Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 13:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері
1.1 Ақпараттық технологияларына қысқаша сипаттама……………….......................................................................5
1.2 Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері...............................................................................................11
1.3 Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қолдану тәжірибесі...............................................................................................17
1.4 Интерактивтік тақтаның құрылымдық элементтері...................21

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 2.32 Мб (Скачать документ)

22. СЗ ұяшығының адресі қалай көрсетіледі?

а)СЗ;       б)$СЗ$;       с)$СЗ;       д) С$3

 

КІЛТІ:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

А

В

А

В

А

В

В

В

В

В

С

В

А

Ж

А,В

А,С

А,В

А

А,В

А,В

А

В


 

 

10 сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:      Практикалық жұмыс

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мәтіндік редактор және кестелік процессор тақырыптары бойынша алған білімін бекіту, тиянақтау;

Тәрбиелілік:   Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

 Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау жэне зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

Сабақтың  түрі:  Білім бекіту практикалық.

 

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, карточкалар, практикум.

 

Сабақтың өту  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Тапсырмалар орындау
  4. Үйге тапсырма беру

 

WORD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫК ЖҰМЫСТАР.

  1. Тапсырма. Мәтінді тер.

Ғылыми графика

Ғылыми графика –  бұл ең бірінші  пайда болған бағыт. Оның міндеті – объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми жөне инженерлік қызметте ғылыми графика,  ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады. Білім беруде – мультимедиалық программалық құралдарда.

 

  1. Тапсырма. Кестені форматта.Сабақ кестесін құрыңдар

 

                         Күндер

Сабақтар 

Дүйсенбі 

Сейсенбі 

Сәрсенбі

1-сабақ

Математика 

Қазақ тілі

Математика

2-сабақ

Орсы  тілі

Ағылшын тілі

Информатика


 

Кестеге баған  және жолдар қосып күндер мен сабақтарды толықтырып жазыңдар. Кесте қасиетіне  кіріп қатар биіктігін 1,5 см етіп тағайындаңдар.

 

  1. Тапсырма. Кестені құрып, мына түрде өрнектеңдер.

 

Күн райы

Күндіз

Түнде

Жұмы

-1...-3

-1...-3

Сенбі

0...-2

-3...-5

Жексенбі 

-1...+1

-1...-3


 

  1. Тапсырма. Төмендегі әрекеттерді орында.


 

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН

МӘТІН


 

Excel кестелік процессоры бойынша  практикалық жұмыс

Тапсырма. Ұяшық адрестерін тағайындап көбейту  кестесін есептеңдер. Кестені өздеріңнің қалауларың бойынша пішімдеңдер.

 

 

A

B

C

D

1

1

2

3

4

2

2

4

6

8

3

3

6

9

12

4

4

8

12

16

5

5

10

15

20

6

6

12

18

24

7

7

14

21

28

8

8

16

24

32


 

 

Сабақты бекіту.

 

11 сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ. ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН

БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ. Деректер базасы түсінігі. Деректер базасын жіктеу. Реляциялық деректер базасының құрылымы. Өрістер типтері.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ, ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ, деректер базасы түсінігі, деректер базасын жіктеу, реляциялық деректер базасының құрылымы, өрістер типтері туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік:   Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:   Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 

Сабақтың  түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау аркылы түсіндіру.

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Үйге тапсырма

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Диаграмма деген не?
  2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
  3. Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?
  4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
  5. Аңыз деген не?
  6. Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?
  7. Кестелік процессорға графиктік объектілер қою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютерде мәтін, графикалық кескін жасауға, есептеу  жүргізуге мүмкіндік беретін  программалардан басқа, көлемі үлкен ақпаратты сақтауға, өңдеуге және іздеуге арналған арнайы программалар да бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару (ДББЖ) деп аталады.

Мынадай мысалды алайық, сендердің мектептеріңде 1000-ға жуық оқушы

оқиды делік (мүмкін көбірек шығар). Әр мектепте медициналық кабинет болады, онда оқушының аты-жөні, туған жылы, ұлты, жынысы, бойы, салмағы, мекен-жайы, телефон нөмері, дәрігерлік екпелері туралы тіркелген медициналық карталар (кітапшалар) бар. Барлық карта шкафта ретсіз араласып жатыр делік. Сенің картаңды табу үшін қанша уақыт керек болады? Әрине, көп. Егер карточкаларды сыныптардың өсу сатысы бойынша (1-сынып, 2-сынып, ..., 11-сынып), содан кейін әрбір сатыдағы  сыныптарды алфавит ретімен (1 «а», 1 «ә», 1 «б», ..., 11 «б» және т.с), ал әрбір сынып оқушыларынікін алфавиттік ретімен қойған болсақ, яғни картотека жүргізсек, онда қажетті картаны іздеу үшін бірнеше секунд қана уақыт керек болады.

Біздің оқушылардың медициналық деректерін жіктеуіміз деректер базасы болып табылады.


Бір базадағы деректер өзара қисынды  байланысты болуы тиіс. Бұл деректерді белгілі параметрлі, қасиеттері, яғни бір-біріне қатысты белгілері бойынша топтастыру арқылы жүзеге асырылады.


Деректер базасы, негізінен, үш белгісі бойынша жіктеледі.

Бірінші белгісі - сақтаулы ақпараттың сипатына қарай деректер базасы: фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық деректер базасында сипатталатын объектілер туралы қысқаша мәліметтер нақты белгіленген пішімде беріледі. Құжаттың деректер базасы әр түрлі типтегі: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемді ақпараттардан тұрады.

Екінші  белгісі - ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтандырылған және үлестірілген болып бөлінеді. Орталықтандырылған деректер базасында бар ақпарат бір компьютерде сақталады.Үлестірілген деректер базасы жергілікті және ауқымды компьютерлік желілерде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін.

Үшінші белгісі - ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Біз сендермен тек фактографиялық және реляциялық деректер базасын ғана қарастырамыз.

Реляциялық  ДБ деп оны құрайтын бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. Қарапайым жағдайда ол бір тіктөртбұрышты кесте болып табылады. Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген тіктөртбұрышты кестеден тұрады. Бұдан деректер базасының екінші аты туындайды – кестелік деректер базасы.

Деректері өзара әртүрлі  қатынастармен байланысқан бірнеше  кесте құрайық. Кестелердегі деректердің  арасында қатынастың өте кең тарағаны және әсіресе жиі қолданылатыны  – «объект-қасиет» типті қатынас болып табылады. Жеке қасиеттерінен тұратын қатынасы бар "объект-қасиет" типі болып табылады. Мысалы, "Сыныптағы оқушылар тізімі" деректер базасы кесте түрінде көрсетілген болады.

 

Сыныптағы оқушылар тізімі

 

 

Фамилиясы, аты

Туған жылы

Жынысы

Ұлты

Көзінің түсі

Шашының түсі

1

Айқын Бақыт

1992

Ер

Қазақ

Қой көзді

Қара қоңыр

2

Шварц Ира

1993

Қыз

Неміс

Сұр

Ақ сары

3

Иванов Алеша

1991

Ер

Орыс

Көк

Ақ сары

4

Оразова Сауле

1993

Қыз

Қазақ

Қой көзді

Қара


 

Егер бірінші қатарда  қарастыратын болсақ, ондағы Айқын Бақыт торы -бұл обьект, бұл жолдың қалған торлары объекті жайында тура осы объектінің қасиеттерін білдіреді және бұл торлардағы ақпарат тек қана «Айқын Бақыт» объектісіне қатысты.

Бұл кестедегі әрбір  жол бір объектінің өзінің қасиеттерімен  қатынасын көрсетеді. Әр түрлі объектілердің арасындағы қатынасты көрсететін «объект-объект» типті кестелер. «ТрансАэро» компаниясының

 

 

Алматы

Қарағанды

Астана

Мәскеу

Ташкент

Алматы

0

1

1

1

1

Қарағанды

1

0

1

0

0

Астана

1

1

0

1

0

Мәскеу

1

0

1

0

1

Ташкент

1

1

0

1

0


 

Берілген кестеде бағандар тақырыбында және жолдардың сол жақ бөлігінде объектілер орналасқан. Олардың арасындағы қатынас екілік кестемен көрсетілген. Егер бұл кестені қалалар арасындағы арақашықтық түрінде көрсететін болсақ, онда объектілердің арасындағы қатынас сандық сипатта болады.

Қалалар арақашықтығы

         
 

Алматы

Қарағанды

Астана

Мәскеу

Ташкент

Алматы

 

2000

2500

4500

1500

Карағанды

2000

 

1000

3000

2000

Астана

2500

1000

 

2900

3000

Мәскеу

4500

3000

2900

 

6000

Ташкент

1500

2000

3000

6000

 

Информация о работе Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері