Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 13:02, дипломная работа
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
Кіріспе .....................................................................................................3
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері
1.1 Ақпараттық технологияларына қысқаша сипаттама……………….......................................................................5
1.2 Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері...............................................................................................11
1.3 Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қолдану тәжірибесі...............................................................................................17
1.4 Интерактивтік тақтаның құрылымдық элементтері...................21
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Информатика және қолданбалы математика кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«____» ___________ 2011 ж.
кафедра меңгерушісі,
тех.ғ.к., доцент
_____________ Г.И.Салғараева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері
050111- Информатика мамандығы бойынша
Орындаған
Ғылыми жетекшісі,
Алматы, 2011 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .............................. 1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері 1.1 Ақпараттық технологияларына қысқаша
сипаттама………………............... |
3
5 | |
1.2 Информатика пәнін оқытудың негізгі
мақсаттары мен міндеттері.................... |
11 | |
1.3 Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың
қолдану тәжірибесі.................... |
17 | |
1.4 Интерактивтік
тақтаның құрылымдық элементтері...................
|
21 | |
2. Интерактивті
тақтаның мүмкіндіктерінің 1-Cабақ....................... 2-Cабақ....................... 3-Cабақ....................... 4-Cабақ....................... 5-Cабақ....................... 6-Cабақ....................... 7-Cабақ....................... 8-Cабақ....................... 9-Cабақ....................... 10-Cабақ...................... 11-Cабақ...................... 12-Cабақ...................... 13-Cабақ...................... 14-Cабақ...................... 15-Cабақ...................... |
39 | |
Қорытынды .............................. |
||
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі .............................. |
||
Кіріспе
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді.
Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.
Мұғалім қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалық түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады.
Тұжырымдарды және абстракциялы идеяларды түсіндіруде мұғалім үшін таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап талқылай алады.
Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді.
Материалдарды пайдалануда шығармашылық іс-әрекетте интерактивті тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды.
Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Сіз кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге көп уақыт құртпайсыз. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен материалдарды қайталауға болады.
Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Әрине, барлық қажетті бағдарламалармен компьютерде отырып жұмыс жасауға болады, сондай-ақ, экранның көлемі жұмыс жасауда барлық оқушылардың қатысуына мүмкіншілік бермейді., Бірақ, сіз сол материладарды интерактивтік тақта арқылы көрсете отырып, сыныптағы оқушылардың зейінін аудара аласыз.
Интерактивті тақта бұл ауыр паталогиялық және дамуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жасауда, психологиялық орталықтарда коррекциялық міндеттердің қажеттілігін, білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі
шапшаң жүріп жатқан жаһандану
үрдісі әлемдік бәсекелестікті
күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә.
Назарбаев Қазақстанның
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай
қазіргі қоғамды
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық
бірліктердің білімге айналуы
әлемнің жүйелік – ақпараттық
бейнесін оқушылардың
қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына, ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне,
оқушылардың жас
ерекшеліктері мен меңгеру
Қазіргі уақытта
жаратылыстану – ғылыми білім
беруде сабақ барысында
Білім берудегі
интерактивті технология – мұнд
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектептерде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр – ақпарат
ғасыры болғандықтан адамзатқа
компьютерлік сауаттылық қажет.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Информация о работе Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері