Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 13:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері
1.1 Ақпараттық технологияларына қысқаша сипаттама……………….......................................................................5
1.2 Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері...............................................................................................11
1.3 Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қолдану тәжірибесі...............................................................................................17
1.4 Интерактивтік тақтаның құрылымдық элементтері...................21

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 2.32 Мб (Скачать документ)

Ғылым ғасырының табалдырығынан   аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің   барлық саласына кеңінен енуде.

    Елбасы   атап көрсеткендей « Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық  технологиямен байланысты әлемдік  стандартқа сай мүдделі жаңа  білім беру өте – мөте  қажет  » - жас ұрпаққа білім беру  жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

         Білім берудің ақпараттандыру  процесі пән мұғалімдеріне жаңа  ақпараттық технологияны   жан  - жақты пайдалану саласына үлкен  талап қояды.

 Іс тәжірибемде  интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

         - Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын  және қабылдау жылдамдығын ескеру   арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану

         - Оқытудың жаңа әдістері  мен  формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық  іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

         -   Проблемалық зерттеу , аналитикалық  және модельдеу әдістерін қолдану  арқылы классикалық әдістерді  жетілдіру.

         - Жаңа ақпараттық технология  құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

         Сабақ материалы  Power Point презентациясы  немесе мәтіндік ақпарат  түрінде  беріледі. Сонымен қатар, материалдың  құрамына кесте, диаграмма, сурет,  басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер,  графиктер болады. Түсіндіру барысында  мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді.  Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

         Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген  материалды ашып, өткен сабақты  қайталай алады. Мұндай әдістеме  сабақта екпінді түрде өткізуге  мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

         Сонымен, интерактивтік тақта  сабаққа қатысушылардың барлығының  ойын бір ортаға жинақтап, қажет  ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

         Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық  материалдар даярлау мақсатында  интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

         Ақ тақта режимі – ең қарапайым  режим. Ақ тақта режимін қолданғанда  оны ақ бет қағазбен жұмыс   жасағандай және тақырыпқа қажетті  жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын  ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

         Екінші режим – Office режимі. Бұл  режим сабаққа қажетті дайындық  жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға  ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары  Word  мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін   ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

         Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.

Сабақтарды жүргізуде  өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме  жасауға арналған компонентін қолдануға  болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне  сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

         Прожектор және Шторка құралдары  экранның белгілі бір кішігірім  аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка  экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында  мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

          Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.  Кез-келген сабақтың  анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды.

  • жаңа сабақ өту;
  • дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
  • білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
  • оқыту және білімді жүйелеу;
  • білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;
  • кіріктірілген сабақ.

Мұғалім алдымен  сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен  жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.

Педагогикада  оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге  болады:

1) пассивті –  оқушы оқытудың «бъектісі» ролін  атқарады (тыңдау және көру)

2) активті /белсенді/  оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)

3) интерактивті  – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту  процесі барлық оқушылардың тұрақты  белсенді өзара қарым-қатынасы  арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интерактивті  оқыту моделін пайдалану - өмірлік  ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды  қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады.  Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын  немесе идеяны /яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты/ ерекшелеуді шектейді. Бұл  моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. 

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл  коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

 

 Интерактивтік оқыту технологиясы.

1) Жұптасып жұмыс  істеу.

2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.

3) Карусель - Айналмақ.

4) Шағын топтармен  жұмыс.

5) Аквариум.

6) Аяқталмаған  сөйлем.

7) Миландыру  /Мозговой штурм/.

8) Броундық қозғалыс.

9) Есепту ағашы. /Дерево решений/

10) Өз атынан сот. /Суд от своего имени/

11) Азаматтық  тыңдау.

12) Ролдік /іскерлік/ ойын.

13) Сығымдау методы. /Метод пресс/

14) Өз позицияңды ұстан.

15) Дискуссия.

16) Дебаттар.

Мұғалім мен  оқушының интерактивтік шығармашылығы  шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық  инновациялар оқытудың интерактивтік  методымен байланыстырылған.

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. «Интерактивтің» негізгі сипаттамалары қандай? Инетрактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

Сабақтағы инетрактивтік  әрекет өз-ара түсіністікке, өз-ара  әрекетке, қатысушының әрқайсысына  қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып  қарым-қатынас жасауды дамытуды ұысанды.

Интерактив бір көзқарастың  немесе бір ғана сөйлеуішінің басым  болуы жағдайын болдырмайды. Сұқбаттасып  оқыту барасында оқуышлар сыни  ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі  жағдайды талдау негізінде күрделі  мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары,  родік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Интерактивтік оқыту  формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап  шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - «үлкен шеңбер», «аквариум», «мыймен шабул» (мозговой штрум), «дебаттар». Алдынғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжрибелері негізінде аздаған хабары бар қандайда бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактитік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарасытрылатын тақырып жыбық немесе тар мағаналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағанасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.

Интерактитік оқыту  технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады.

Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі  қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. В. Кларин, Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагокқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коомуникативті білктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.

Информация о работе Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері