Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 13:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Инерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді, ыңғайлы, тиімді. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мүмкіндіктері
1.1 Ақпараттық технологияларына қысқаша сипаттама……………….......................................................................5
1.2 Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері...............................................................................................11
1.3 Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялардың қолдану тәжірибесі...............................................................................................17
1.4 Интерактивтік тақтаның құрылымдық элементтері...................21

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ.doc

— 2.32 Мб (Скачать документ)

 Әрбір елдің технологиялық  даму дәрежесіне оның экономикалық  қуаты мен халқының тұрмыс  деңгейі ғана емес, сол елдің  әлемдік қоғамдастықта алатын  орны, басқа елдермен экономикалық  және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

  Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық – технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.

Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз  байланыстағы білім беру жүйесінің  барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері  жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын (АКТ) меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.

Компьютерлік желілердің және басқа оның ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының арасындағы баламалары пайда болуынан білім беру жаңа сапаға ие болды. Ол бірінші кезекте жер шарының кез келген жерінен ақпараттарды жылдам алу мүмкіндігімен байланысты болды. Интернет ауқымды желісі арқылы әлемдік ақпарат ресурстарына (электрондық библиотекалар, мәліметтер қоры, файлдар қоймалары және т.б.) жылдам қол жеткізуге мүмкіндік бар. Интернеттің әйгілі ресурсы – WWW бүкіл әлемдік өрмегінде екі миллиардтай мультимедиялық құжаттар жарияланған.

Желіде АКТ-ның басқа  да құралдарын пайдалануға мүмкіндіктер бар. Олардың қатарына электрондық  пошталарды, сілтемелер тізімдерін, жаңалықтар топтамаларын, чаттарды жатқызуға болады. Нақты уақыт режимінде сұхбаттасу үшін байланыс орнатылғаннан кейін  дыбысты, суреттерді, пернетақтадан еңгізілген мәтінді және кез келген файлды жіберу мүмкіндігін беретін арнай программалар жасалынған. Бұл программалар жойылған қолданушылар бірігіп жергілікті компьютерде қосылған программалармен жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Компьютерлік желілер  арқылы жіберілетін мәліметтерді сығудың  жаңа алгоритмдерінің пайда болуынан дыбыс сапасы едәуір артты және кәдімгі  телефон желілеріндегі дыбыс  сапасына жуықтады. Осының нәтижесінде  жаңа АКТ құралы – Интернет –  телефония салыстырмалы түрде екпінді дами түсті. Арнайы программалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың көмегімен Интернет арқылы аудио және бейнеконференциялар өткізуге болады.

Телекоммуникациялық желілерде  ақпараттарды іздеу тиімділігін  қамтамасыз ету үшін жасалынған автоматтандырылған іздестіру құралдары бар. Олардың мақсаты – компьютерлік желілердің ақпарат ресурстары туралы мәліметтерді жинап, қолданушыларға жылдам іздеу қызметін ұсыну. Іздестіру жүйелері арқылы бүкіл әлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиялық файлдарды және программалық қамтамасыз етуді, адамдар және мекемелер туралы мекен-жайлық ақпаратарды іздеуге болады.

АКТ желілік құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпараттар алуға, консультациялы көмек беруді жылдам ұйымдастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын модельдеуге, нақты уақыт аралығында виртуальды сабақтар (семинарлар, дәрістер) жүргізуге үлкен мүмкіндіктер бар.

Қашықтан оқыту және ашық білім беру жүйелерінің көзқарасы  бойынша маңызды болып келетін  АКТ-ның бірнеше негізгі кластары бар. Бейнежазбалар мен телевидениялар осы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтан оқыту жүйесінде дыбыстық пошта кеңінен қолданылады. Қазіргі уақыттағы ақпараттық және коммуникация технологияларының асинхронды құралдарының танымал түріне ауқымды телекомуникациялық компьютерлік желілер жатады. Бұл байланыста Internet, Bitnet, TUNet сияқты халықаралық және ұлттық желілерді пайдаланудың білім берудегі өзектілігі белгілі.

 Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

 Қазақстанның тәуелсіз  мемлекет ретінде қалыптасуы  орта білім беру жүйесінің  дамуымен тығыз байланысты. Қай  халықтың, қай ұлттың болсын толығып  өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

  Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

 Мектепті ақпараттандыруға  осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

 «Қазіргі заманда  жастарға ақпараттық технологиямен  байланысты әлемдік стандартқа  сай мүдделі жаңа білім беру  өте қажет » деп, Ел басы  атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту  процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін  қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

 Оқушылардың интерактивті  құралдар көмегімен қалыптасатын  және жүзеге асырылатын ойлау  қабілеті бұрынғы технологиялар  арқылы берілетін ойлау жүйесінен  өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік  білімді жетілдіруге аса мән  берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

        Интерактивтік тақтасын қолдану  барысында мұғалімдер уақытты  қалай үнемдейді. 

Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте  зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

Сабақта мұғалім интерактивтік  тақтаны бір емес бірнеше рет  пайдалана алады, қарапайым тақтаға  қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек?

Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды.? Біз аталған сұрақтарға жауап  беруге тырысамыз.

Интерактивті тақта  оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар.

Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны  падаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта  дайындалу арқылы жақсы әсерге қол  жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Мұғалімдердің көрсетуінше  интерактивтік бағдарлама олардың  жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік  тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.

Оқу материалдар базасын  жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағында пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.

Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің  әр түрлі аспектілерін дамытуға болады.  Олар: ақпаратты өңдеу, оқытудың мотивациялық, коммуникациялық және танымдық аспектілері.

         Ақпараттық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпараттық-коммуникативтік қызметін төмендегі сызбадан көруге болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Білім беруді ақпараттандыру  барысында дидактикалық және  оқыту құралы болып компьютер  және интербелсенді тақта саналады. Сондықтан кез келген білім  беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі- бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Белсенді экран» болып табылады. Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға арналған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.

Интерактивтік тақтаны  дұрыс түсіну керек, ол сиқыршының таяғы  емес. Неге десең сабақтағы барлық мәселелерді өзі шешіп және сабақты еліктендіретін болған.

Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық  нұсқаулықты жақсы біліп, оны  сабаққа дайындалғанда қолданулары  керек.

Мұғалімдерге тағы басқа  да бағдарламалық құжаттар керек. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын-ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі.

Интерактивтік тақтада  бір уақытта бірнеше материалдарды  қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді. Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі, сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады.

 

    1. Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері

 

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :

-         Пән бойынша базалық білімді   меңгеру ;

-         Алған білімді жүйелеу ;

-         Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-         Жалпы оқуға деген ынтасын  арттыру

-         Оқушыларға оқу материалдарымен  өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік  көмек беру.

Бұл технологияны оқу  материалын хабарлау және оқушылардың  ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың  көпшілігі  естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Қазіргі кезде сабаққа  дайындалу барысында мұғалім  сабақ  мазмұны оқушылар үшін танымдылығы  жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті  материалды іздеу мен жүйелеуге  жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына   мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Информация о работе Интерактивті тақтаның информатика пәнін оқытудағы мүмкіндіктері