Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 11:30, дипломная работа

Краткое описание

ЭЕМ-нің пайда болуымен және оларды ақпараттарды өңдеуде пайдалана отырып, көптеген ақпараттық-анықтамалық және есептеуіш есептерін автоматты шешу мүмкіншіліктері пайда болды. Алғашында ЭЕМ-де ақпараттарды жинақтау және сақтау үшін локалдық массивтер (немесе файлдар) қолданылады, осыдан әрбір функционалдық есептердің шешімін алу үшін жеке файлдар және ақпараттардың нәтижелерін шығаратын файлдар құрылды. Бұл әрекет мәліметтердің мәндерінің көшірмесін жасауға, олардың жаңаруын күрделендірді, өзара байланысты мәселелерді шешуді қиындатты.
Уақыт өте ЭЕМ программасының дамуына байланысты басқару жүйелерін құру идеясы пайда болды, яғни есептерді жинақтау, сақтау және өзара байланысты есептерді жаңарту, мысалы, кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептерді автоматтандыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.doc

— 4.69 Мб (Скачать документ)

Мысал. Database Desktop  қосымша программасы арқылы құрылған Keste2.db  кестесін формада орнатылған  DBGrid  компонентінің терезесіне шығару керек.

  1. Жаңа проектті ашамыз.
  2. Формаға Table1, DataSource1 және DBGrid1 компоненттерін енгіземіз (11-суретті қараңыз).
  3. 3-кестеде жазылған ретімен компоненттер қасиеттерін орнату:   

            3 кесте

Компонент

Қасиет

Мән

Table1

 

 

 

 

DataSource1

 

 

DBGrid1

Name

DataBaseName

TableName

Active

 

Name

DataSet

 

Name

DataSource

Font

Table1

MyDB         €

Keste2.db     €

True

 

DataSource1

Table1

 

DBGrid1

DataSource1

Times New R Kaz, 12


 

Мұндағы Table1 компонентінің DataBaseName, TableName қасиеттерінің мәндері мәндер тізімдерінен (€) таңдалуы тиіс (DataBaseName қасиетінің мәні – кесте сақталған берілгендер қоры атауы (алиасы). Оның орнына БҚ-на баратын жолды енгізу де мүмкін).

DBGrid1 компонентінің  DataSource (Берілгендер көзі) қасиетіне  DataSource1 мәні меншіктелген кезде, Table1 объектісінің Active қасиетіне True мәні меншіктелуіне байланысты, DBGrid компоненті терезесінің ішіне Keste2.db кестесі енгізіліп қойылады (11-сурет).    

14сурет-DBGrid терезесіне енгізілген кесте көрінісі

 

Жалпы, Active қасиеті арқылы берілгендер жиынтығы ашылады және жабылады. БҚ – мен жұмыс істейтін қосымшаның құрамында бір Table  және бір DataSource   компоненттерінің болуы қажет. Олар формада орнатылған соң қасиеттеріне мәндер 3-кестеде көрсетілген ретпен меншіктелуі тиіс.

DataSource1 компоненті өзінің DataSet (Берілгендер жиынтығы) қасиеті арқылы нақты кестемен байланысады. Ол - Table1 және бір DBGrid1 компоненттерін келістіруші де.

Delphi –де TDataSet класы берілгендер қоры объектілерінің  негізгілерінің бірі. Ол кестені ашуға пайдаланылады, яғни Table компоненті – TDataSet класының мұрагері. DataSet DataSource компонентінің қасиеті ретінде пайдаланылуы да мүмкін (3-кестені қараңыз).

Программа бойынша кестені жабудың баламалы екі әдісі бар:

    1. Table1.Active:=False;
    2. Table1.Close;

Мұндағы Active – қасиет, Close- әдіс.

    1. Кестені ашу әдісі: Table1.Active:=True;

Форманың DBGrid  компоненті терезесіне енгізілген кестені сақтау  үшін Delphi – дің негізгі терезесінен File-Save As командасын беру керек. Сақталған кестені форманың DBGrid   терезесіне шығару әдеттегідей.

DBGrid   компоненті терезесіне енгізілген  кестені алып тастау (терезені тазалау) үшін Table1 компонентінің Active  қасиетіне False мәнін меншіктесе болғаны.

Бұл жерде Table, DataSource, DBGrid компоненттерін пайдаланып, кестені формаға шығару тәсілі көрсетілді.   Формада Data Controls  бетінен DBText компонентін орнатып, оған кесте жазуы бір өрісінің мәнін кірістіруге де болады. Ол үшін компоненттің  DataSource қасиетіне DataSource1 мәнін,

DataField қасиетіне Table – дің қасиеттер  терезесіне енгізілген кестенің  өріс атауын қосымша кірістірсе  болғаны [3].

 

 

2.7 Форма шебері. TscrollBox, TDBNavigator компоненттері

 

 

Database Desktop  утилитасы арқылы құрылған  кестені формаға шығарудың екінші  тәсілі – Форма шебері программасын  пайдалану:

- жаңа проект ашып, Database Form Wizard (БҚ  – Форма шебері) командасын беру. Шебер іске қосылып, оның бес  қадамдық терезесінің біріншісі көрінеді (12-сурет). Онда Create a simple form (қарапайым форма құру) және Create a form using TTable objects (Кесте нысанын қолданатын форма құру) ауыстырып қосқыштары орнатылып қойылған.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15сурет - Шебердің бірінші қадам терезесі

 

- терезенің Next (келесі) түймесін шертеміз. Екінші қадам терезесі көрнеді.

- терезенің бумалар енгізілген  панелінен MyDB (С:\ Program Files \ Borland \ Database Desktop \ WorkDir \ MyDB) бумасын таңдаймыз. Кестелер  тізімі панелінде MyDB – де жазулы кесте атаулары көрінеді.

- олардың ішінен қажетті кестені (Кесте2.db) таңдап, Next түймесіне шертеміз. Сол жақ панеліне өріс атаулары  жазылған үшінші қадам терезесі  көрнеді.

- терезенің >> түймесін шертеміз. Өріс атаулары оң панельге  көшіріледі.

- Next  түймесін шертеміз. Кестені  формада көрсету тәсілдері жазылған  төртінші қадам терезесі көрінеді. Терезенің In a grid (Торға) не  Horizontally (Көлденең) ауыстырып қосқыштарының бірін  таңдау. Олардың біріншісі кестені  формаға енгізілген DBGrid компонентінің терезесіне кірістіру үшін, екіншісі  осы терезеде кестенің жеке жазуларын (кестенің берілгендер қоры жүйесінде пайдаланатын формалық түрін) көрсету үшін арналған.

In a grid ауыстырып қосқышын таңдау  кезінде орындалатын әрекеттер:

  1. In a grid таңдалған соң  Next түймесін шертеміз. Форма құру (Form Only)  ауыстырып қосқышы орнатылған соңғы терезе көрінеді.
  2. Терезенің Finish (Соңы) түймесін шертеміз., DataSource1 компоненттері орнатылған екінші форма (Form2) көрінеді.
  3. 3 - кестеге енгізілген DBGrid1, Table1 компоненттерінің қасиеттерін орнату. DBGrid1  терезесіне Keste2.db кестесі енгізіліп қойылады (DBGrid1 объектісінің Font қасиетіне Times New R Kaz, 12  мәні орнатылған кезде кесте көрінісі 13-суретте көрсетілген).

 

16сурет- In a grid таңдалған соң көрінген кесте

 

17 сурет - Horizontally ауыстырып қосқышы таңдалған соң Keste2.db үшін дайындалған форманың көрінісі.

 

Форма шеберінің төртінші қадам терезеде Finish түймесі шертілген кезде Form3 формасы көрінеді (14 - сурет). Оның In a grid ауыстырып қосқышы таңдалған соң көрінетін формадан айырмашылығы – ішіне, DBGrid терезесінің орнына, автоматты түрде Table1, DataSource1, ScrollBox, DBNavigator  компоненттері орнатылып қойылған. TScrollBox (Айналдыру облысы) – ішіне көптеген нысандарды орнатуға мүмкіндік беретін компонент. Оның ішіне кестенің өріс ааулары мен ағымдық жазуы енгізілетін Label, Edit өрістері орнатылып қойылған.

 

Кесте жазуларын енгізу үшін орындалатын әрекеттер:

- ScrollBox  компонентінің Font қасиетіне қазақ шрифтін меншіктеп, Table1, DataSource1  компоненттерінің 3-кестеде көрсетілген қасиеттерін орнату. Өрістерге кестенің бірінші (ағымдық) жазуы енгізіліп қойылады (Keste2.db –  нің ағымдық жазуынан тұратын форманың көрінісі 15-суретте көрсетілген).

- Іске қосу  командасын беру (F9). Форма қайта көрініп, DBNavigator  компонентінің түймелері қосылып қойылады. Түймелерді шертіп, Edit өрістеріне кестенің қалаған жазуын шығару қиын емес. Кестеге жаңа жазулар қосуға, жазуды редакциялауға да болады.

 

18сурет- Ағымдық жазу орнатылған  форманың көрінісі.

 

DBNavigator  компоненті.  Компоненттер панелінің Data Controls қосымша бетінде орналастырылған DBNavigator  (19-сурет) өзіне байланысты берілгендер жиынтығын басқаруға арналған түймелерден тұрады:

 

►(Next) – кестенің келесі жазыуна өту;

▬ (Delete) – кестенің бір жазуын өшіру;

}│ (Last) – соңғы жазуға өту;

│| (First) – бірінші жазуға өту;

Ë (Insert) – көрсеткіш тұрған орынға жаңа жазу кірістіру, т.с.с [11].

 

19 сурет - DBNavigator

 

 

2.8  Формада кесте жазуын программа бойынша көрсету

 

 

Форманың DBGrid компоненті терезесінде форма шеберінің төртінші қадам терезесінде таңдалған Horizontally ауыстырып қосқышы таңдалған кезде дайындалған кестенің бір жазуы көрініп тұрсын.  Navigator     компонентінің түймелерін пайдаланбай, оның келесі не алдыңғы жазуын программа арқылы шығаруға болады. Delphi-де ол үшін арналған арнайы әдістер бар: Next, Prior, First, Last, т.б. Мысалы, келесі, алдағы, соңғы, бірінші жазуларға өту үшін программаны мынадай түрде құруға болады:

  1. Жаңа проект ашып, формада төрт командалық Button1, … Button4  түймелерін орнатамыз. Оларға Next (келесі), Prior (алдағы), First (бірінші), Last (соңғы) атауларын береміз.
  2. Форма шебері арқылы бір жазуы көрінетін кестені формаға шығарамыз.
  3. Ретімен түймелерді екі реттен шертіп, код терезесінде оқиғаны өндеуіш процедурасын енгіземіз:

Procedure  Tform1.NextClick (Sender : Tobject);

Begin

Table1.Next;

End;

Procedure  Tform1.PriorClick (Sender : Tobject);

Begin

Table1.Prior;

End;

Procedure  Tform1.FirstClick (Sender : Tobject);

Begin

Table1.First;

End;

Procedure  Tform1.LastClick (Sender : Tobject);

Begin

Table1.Last;

End;

 

  1. Программаны іске қосып, формада көрінген басқару түймелерінің бірін шертеміз. Форманың редакциялау (Edit) өрістерінде сәйкес  жазу көрінеді.

 

Delphi-де визуальды емес компоненттерді пайдаланып, берілгендер қорының кестелеріне топтық түрде қол жетізудің екінші тәсілі де бар. Мұндай компоненттер арнайы дайындалатын берілгендер модулінде топтастырылады [3].

 

 

2.9  Сұраныс. TQuery компоненті. SQL тілі жөнінде

 

 

Кесте мазмұнын толық ашып көрсетпеу үшін берілгендер қорының иесі басқа адамға оның барлық жазуларын емес, белгілі шарттарды қанағаттандыратын кейбір жазуларын не өрістерін ғана көрсетуі мүмкін. Delphi-де арнайы программа арқылы кестенің қажетті үзіндісін не түрлі кестелерден алынған берілгендер жиынтығын экранға шығаруға болады. Негізгі кестемен жаңылыстырмас үшін әдетте мұндай үзінділерді сұраныс деп атайды, сұраныс түрі әдеттегідей кесте түрі сияқты.

Берілгендер қорын проектілеу, тиімді пайдалану үшін қажетті сұраныстар құру қиындығы  программаларды құру қиындығынан кем емес. Қазіргі коммерциялық қосымшыларда берілгендер қоры әр қайсысы жүздеген өрістерден тұратын мыңдаған кестелерден тұрады. Бір не бірнеше кестені пайдаланып, түрлі сұраныс құруды MS Access сияқты берілгендер қорын басқару жүйелерінде орындау көп қиындық келтірмейді. Рұқсат етілмеген адамдардың таныса алмауы үшін берілгендер қорын пароль арқылы не кесте өрістерін идентификатор арқылы қорғап қою да мүмкін.

Мақсатына қарай, сұранысты түрлі түрде құру мүмкін. Кітапта Delphi  жүйесінде сұраныс құрудың көптеген тәсілдерді көрсетілген. Сұраныс құрудың негізгі тәсілі – компоненттер палитрасының Data Access  бетіне енгізілген Query (Сұраныс) компонентін формада орнатып; сұраныстар тілі деп аталатын SQL  тілінде  жазылған командалық мәтінді пайдалану (SQL – Structured query Language / Құрылымдық сұраныстар тілі). SQL  - БҚ үшін сұраныстар құруға арналған арнайы тіл. Оның құрамында берілгендермен  жұмыс істейтін түрлі категориялы берілгендерді анықтау тілі (Data Definition Language, DLL) және берілгендерді басқару тілі (Data Manipulation Language, DML) енгізілген. Оларда пайдаланылатын кілттік сөздер (операторлар) 30-ға да жетпейді (кілттік сөздерді бас әріптер арқылы жазу келісілген):

CREATE TABLE (Кесте құру), CREATE VIEW (Атау берілген бос кесте құру); SELECT (Іріктеу), INSERT (Кірістіру), DELETE (Жою), UPDATE (Өзгерту), т.б.

Жалпы, SQL  тілі арқылы бір не бірнеше кестенің берілгендері енгізілетін сұраныс құру, кесте бағандарын не жолдарын реттеу (сорттау), кестеге жол не өріс қосу, сандық берілгендерді топтап, олардың қосындысын, максимумын, минимумын, орта мәнін табу және т.б. әрекеттерді орындауға болады.

Сұраныс құру үшін жиі пайдаланылатыны    - берілгендерді іріктеуге арналған SELECT операторы. Оператор құрамына мынадай кілтік сөздер мен белгілер енгізілуі мүмкін:

* (жұлдызша) – бәрі мағынасын білдіреді;

, (үтір) – тізім элементтерінің аралығына қойылады;

; (нүктелі үтір) – SQL тілінде жазылған командылық мәтіннің соңына қойылады,

| (тік сызық) – екі не одан да көп жағдайлардың бірін таңдау мүмкіндігін білдіреді;

[ ] (квадрат жақшалар) – ішіне жазылғандарды пайдалану міндетті еместігінің белгісі.

FROM (жалғау: дан, ден, т.с.с.) – соңына сұраныс құрылатын кесте не кесте атаулары жазылады.

WHERE (қайда) – соңына шарттар енгізілетін кілттік сөз. Шарттар =, < >,  <, >, <=, >= операция белгілерін  пайдаланатын жай, не AND, OR сияқты кілттік сөздерін пайдаланып жазылатын құрама болуы мүмкін.  Шарт BETWEEN (аралық), LIKE (сияқты), т.б. кілттік сөздерін пайдаланып жазылуы да ықтимал. Соңғы шарттың мәні – символдық (мәтіндік) типті. Мысалы: WHERE туған жылы BETWEEN 1980 AND 1985; WHERE  аты-жөні LIKE ‘Ахметов’.

Үнемдеу үшін әдебиеттерде кесте аты, баған (өріс) аты терминдерді  кест, баған (өріс) түріде  қысқартылып жазылуы мүмкін. Мысалы, сұраныстың қарапайм жазылу түрінің бірі:

SELECT < өрістер тізімі > FROM < кесте >

SQL тілінде тізім үтір арқылы бөлініп, кесте атауы дәйекшелерге алынып жазылады. Егер кестенің барлық өрістерін экранға шығару қажет болса, операторды

SELECT   *   FROM < кесте >

түрінде жазу жеткілікті (мұндағы * символы – барлық өрістерді таңдау белгісі).

Шартты қанағаттындыратын сұраныстың бір түрі:

SELECT < өрістер тізімі > FROM < кесте > WHERE < шарт >

Мұндағы шарт,  Паскальдағы сияқты, жай не құрама болуы мүмкін, күрделі құрама шарттар жай жақшаларға алынып жазылады.

Delphi-де сұраныс құрудың көп пайдаланылатын тәсілі – формаға орнатылған Query, Table, DataSource, DBGrid компоненттерін пайдалану. Құрылған сұраныс DBGrid терезесіне енгізіледі.

1-мысал. Database Desktop – та құрылған Keste2.db кестесінен 1982 және онан кейінгі жылдары туылған адамдардың тізімінен тұратын сұраныс құру керек.

Информация о работе Медициналық қызметтің сапасын, есепке алатын және талдайтын ақпараттық жүйе құру