Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 11:30, дипломная работа
ЭЕМ-нің пайда болуымен және оларды ақпараттарды өңдеуде пайдалана отырып, көптеген ақпараттық-анықтамалық және есептеуіш есептерін автоматты шешу мүмкіншіліктері пайда болды. Алғашында ЭЕМ-де ақпараттарды жинақтау және сақтау үшін локалдық массивтер (немесе файлдар) қолданылады, осыдан әрбір функционалдық есептердің шешімін алу үшін жеке файлдар және ақпараттардың нәтижелерін шығаратын файлдар құрылды. Бұл әрекет мәліметтердің мәндерінің көшірмесін жасауға, олардың жаңаруын күрделендірді, өзара байланысты мәселелерді шешуді қиындатты.
Уақыт өте ЭЕМ программасының дамуына байланысты басқару жүйелерін құру идеясы пайда болды, яғни есептерді жинақтау, сақтау және өзара байланысты есептерді жаңарту, мысалы, кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептерді автоматтандыру.