Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 13:02, дипломная работа
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
Кіріспе .....................................................................................................3
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері
1.1 Ақпараттық технологияларына қысқаша сипаттама……………….......................................................................5
1.2 Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері...............................................................................................11
1.3 Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қолдану тәжірибесі...............................................................................................17
1.4 Интерактивтік тақтаның құрылымдық элементтері...................21
Бұл кестеден обеъектілер атауларын алып тастайтын болсақ
2000 |
2500 |
4500 |
1500 | ||||
2000 |
1000 |
3000 |
2000 | ||||
2500 |
1000 |
2900 |
3000 | ||||
4500 |
3000 |
2900 |
6000 | ||||
1500 |
2000 |
3000 |
6000 |
Математикада матрица деп аталатын қарапайым сандық кесте қалады.
Егер «ТрансАэро» компаниясының әуежелісі кестесінен де объектілердің атауларын алып тастайтын болсақ, онда нөл мен бірден тұратын матрица қалады. Мұндай матрица екілік матрица деп аталады.
«Сынып оқушыларының тізімі» деректер базасын кеңейтейік те, онымен жұмыс істейік.
Сынып оқушыларының тізімі
№ |
Фамил иясы, аты |
Туған жылы |
Жынысы |
Ұлты |
Көзінің түсі |
Шашының түсі |
1 |
Айкын Бақыт |
1992 |
Ер |
Қазақ |
Қой көзді |
Қара қоңыр |
2 |
Шварц Ира |
1993 |
Қыз |
Неміс |
Сұр |
Ақ сары |
3 |
Иванов Алеша |
1991 |
Ер |
Орыс |
Көк |
Ақ сары |
4 |
Оразова Сауле |
1993 |
Қыз |
Қазақ |
Қой көзді |
Қара |
5 |
Ким Лена |
1992 |
Қыз |
Кәріс |
Қой көзді |
Қара |
6 |
Қазыбаев Темір |
1992 |
Ер |
Қазақ |
Қой көзді |
Қара |
7 |
Уфимцев Сергей |
1991 |
Ер |
Орыс |
Шегір |
Қызғылт қоңыр |
8 |
Сидорова Олеся |
1991 |
Қыз |
Орыс |
Көк |
Ақ сары |
9 |
Астанова Әйгерім |
1991 |
Қыз |
Қазақ |
Қой көзді |
Қара |
Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден айырмашылығы – кестені деректер базасы немесе деректер базасының объектісі ретінде қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы жолдар – жазбалар деп, ал бағандар – өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты болады, мысалы, тегі (Фамилиясы), аты; туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының түсі.
Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдалынады: сандық, символдық, даталық, логикалық.
Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны арақашықтық және т.б.) болатын өрістерден тұрады.
Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б. сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады (сендердің кестелеріңдегі барлық өрістердің типі-символдық).
Датальқ тип өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/жжжж, орысша дд/мм/гггг) болады.
Логикалық тип «иә»-«жоқ» немесе «ақиқат»-«жалған» деген екі мәнді қабылдай алатын өрістерден тұрады. Егер «Транс-Аэро компаниясының әуе желісі» кестесінің екілік матрицасын реляциялық ДБ түрінде көрсететін болсақ, онда оның 0 және 1 мәндерін қабылдайтын өрістеріне сәйкестендіріліп, логикалық типті қою қолайлы. Мұнда 1-«ақиқат» мәніне, ал 0-«жалған» мәніне ауыстырылады.
0 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
0 |
1 |
0 |
0 |
1 |
1 |
0 |
1_ |
0 |
1 |
0 |
1 |
0 |
1 |
1 |
1 |
0 |
1 |
0 |
Сабақты бекіту сұрақтары:
12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: ДЕРЕКТЕР БАЗАЛАРЫМЕН ОРЫНДАЛАТЫН
АМАЛДАР. Дерек базаларындағы операциялар. Дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы.
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: ДЕРЕКТЕР БАЗАЛАРЫМЕН ОРЫНДАЛАТЫН АМАЛДАР, дерек базаларындағы операциялар, дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы
туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум.
Сабақтың өту барысы:
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Деректер базасы дегеніміз не?
2. Деректер базасының сипатталуы бойынша белгілерін атаңдар.
3. Фактографиялык және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?
4. Реляциялық деректер базасы деген не?
5. Кестедегі объектілердің арасындағы қатынастардың қандай типтерін білесіңдер?
6. Қандай матрица еьсілік деп аталады?
7. Жазба, жазба өрісі, дегеніміз не?
8. Реляциялық деректер базасында өрістердің қандай типтері пайдаланылады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ДБ құрылғаннан кейін жазбалармен келесі: жазбаларды қосу және өшіру, түзету, ақпарат іздеуді жүзеге асыру, сұрыптау, сұрау бойынша есеп беру операцияларын орындауға болады. Ақпарат іздеу шарты бойынша жүзеге асырылады. Деректердегі ақпаратты жылдам табу үшін оны сұрыптаған дұрыс. Деректер базасын құрастырғанда оған қандай деректер енгізілетінін, қалай сақталатынын, қандай өрістер түйінді болатынын оларға қалай шығуға болатынын және өрістердің типін анықтау қажет. Бұл процесс деректер базасын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз жүзеге асырылады. Жобалау бұл деректер базасын теориялық түрде құру.
ДЕРЕК БАЗАСЫН КОМПЬЮТЕРДЕ ӨНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
Реляциялық деректер базасымен жұмыс істейтін жүйелер реляциялық ДББЖ деп аталады. Қазіргі кезде дербес компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ-нің бірнеше түрі: dBASE, FохРrо, Paradox бар. Місrosoft Office дестесінің Ассеss программасы да бар.
Сабақты бекіту сұрақтары:
ДБ-сын жобалаудың міндеттері неден тұрады?
ДБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?
Қазіргі кезде компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ қандай түрлерін білсеңідер?
13 сабақ
Сабақтың тақырыбы: EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫНДА ДЕРЕК БАЗАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ. EXCEL-дегі ДЕРЕК БАЗАСЫ. EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫНДА ДЕРЕК БАЗАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ, EXCEL-дегі ДЕРЕК БАЗАСЫ. EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері, дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы:
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Місrosoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:
ЕХСЕІ-де деректер базасы жол және бағандармен ұқсас құрылады, мұнда кестенің бағаны – өріс, ал әрбір жолы – жеке жазба болып табылады. Әрбір өріс бойынша ақпарат кестенің жеке ұяшықтарына енгізіледі, мысалы, біздің кестеде (13.1-сурет) ФАМИЛИЯСЫ, АТЫ деген тақырыбы бар, ТУҒАН ЖЫЛЫ деген тақырыбы бар және т.б. бағандарға енгізілген. Егер дерек базасын жеке бетке орналастырсақ, онда онымен жұмыс істеу едәуір жеңіл болады. Егер бірнеше дерек базасын бір бетте орналастратын болсақ, онда бұдан былай бұл деректер базасымен жұмыс істеу өте күрделі болады, өйткені нақты деректер базасы үшін ұяшықтар ауқымын әрқашан көрсетіп отыруға тура келеді.
Өрістердің
аты бар жол мен нақты
Өріс атауы 255 символдан аспауы қажет, бірақ жұмысқа ыңғайлы болуы үшін өріс атауларының қысқа болғаны жөн.
ДЕРЕК БАЗАСЫНДА ЖАЗБАЛАРМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫС
Деректер жазбасын экранда көру үшін меңзерді деректер базасының кез-келген ұяшығына орналастырыңдар да Данные - Форма командасын орындаңдар.
Деректер базасында жазба іздеу үшін Айналдыру батырмасын немесе Назад және Далее батырмаларын қолдануға болады. Жазба табылғаннан кейін өзгерістер енгізуге болады. Егер дерек базасы өте үлкен болса критерий батырмасын қолдануға болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
14 сабақ
Сабақтың тақырыбы: ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ӨҢДЕУ. Деректер базасын сұрыптау. Деректерді сұрыптау. Есеп беруді баспаға шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ӨҢДЕУ, деректер базасын сұрыптау, деректерді сұрыптау, есеп беруді баспаға шығару туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы:
Информация о работе Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері