Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 13:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері
1.1 Ақпараттық технологияларына қысқаша сипаттама……………….......................................................................5
1.2 Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері...............................................................................................11
1.3 Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қолдану тәжірибесі...............................................................................................17
1.4 Интерактивтік тақтаның құрылымдық элементтері...................21

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 2.32 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

    1. Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қолдану тәжірибесі

Компьютер, телекоммуникациялық  және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі  әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі  оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

-         дидактикалық бағыт;

-         бағдарламалық ұсыныс;

-         техникалық ұсыныс;

-         пәндік аумақта қолданылуы. 

          Дидактикалық бағыт бойынша классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады.  Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.   

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде  құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі  үйренушілерге берілмейтін, практикалық  есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

-         компьютерлік оқулықтар;

-         оқытылатын мәліметтер қоры;

-         үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар. 

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

-         қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

-         компьютерлік тренажерлер (КТ);

-         зертханалық практикумдер;

-         ойындардың бағдарламалы;

-         үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына  (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.   

 

Интерактивті Ақ Тақтаның авторы Ян Мабер

PolyVision EТША (Еуропа Таяу Шығыс және Африка) компаниясының білім беру саласындағы консультанты

Маусым 2009 ж.

Технологиялық жетістіктер әлемінде ИАТты мектеп сыныбына сәйкестендіру ол білім берушінің/мұғалімнің күнделікті жұмысының айырылмас бөлігі ретінде болып тұр.

Білім беру нарығы жөнінде терең түсінігі бар кеңесшілер мен консультанттар ИАТ мұғалім орнын баса алмайтындығын, қайта ол оқыту мен білім беруді кеңейтетін тәсіл екенімен және оқыту бағдарламасын орындаудағы көмекшісі екендігімен толығымен келіседі.

ИАТ алдында, компьютер экраны және басқа технологиялар алдында ертеңнен кешке дейін қадалып отырған балалар өздерінің жеке дамуын кеңейту барысында көп жетістікке жетпейді. Дене шынықтыру әрекеттерін, сөзбен жауап беру және бірлестірілген технологияларды білім алу процессіне араластырып, теңдестірілген білім алу жағдайын тудыру өте маңызды.

Интерактивті Ақ Тақталарды бастапқы сәйкестендірушілер мұғалім жетіспеушілік мәселесін толығымен шешеді деп қарастырған болатын. Көбісі осылардың жанына әдеттегі ақ тақталарды орнатты, себебі осы тақталардың беттеріне «әдеттегі» маркерлермен жазуға болмайтын, сондықтан ИАТтың жанына «Бұл тақтаға жазуға болмайды!» деген үлкен жапсырмалар қойылатын.

Бұл ойға сыймайтын жағдай, себебі оларды бетіне жазуға болатын тақталар деп жарнамалады емеспе. PolyVision кеңесі осы мәселеге шешім ретінде өздерінің керамиктемір беттерін ұсынды. Енді сыныптарда әр мақсатқа арналған неше түрлі тақталармен толтырып тастау керегі жоқ.

• Қаржы қыйындықтары

ИАТ нарығында жұмыс жасап жатқан саналы және жауапкер компаниялар жоғары сапа, сенімділік және эргономикалық жоба, олардың бәрі өнімді дамыту барысындағы басты негіздер болып табылатындығымен келіседі.

Өкінішке орай, осы салада (осы үнемшіл қоршаған айналада) қаржыны жұмсау күші сақталады, сондықтан нашар, төмен бағалы өнімдерді жабдықтау, дамып келе жатқан технологиялармен арзан жолмен қатар бола алатын мүмкіндікті көріп, білім беруші ұйымдар сатып алуға дайын болатындығын, соның арқасында «жылдам арада пайда табу» мүмкіндігін қолдана аламыз деп ойлайтындар көп! Өкінішке орай, технологиялық атау сөзбен айтқанда, «төлегеніңе байланысты тауар да аласың».

Францияда басылған сандарға жүгінсек, соңғы сегіз жыл аралығында сатылып алған ақ тақталардың төрттен бірі істен шығып, ауыстырылуы тиіс.

Компьютерлік бағдарлама

Классикалық миф ретінде ‘Біздің компьютерлік бағдарламамызды қолдану үшін, сізге міндетті түрде біздің ақ тақтамызды сатып алу керек’, деген тұжырымды қолданады.

Кей бір кездерде тақталарға қатысты кей нақты драйверлердің сәйкестендірілуі мүмкін, сондықтан өндірушілер өздерін ерекшелендіре алады, және өздерінің бизнесстерін дамытуға мүмкіндік алады, дегенмен, егер мектепте неше түрлі өндірушілерден сатып алған түрлі тақталар болса, және осы тек бір компьютерлік бағдарламаға байланыстырылады деген тұжырым дұрыс болса, онда олар бір бірі арасында интерактивті қатынасқа түсе алмайтын болмайды емеспе.

Басқа өндірушілердің компьютерлік бағдарламасын немесе жүйелерін қолдана алмайсыз дейтін тек бір жабдықтаушыға ғана инвестиция жасау мектептің дамуын шектейді, себебі бұл мектеп тек бір жабдықтаушымен ғана өздерін шектеп, дами бастағанда, басқа жақсырақ немесе жаңарақ технологияларға инвестиция жасау мүмкіндігінен айырылады.

Шынайы Әлем

PolyVision дегеніміз ол 1950 жылдан бастап білім беру және корпоративті нарыққа арналған жоғары сапалы өнімдерді шығарып келе жатқан компания және ол әрдайым сапасын жақсарта түсуде.

Жұмыс әлеміне ену үшін білім алу жүйесінен шығатын жастар қалай болса да жоғары дамытылған технологиялық өнімдердің түр түрімен танысады, олардың кейбіреуі PolyVision болуы мүмкін.

Кәзіргі күні осы өндіріс тарапынан алғанда жоғары сапалы (сынаулардан өткен) өнімдерді дәйекті бағаға сатып алу мүмкіндігі бар, және бұл «мектептерге жаңа ғана жобаланған» деген ИАТ өнімдерінен алшақ болудың тамаша мүмкіндігін ұсынады.

Көптеген елдер өздерінің үкіметтік манифестерінде жастарды халықаралық әлемде және бизнесінде жұмыс жасауға дайындайтын білім беру саласының болашағына инвестиция жасау маңызды деп жариялайды. PolyVision осы ғаламдық аренада көптеген жылдар бойы жұмыс жасап келеді және білім беру жағына әрдайым араласып келген. Енді үкіметтерге, мектептерге, және ұйымдарға өздерінің жоспарларын іске асыру үшін ғаламдық әлемінде сыналған, әрі іс жүзінде байқаудан өткізілген өнімдер қатарына инвестиция жасау тамаша мүмкіндігі туып тұр.

Біз жеке адам ретінде өсіп, дами түскенімізде, бізге әрдайым аспаптар мен технологияларды қолданып, айналамыздағы әлемді бақылап, оны елегенімізді жазып отыруды талап етеді.

Осыған қарағанда, біз жастарды керісінше артқа итермелегендей боламыз, себебі біз оларға тек қолмен тигізіп жұмыс жасататын экран технологияларын ғана қолдануды қолдаймыз, өзіміз үйренген дәлділік, үйлестіру және бақылау секілді машықтарымызды елемейміз.

ИАТ өндірушілері осы саладағы мәселелерді байқап, олардың көбісі нарыққа өздерінің қолмен тигізіп жұмыс жасататын технологияларына қосымша қалам жүйесін де ұсынуда. Тіпті жақсы орнатылған сезімтал тақта жүйелері де бетінде қаламмен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін қалауымен қоса жабдықталады.

• Денсаулық және Қауіпсіздік

Осы жаста денсаулық пен қауіпсіздік өте маңызды назар аудару керек сала болып табылады, себебі бәрінің уайымы инфекцияның таралуы болып келеді. Ғаламдық емханалар арқылы біз таза қоршаған айнала, әсіресе осы қызметпен қолданушылар санын ескерсек, қаншалықты маңызды екенін басымыздан өткердік.

21ші ғасырда біз ауырулар мен сырқаулардың тек инфекцияланған жерге қол тигізгеннен ғана дем арада жылдам бірнеше адамға тарап, тек жергілікті ғана емес, басқа көптеген адамдарға таралатындығын жақсы білеміз. Осындай жағдайлардың көптеген саны адам сенгісіз нәтижелерімен орын алған.

ИАТ өндірушілері әрдайым денсаулық және қауіпсіздік жағдайларын ескеріп отырады, себебі олардың көптеген өнімдері білім беру саласына арналған және олар көпшілік қауымға бағытталған.

Ұялы телефондар, плазма экрандары және сезімтал тақталарда қолданылып жатқан қолмен тигізіп жұмыс жасататын технологиялар инфекцияны тарататын қатерді арттырады деп есептелуі тиіс.

Көптеген адамдар бұл мәселені бірнеше тәсілдермен, мысалы қалам қолдану тәсілімен шешуде. Әрине бұл толығымен сенімді емес, дегенмен ол қатерді төмендетеді.

• Екіжүзділік сын

Bluetooth технологиясы біздің күнделікті өміріміздің бөлігі болды, және көптеген компаниялар мен ұйымдар оны қолдануда. Атап кету керек нәрсе, көптеген адамдар оны байланыстың қатер түрі деп насихаттағанымен, оны өздерінің күнделікті жұмысы мен бизнесінде ұялы телефондары және басқа технологиялар арқылы үнемі қолданады.

Bluetooth технологиясын өздерінің өнімдеріне енгізу ол индустрия мен бизнес әлемінде не болып жатқандығының нақты сипаты болып табылады.

Миниатюрлы камералар, сымсыз мәліметтерді тасымалдау, WiFi және басқа механизмдерінің бәрі шынайы әлемде компьютерлерден, интернеттен бастап, ғарыш технологияларына шейін қолданылатын дамулар болып келеді. Бұл технологияны жұмыс жасап жатқан әлемнің әр бір басқа салалары қолданып жатқанда оны қолдану керек жоқ деп тұжырымдау ақымақтық емеспе.

ИАТ беттерін көбінесе олардың сапасы мен мақсатқа сәйкес келмейтіндігі үшін сынайды.

Осындай өнімдерге қатысты күнделікті тозу және зақымдалу мәселелерін PolyVision жобалағанда назар аудару керек маңызды мәселе деп қарастырады.

Басқа компаниялардың жасаған жұмсағырақ беттері зақымдалып, оларды жүйелі түрде ауыстыру керек болған жағдайлары, және компанияларға оларды жөндеу жөнінде арнайы әрекет топтамасын ойластыру қажет болған жағдайлары көп.

Бұл қате инвестиция, себебі ИАТ біраз уақыт бойы қызмет көрсетпей тұрады, ал сол кезде маңызды сабақ жүргізу керек болуы мүмкін.

Әрине еш өнім мінсіз бола алмайды, дегенмен көптеген өндірушілер «бізде мінсіз шешім бар» деп жаря етеді. PolyVision жасаған керамикатемір беттері ғаламда бірнеше салаларда қолданылуда және оның мақсатқа сай келетіндігі жөнінде көптеген кепілдемеліктер бар.

Материал сапасы, құрылысы, және өңдеуі, білім беру нарығына арналғандықтан, өте маңызды болып табылады. PolyVision’нің өндіру процессінде, осындай беттерінің сапасы нашар деген мәселелерді болдырмас үшін, үздіксіз сынау және сапа бақылау істері жүргізіліп отырады.

PolyVision тәрізді компаниялар ақаулар немесе тез тозатын бөліктердің болуы ықтимал деген қатерді төмендететін неше түрлі күрделі сынауларды жақсы дамытылған лабораторияларда жасап отырады.

Кепілдіктерді қорғаныс ретінде нендей шешім ұсынатындығын толығымен түсінбестен бере береді. 3 жыл кепілдік. 5 жыл кепілдік. Бұлар қолданушылар үшін нені білдіреді?

 

1.4 Интерактивтік тақтаның құрылымдық элементтері

 

    Интерактивті тақта -  бұл компютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құрылғыларды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады .

     Ақ тақта режимі -  ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оның ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұынды суретті пайдалануға болады. Екінші режимі – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын даярлауға ыңғайлы. Үшінші режим – тақтаның интерактивті режиміндегі жұмыс. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Соларға қысқаша шолу жасайық. 

Interwrite Board интерактивті тақтасы

(ертеректе GTCO Interwrite SchoolBoard) GTCO CalсComp Inc. (АҚШ) негізіндегі технология «электромагнетик», жоғарғы мүмкіндіктерге қол жеткізетін, ең жоғарғы жылдамдықтағы және қолжазба мәтінін нақтылайтын, сонымен бірге ұзақ жылдар бойы қолдануға болады. Бұл тақтада дәстүрлі сызу құралдары қолдануға болады (сызғыш, транспортир, бұрыштама және т.б.) геометрия, алгебра, сызу, физика және т.б. кеңінен қолданылады. АҚШ (7125 Riverwood Drive Columbia, MD 21046, USA)заводында жасалынған тақтаның беті бүлінбейді, соған байланысты бұл тақта білім мекемелерінде үлкен сұраныста.

Информация о работе Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері