Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:37, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды:
1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері;
2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;
3. Қауіпсіздік техника ережелері;
4. Өрт және электр қауіпсіздігі;
5. Жедел жәрдем көрсету.
Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.

і

Содержание

1. Кіріспе
2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер
3. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері
4. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар (қағидаларын бекіту)

Прикрепленные файлы: 1 файл

Khimia_zertkhanasynda_t_1241_zhiribelerdi__1201_yymdastyru.docx

— 104.08 Кб (Скачать документ)

      2) тірі вирустармен  серологиялық зерттеулер, тін өсіріндісінің  әртүрлі алғашқы және қайта  себілетін желілерін дайындау, клиникалық  материалдарды алғашқы өңдеу БҚБ-да жүргізіледі;

      3) бокстағы  жұмыстар стерилді киіммен (халаттар, орамалдар, маскалар) және бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізілуі тиіс. Жасушалық желілерді тарату және инфекциялық материалмен жұмыс істеу резеңке қолғаппен орындалады;

      4) ПБА бар  сыйымдылықтар дезинфекциялық ерітіндіге  батырылған көп қабатты салфетка жабылған табаққа немесе астауға орналастырылады.

      75. Адамдар  қанындағы сарысулардың антигенін  анықтауға немесе патогендігі II топтағы қоздырғыштардың антиденелерін  анықтауға зерттеулер жеке бокстарда  құрамында тірі микроорганизмдер жоқ диагностикумдарды қолданып жүргізеді.

      Қан сарысуын  центрифугалау арқылы бөліп алу  бокста немесе БҚБ-да жүргізіледі.

      76. Патогендігі I топтың микроорганизмдерімен жұмыс  бокстарды өзара жалғастыратын  жүйемен жарақталған арнайы тағайындалған  зертханаларда жүргізіледі. Жұқпалы  аймақтағы үй-жайларда есіктері  автоматты түрде блокталатын  өткізгіш автоклав орнатылады.

      77. Биологиялық  материалды сақтау төменгі температураға  шыдамды, төменгі температурадағы  шкафтарға немесе сұйық азотты  ыдыстарға орналастырылған сынбайтын, тұмшаланған контейнерлерде жүзеге  асырылады.

      78. Биологиялық  материалды технологиялық желілер  арасында немесе қоймаларға тасымалдау  залалсыздандыруға жататын, тұмшаланып  жабылатын ылғал өтпейтін контейнерлерде  жүргізіледі.

      79. Жұқтырылған  немесе патогендігі I-II топтағы вирустарды  жұқтыруы ықтимал материалмен  жұмыс кезінде персонал обаға  қарсы 2 типті костюмді қолданады, тауықтың эмбриондарын, жануарларды, эктопаразиттерді жұқтыру, биологиялық  материалды центрифугалау және  вакуумдық кептіру кезінде 1 типті  қорғаныш костюмінде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін персонал  гигиеналық себезгі қабылдайды.

      80. Кептірілген  риккетсий өсіріндісі бар ампуланы  ашу, риккетсийдің биомассасын гомогендеу 2 типті қорғаныш костюмінде БҚБ-да жүзеге асырылады.

      81. ЖИТС  орталықтарының зертханаларында  АИТВ-жұқтырғандардың қан сарысулары  үлгілерінің банкін" ұйымдастыру  үшін жеке бөлме көзделеді. Бөлме 2-камералық минустық (минус 40оС) тоңазытқыштармен  жабдықталады, құлыппен жабылады  және сүргі салынады.

      82. Мицелиалды  өсірінділермен зерттеу жүргізу кезінде мынадай шарттар сақталуы тиіс:

      1) мицелиалды  фазадағы өсірінділермен жұмыс бокстан шығатын және кіретін ауаны тиімділігі жоғары сүзгіштер арқылы сүзуді қамтамасыз ететін желдету жүйесі бар тұмшаланған бокста жүргізіледі;

      2) жұмыс  басталу алдында 15 минут бұрын  бокста бактерицидті сәулелегіштерді  және сыртқа шығару желдеткіш  жүйесін қосады. Боксты тиеген  кезде желдеткішті ажыратады. Егер  бокстағы жұмыс кезінде ауаны  сору тоқтатылса, жұмысты жедел  тоқтатады. Бокстың ауасына бактериологиялық  зерттеу тоқсанына бір реттен кем емес, сүзгіштің жұмысына бақылау айына бір рет жүргізіледі;

      3) мицелиалды  өсірінділерді себу бокстарда  өсірінділерді алдын ала түтіктерге және матрастарға физиологиялық ертіндімен немесе сорпамен енгізгеннен кейін жасалады. Өсіріндінің шайындысы жағдайында сұйықтықты матрастарға ұзын инесі бар шприцпен түтік арқылы енгізеді. Себінділерді металл сыйымдылықтарда инкубация жасайды;

      4) грибоктардың  мицелиалды фазасымен жұмыс істеу  кезінде себінді бар агарлық  пластинкалар термостатта 5 тәуліктен  асырмай ұсталады (споралардың пайда  болғанына дейін), себінді бар  матрастар, түтіктер бокстың сыртында ашылмауы тиіс. Себінділерді қарау бокстарда 4 типті костюмде мақта-дәке бетпердесімен, бокстағы грибоктардың ашытқы фазасымен жұмыс 3 типті костюмде, бетпердемен, серологиялық зерттеулер 4 типті костюмде жүргізіледі;

      5) жасушалық  элементтерді есептеу алдында, грибоктардың  жүзгінің автоклавтайды немесе  оған 10 % формалин қосып, әрі қарай термостатта 37оС температурада 2 сағат ұстайды.

      83. Жұмысқа  тұру кезінде және одан әрі жыл сайын зертхананың барлық қызметкерлері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізілуі тиіс.

      84. БҚБ-да  жұмыс басталар алдында сыртқа  шығару желдеткіші іске қосылуы  тиіс. Материалды тиеу теріс қысымда  жүргізілуі тиіс.

      85. Сыртқа  шығару шкафында жұмыс кезінде  соратын тесіктің астына басын  тосуға, тез буланатын сұйықтық  қайнап жатқан кезде немесе  құйылған ыдыстың үстінен еңкеюге  жол берілмейді.

      86. Зертхана  үй-жайларында:

      1) жағылған  оттықтарды және басқа да қыздыратын аспаптарды бақылаусыз қалдыруға, шүмектері жарамсыз оттықтармен жұмыс істеуге, оларды тез тұтанатын заттардың жанында ұстауға;

      2) жанып  тұрған оттықтар және қосылып тұрған электрлі қыздырғыш аспаптарының жанында кездейсоқ төгілген өртке қауіпті сұйықтықтарды жинауға;

      3) ақауы  бар желдеткішпен жұмыс жүргізуге;

      4) жұмыс  уақытында бокстың есігін ашуға;

      5) затбелгісі  жоқ реактивтерді сақтауға және  қолдануға;

      6) улы, қатты  әсер ететін, жарылыс қауіпті  заттарды және ерітінділерді  жұмыс орындарында және сөрелерде  сақтауға;

      7) жұмыс  үй-жайларында темекі шегуге, тамақты  сақтауға және ішуге;

      8) арнайы  киімсіз жұмыс істеуге;

      9) жылыту  құралдарында қандай да бір нәрсені кептіруге жол берілмейді.

      87. Қысыммен  жұмыс істейтін ыдыстарды орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану  Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасына сәйкес жүргізілуі  тиіс. Ыдыстар мен баллондар таңбалануы  және арнайы журналда еркін  түрде тіркелуі тиіс.

      88. Баллондарда  қысыммен тұрған газ түріндегі заттармен жұмыс істеу кезінде:

      1) оларды  жұмыс үй-жайларында сақтауға;

      2) талап  етілетін реттеусіз және баллонның  қондырғымен қосылуын тексерусіз  газды шығаруға;

      3) баллонның  вентилін тез ашуға

      4) вентильді  ашу кезінде вентиль штуцері  білігінің бағыты бойынша редуктордың  алдында тұруға;

      5) таңбаланбаған  баллондарды пайдалануға;

      6) оттегі  бар баллон үшін "Оттегі" деген  жазуы жоқ редукторды қолдануға  жол берілмейді.

      89. Жұмыс  уақытында сыртқа шығару шкафтарының  жақтаулары жабық болуы тиіс, көтеріңкі жақтаулар – құрылғылармен  мықты бекітілуі тиіс.

      90. Автоклавтар  мен термостаттарды пайдалану  кезінде мынадай талаптар орындалуы  тиіс:

      1) автоклавта  жұмыс істейтін адамға, егер онымен  екі және одан көп жұмыскер айналысса, пломбыланған бактар мен басқа да жұқпалы материал бар ыдысты қолхат арқылы тапсыру;

      2) автоклав  жұмысын бақылау журналын жүргізу;

      3) термостатқа  тез жанатын заттарды қоймау;

      4) реттейтін  құрылғылардың сақтандырғыш қалпақтарын  алмау.

      91. Тез жанатын  сұйықтықтарды 100оС дейін қыздыру  сулы моншада, 100оС-тан астам –  майлы моншада жүргізілуі тиіс. Тез жанатын сұйықтығы бар  колбаны біртіндеп алдын ала  қыздырмай, ыстық суға салуға  жол берілмейді.

      92. Спирттік  шаммен немесе тез жанатын  сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде  жұмыс орнында авариялық жағдайда  өртті тез сөндіру үшін тығыз  мата болуы қажет.

      93. Шыны  аспаптармен жұмыс істеген кезде:

      1) шыны аспаптарды  жинау немесе оның жекелеген  бөліктерін каучук көмегімен  қосу кезінде – қолды сүлгімен  қорғау; шыны түтікшелер сынған кезде түтікшені кесіндінің маңынан ұстау;

      2) каучук  кигізгенге дейін түтікшелер мен таяқшалардың ұштарын балқыту және сумен сулау, түтікшелер мен таяқшалардың ұштары балқыған кезде ұстағыштарды қолдану;

      3) шыны түтікшелерді резеңке тығындарға немесе резеңке түтікшелерге кигізген кезде (аспапты жинау кезінде) шыны түтікшені сыртынан алдын ала сулау және резеңке түтікшенің ішкі жақ жиектерін немесе саңылауларын сулы тығында сулау, глицеринмен немесе вазелин майымен майлау керек. Түтікшелердің өткір жиектері балқытылуы тиіс;

      4) шыны түтікшелерді немесе термометрді тесілген сынамаға орнатқан кезде соңғысын алақанмен тіремеу, ал бүйір жақтарынан ұстау қажет;

      5) қыздырылған  ыдыс салқындатылғаннан кейін  берік кептелген тығынмен жабу  керек.

      94. Сұйықтықтарды  ауыстырып құю кезінде (құрамында  инфекциялық аурулардың қоздырғыштары  бар сұйықтықтардан басқа) май  құйғыш қолдану қажет.

      95. Жұмыс  істеу барысында шыны аспаптардың  қызуы немесе оның сынуы мүмкін  жұмыстар сыртқа шығару шкафтарында  астауларда көзілдірікпен, қолғаппен және резеңке алжапқышпен орындалуы тиіс.

      96. Спирт, бензол, ацетон, бром, йод құйылған құтылар  берік кептелген шыны тығындармен, сілті құйылғандары бұрандалы  тығындармен жабылуы тиіс.

      97. Зертханада: жедел көмек қажеттілігі және  авариялық жағдайға дәрі қобдишасы болуы тиіс. Ботулиндік уыттармен жұмыс жүргізу кезінде – уытқа қарсы сарысулар болуы тиіс.

 

5. Зертханаларда вирустармен  жұмыс кезіндегі қауіпсіздікке

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      98. Зертхананың  жұқпалы аймағы бокстарында (немесе  БҚБ-да) мыналар жүргізіледі:

      1) жұқтыру  және жануарларды сойып ашу;

      2) инфекция  жұқтырған жануарларды күтіп-ұстау;

      3) центрифугалау, кептіру, дезинтеграциялау, аэрозол  түзуі ықтимал басқа да операциялар;

      4) жасушалар  және тауық эмбриондары өсірінділерін жұқтыру;

      5) жүзгіндер  дайындау;

      6) лиофилизацияланған  ПБА-мен жұмыс істеу;

      7) коллекциялық  штаммдарды жүргізу бойынша жұмыс.

      99. Тірі  вирустармен серологиялық зерттеу, бастапқы және қайта егілетін  тіндер өсірінділерінің сан алуан  жүйелерін дайындау, клиникалық  материалдарды бастапқы өңдеу  БҚБ-да жүргізілуі тиіс.

      100. БҚБ-да  жұмыс істеген кезде мақта-матадан  тігілген пижамалар, стерилді халаттар, орамалдар, бетперделер киілуі тиіс. Жасушалық жүйелерді культивациялау және жұқпалы материалмен жұмыс істеу резеңке қолғаппен орындалуы тиіс.

      101. ПБА бар  ыдыстар дезинфекциялау ерітіндісіне  батырылған қабатталған салфеткамен  жабылған дезинфекциялық табаққа немесе астауға орналастырылады.

      102. Адамдардың  қан сарысуларын антигендердің  болуына зерттеу немесе патогендігі  ІІ топтағы қоздырғышқа антиденелерді  анықтау кезінде мынадай шарттар  сақталуы тиіс:

      1) жұмыс  жеке үй-жайларда (бөлмеде, бокста) жүргізіледі;

      2) инфекциялық  емес (құрамында тірі қоздырғыштар жоқ) антигендерді (диагностикумдарды) қолдану;

      3) центрифугалау  арқылы қанның сарысуын бөлу  бокста немесе БҚБ-да жүргізіледі.

      103. Патогендігі  І-ІІ топтағы вирустармен жұмыс  арнайы арналған барлық зерттеулер  өзара қатынасатын БҚБ жүйесінде  жүргізілетін зертханаларда жүргізілуі  тиіс. Жұқпалы аймақтардың үй-жайларында  есіктері автоматты түрде жабылатын  өтпелі автоклав орнатылуы тиіс.

Информация о работе Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру