Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:37, курсовая работа
Краткое описание
Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды: 1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері; 2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы; 3. Қауіпсіздік техника ережелері; 4. Өрт және электр қауіпсіздігі; 5. Жедел жәрдем көрсету. Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.
і
Содержание
1. Кіріспе 2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер 3. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері 4. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар (қағидаларын бекіту)
7. Зертханалардың
ғимараттары дербес жер учаскелерінде
орналасуы немесе құрамына кіретін
ұйымның жер учаскесінде орналасуы
тиіс.
8. Зертханалар:
дербес ғимаратта, ішіне-жапсарлас
салынған үй-жайларда немесе ұйым
ғимаратының жекелеген қабаттарында
орналасады.
9. Микробиологиялық
зерттеулерді орындайтын зертханалар
тұрғын үй ғимараттарынан және басқа да
азаматтық құрылыс ғимараттарынан кемінде
50 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта орналасады.
10. Зертхананың
аумағы, ғимараттары Қазақстан Республикасының
сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі саласындағы заңнамасының
талаптарына сәйкес болуы және
осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға
сәйкес үй-жайлар жиыны мен
аудандары болуы тиіс.
11. Микробиологиялық
зерттеулерді орындайтын зертханалардың:
қызметкерлер үшін санитариялық
өткізгіші бар және материалды
зерттеуге жеткізуге арналған
кемінде кіретін екі есігі
болуы тиіс. Зерттеуге арналған
материалды арнайы беретін терезе
арқылы алуға жол беріледі.
12. Патогендік
тобы I-II ПБА-мен немесе патогендігі
I-II топқа жататын ПБА жұқтыруы
ықтимал материалмен жұмыстар
жүргізілетін стационарлық зертханалардың
қоршаулары күрделі болуы және
типтік жобалар бойынша салынуы
тиіс.
13. Сыртқы
қоршауда жабылмайтын есіктің, қақпаның,
қақпалы есіктің, сондай-ақ ойылған
жерлердің және басқа да бұзылулардың
болуына жол берілмейді.
14. Қоршауға
оның периметрінің бір бөлігі болып
табылатын ғимараттан басқа жапсарлас
құрылыстар жанасып салынбауы тиіс, бұл
ретте күзетілмейтін аумаққа қараған
ғимараттың бірінші қабатындағы терезелер
металл торлармен жабдықталады.
15. Аумақ
қоршауының периметрі бойынша
жарық орнатылады.
16. Зертхананы
бірінші қабатқа орналастырған жағдайда
барлық бөлмелердің терезелерінде темір
торлар орнатылады.
17. Уақытша
зертханалар қауіпсіздік талаптарын
сақтаған кезде жеткілікті сумен,
электр қуатымен, кәрізбен қамтамасыз
етілген жағдайда бейімделген ғимараттарда,
үй-жайларда орналасуы мүмкін.
18. Қоршау
үшін қарапайым қоршауларды (ағаш,
металл, тор, керегекөз) пайдалануға жол
беріледі.
19. Зертхананың
үй-жайлары өзінің тікелей мақсатына
қарай пайдаланылуы тиіс. Қызметтік
міндеттерді орындауға байланысты емес
жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
20. Зертханалар
үй-жайларының конструкциялық сәулет-жоспарлау
орындалуы және кіруден қорғауды
бірігіп қамтамасыз ететін техникалық
қауіпсіздік жүйелерімен жарақталуы тиіс.
21. Тәжірибелік,
диагностикалық және өндірістік
жұмыстар жүргізумен, сондай-ақ патогендігі
I-II топтағы ПБА сақтаумен айналысатын
объектілерде рұқсат беру режімі белгіленеді.
22. Үй-жайлардың
ішкі әрлеуі олардың функционалдық
мақсатына сәйкес орындалуы тиіс.
Жұқпалы
аймақтың зертханалық үй-жайларының
едені, қабырғасы, төбесі тегіс, саңылаусыз,
оңай өңделетін, дезинфекциялау
және жуу құралдарының әсеріне
төзімді болуы тиіс, едені тайғанақ
болмауы тиіс.
23. Еден
жабынының шеттері көтеріліп, қабырғаның
бетімен бірдей болып бекітілуі тиіс.
Траптар болған жағдайда еденде еңіс болуы
тиіс.
24. Санитариялық-химиялық
зертханада еден қышқылға төзімді
материалмен жабылады.
25. Радиологиялық
зертханада еден, төбесі және
қабырғасы жуу құралдарына төзімді,
нашар сіңіретін материалмен
жабылады.
26. От-жарылыс
қаупі бар заттармен жұмыс
істейтін үй-жайларда екі шығатын
есік көзделеді.
Жұмыс үстелдері
жанбайтын, тотығуға төзімді материалмен
қапталады, қышқылдармен және сілтілермен
жұмыс істеу үшін ернеу құрылғысы болады.
27. Улы заттармен
жұмыстар бөлек үй-жайларда (бөлмелерде)
жүргізіледі.
28. Бокстардың
және басқа бөлмелердің есіктері
мен терезелері саңылаусыз тығыз
жабылуы тиіс. Желдеткіштер жәндіктерден
тормен қорғалады. Есіктердің бекітетін
құрылғысы болуы тиіс.
29. Микробиологиялық
зертханалардың үй-жайларын жоспарлау
таза және жұқпалы ағындардың
қиылысуын болдырмауы тиіс. Үй-жайлардың
есігінде олардың тағайындалуы
көрсетілген тақта ілінеді.
30. Сынамаларды
алуға және тіркеуге арналған үй-жайлар
зертханаға кіре берісте орналасады. Зертханада
материал алуға арналған пункт болған
жағдайда персонал және тексерілетін
адамдар үшін бөлек дәретханалар көзделеді.
31. Барлық
бокстарда бокс кіреберісі болуы
тиіс, онда қол жууға арналған раковина
(қол жуғыштар), айна және дезинфекциялау
ерітінділері бар сыйымдылықтар орнатылады.
32. Жұмыс
орындарына өтетін негізгі жолдардың
ені немесе екі қатар орналасқан
жабдықтардың арасы шығып тұратын
конструкцияларды есепке алғанда
1,5 метрден кем болмауы тиіс.
33. Өрт болған
жағдайда патогендігі І-ІІ топтардың
ПБА-сы сақталатын тоңазытқыштар
(термостаттар, сейфтер) шығарылмайды.
34. ПБА-мен
жұмыс жүргізілетін үй-жайлар
бактерицидті сәулелегіштермен
жабдықталуы тиіс. Әрбір сәулелегіштің
жұмыс уақытын есепке алу журналда белгілеу
арқылы жүргізіледі.
35. Зертхана
жұмысында қолданылатын аспаптар,
жабдықтар және өлшеу құралдары
аттестатталуы, техникалық жарамды
болуы тиіс, техникалық паспорты және
қауіпсіздік талаптары ескерілген пайдалану
жөніндегі жұмысшы нұсқаулығы болуы тиіс.
36. Зертханалық
жабдықтарды және бөлімшенің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін инженерлік жүйесін
жөндеуді инженерлік-техникалық қызметтер
және мамандар жылдық кестеге сәйкес жүзеге
асырады.
3. Зертханадағы сумен
жабдықтауға, кәріз жүргізуге,
жарық беруге және желдетуге
қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
37. Зертхананың
орталықтандырылған ыстық және
суық сумен жабдықтау, кәріз жүргізу,
электрмен жабдықтау, жылыту жүйелері
болуы тиіс.
38. Елді
мекенде орталықтандырылған су
құбыры және кәріз жүргізу болмаған
жағдайда, автономды сумен жабдықтау және
кәріз жүйелері орнатылады.
39. Зертханада
персоналдың қолдарын жууға арналған
раковина және араластырғыш арқылы
ыстық және суық су келтірілген
ыдыстар мен мүкәммалды жууға арналған
ванналар жабдықталады.
40. Зертхана
жасанды іске қосылатын ішке
сору-сыртқа шығару желдеткішімен және
сыртқа шығару шкафтарынан ауаны соруға
арналған жеке (автономды) желдеткіш құрылғыларымен
жабдықталады.
41. Жұмысшы
үй-жайлары ауасында жарылыс қаупі
бар және улы газдардың, булардың
және шаңның болуы рұқсат етілген
шекті шоғырланудан аспауы тиіс.
42. Зиянды
және ыстық булар мен газдар
бөлетін заттармен жұмыстар жүргізілетін
сыртқа шығару шкафтары будың
тығыздығына байланысты автоматты
іске қосылатын жоғарғы және
төменгі сорғыштармен және сұйықтықтың
еденге ағып кетуін болдырмайтын ернеулермен
жабдықталады.
43. Сыртқа
шығару құрылғылары 15-20 сантиметрге
(бұдан әрі – см) ашық тұрған шкафтардың
қайырма жақтауларында ауаны сору жылдамдығы
секундына шамамен 0,5-тен 0,7 метр (бұдан
әрі – м/сек) дейін жылдамдықты қамтамасыз
етуі тиіс. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа
жататын аса қауіпті заттармен жұмыс істеу
кезінде ауаның жылдамдығы 1 м/сек дейін
көбейтілуі тиіс.
44. Сыртқа
шығару шкафтарының жүйесін ажыратқыштар
оларға жақын орналасады, шкафтарда
орнатылған аспаптарды қосатын
розеткалар сыртқы панелінде, газ
шүмектері алдыңғы ернеуінде, штепсельдік
розеткалар сыртқа шығару шкафынан
тыс жұмыс үстелінің бүйірінде немесе
шкафтың ішінде орналастырылады.
45. Сыртқа
шығару шкафтарының және БҚБ-ның
желдету жүйесінің ажыратқыштары оларға
жақын орналасуы тиіс, шкафтарда және
БҚБ-да орнатылған аспаптарды қосатын
розеткалар сыртқы панелінде; газ шүмектері
алдыңғы ернеуінде; штепсельдік розеткалары
сыртқа шығару шкафтан немесе БҚБ-дан
тыс жұмыс үстелінің бүйірінде орналасуы
тиіс.
46. Сыртқа
шығару шкафтарының жақтаулары (есіктері)
жұмыс кезінде төменгі жағында
кішігірім саңылаумен жабылады. Көтеріңкі
жақтаулары олардың құлап кетуін болдырмайтындай
құрылғылармен мықтап бекітіледі.
47. Егер
зерттеу әдістемесінде өзгеше
көзделмесе, зертхана үй-жайларындағы
ауаның температурасы плюс 18-21 градус
Цельсий (бұдан әрі - оС) шамасында, салыстырмалы
ылғалдығы 40 пайыздан (бұдан әрі - %) 70 %-ға
дейін ұсталады.
48. Үшінші
және төртінші климаттық аймақ
аудандарында орналасқан ғимараттарда
жазғы кезеңде ауа баптағыштар,
микробиологиялық зертханаларда
қосымша дезарлар орнатылады. Жұқтырылған
материалмен жұмыс істеген кезде
ауа баптағыш ажыратылады.
49. Зертхана
үй-жайларының табиғи және жасанды
жарығы болуы тиіс. Жұмыс бөлмелерінің
терезелері оңтүстікке бағытталған
кезде жұмыс үстелдерін және оптиканы
күн сәулесінің тікелей түсуінен жалюзді
пайдалану арқылы қорғау қамтамасыз етіледі.
50. Люминесцентті
микроскоппен жұмыс жүргізілетін
үй-жайда, фото бөлмеде, себезгі бөлмелерінде,
санитариялық тораптарда және
қойма үй-жайларында табиғи жарықты
көздемеуге жол беріледі.
4. Зертханаларды күтіп-ұстауға,
пайдалануға, ондағы
паразитологиялық қауіпсіздікті
(оның ішінде аварияларды
жою кезінде) қамтамасыз етуге
қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
51. Микробиологиялық
зертхананың патогендігі I-IІ топтағы
микроорганизмдерді жұқтырған немесе
жұқтыруы ықтимал материалмен
жұмыс жүргізуі үшін жұқпалы,
шартты таза, таза аймақтары, патогендігі
IІІ-IV топтағы микроорганизмдермен
жұмыс істеу үшін жұқпалы және
таза аймақтар болуы тиіс.
52. БҚБ өтетін
жолдардан және әртүрлі ауа ағындарынан
алыс орында орнатылуы тиіс. Техникалық
қызмет көрсетуге қол жетімді болу үшін
шкафтың артынан және екі бүйірінен кемінде
30 см бос кеңістік қалдырылады.
53. БҚБ-да
жұмыс таза аймақтан жұқпалы
аймаққа қарай бағытталып ұйымдастырылуы
тиіс. БҚБ-ның ішкі беттері Қазақстан
Республикасында қолдануға рұқсат
етілген дезинфекциялау құралдарымен
өңделеді.
54. Патогендігі
I-IV топтардың қоздырғыштарын жұқтырған
немесе жұқтыруы ықтимал инфекциялық
материалмен жұмысқа эпидемиология,
бактериология, вирусология, паразитология
және аса қауіпті инфекциялар
бойынша мамандандырудан өткен
мамандар жіберіледі.
56. Зертхананың
үй-жайларын жұмыс басталғанға
дейін ылғалды тәсілмен жинайды
және бактерицидті сәулелегіштермен
қуаты 1 текше метрге (бұдан әрі – м3)
2,5 ватт жағдайында 30-60 минут бойы сәулелейді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдерді,
аспаптарды, жабдықты, еденді, БҚБ-ны дезинфекциялық
ерітіндіні қолданып сүртеді.
57. ИФТ жүргізілетін
бөлмелерде үстелдерді, аспаптарды,
жабдықтарды өңдеу 70% этил спиртімен
жүргізіледі, ПТР жүргізген кезде
70% этил спиртін (күн сайын) және
осы мақсаттарға қолдануға рұқсат
етілген дезинфекциялық құралдарды пайдалана
отырып, өндірушінің нұсқаулығына сәйкес
(ай сайын) жүргізіледі.
58. Инфекциялық
материалды жеткізу және оны
бір зертханадан ұйымның (зертхананың)
аумағындағы екіншісіне тасымалдау жабық
металл ыдыста (биксте, бактарда) жүзеге
асырылады. Материалды ашқан кезде бикстер
мен түтікшелерді дезинфекциялық ерітіндімен
сүртеді және металл табаққа қояды.