Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:37, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды:
1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері;
2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;
3. Қауіпсіздік техника ережелері;
4. Өрт және электр қауіпсіздігі;
5. Жедел жәрдем көрсету.
Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.

і

Содержание

1. Кіріспе
2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер
3. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері
4. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар (қағидаларын бекіту)

Прикрепленные файлы: 1 файл

Khimia_zertkhanasynda_t_1241_zhiribelerdi__1201_yymdastyru.docx

— 104.08 Кб (Скачать документ)

      168. Камераларда  жануарларға улау жүргізген кезде зерттелетін затты беру жануарларды камераға кіргізгеннен кейін және камераны мұқият тұмшалаудан соң басталады.

      169. Улау  үдерісі камерадағы тұрақты теріс қысым (су бағанасы бойынша 5-6 мм) кезінде жүргізіледі. Улау аяқталған соң зерттелетін затты камераға беруді жануарларды камерадан шығарудан 10-15 минут бұрын тоқтатады, камераны таза ауамен желдетеді және оның тұмшалауын ашу және жануарларды шығару жүзеге асырылады.

      170. Жануарлардың  әрбір өлген немесе союға мәжбүр болған жағдайы арнайы журналда тіркеледі. Тәжірибелік және қолданылмаған жануарлардың өлекселері акті ресімделе отырып, әкімшілік бөлген жауапты адамның бақылауымен өртеледі.

      171. Жануарларды  виварийден зертханаға жеткізу және кері апару арнайы дезинфекцияланған торларда жүзеге асырылады. Егеуқұйрықтар мен тышқандар виварийде күтіп-ұсталған торларында тасымалданады. Жарақаттанудың (тырнау және тістеудің) алдын алу мақсатында зертханалық жануарлармен барлық әрекеттер арнайы станоктарда және қолғаптарды киіп жүргізіледі.

      172. Ауру  жұқтырған жануарларды күту кезінде  әрбір торды тазалағаннан кейін резеңке қолғаптарды қолдан шешпей, дезинфекциялық ерітіндіге батыра отырып залалсыздандырылады.

      173. Виварий  қызметкерлері арнайы киіммен (халаттар, алжапқыш, қалпақ, резеңке қолғап) қамтамасыз етіледі.

      174. Уытты  заттармен жұмыс жүргізілетін токсикологиялық зертхананың үй-жайларында тамақ ішуге және темекі шегуге жол берілмейді.

 

11. Радиологиялық зертханадағы  жұмыс жағдайларына және

радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      175. Сәуле  көздерімен жұмыс істеуге (А тобының  персоналы) 18 жасқа толған, медициналық қарсы айғақтары жоқ, нұсқамадан өткен және қауіпсіздік қағидаларына білімі тексерілген адамдар жіберіледі. Білімін тексеру нәтижесі журналда тіркеледі.

      176. Радиологиялық  зертханалар басқа үй-жайлардан  оқшауланып, ғимараттың жеке бөлігінде  немесе бөлек қабатта орналасуы  тиіс. Зертхананың үй-жайлары лас және таза аймақтарға бөлінеді және қабылдауға, дозиметрлік бақылауға және сынамаларды бөлуге арналған ортақ үй-жайлар бөлінеді.

      177. Лас аймақта:

      1) сынамаларды  дайындауға, сақтауға және күлдеуге арналған үй-жай;

      2) радиохимиялық  зерттеуге (лас аймақ);

      3) ыдыстарды, контейнерлерді, жабдықтарды, киім-кешекті  және арнайы киімдерді дезактивациялауға арналған үй-жайлар орналасады. Лас және таза аймақтардың арасында санитариялық өткізгіш көзделеді.

      178. Таза  аймақта:

      1) сынамаларды  дайындауға, сақтауға және күлдеуге арналған үй-жай;

      2) радиохимиялық  зерттеулер (таза аймақ) орналасады.

      179. Жұмыс  үй-жайлары бокстармен, камералармен, каньондармен немесе басқа тұмшаланған жабдықтармен жабдықталады.

      180. Жылыту, газбен жабдықтау, сығылған ауамен, су құбырымен жабдықтаудың жалпы  жүйелерін басқару және топтық  электр қалқандары жұмыс үй-жайларынан  шығарылуы тиіс.

      181. Ауаның  радиоактивті ластану мүмкіндігіне  байланысты (ұнтақтармен жұмыстар, ерітінділерді булау, эманациялаушы  және ұшпа заттармен жұмыс) жұмыстар  ауа шығару шкафтарында және  жеке жұмыс үстелдерінде жүргізіледі.

      182. Радионуклидтердің  жұмыс үй-жайларына және қоршаған  ортаға органикалық түсуі статикалық (жабдықтар, үй-жайдың қабырғалары және жабындары) және динамикалық (желдету және газ тазарту) кедергілерін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

      183. Жабдықтар, аспаптар және жиһаздар әр аймақтың үй-жайларына бекітіліп қойылады және таңбаланады. Оларды бір аймақтың үй-жайынан екіншісіне беруге радиациялық бақылаудан кейін таңбасын ауыстыра отырып жол беріледі.

      184. Құрамында  калибрлі жабық сәуле көздері  кіретін аспаптарға, иондалған сәуле  көздерін өндіретін құрылғыларға  бөгде адамдардың қол жетімдігіне  жол берілмейді. Зертханаларда иондаушы  сәуле көздерінің сақталуы қамтамасыз  етілуі тиіс.

      185. Көздерді, радиоактивті заттарды, шыны ампулаларға балқытып жабылған радий тұздарының сұйық ерітінділерін, альфа және бета эталондарды зертханаға бұйрық бойынша жауапты адам қабылдайды және есепке алады, сейфте сақтайды.

      186. Радиологиялық  зертханада мынадай қауіпсіздік  қағидалары сақталуы тиіс:

      1) радиоактивті  препараттармен және ластанған  сынамалармен жұмыс істеу кезінде  манипуляторлар қолданылады, оларға қолмен жанасуға жол берілмейді;

      2) радиоактивті  заттармен, ластанған сынамалармен  әрекеттер жеңіл дезактивацияланатын беттерде жүргізіледі;

      3) радиоактивті  ластанған сынамалармен жүргізілетін  барлық жұмыстар қолғаппен, бахилада  және арнайы киіммен орындалады;

      4) радиоактивті  заттармен жұмыс істеу кезінде  пластикалық үлдірлермен, сүзгіш  қағаздармен және бір рет қолданылатын материалдармен жабылған, нашар сорғытатын материалдан жасалған стаушалар және тұғырықтар пайдаланылады;

      5) радиоактивті  заттарды, ластанған сынамаларды  ауыстырып құю, булау, ауыстырып  салу, сондай-ақ радиоактивті заттардың  ауаға түсуі мүмкін басқа операциялар  ауа шығару шкафтарында жүргізіледі. Шкафтағы желдету жұмыс басталғанға  дейін қосылады, жұмыс ойықтарындағы  ауаның жылдамдығы кемінде 1,0 м/сек  болуы тиіс;

      6) радиоактивті  заттармен жұмыс аяқталғаннан  кейін қызметкерлер қолдарын  жылы сумен сабындап мұқият  жуады, содан кейін қолдарының  тазалығына дозиметрлік тексеру  жүргізіледі. Зертханадан шығатын  кезде шешілген қолғаптар, бахилалар, арнайы киімдер арнайы кір жуатын орынға жіберіледі;

      7) радиоактивті  ластанған сынамаларды зерттегеннен  кейін барлық сұйық немесе  қатты қалдықтар арнайы ыдыстарға жиналады. Қолданылған зертханалық ыдыс ағынды судың астында мұқият жуылады және дезактивациялық ерітіндімен (5% лимон қышқылының ертіндісімен, 10% тұз немесе азот қышқылының ертіндісімен) өңделеді, содан кейін қайтадан ағынды сумен жуылады. Мұқият тазартудан және жуудан кейін ыдыстар кептіргіш шкафтарда кептіріледі. Ыдыстарды дезактивациялау радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі;

      8) барлық  үй-жайларда күн сайын ылғалды  жинау жүргізіледі.

      187. Радиоактивті  заттар, сақтау барысында радиоактивті  газдар, булар немесе аэрозолдар  бөлуі мүмкін құрамында көп мөлшерде радиоактивті заттар бар сынамалар ауа шығаратын шкафтарда, бокстарда, камераларда өртенбейтін материалдан жасалған жабық ыдыстарда сақталады.

      188. Радиоактивті  сұйықтық құйылған шыны сыйымдылықтар  металл немесе пластмасса ыдыстарға орналастырылады.

      189. Қалдықтарды  жинау және тасымалдау үшін  мыналар қолданылады:

      1) қатты  радиоактивтік қалдықтар үшін  контейнерлер, пластикалық немесе қағаз қаптар;

      2) сұйық  радиоактивтік қалдықтар үшін  контейнерлер және арнайы цистерналар.

      Контейнерлердің  сыртқы бетіне радиациялық қауіпсіздік  белгісі қойылады және радиоактивті  қалдықтың түрін, олардың радионуклидтік құрамын және белсенділігін көрсететін бирка бекітіледі.

      190. Контейнерлерді, аспаптарды, ыдыстарды, жабдықтарды  дезактивациялау үшін арнайы  үй-жай бөлінеді. Дезактивация радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі.

      191. Радиоактивтік  қалдықтарды уақытша сақтау және  ұстау үшін қолданыстағы нормативтік  құқықтық актілердің талаптарына  жауап беретін арнайы үй-жайлар  бөлінеді және жабдықталады.

      192. Лас және  таза аймақтарда жұмыс орнына  нәтижелері журналда тіркелетін  дозиметрлік бақылау және персоналға  жеке дозиметрлік бақылау жүргізіледі. Лас аймақта сынамалармен жұмыс  кезінде үш негізгі қорғау  қағидалары сақталуы тиіс: "уақытпен", "қашықтықпен", "экрандаумен" қорғау.

      Радиоактивтік  заттармен жұмысты жалғастыруға кедергі болатын денсаулық жағдайында ауытқу анықталған кезде осы адамдар иондалған сәуле көздерімен жанаспайтын жұмыстарға уақытша немесе тұрақты ауыстырылады.

      193. Зертханада  дезактивациялайтын заттардың авариялық  қоры болуы тиіс.

 

12. Биологиялық материалмен  жұмыс уақытында аварияларды

жою кезіндегі іс-әрекеттерге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      194. Патогендігі I-II топтағы қоздырғыштармен жұмыс  жүргізетін әрбір ұйымда, қызметкерлерде ауруға күдікті симптомдар анықталған және аварияға жол берілген жағдайда қызметкерлерге арналған изолятор болуы тиіс.

      195. Изоляторда  өмірлік көрсеткіштері (кардиологиялық, шокқа қарсы, антидоттар) бойынша көмек көрсету үшін негізгі және резервтегі ерекше дәрілік препараттардың және дезинфекциялық құралдардың қоры көзделеді.

      196. Биологиялық  материалмен жұмыс уақытында  авария болған жағдайда тез  арада тоқтатылады және авариялық  дабыл қосылады.

      197. Жұқпалы материалдың шашырауы арқылы авария пайда болған жағдайда бөлмеде жүргізілетін барлық жұмыстар тоқтатылады. Қорғаныш киімдерін (орамал немесе шлемнен бастап) дезинфекциялық ерітіндіге батырады немесе бикске (бакқа) автоклавтау үшін орналастырады. Көзге, мұрынға қоздырғыш сезімтал болып келетін антибиотик ертінділерін тамызады. Терең микоздардың қоздырғыштарымен жұмыс кезінде авария болған жағдайда көзге және мұрынға 1% бор қышқылын тамызады, ауыз бен тамақты 70о этил спиртімен шаяды.

      198. Ботулиндік  уыттармен авария кезінде көзді  және ауызды сумен және 1 миллилитрде 10 халықаралық бірлікке дейін  ерітілген уытқа қарсы сарысумен жуады. Ботулиндік уыттар терінің ашық учаскелеріне түскен жағдайда оны көп мөлшердегі сумен сабындап жуады.

      199. Егер  авария белгісіз қоздырғышпен  жұмыс кезінде болса, кең спектрлік әсері бар антибиотиктермен профилактикалық емдеу жүргізіледі.

      200. Егер  авария биологиялық материалдың  шашырауынсыз өтсе, биологиялық  материалмен жанасқан жабдықтың  бетіне дезинфекциялық ерітіндімен  тампон (салфетка) қойылады.

      201. Егер  авария бокста (немесе БҚБ-да) өтсе – жұмысты тоқтатады, материал түскен жерге дезинфекциялық ерітіндіге молынан батырылған салфетканы жабады. Бокстың ішінде 30 минутқа бактерицидті шамдарды қосады, авариялық дабылды қосады, содан кейін дезинфекциялау жүргізеді. Ауа шығаратын желдеткіш авария және дезинфекциялау кезінде қосылып тұруы тиіс.

      202. Егер  авария жарақат алумен немесе  тері жабыны тұтастығының басқа да бұзылуына байланысты болса:

      1) жұмысты  тоқтатады, қолдарын дезинфекциялық  ерітіндімен өңдейді, қолғапты шешеді  және жарадан дезинфекциялық  ерітіндіге қанын қысып ағызады, жарақат орнына 4-5 минутқа дезинфекциялық ерітіндіден немесе 70о этил спиртінен компресс қояды;

      2) күйдіргі  қоздырғышымен жұмыс кезінде  жарақат орнын сумен сабындап  мұқият жуады және дезинфекциялық  ерітіндіні қолданбастан йод  жағады;

      3) терең  микоз қоздырғыштарымен авария  кезінде жарақат орнын тиісті дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді, сумен сабындап жуады, йод жағады;

      4) патогендігі I-II топтағы вирустармен жұмыс  кезінде қанды құрғақ стерилді салфеткаға қысып ағызады және дезинфекциялық ерітіндіні қолданбастан йод жағады;

Информация о работе Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру