін шертіп, ескертпені орындаса болғаны.

8 сурет - Шрифті өзгерту терезесі

 

Кестені мәтін енгізілетін бір өрістік етіп құру да мүмкін. Мәтін көп жолдық болғандықтан, бұл кезде өріске Memo типін меншіктеу қажет [2].

 

 

2.4  Алиас. SQL Explorer. BDE Administrator

 

 

Дайындалған кестені Database Desktop  утилитасының WorkDir  бумасы ішінде арнайы құрылған MyDB  ішкі бумасында (берілген қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды көрсету керек (PATH). Мысалы, MyDB-ға баратын жол:

С:\ Program Files \ Borland \ Database Desktop \ WorkDir \ MyDB

Берілгендер қорымен жұмыс істеу кезінде кестеге қол жеткізетін жолды енгізу көп қиындық туғызатыны белгілі, Delphi – ге жолды тек берілгендер қорының атауымен алмастыратын тәсіл енгізілген. Мұндай атау бүркеншік атау не алиас (alias) деп аталады. Арнайы құрылған енгізілген  BDE утилитасы пайдаланады (BDE – Borland Database Engine / Borland корпорациясының берілгендер қоры құрамы).

Жалпы, BDE - Delphi –дің құрылған қосымшамен берілгендер қоры арасында байланыс орнатып, олармен жұмыс істеу жүйесі. Ол Paradox, Dbase берілгендер қоры жүйелері үшін, ал соңғы кездері Access, FoxPro үшін де басқару жүйесі болып табылады. Бірақ соңғы жүйелерге қол жеткізу ұшін арнайы программаны пайдалану керек.

BDE утилитасы берілгендер қоры кестелерімен жұмыс істеу үшін драйверлер деп аталатын арнайы программаларды  пайдаланады. Оларға БҚБЖ – лерінің атауларымен бірдей атаулар берілген, мысалы,.  Олардың бірін таңдау үшін сәйкес БҚБЖ – сінде құрылатын кестенің өріс типтерін білу жеткілікті. Мысалы, Paradox жүйесі үщін  пайдаланатын типтер 2-кестеде көрсетілген.

BDE –де драйверлер екі түрлі жиынтықты. Біріншісі – жергілікті  деп аталатын Paradox 7, dBase IY, Access, FoxPro жүйелерімен, екіншісі – күрделі SQL – серверлік InterBase, т.б. жүйелерімен жұмыс істеуге арналған. Бұл жұмыста берілгендер қоры кестесінен жұмыс істеу үшін бірінші жиынтықтың Paradox  драйверімен жұмыс тәсілі көрсетілген.

Delphi  құрамында берілгендер қоры алиасын дайындауға арналған екі утилита бар:

SQL Explorer (SQL зерттеушісі (браузері));

BDE Administrator (BDE басқарушысы).

SQL Explorer – ді пайдаланып, алиас дайындау технологиясы:

  1. Database-Explorer (Берілгендер қоры - Браузер) командасын беру. 6-суретте бейнеленген терезе шығады. Терезенің сол бөлігінде көрінгені ө BDE жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорларының тізімі (тізімнен ағымдық қор таңдалған кезде терезенің оң жағында оның қасиеттері көрінеді).
  2. Терезеден Object-New (Объект - Жаңа) командасын беру. New Database Alias сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында құрылатын STANDART алиасы (10-сурет). Онымен келісіп, ОК түймесін шерту. SQL  Explorer терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа алиас кірістіріліп қойылады [STANDART1]. Төртбұрыш – алиас үшін пайдаланылатын БҚ құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі.
  3. STANDART1 алиасын Database Desktop терезесінің WorkDir бумасы ішінде құрылған берілгендер қоры атауын MyDB деп алмастыру.

9сурет - SQL Explorer терезесі

Ол үшін STANDART1 атауын таңдап, Object-Rename (Объект-Атын өзгеру) командасын беру және клавиатура арқылы MyDB атауын енгізіп, КҚ клавишін басы керек.

 

10сурет - Драйверді, алиасты таңдау  терезесі

 

Ескерту. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемеген кездегі драйвер) қасиетіне  PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH  (Жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоэға болады. Толық жолды PATH қатарының оң жағын шерткен кезде көрінетін үш нүктеден тұратын түймені 8-суретте бейнеленген. Терезеде көрінген MyDB бумасы таңдалғған кезде терезенің онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді.

 

11сурет - Жолды (PATH) таңдау терезесі

 

  1. BDE жүйесіне енгізілген алиасты BDE-де тіркеу  (сақтау). Ол үшін тізімнен  MyDB атауын таңдап, Object-Apply (Объект - Қолдану) командасын беру керек. Алиасты өзгерту сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның ОК түймесін шерту.
  2. SQL Explorer терезесін жабу алдында MyDB алиасының ерекшеліну белгісін алып тастаған жөн.

Алиасты формаға кестені не сұранысты шығару үшін қолдануға болады.

 

Алиасты BDE Administrator арқылы дайындау

Алиасты дайындау үшін SQL Explorer орнына Delphi құрамына енгізілген BDE Administrator  конфигурациялау утилитасын пайдалану да мүмкін:

- Windows терезесінен Программы- Borland Delphi 6 -> BDE Administrator командасын беру. BDE Administrator  сұхбаттық терезесі көрінеді (9-сурет). Оның сол жақ бетінде көрінгендер - SQL Explorer терезесінде көрінетін BDE  жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорларының тізімі.

- SQL Explorer терезесінде орындалатын жоғарыда белгіленген 2-5 пункттерді орындау [10].

12 сурет - BDE Administrator терезесі

 

2.5  Кестені  ашу, редакциялау. Кестеге жаңа жазулар  қосу

 

 

Кестені ашу

13сурет - Кестені ашу терезесі

Database Desktop  утилитасында сақтаулы кестені экранға шығару үшін оның терезесін ашып, File – Open – Table  (Файл – Ашу - Кесте) командасын беру керек. Кестені ашу терезесі көрінеді (13-сурет). Терезенің MyDB  ішкі бумасын ашып, әдеттегідей, онда жазылған кесте атауын таңдау, одан әрі Ашу түймесін шерту жеткілікті.

 

Кестені редакциялау. Кестеге жаңа жазулар қосу 

Database Desktop  утилитасында сақталған кестені редакциялау қажет болса, кестені ашып, жөнделетін өріске курсорды орналастыру керек. Одан әрі Table – Edit Data командасын беріп, өрісті редакциялап шығу қиын емес.

Кестеге жаңа жазу қосу  үшін кестені ашып, курсорды соңғы жазудың бірінші өрісіне орналастыру және Table – Edit Data командасын беру керек. Одан әрі кестеге жаңа жазуларды әдеттегідей енгізіп, кесте терезесін жабу жеткілікті.

Кестені программа бойынша құру

Database Desktop   утилитасы арқылы  дайындалатын 4-суреттегідей бос  кестені программа арқылы (динамикалық  түрде) дайындауға болады. Мысалы, Paradox типті MyDB  алиасында Аты-жөні, Туғжылы, Ұлты атаулы үш өрістен тұратын Keste5.db кестесінің өріс тақырыптарын дайындау тәсілі:

  1. Жаңа проект ашып, формада Table1, Button1 компоненттерін орнату.
  2. Код терезесінде Button1 компонентінің OnClick оқиғасын өңдеуіш  процедурасын құру.

 

Procedure Tform1. Button1Click (Sender : TObject);

Begin

With Table1 do

Begin

DatabaseName:=’MyDB’;

TableType:= ttParadox;

TableName:= ‘Keste.db’;

With FieldDefs do

Begin

With AddfieldDef do

Begin

Name:=’Аты жөні’;

DataType:= ftString;

Size:=20;

End;

With AddfieldDef do

Begin

Name:=’ Туғанжылы’;

DataType:= ftString;

Size:=5;    End;

With AddfieldDef do

Begin

Name:=’ Ұлты’;

DataType:= ftString;

Size:=5;

End;

End;

End;

End;

Мұндағы Create Table (Кесте құру) – TTable компонентінің кесте құру әдісі. Ол таңдалған құрылым бойынша бос кесте құрады (әдісті Paradox не dBase форматтарында ғана пайдалану мүмкін) ; Table – берілгендер қоры кестесіне қол жеткізу компоненті.

Программада пайдаланған қасиеттер:

DatabaseName – алиас атауын анықтау;

TableType – кесте типі;

TableName – кесте атауы;

FieldDefs – кесте өрістерін массив ретінде сипаттау;

AddFieldDef - өріс қосу әдісі.

 

Процедура өрістер string типті етіп сипатталды.

Программада Create Table әдісі  барлық қасиеттерді орнатып,  Add әдісін енгізген соң ғана жазылады.

TableType қасиеттерінің мүмкін болатын мәндерін анықтауға арналған TTableType  типінің сипаттамасы DBTables модулінде сақталған. Ол модульдің Uses боліміне кірістіріліп қойылуы тиіс (оның автоматты түрде кірістірілуі де мүмкін).

Процедураны іске қосып, көрінген форманың   Button1 түймесін шертеміз. Кесте алиас түрінде сақталған берілгендер қорына жазылып қойылады. Оны ашып, толтыру тәсілі орындалғанын көреміз [9].

 

 

2.6 TTable, TDataSource, TDBGrid компоненттері. Кестені формаға шығару

 

 

Формада Database Desktop   утилитасында құрылған кестеге жол жеткізу компоненттер панелінің Data Access (Берілгендерге кіру) қосымша бетіне енгізілген Table, DataSource және Data Controls (Берілгендерді басқару) қосымша бетіне енгізілген DBGrid компоненттері арқылы орындалуы мүмкін. Формаға орнатылған төмендегі компоненттердің негізгі іс-әрекеттері:

TTable (Кесте) – кез келген БҚ кестесіне қол жеткізу;

TdataSource (Берілгендер көзі) – DataSet (Берілгендер жиынтығы қасиеті арқылы нақты кестемен байланыс орнату);

TDBGrid (Берілгендер кестесі) – DataSource қасиетіне DataSource1 берілген көзін меншіктеп, терезесіне нақты берілгендерді (кестені не сұранысты) енгізу. Ол үшін алдымен Table1, DataSource1 компоненттеріне ретімен 3-кестеде көрсетілгеніндей, қажетті қасиеттерін меншіктеп алса болғаны.

Информация о работе Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру