Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:37, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды:
1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері;
2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;
3. Қауіпсіздік техника ережелері;
4. Өрт және электр қауіпсіздігі;
5. Жедел жәрдем көрсету.
Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.

і

Содержание

1. Кіріспе
2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер
3. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері
4. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар (қағидаларын бекіту)

Прикрепленные файлы: 1 файл

Khimia_zertkhanasynda_t_1241_zhiribelerdi__1201_yymdastyru.docx

— 104.08 Кб (Скачать документ)

 

 

Мазмұны:

  1. Кіріспе
  2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер
  1. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері

  1. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық

 талаптар (қағидаларын бекіту)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру

Кіріспе

      Химия пәнін оқытуда, оның дамуында химиялық эксперименттің маңызы өте зор. Химиялық эксперимент – химияны оқыту барысында спецификалық әдіс. Сондықтан сарамандық, лабораториялық жұмыстардың негізгі мақсаты жаңа материалды жүйелеу, сарамандық іскерлік пен біліктерін қалыптастыру, әр-түрлі тәсілдерді менгертуді көздейді.

      Химияның оқыту әдістемесі барысында сарамандық сабақтарға көп көңіл бөлінеді, әсіресе мектептегі химия курсында қарастырылатын эксперименттерді орындау техникасы мен әдістемесіне арналған сабақтардың маңызы өте зор.

Мектеп бағдарламасында берілген әр – бір тәжірибені студент химияны оқыту әдістемесінің талаптарына сәкес қарастырып орындау қажет. Ол үшін мектеп бағдарламасымен танысып, оқулықты берілген тарауды оқып, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, ұсынылған сарамандық, зертханалық жұмыстардың орындау техникасы мен әдістемесін білу керек.

Мектеп тәжірибесінде эксперимент жүргізудің бірнеше түрлері қолданылады: көрнекілік, зертханалық, сарамандық, тәжірибелер, және экспериментті есептер шығару.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау студенттерге химиялық экспериментті орындауға, оның техникасын меңгеруге, білімдерін тереңдетуге және өздерін мектепте жұмыс істеуге дайындап тәрбиелеуге көмек көрсететін құрал- нұсқау.

Осы әдіспен қатар студенттер сабақ өткізу барысында әр-түрлі деңгейдегі тапсырмаларды, тест тапсырмаларын құрастыруға, оқушылардың білімдерін жүйелеп тексеруге мүмкіндіктері бар.

«Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық жұмысының маңызы зор, өйткені химия ғылымын оқыту барысында сан алуан зертханалық тәжірибелер өткізіледі. Химиялық тәжірибелерді өткізген уақытта еңбек қорғаулы болу үшін басты талап қауіпсіздік техникасын сақтау.

«Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық жұмыс осы мәселелермен, еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларының проблемаларымен және іс – шараларымен айналысады. Осы проблемалардың басты шешімін ең алғашқы рет студенттер «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық   жұмысын  тәмәмдағанда алады.

Курстық жұмысты қарастырғанда, жоғарыда аталған мәселелермен қатар, ұйымдастырушылық, құқықтық мәселелер де қарастырылады. Өрт және электр қауіпсіздігін  қамтиды және еңбек барысында азаматтардың денсаулығын,  жұмыс істеу қабілетін сақтау мәселесін шешуге бағытталған іс-шаралардан тұрады.

Курстық жұмыс ретінде  «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру»  өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды:

 

  1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері;
  2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;
  3. Қауіпсіздік техника ережелері;
  4. Өрт және электр қауіпсіздігі;
  5. Жедел жәрдем көрсету.

Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы  және  химия  өндірісі  салаларында  жұмыс  істегенде  химик  мамандарға  білу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертхана - бақылау мен сынауға арнайы жабдықталған бөлме, онда кейде эксперементалды үлгі жасалынады.

Химиялық лаборатория, химиялық зертхана — химиялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізуге арналған, арнайы жабдықталған бөлме. Химиялық лаборатория қолдану мақсатына қарай оқу, ғылыми-зерттеу, зауыттық, бақылау лабораториялары болып бөлінеді. Оқу лабораторияларында оқушылар теоритикалық білімдерін толықтырып, химиялық жабдықтар мен қондырғыларда жұмыс істеуге үйренеді. Ғылыми-зерттеу лабораторияларында ғылыми мәселелерді шешу мақсатында әр түрлі тәжірибелер жүргізіледі. Зауыт лабораторияларында өндіріске қажетті шикізаттар мен одан шығатын өнімдердің сапасы қадағаланады. Бақылау лабораторияларында қондырғылар, технологиялық сұлбалардың жұмыс істеуі, тиімділігі, т.б. тексеріледі. Химиялық лаборатория жұмыстарды жүргізу әдістеріне қарай аналитикалық, анорганикалық, физикалық, коллоидты химиялық, электрхимиялық, т.б. болып бөлінеді. Химиялық лаборатория мүмкіндігінше кең, терезелері үлкен, жарық болуы және жарық жұмыс істеушінің сол немесе алдыңғы жағынан түсіп тұруы керек. Онда өрт сөндіргіш құралдар мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жабдықтары болуы шарт. Лабораториялардағы приборлар мен ерітінділер бүлінбес үшін ол атмосферасы газ, шаң-тозаңдармен ластайтын өнеркәсіп орындарынан алшақ салынады. Химиялық лаборатория столының беті линолеум, пластик немесе асбовинилді плиталармен қапталады. Столдарының шкафтары мен тартпаларында лабораториялық жұмысқа қажет химиялық ыдыстар, приборлар, реактивтер сақталады. Жиі пайдаланылатын реактивтер сөрелерге қойылады. Столдың ұзындығы 1,5 — 3 м, жанында биік орындық, тәжірибелер қорытындыларын жазатын жазу орны болады. Химиялық лаборатория ауасын таза ұстау үшін желдеткіш, тез ұшатын, агрессивті (сұйық бром, концентрациялы азот, күкірт қышқылдары) тез тұтанатын (күкіртті көміртек, эфир, бензол, т.б.) заттармен жұмыс істеуге арналған тартпалы шкафы болады. Химиялық тәжірибелерде көбінесе дистилденген су қолданылады, сондықтан Химиялық лабораторияда суды дистилдейтін қондырғылар орналастырылады. Аналитикалық таразы, оптикалық нәзік приборлар Химиялық лабораторияның қасындағы жеке бөлмелерде сақталады

 

 

 

1.Мектептегі химия кабинеті  және онда жүргізілетін жұмыстардың  тәсілдері.

Мақсаты: Студенттерді химия кабинетінің құрал – жабдықтарымен және оның алдына қойылған талаптарымен, химия кабинетінде орындалатын жұмыстардың әдістемесімен, тәсілдерімен, ережелерімен, реактивтерді орналастыру және сақтау әдістерімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Химиялық приборлардың үлгілері, химиялық ыдыста; қыздырғыш, өлшеуіш приборлар, химиялық инструменттер, реактивтер, (оксидтер, тұздар, негіздно, қышқылдар, индикаторлар) еңбек қорғаудан анықтама, қауіпсіздік ережелер инструкциялары, реактивтерді сақтаудың нормативті құжаттары.  

Химия кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және алғашқы жәрдем көрсету

Көптеген химиялық заттар-күйдірігш, улы болып келеді, кейбір заттар қопарылғыш және жеңіл жанғыш. Сондықтан химиялық заттармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерді нақты сақтау керек.

Зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау кезінде әр-түрлі химиялық заттарды пайдалануға тура келеді, олардың химиялық қасиеттерің білу қажет.

Жұмысты орындағандағы негізгі ережелер:

Есте сақтайтын міндетті ережелер:  

-Химия кабинетінде жұмыс жасағанда әр уақытта сақ болыңыздар !

- Жұмыс орындарыңызды әрдайым таза ұстаңыздар!

-Қауіпсіздік ережелерін барлық уақытта сақтаңыздар

-Жұмыс жасаудан бұрын, сол заттың ерекшеліктерін естеріңізге түсіріңіздер.         Тәжірибені орындауға қажетті ыдыстар мен аспаптарды, реактивтерді тексеріп шығыңыздар. Жұмыс істеуге қатысы жоқ бөгде заттарды алып қойыңыздар .

-Мұғалімнің немесе зертханашының рұқсатынан кейін ғана, тапсырманы орындауға кірісіңіздер.

-Тапсырмада көрсетілмеген немесе оқытушы ескертпеген жұмысты орындауға рұқсат етілмейді.

-Жұмыс кезінде бір-біріңе кедергі келтіруге болмайды.

-Реактивтерді алмастырып, бір-біріне құймаңыздар.

-Тәжірибені жасағанда қателеспеу үшін, ыдыстың сыртындағы зат белгісінен реактив формуласының дұрыстығын, массалық үлесін біліп алыңыздар.

-Химиялық реактивтерді қолмен ұстауға болмайды. Ол үшін керден немесе пластмасса қасықшаны, қалақшаны пайдаланыңыздар.

-Шашылған немесе төгілген реактивтерді қайтадан өз ыдыстарына салуға немесе құюға болмайды.

-Химиялық реактивтердің дәмін татып, тексеруге болмайды.

-Газдарды, заттарды мұрынға сәл жақындатып, қолмен желпіп искеу керек. Мұрынға бірден апаруға болмайды.

-Зиянды бу, газ бөлетін тәжірибелерді тек тартпа шкафта орындау керек.

-Сұйықтарды әр түрлі ыдыстарда қыздырғанда, ыдыстын ауызын кісі жоқ жаққа қаратыңыздар.

-Қыздырып жатқан сұйықтықтын үстінен қарамандар, өйткені ол төгіліп, күйдіруі мүмкін.

-Қыздырылған ыстық заттарды сыртынан шүберекпен орап алыңыздар.

-Сұйықтықтарды қыздырғанда бақылаусыз қалдыруға болмайды.

-Концентрациялы қышқылдарды сұйытқанда суды қышқылға емес, керісінше қышқылды суға құйыңыздар.

-Концентірлі қышқылдарды сұйытқанда, қалың қабырғалы химиялық  стақандарды, колбаларды немесе керден стакандарды пайдалану керек.

Өйткені, олардың қайсыбірі мысалы, күкірт қышқылы  су мен араласқанда көп жылу бөледі.

-Қышқыл мен сілті ерітінділерінің аз мөлшерін алғанда резеңке торсықты немесе тамызғышты пайдаланған жөн.

-Күйдіргіш заттармен жұмыс жасағанда міндетті түрде қорғағыш көзілдірік пен резеңке қолғапты пайдаланыңыздар.

-Кездейсоқ төгілген қышқыл, сілті ерітінділерін оқытушыға  не зертханашыға көрсетіп, жинап алу керек.

-Тәжірибе кезіндегі қалдық  ерітінділерді су құбырына төкпей, арнаулы ыдысқа құғандарыңыз  дұрыс.

-Зертханадағы химиялық  ыдыстармен су ішуге. Тамақтануға  болмайды.

  

Алғашқы көмек көрсететін дәрі қорабының жабдықтары

Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес, зертханашы дәрі қорабын қажетті дәрілерімен толықтырып отыруы керек. Дәрі қорабы тұратын жерге алғашқы  жәрдем  жөнінде қысқаша ереже-нұсқау ілінеді. Дәрілер дәрі қорабына рет – ретімен орналастырылады.

-Зарарсыздандырылмаған (несерильный) салфеткалар (1 бума)

-Зарарсыздандырылмаған  мақта, бинт (1бума)

-БФ-1 25-50 мл желімі. Ол микрожарақаттарды  өңдеу үшін қажет.

-Йодтың 25-50 мл спирттегі  тұнбасы.

-3%  10-20 мл альбуцид ерітіндісі, 2-3 тамшысы көзді жуғаннан кейін тамызылады (үш жетіден артық сақтауға болмайды).

-Этил спирті 96% 30-50мл.

-Глицерин 25-50 мл.

-Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісі 75-100 мл. Ақ фосформен күйген жерді  жуу үшін пайдаланылады.

-Лимон не сірке қышқылының 5% 100 мл судағы ерітіндісі.

-Натрий гидрокарбонатының 5% 100 мл судағы ерітіндісі қышқылмен  зақымдалған теріні жуу үшін  қолданылады.

-Бор қышқылының 2% 100 мл судағы ерітіндісі сілті тиген көзді жуу үшін қолданылады.

-Көзге дәрі тамызатын  тамызғыштар (2-3 дана). Күйген жерді  майлайтын шыны және пластмасса  таяқшалар. Қан тоқтауға арналған  резеңке түтік (жгут).

- Дәрі ішуге арналған  өлшеуіш стақан, мензурка.

-Жарақатты сыртынан бекітуге  пайдаланылатын лейкопластырь.

 

 

 

ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ТАЛАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 
Жоғары оқу орындары: 
1. жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және мектептермен тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, келесі күнтізбе жылына және оқу жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады; 
2. тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және тәжірбиелі және мамандық ерекшеліктерін және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады; 
3. студенттер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз етеді; 
4. ұйымға және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтеуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бақылау жасайды; 
5. керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады. 
 
Жоғары оқу орынан бекітілген тәжірибе жетекшілері: 
1. тәжірибе басталғанға дейін тәжірибеленуші - студенттерді қажетті дайындықтан өткізеді; 
2. студенттермен жұмыс-оқу жоспары және бағдарлама негізінде кеңес өткізеді; 
3. кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның тарапынан студенттерге жұмыс істеуге қолайлы тұрмыс және еңбек жағдайын ұйымдастыруын, олармен міндетті түрде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқаулығының өткізілуін, практиканттардың ішкі еңбек тәртібінің шарттарын орындауын бақылауды жүзеге асырады; 
4. кафедралар бойынша тәжірибені жоспарлауды, ұйымдастыруды және нәтижелерді есепке алуды қамтамасыз етеді, тәжірибе жүргізудің жиынтық жоспар-кестесін құрастырады. 
5. тәжірибені жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізеді, студенттердің әр түрлі тәжірибелері мәселелерін талқылайтын кафедра жұмыстарына қатысады. 
 
Кәсіптік тәжірибенің кафедралық жетекшісі міндетті: 
- студенттерді тәжірибеден өту бағдарламасымен, күнтізбелік графигімен таныстыруға, студеттерге тәжірибе бойынша есеп жазу тәртібін, тәжірибе кезіндегі міндеттері мен құқықтарын түсіндіруге; 
- студентті тәжірибеге жіберуге қажетті құжаттарды дайындау (жолдама, тәжірибе күнделігі, жеке тапсырмалар), тәжірибе орындарындағы ұйым басқармасымен тәжірибеден өту уақытын және тәртібін келісу; 
- студенттердің тәжірибеден өтуіне, ішкі тәртіпті орындауларына бақылау жасау; 
- кәсіпорын (ұйым) басқармасымен тәжірибе барысына бағдар жасау; 
- тәжірибе қорытындысы бойынша жазбаша есеп қабылдау және студенттерге бақылау сұрақтарын қоя отырып меңгерген білімдерін тексеру, тәжірибе өткен мекемелердің міндетті тұлғаларынан әрбір студент туралы ойларын және олардың тәжірибеге қарым-қатынасы туралы сұрастыру; 
- тәжірибе бойынша студенттер есебін қарау, пікір, баға беру кафедра меңгерушісіне студенттердің тәжірибені өтуі және оны дамытуға байланысты өз ұсыныстарын есеп түрінде жазбаша өткізу; 
- кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша сынақты қабылдайтын комиссия жұмыстарына және студенттердің ғылыми конференциясы дайындығына қатысу. 
 
Кафедрадан бекітілген тәжірибе  жетекшілері келесі қызметтерді жүзеге асырады: 
1. студенттерді тәжірибе орындарына бөледі және тәжірибе жетекшілеріне төленетін ақыға керекті құжаттарды дайындайды; 
2. бекіту және қорытынды конференцияларын өткізу, тәжірибе бойынша материалдар көрмесін өткізу. 
3. оқу жылындағы тәжірибе қорытындысы бойынша кафедралық есеп жазып және оны кафедра меңгерушісіне, факультеттің әдістемелік кеңесі төрағасына, университеттің оқу басқармасына тапсырады. 
 
Тәжірибе базалары болып саналатын кәсіпорындар, оқу орындар, ұйымдар мен мектептер: 
1. екі жақты келісім негізінде студенттер тәжірибесін ұйымдастырып, іске асырады (жоғары оқу орны-кәсіпорын); 
2. бағдарламаға сай студенттерге тәжірибе орнын көрсетеді; 
3. мамандықтарына байланысты құқықтану, технология, экономика, өндірісті басқару және ұйымдастыру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, ғылыми зерттеу және конструктролық-жоба жұмыстарын ұйымдастыру және тағы басқа білім беру салаларында студенттерге тәжірибе өту барысында қажетті білім алуларына жағдай жасайды; 
4. жоғары оқу орындарымен келісілген практика күнтізбесінің тәртібін сақтау; 
5. студент-практикантқа қорда бар әдебиетті қолдануға мүмкіндік береді, техникалық және басқа құжаттамаларды, сонымен қатар келісімде әртүрлі техниканы қолдануға рұқсат берілсе, техниканы да пайдалануға болады; 
6. курс және диплом жұмыстарына қажетті материалдар жинауға көмектеседі; 
7. міндетті түрде еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіледі: іс-қағаздарды толтыру, қажет болған жағдайда жұмыстың қауіпсіздік амалын үйретеді; 
8. студент – тәжірибеленушілерді белгілі өндіріс орнында белгіленген (мекеме, ұйым, мектеп) ішкі еңбек ережелерін сақтауларына, сонымен қатар жұмыстың басталу және аяқталу уақытын сақтауға бақылау жасау; 
9. өндіріс қажеттілігіне қарай едәуір дайындалған студент-тәжірибеленушіні уақытша жұмысқа цехқа, зертханаға, мектепке нақтылы айлық табыспен жұмысқа орналастырады; 
10. кәсіптік тәжірибені өтуші студенттердің қайғылы жағдайларға ұшырап қалмауына толық жауапкершілік алады. 
 
Өндіріс орындарындағы тәжірибе жетекшілері (цехта, бөлімде, зертханада, мектепте және т.б) тәжірибе өтуші студенттердің күнделік жүргізуін, студенттің есеп дайындығын қадағалап және оған тәжірибе бағдарламасының орындалуы мен жеке тапсырмаларды орындалуына байланысты мағлұмат беретін кәсіби мінездеме жазады. 
 
Базалық кәсіпорыннан бекітілген тәжірибе жетекшісінің міндеті: 
1. студент - тәжірибеленушінің жұмыс орнын анықтау; 
2. оны ішкі еңбек ережесімен таныстыру; 
3. студент-практикантқа бір тәжірбиелі жұмысшыны бекіту; 
4. тәжірибеден өту тәртібін, тағайындалған тәжірбиелі жұмысшы арасындағы қарым-қатынасты бақылау. 
 
Студент - тәжірибеленушінің құқығы: 
1. тәжірибе бағдарламасымен және оның өткізілу кестесімен танысуға; 
2. студент-практикантқа кәсіби жұмысшының тағайындалуын және оның студент –тәжірибеленушініңжұмысты орындау барысында оған бақылау жасап, күрделі жұмыстарда шешім көрсетуіне; 
3. бағдарламада көрсетілмеген жұмыстарға қатыспауға; 
4. мамандық бойынша айлық ақысы бар бос орынға жұмысқа тұруға құқығы бар. 
 
Студент практика өту барысында міндетті: 
1. тәжірибе бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды орындау, тәжірибе күнделігін жүргізуге;. 
2. кәсіпорын, ұйым, мекеме, мектеп орнында қолданыстағы ішкі еңбек ережесіне толық бағынуға; 
3. еңбекті қорғау ережесін, қауіпсіздік техникасын, кәсіптік санитарияны сақтауға; 
4. кафедра тапсырмасына сай ойлап шығарушы және операциялық жұмыстарға қатысуға; 
5. жоғары оқу орнының тәжірибе жетекшісіне тәжірибеден өту күнделігін, барлық тапсырмалардың орындалғандығы туралы жазбаша есепті мекеме тәжірибе жетекшісінің қолтаңбасымен өткізуге; 
6. күнделікті жүргізу мақсаты есеп жазу үшін және маңызды сұрақтарды тіркеу үшін; 
7. тәжірибе аяқталғанда күнделікке тәжірибе өткен жері бойынша тәжірибе жетекшісі қолтаңбасын қойдырып, ұйым мөрін соққызу керек;. 
8. тәжірбие аяқталған күні жазбаша есеп тапсыруға міндетті. 
 
Оқу - танымдық тәжірбие бойынша студент міндетті: 
1. оқып жатқан ғылымның  заңды негіздерін, жалпы ережелерін білуге; 
2. мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін білуге. 
 
Кәсіптік тәжіриде бойынша студент міндетті: 
1. келіп түскен құжаттарды қабылдауды және тіркеуді білу, шығыс құжаттарды толтыруға; 
2. кәсіптік қызметін жүзеге асыруда этикалық және рухани нормаларды сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас жасауға; 
3. әр түрлі келісімдерді құруда икем-дағдылы болуы міндетті. 
 
Тәжірбиленуші-студент: 
1. тәжірбие үрдісінде туындаған сұрақтарды университет атынан тәжірибе жетекшісінен, әкімшіліктен сұрауына, өңдіріс (оқу-тәрбиелік) үрдісін жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын ұсынуға құқылы; 
2. тәжірибе бағдарламасында көрсетілген жұмыстың барлық түрін атқарады; 
3. мекеменің қоғамдық жұмысына белсенді түрде араласады; 
4. мекеменің ішкі тәртіп-ережелеріне бағынады, әкімшілік және тәжірибе жетекшісінің айтқандарын орындайды; 
5. күн сайын тәжірибеге қатысуға және жұмыстың барлық түріне 6 сағаттан кем емес уақыт өткізуіне міндетті. 
 
Практикант жүктелген талаптарды орындамаған жағдайда тәжірибе өтуден шеттетілуі мүмкін. 
Факультеттің Оқу Кеңесінің шешімі бойынша университеттегі оқуын үзбей қайта тәжірбиеден өту тағайындалады. 
Тәжірибе басшысы оқу сағатының көптігіне байланысты университет мұғалімдерімен жүзеге асады және міндетті студенттердің тәжірибе уақытында орындарында болуын және оған қажетті консультациялық көмек көрсетуді жүзеге асыру. Студент тәжірибенің әрбір күнінде не істегені туралы күнделік жүргізуі тиіс. Тәжірибе аяқталған соң студент мекеменің қызметі жөнінде жинаған ақпаратына, есептеріне, қаржы және басқа да құжаттамаларына, кәсіпорынның мекемелеріне сараптама жасайтын және ұсыныстар беретін есеп өткізуі тиіс. Бұл есепті жетекші тексерген соң студент арнайы кафедралық комиссия алдында оны қорғайды. 
Бүгінгі жағдайда маңызды міндет тек қана студенттің кәсіпорында тәжірибе жинауы ғана емес, сондай - ақ оның өзін-өзі дамыту және мәнсап құру технологияларын меңгеру болып табылады. Мұнда өндірістік тәжірибе студентке жұмысқа орналасу мәселесін шешуге көмектеседі. 
 
Бұл бағытта кәсіби тәжірибенің келесі кезеңдері ұсынылады: 
- кәсіпорын іздеу (берілген тәжірбиеге байланысты таңдау); 
- мәселелерді табу (тәжірибе мақсатына сәйкес) және оның сараптамасына теориялық ақпарат жинау (мәселені таңдау және ақпаратты табуды дәлелдеу); 
- өндірістік бөлім - кәсіпорындағы жұмыс: мәселені зерттеу және сараптау, ұсыным әзірлеу, есепті рәсімдеу; 
- есепті қорғау. 
 
Студенттер тәжірибеге кәсіпорынның жазбаша келісімі негізінде жіберіледі, кәсіпорынды таңдау себебін олар тәжірибе бойынша өз есептерінде дәлелдейді. 
Студент сараптама жасауға болатын және оны шешуде мекеме қызығушылық тудыратын мәселені таңдайды. Мәселені таңдау себебі тәжірибе бойынша есепте негізделеді. Оны сараптауда оқу залында оқу және әдістемелік әдебиетпен жұмыс жасалынады. Теориялық материал қорытынды есепте жазылып беріледі. Теориялық материал негізінде мәселеге анализ жасалып, оның негізі, шешу жолдары көрсетіледі, мәселені шешу жолдары сызба жүзінде де көрсетіледі, сонымен қатар оларды шешудегі ұсынымдар мен әдістер әзірленіп, есепте толық жазылады. 
Тәжірибенің аяқталған соң жеке қорытынды есеп жасалынады. Тәжірибе жетекшісі есепті тексеріп, оның тиісті бағысын қояды және комиссия алдында қорғауға рұқсат туралы ұсынымын береді.  
Мұндай формадағы тәжірибе студенттердің таңдау жасауға кеңес алу, мәселелерді негіздеу, теориялық материал жинау, талдау және бақылау кезеңдерін жасауғы негіз береді. 
Кәсіпорындағы жұмыс кестесі студентпен және мекеме басқармасымен бірге шешіледі. Есептің мазмұнына қарай ғана бақылау жасалады, ол барлық ұйымдастыру жұмысын жеңілдетіп, оны жоғары нәтижелі етеді. 
Сонымен, тәжірибе өтудің негізгі себебі – студенттерді оқыту сипатының қазіргі өмір талаптарына сәйкес келуі, түлектің университтен кейінгі бейімделуін қысқарту, жоғары оқу орнында меңгерген білімін жүйелеу, практикалық іскерлігі мен икем-дағдысын шыңдау. 
Тәжірибе барысында студент жоғары оқу орнынан кейін жұмыс істейтін сала бойынша нақты міндеттерді таңдауға және негізді түрде шешуге дағдылануы тиіс, сонымен қатар сол кәсіпорынның болашақ қызметкері ретінде өзін көрсетіп, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс. 
 
Тәжірибен өту кезде өз жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін студентке нұсқаулар: 
- кәсіпорын іс-жүргізу кезінде басшылыққа алатын негізгі заңнамалық және нормативтік құжаттарды мамандармен бірлесе отырып меңгеру және талдау; 
- іс-тәжірибе өтетін орынның Мемлекеттік мекеме туралы ережелерін меңгеру, сондай - ақ аталмыш мекеме өз қызметін соның шеңберінде және негізінде жүзеге асыратын қолданыстағы нұсқаулармен, әдістемелік ережелермен т.б. нормативтік актілермен танысуы тиіс; 
- әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындардан тәжірибеден өткен жағдайда басқаратын субъектінің құрылтай және тіркеу құжаттарымен, сондай-ақ осы кәсіпорын қызметінің салалары мен түрлерін реттейтін ҚР заңдарымен және басқа да нормативтік - құқықтық актілермен танысуы тиіс; 
- осы мекеме қызметінің көрсеткіш жүйесімен танысуы қажет. 
 
Студенттің практиканы өту тәртібі:  
- Студент университет тарапынан жасалған бұйрық қағазына сәйкес, бұл жөнінде белгі қойылған жолдама негізінде белгіленген күні тәжірибе өтетін мекемеге келеді; 
- кафедрадан бекітілген тәжірибе жетекшісімен келісе отырып студент тәжірибеден өту кестесін құруы керек. 
Тәжірибе өту орнына белгіленген мерзімде келмеген жағдайда студент тәжірибе жетекшісіне келмеуі (кешігуі) жөніндегі тиісті құжаттарды көрсетуі міндетті. 
 
Белгіленген мерзімге сәйкес тәжірибені өтуде мынадай негізгі кезеңдерге бөлу қажет: 
1 кезең - мекемемен немесе кәсіпорынмен танысу (басқарма, құрылым, қызметі саласы, көрсеткіштері). 
2 кезең - нормативті-құқықтық базаны оқу, меңгеру. 
3 кезең - тәжірибе бағдарламасында және жеке тапсырмаларда қарастырылған мәліметтерді жинау және өңдеу. 
4 кезең - тәжірибе бойынша есеп құрастыру және рәсімдеу. 
Тәжірибе кезеңдерінің көрсетілген кезегін мақсатты түрде ұстану.

Информация о работе Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру