Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 13:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері
1.1 Ақпараттық технологияларына қысқаша сипаттама……………….......................................................................5
1.2 Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері...............................................................................................11
1.3 Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қолдану тәжірибесі...............................................................................................17
1.4 Интерактивтік тақтаның құрылымдық элементтері...................21

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 2.32 Мб (Скачать документ)

Жол - көршілес ұяшықтардың бірлестігі.

Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕЛЕР. 1980 жылы кестелік процессорлардың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды. Бірінші болып VisiСаlс, SиреrСаlс, Multiplan сияқты кестелік процессорлар, содан кейін Lotus 1-2-3 АБАК, ДРАКОН, ВАРИТАБ-86 дестелері жасалды. Осы күнге дейін қуатты компьютерлерде SиреrСаlс-4,5 нұсқалары қолданылады. Қазіргі компьютерлерде Microsoft Office пакетінің Microsoft Excel кестелік процессоры кең таралған. Электрондық кесте (ЭК) – ұяшыкгарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.

ЭК-дегі мынадай  типті деректерді енгізуге болады: мәтіндік, сандық, формулалық (туынды ақпаратты есептеу үшін), датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін.

Мәтіндік  жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі. Егер бірінші символ тырнақша, апостраф, бос орын немесе цифрлар кезектесіп келсе, онда мәтін ретінде қабылданады. Үнсіз келісім бойынша мәтін сол жаққа тураланады.

Сандық  деректер – бұл цифрдан, «+» немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін.

Дата мен уақыт символдарымен жұмыс істегенде ғасыр басынан бастап (2000 жыл) енгізілген күнге дейінгі күн санын анықтайтын реттік нөмір түрленеді.

 

Күн

 

Уақыт

Ұяшыққа енгізілгені

Формулалар  жолында бейнеленгені

 

Ұяшыққа енгізілгені

Формулалар  жолында бейнеленгені

7/6/2004

07.06.2004

 

7:50

7.50.00

6/қаңт./04

06.01.2004

 

7:50 МА

7:50:00

6/маус./

06.06.2004

 

15:23

15:23:00

Қаңт./2004

01.01.2004

 

15:23:22

15:23:22

07/06/04

07.06.2004

 

3:23 МР

15:23:00

     

3:23:22 МР

15:23:22


 

Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады. Формулаларда математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады.

3

Амал  түрлері:

 

Арифметикалық

Салыстыру

Логикалық

Адрестік

Мәтіндік

+  қосу

–  азайту

*  көбейту

/  бөлу

^  дәреже

=  тең

>   артық

>= артық не тең

<   кем

<= кем не тең

AND логикалық және

OR логикалық немесе NO логикалық емес

:

диапазон

&

мәтіндердік қатарларды біріктіру


 

ФОРМУЛА ЖАЗУ ЕРЕЖЕСІ

Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі 
математикалық өрнектерді айтады. Формула математикалық,  статистикалық, қаржылық, логикалық және басқа болып бөлінеді

Ең үлкен мәнді табу – макс

МАКС(...)

МАКС(А1:А9)

Аргументтердің арасындағы 
максимум санды іздеу

Ең кіші мәнді табу – мин

МИН(...)

МИН(С1:С23)

Аргументтердің арасындағы 
минимум санды іздеу

Орта мәнді табу –срзнач

СРЗНАЧ(...)

СРЗНАЧ(А1:В5)

А1 ден В5 диапазонындағы сандардың арасынан арифметикалық ортасын табу.


 

Кейде ұяшықты басқа орынға көшіргенде, олардың координаты өзгермеуі керек, ол үшін жолдың немесе бағанның координатасының алдына доллар белгісін қояды. Бұл символ кестелік процессорға ұяшықтың координатасын ешқандай жағдайда өзгертпеу керектігін көрсетеді. Мұндай адрес абсолютті адрес деп аталады.

 

Салыстырмалы

Аралас

Абсолютті

А1

$А$1

$А1 немесе А$1

В2

$А$1

$А2 немесе  В$1


 

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Кесте дегеніміз не?
  2. Қандай кесте тіктөртбұрьшты деп аталады?
  3. Жол, баған, ұяшық дегеніміз не?
  4. ЭК кестенің ұяшығы деп нені айтады?
  5. ЭК ұяшығына деректердің қандай типтерін енгізуге болады?
  6. Мәтіндік, сандық, дата, уақыт жазбаларына мысал келтіріңдер.
  7. Электрондық кестедегі формула деп нені айтады?

 

5 сабақ

 

Сабақтың  тақырыбы: EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР. EXCEL мүмкіндіктері. Жұмыс кестесінің элементтері. Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ, НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР, EXCEL мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру, кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы, кесте бетінің таңбасының атын өзгерту, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік:   Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

 Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Үйге тапсырма

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Кесте дегеніміз не?
  2. Қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталады?
  3. Жол, баған, ұяшық дегеніміз не?
  4. ЭК кестенің ұяшығы деп нені айтады?
  5. ЭК ұяшығына деректердің қандай типтерін енгізуге болады?
  6. Мәтіндік, сандық, дата, уақыт жазбаларына мысал келтіріңдер.
  7. Электрондық кестедегі формула деп нені айтады?

 

Жаңа  тақырыпты түсіндіру

Місrosoft Excel программасы

  1. Кесте құруга және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;.
  2. Сақталган кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
  3. Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуга;
  4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауга;
  5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын  ауыстыруға;
  6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
  7. Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;
  8. Диаграмма тұрғызуға;
  9. Графикалық объектілер кірістіруге;
  10. Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Excel-ді іске қосу:

Іске  қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel-ді таңдау қажет.


 

 


 

  


 

Жұмыс кестесінің элементтері

Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық – деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.

Жұмыс парағымен бойынша жылжу.

  • Керек парақты екпінді ету үшін сол парақтың белгішесін басу керек.
  • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін жүгіртпе нұсқаушыны пайдалану керек.
  • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін <PageUp>, <PageDown> т.б) ауысу пернелерін пайдалану.
  • Нақты орынға өту үшін Правка менюінен Перейти командасын таңдаймыз.
  • Переход сұхбат терезесіне Выделить пернесін нақты бір элементтерді (жазбалар, формулалар т.б.) іздеу үшін қолданады.

 

Пернелер

Орын ауыстыру

PageDown

Бір экранға  төмен

PageUp

Бір экранға  жоғары

Home

Ағымдағы қатардың басына

Ctrl+Home

А1 ұяшығына

Ctrl+End

Соңғы толтырылған ұяшыққа

Ctrl+Ÿ

Бірінші толтырылған ұяшықтың жоғарғы жағына

Ctrl+ 

Бірінші толтырылған  ұяшықтың төменгі жағына

Ctrl+

Бірінші толтырылған  ұяшықтың сол жағына

Ctrl+ž

Бірінші толтырылған  ұяшықтың оң жағына

Ctrl+ PageUp

Жұмыс парағының  келесі парағына

Ctrl+ PageDown

Жұмыс парағының  алдыңғы парағына


 

ЖҰМЫС КЕСТЕСІНІҢ БЕТІ БОЙЫ БОЙЫНША ОРЫН АУЫСТЫРУ.

Кестенің қажетті бетіне ауысудың екі жолы бар:

  1. Терезенің төменгі жағындағы кестенің таңбасына шерту арқылы.
  2. <Ғ5> пернесін басып, Переход терезесіндегі Ссылка ұяшықтың координаталарын енгізіп, Ок батырмасын шерту керек.

Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка – Лист командасын орындау қажет.

 

 

КЕСТЕ БЕТІНІҢ  ТАҢБАСЫНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ.

Үнсіз келісім  бойынша жұмыс беттерінің таңбаларына  «Лист1», «Лист2», және т.с. меншіктелген. Сол парақтарға ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.

  1. Қандай да бір парақтың таңбасында маустың оң жағын шертіңдер.
  2. Переименовать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.

Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағанның енін маустың көмегімен өзгертуге болады немесе Формат-Строка (Столбец)-Ширина командасын таңдау керек.

Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

Жаңа  сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум (11.1,11.3,11.4 тапсырмалар)

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Місrosoft Excel программасы деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?
  2. Місrosoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
  3. Місrosoft Excel терезесі қандай элементерден тұрады?
  4. Місrosoft Excel программасында неше жол, неше баған бар?
  5. Жұмыс парағының беті бойынша қандай пернелер арқылы орын ауыстырамыз?
  6. Кестенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз?
  7. Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз?

 

6 сабақ

 

Сабақтың  тақырыбы: EXCEL-ДЕГІ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ. Деректерді EXCEL-ге енгізу. Деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары. Деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу. Кестелерді басуға шығару.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:    EXCEL-ДЕГІ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ, деректерді EXCEL-ге енгізу, деректерді сақтау және қорғау, деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін қалыптастыру;

Информация о работе Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері