Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:37, курсовая работа
Краткое описание
Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды: 1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері; 2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы; 3. Қауіпсіздік техника ережелері; 4. Өрт және электр қауіпсіздігі; 5. Жедел жәрдем көрсету. Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.
і
Содержание
1. Кіріспе 2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер 3. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері 4. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар (қағидаларын бекіту)
104. Жұқпалы
аймаққа кіру жуынатын себезгісі
немесе шлюзі бар санитариялық
өткізгіш арқылы жүзеге асырылады,
ол жерде қорғаныш киімдері
киіледі. Шлюзде жұмыс істеген
уақытта бактерицидті шам қосылуы
тиіс.
105. Шлюздерге
кіретін есіктер өздігінен жабылатын
болуы және құлыптармен қамтамасыз
етілуі тиіс. Жұмыс уақытында жұқпалы
аймақтағы үй-жайлардың есіктері жабық
болуы тиіс. Бұл уақытта вирусологиялық
боксқа кіруге және шығуға жол берілмейді.
Басқа үй-жайлармен байланыс жасау үшін
телефон немесе сөйлесу құрылғылары қолданылады.
106. Биологиялық
материалдарды сақтау тұмшаланған,
төменгі температураға төзімді,
сынбайтын контейнерлерде жүзеге
асырылуы тиіс, олар температурасы
төмен шкафтарға немесе сұйық азот құйылған
ыдыстарға орналастырылады.
107. Биологиялық
материалды технологиялық желілер,
сақтау қоймасы аралығында тасымалдау
тұмшаланып жабылатын, ылғал өтпейтін,
залалсыздандырылатын контейнерлерде
жүргізілуі тиіс.
108. Вирусологиялық
зертхананың барлық қалдықтары,
пайдаланылған жуынатын себезгі
сулары залалсыздандырылуы тиіс.
109. Жұмыс
кезінде персонал 2 типті обаға
қарсы костюмді қолданады, тауық
эмбриондарын, жануарларды, экопаразиттерді
жұқтыруды, биологиялық материалды
центрифугалау және вакуумдық
кептіруді 1 типті қорғаныш костюмімен
жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан
кейін гигиеналық себезгі қабылдайды.
6. Зертханада терең микоздар
қоздырғыштарымен жұмыс кезіндегі
110. Мицелиалды
фазадағы өсірінділермен әрекет
жасау, грибоктардың өміршеңдігінің
барлық фазаларын зерделеу БҚБ-да
жүргізілуі тиіс.
111. Егер
жұмыс кезінде бокста ауаны
сору тоқтап қалса, онда жұмыс
та бірден тоқтатылады. Аптасына
кемінде бір рет бокстың ауасына бактериологиялық
зерттеу, сүзгіштің жұмысына айына бір
рет бақылау жүргізіледі.
112. Мицелиалды
фазадағы өсірінділерді егу бокстарда
физиологиялық ерітіндімен немесе
сорпамен түтікке және матрасқа алдын
ала енгізгеннен кейін жүргізіледі. Өсірінділер
шайындысы барысында сұйықтықты матрасқа
ұзын инесі бар шприцпен түтік арқылы
енгізеді. Өсірінділерді металл сыйымдылықтарда
инкубациялайды.
113. Грибоктардың
мицелиалды фазасымен жұмыс істеу
кезінде агар пластинкаларын
себінділерімен 5 тәуліктен аспайтын
уақытқа (спора пайда болғанға
дейін) термостатта ұстайды, себінділері
бар матрастарды, түтіктерді бокстан
тыс жерде ашпайды. Бокстарда себінділерді
қарау 4 типті костюммен, мақта-дәке бетпердесін
киіп жүргізеді. Грибоктардың ашытқы фазасымен
жұмысты бокста бетпердемен 3 типті костюммен,
серологиялық зерттеуді – 4 типті костюммен
жүргізеді.
114. Грибок
жүзгіндерінің жасушалық элементтерін
есептеу алдында автоклавтайды
немесе 10% дейінгі формалинді қосады
және термостатта 37оС температурада
2 сағат ұстайды.
115. Антигендерді,
вакциналарды алу мақсатында
өсірілген грибоктарды 30 минут бойы 0,5
атмосфера жағдайында немесе формалинді
ақырғы шоғырлануына дейін 0,5% қоса отырып,
автоклавтау арқылы залалсыздандырады.
116. Ішінде
стробила, онкосфера, жұмыртқалар, құрттар,
ересек гельминттер мен ішек
қарапайымдылары болуы ықтимал
материал тығыз жабылатын қақпағы
бар шыны немесе пластикалық
ыдыста жеткізілуі тиіс.
117. Гельминттердің,
ішек қарапайымдыларының және
қан паразиттерінің болуына зерттеуді
және дайындауды ауа шығару
шкафында жүргізеді. Байыту әдістерін
қолдану арқылы зерттеуге арналған
зертханалық ыдыс кюветте орнатылады.
Зерттеу үшін дайындалған препараттар
арнайы подностарға қойылып, жағындылар
бар заттық шынылардың астына көлемі үлкен
шыныларды салады.
118. Зерттелетін
материалмен, ыдыспен, жабдықпен жасалатын
барлық әрекеттер резеңке қолғаппен
жүргізіледі.
119. Пайдаланылған
тамшуырлар, түтіктер, капиллярлар, заттық
және жабынды шынылар дезинфекциялануы
тиіс.
120. Гельминттерді
жұқтыруы ықтимал материал жеке
тоңазытқышта сақталуы тиіс, ол жұмыс
күнінің соңында сүргіленеді.
8. Патогендігі I-IV топтағы
микроорганизмдермен жүргізілетін
жұмысқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
121. Меншік
нысанына қарамастан зертхананың
патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен
және гельминттермен жүргізілетін
жұмысқа осы санитариялық қағидаларға
3-қосымшаға сәйкес биологиялық
қауіпсіздік талаптарын сақтауды
бақылау жөніндегі тиісті комиссияның
рұқсаты болуы тиіс.
122. Биологиялық
қауіпсіздік талаптарын сақтауды
бақылау жөніндегі комиссия (бұдан
әрі – режімдік комиссия) туралы ережені
және орталық режімдік комиссияның құрамын
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
орган бекітеді. P08000078.
1) патогендігі
I-IV топтардың микроорганизмдеріне
және гельминттерге: ғылыми-зерттеу
институттарына (Ғылыми орталық), республикалық
ауруханалық ұйымдарға, облыстық, қалалық
(Астана, Алматы) санитариялық-эпидемиологиялық
сараптама орталықтарына, обаға қарсы
күрес станцияларға, сондай-ақ республикалық
және облыстық маңызы бар басқа ведомстволардың
мекемелеріне – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы уәкілетті
органының орталық режімдік комиссиясы
(ОРК);
2) патогендігі
І-ІІ топтағы микроорганизмдермен:
эпидемияға қарсы жасақтардың
зертханаларына – тиісті обаға
қарсы станция;
3) патогендігі
ІІI-IV топтағы микроорганизмдермен
және гельминттермен: қалалар мен
аудандардың аумақтарында орналасқан
зертханаларға – облыстық мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
органы жанындағы тиісті режімдік комиссия
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік, өндірістік,
далалық және диагностикалық жұмыстарды
жүргізуге беріледі.
125. Режімдік
комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық
сараптама орталықтарының мамандары енеді.
Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен
және гельминттермен жұмыс жүргізуге
рұқсат 5 жылға мынаның негізінде беріледі:
1) үй-жайлардың
тағайындалуы көрсетілген зертхананың
схемасы және таза, жұқпалы ағындар
қозғалысының схемасы қоса берілген зертхананы
оның бейініне сәйкес режімдік комиссия
мамандарының тексеру актісі;
2) ұйым (орталық,
зертхана) басшысының өтініші;
3) орындалатын
зерттеулер номенклатурасы, материалдық
база, кадр құрамы және персоналдың
кәсіби дайындығы көрсетілген түсіндірме
жазба;
4) зертхананың
бейініне сәйкес ОРК сарапшыларының
қорытындысы.
126. Патогендігі
I-IV топтағы микроорганизмдер мен
гельминттердің қоздырғыштарын
жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал
материалмен жұмыс жүргізуге
берілетін рұқсаттың шарттары мыналар
болып табылады:
1) мамандардың
жұмысқа тұру алдында алдын
ала және мерзімдік медициналық
тексеруден өтуі;
2) профилактикалық
егулер алуы (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы
профилактикалық егулер жүргізілетін
аурулар тізбесі бойынша, сондай-ақ
егулер жүргізу ережелеріне және
жоспарлы егуге жататын халықтың
топтарына сәйкес).
127. Патогендігі
І-ІІ топтағы қоздырғыштарды жұқтырған
немесе оларды жұқтыруы ықтимал
биологиялық материалмен жұмыс
істеуге берілетін рұқсаттың шарттары
мыналар болып табылады:
1) қызметкерлердің
эпидемиология, бактериология, вирусология,
паразитология және аса қауіпті
инфекциялар бойынша маманданудан өтуі;
2) патогендігі
І-ІІ топтағы қоздырғыштарды жұқтырған
немесе оларды жұқтыруы ықтимал
материалмен жұмыс істеу кезінде
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
мен қауіпсіздік техникасын білуіне, ұйым
басшысының бұйрығымен ресімделген мерзімдік
(екі жылда бір реттен жиі емес) аттестаттаудан
өтуі.
128. Инженерлік-техникалық
қызметкерлердің үй-жайларға тұрақты
баруына зертханада жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік техникасы
бойынша олар арнайы нұсқамадан
өткеннен кейін ұйым басшысының
өкімімен рұқсат беріледі.
Олар келген
кезде зертханада жұқпалы немесе
жұқтыруға күдікті материалмен жұмыс
тоқтатылады. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің
үй-жайларды аралауы зертхана қызметкерінің
біреуі ілесе жүруімен жүзеге асырылады
және арнайы журналда еркін нысанда тіркеледі.
9. Химиялық заттармен
және улармен жұмыс жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
129. Зертханаларда
арнайы (зақымдалмаған) химиялық ыдыстар
пайдаланылады. Химиялық ыдыстар
таза және құрғақ күйінде пайдаланылады.
Суда ерімейтін органикалық заттар ыдыстан
органикалық еріткіштермен кетіріледі.
Ыдыстарды
химиялық әдістермен тазарту
үшін хромдық қоспа, күкірт қышқылы
және сілтілердің ерітінділері қолданылады.
Ыдыстар мұқият тазартылғаннан және жуылғаннан
кейін арнайы кептіргіш шкафтарда кептіріледі.
130. Шыны
материалдарынан жасалған аспаптарды
жинау бойынша жұмыстарды жүргізу
кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) диаметрі
үлкен емес шыны түтікшелер шыны
кесуге арналған арамен кескеннен кейін
сынады;
2) шыны түтікшелердің
ұштарын жинауды жеңілдету үшін олар балқытылады
және сумен немесе глицеринмен ылғалдандырылады;
3) шыны ыдыстармен
жұмыс істеу барысында жарақат
алғанда (кесіп алғанда) жараны шынының
сынықтарынан тазартады, түскен химиялық
затты бейтараптандырады немесе теріден
тиісті ертіндімен немесе суға батырылған
тампонмен сіңіріп алынады.
131. Жабдықтарда
жұмыс кезінде мынадай талаптар
сақталады:
1) жинақталған
аспапты оның жарамдылығын алдын
ала тексермей пайдалануға және
жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз
қалдыруға жол берілмейді;
2) қайнау
температурасы плюс 150оС жоғары
заттарды айдау барысында ауамен
салқындататын тоңазытқыш қолданылады;
3) сумен
салқындататын тоңазытқышпен жұмыс
кезінде судағы токтың үздіксіздігі
бақыланады;
4) реакциялық
қоспаны қайнатуға дейін қыздырған
кезде түбі дөңгелек қабырғасы жұқа құтылар,
сұйықтықтарды айдау үшін арнайы түбі
дөңгелек құтылар (Вюрц, Кляйзен құтылары,
екі немесе үш ауызды құтылар) қолданылады;
5) вакуум
астындағы жұмыстар үшін түбі
жайпақ құтыларды, сондай-ақ плюс
100 оС жоғары температурада пайдалануға
жол берілмейді;
6) вакуум
астынан сорып алу үшін қалың
шыныдан жасалған Бунзен құтысы қолданылады.
Шар түріндегі емес, жұқа қабырғалы ыдыстарды
вакуумның астына қоюға жол берілмейді.
Вакуумның астында жұмыс істеуге арналған
ыдыстар алдын ала ең көп сұйылтылуға
сыналады. Сынақ жүргізу алдында ыдысты
темір тормен орайды;
7) сұйықтықты
түтікте немесе құтыда қыздыру кезінде
құтыны арнайы ұстағышпен, оның тесігін
жұмыс істейтін адамнан басқа жаққа бағыттап
ұстайды;
8) жұқа қабырғалы
ыдысты тығынмен жапқан кезде
тығынға жақын болатын мойнының жоғарғы
бөлігінен ұстайды. Ысыған ыдысты кептелген
тығынмен салқындағанға дейін жабуға
жол берілмейді;
9) тотықтарды
жою темір сульфатының сулы ерітіндісімен
сілкілеу арқылы жүргізіледі;
10) көгертетін
қышқылмен және оның тұздарымен,
диметилсульфатпен, алмаспен, фосгенмен,
хлормен, броммен, азот тотығымен, диазометанмен,
күкірт сутегімен жүргізілетін жұмыс
резеңке қолғаптарды және қажет болған
жағдайда шаңтұтқышты қолданып ауа шығару
шкафында орындалады;