Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:37, курсовая работа
Краткое описание
Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды: 1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері; 2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы; 3. Қауіпсіздік техника ережелері; 4. Өрт және электр қауіпсіздігі; 5. Жедел жәрдем көрсету. Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.
і
Содержание
1. Кіріспе 2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер 3. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері 4. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар (қағидаларын бекіту)
59. Инфекциялық
материалды бокстан боксқа немесе
автоклавқа ауыстыру металл бикстерде
немесе бактарда жүргізіледі.
60. Инфекциялық
материалды түтіктерде, шыны аяқтарда,
құтыларда себу кезінде материалдың атауы,
талдау нөмірі, себу күні және тіркеу нөмірі
көрсетіліп жазылады.
61. Құрамында
инфекциялық аурулардың қоздырғыштары
бар сұйық орталар автоматты
тамшуырдың немесе бір рет пайдаланылатын
стерилді тамшуырдың көмегімен сорып
алынады. Сұйық орталарды түтіктен екінші
түтікке жиегінен асырып құюға жол берілмейді.
Пайдалану алдында ыдыстың, тамшуырлардың,
жабдықтардың, шприцтердің тұтастығы
және жарамдылығы тексеріледі.
62. Кептірілген
микроорганизмдер бар ампулаларды ашу
кювет үстінде үстелдік бокстарда дезинфекциялық
ерітіндімен жүргізіледі. Кесілген ампуланың
ұшы дезинфекциялық ерітіндіге батырылған
үш қабатты дәке салфеткамен жабылады
және пинцетпен сындырып алынады. Ашылған
ампула бір-екі минут бойы сол салфеткамен
жабылған күйінде қалдырылады, одан әрі
салфетка дезинфекциялық ерітіндіге батырылады,
содан кейін ампула стерилді тампонмен
жабылады.
63. Мынаған:
1) инфекциялық
материалмен зерттеу жүргізілетін
үй-жайда тірі вакцинамен жұмыс істеуге;
2) зерттелетін
микроорганизмдер сезімтал болатын
дәрілік препараттар болмаған кезде микробиологиялық
зертханада вирулентті антибиотикке төзімді
микроорганизмдермен тәжірибелік жұмыстарды
жүргізуге жол берілмейді.
64. Істен
шыққан материалды (жұмысшы себінділерін,
науқастардың биологиялық материалын,
кеміргіштердің, зертханалық жануарлардың
өлекселерін, індік материалды) рұқсат
етілген әдістердің бірімен зарарсыздандырады.
Есепке алынбаған жұғындыларды, Петри
тостағанын, түтіктерді және инфекциялық
материалы бар басқа да зертханалық ыдыстарды
жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерінде
қалдыруға жол берілмейді.
65. Жұқпалы
материалды сақтағаннан кейін
тоңазытқыштарды еріту оны дезинфекциялаумен
бірге жүргізіледі. Конденсациялық
су залалсыздандыруға жатады.
66. Жұмыс
күні аяқталғаннан кейін және
түнгі уақытта зерттеу жүргізу
ұйым басшысының рұқсатымен ауысымдық
жұмыс орындалған және зертханада кемінде
екі адам (дәрігер және зертханашы) қатысқан
жағдайда жүргізіледі.
67. Жұмыс
күнінің соңында термостаттар, тоңазытқыштар,
шкафтар пломбаланады, өндірістік үй-жайлардың
есіктері құлыппен жабылады.
68. Патогендігі
I-II топтағы қоздырғыштармен жұмыс
жүргізген кезде мынаны сақтау қажет:
1) зертханалық
үй-жайлар тұмшаланған болуы тиіс;
2) жұқпалы
аймақтың үй-жайлары жасанды іске
қосылатын және шығатын жерінде
жеңіл тазалайтын сүзгісі бар
ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен
жабдықталады;
3) тоқсан
сайын сарқынды судағы дезинфектанттың
қалдық шоғырлануын және патогендік
микрофлораны анықтау жүргізіледі;
4) жұқтырылған
жануарлармен жұмыс жүргізілетін
үй-жайларға кіретін жерде биіктігі 30
см болатын табалдырық орнатылады, бактериологиялық
бокстардың, серологиялық және жедел зерттеулер
жүргізілетін үй-жайлардың есіктері алдында
дезинфекциялық ерітіндіге батырылған
кілемшелер төселеді;
5) патогендігі
І-ІІ топтағы қоздырғыштармен
барлық зертханалық жұмыстарды
жүргізу қорғаныш костюмімен
жүзеге асырылады. Қорғаныш костюмін
қолдануға қойылатын талаптар
осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада
келтірілген.
Адамдардың,
кеміргіштердің, эктопаразиттердің
биологиялық материалын, сыртқы
ортаның, жұқтырылған жануарлардың
сынамаларын алуға және бастапқы өңдеуге
байланысты барлық жұмыстар және оларды
патогендігі І-ІІ топтың қоздырғыштарына
зерттеу жұқпалы блокта 1-2 типті қорғаныш
костюмдерін пайдаланып жүргізіледі.
Сап және
мелиоидоз қоздырғыштарымен зерттеулер
4 типті қорғаныш костюмінде, резеңке
қолғаппен, мақта-дәке бетпердесімен
және қорғаныш көзілдірігімен жүргізіледі.
Жұқпалы бөлімшелердің боксқа кіреберістерінде
жұмыс аяқталған соң қорғаныш костюмдері
шешіледі және залалсыздандырылады. ЖИТС
орталықтарының зертханаларындағы жұмыс
үшін, сондай-ақ ПТР қоюға арналған үй-жайларда
4 типті қорғаныш костюмі (мақта-дәке бетпердесі,
резеңке қолғап, қалпақ немесе орамал,
халат немесе пижама) пайдаланылады.
Зертхананың
үй-жайынан қызметкердің қорғаныш
киімімен шығуына және қызметкер
жұқпалы материалмен немесе жұқтыруы
ықтимал материалмен жұмыс істеп
жатқан кезде оны үй-жайдан
шақыруға жол берілмейді;
6) патогендігі
І топтың қоздырғышын жұқтыруы
ықтимал материалмен жұмыс істейтін
адамдардың жұмыс күнінің соңында
дене қызуын арнайы журналда тіркеу арқылы
термометрия жүргізіледі;
7) патогендігі
І-ІІ топтың микроорганизмдерін
жұқтыруы ықтимал материалды
жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан
бөлек ұсталады;
8) күйдіргі
қоздырғыштарымен жұмыс кезінде
зерттеу ақталғаннан кейін зертхана үй-жайлары
мен жабдықтарға осы қоздырғыштың көбеюіне
тексеру жүргізіледі;
9) зерттеулер
нәтижелерін жазу шимай дәптерге
жүргізіледі, бокстан шығару алдында
дезинфекцияланады;
10) жыртқыш
құстардың және аңдардың нәжістерін
бөлшектеу оларды 1% формалин ерітіндісінде
12-18 сағат ұстағаннан кейін жүргізіледі;
11) жәндіктер
және кенелер, олардың тарап кетуін
болдырмайтын арнайы үй-жайларда
(инсектарийде) шарбақтарда немесе
банкілерде ұсталады. Инсектарийді
толықтыру үшін ауланған бүргелер
қан сормаған жастары пайда
болғанға дейін жеке банкілерде
ұсталады;
12) буын
аяқтылармен жұмыс істеу кезінде
қолданылған ыдысты қайнату арқылы
дезинфекцияланады, қалдықтарға дезинфекциялық
ерітінді құйылады немесе өртеледі.
Құрал-саймандар қайнатылады немесе
отқа қақталады. Бөзден жасалған қаптар
сулы-сабынды ерітіндіде 30 минут бойы
қайнату арқылы дезинфекцияланады;
13) жұмыс
аяқталғаннан кейін зерттелетін
материал температурасы 18-20оС тоңазытқыш
термостатқа салынады, үстел дезинфекциялық
ерітіндімен, қолдар - 70о спиртпен
өңделеді. Қызметкер аз уақытқа
бокстан шыққан кезде есік
кілтпен жабылады, кілт зерттеу жүргізетін
қызметкерде сақталады.
69. Патогендігі
I-II топтың қоздырғыштарымен жұмыс
жүргізетін микробиологиялық зертханада
қызметкерлерде ауруға күдікті
симптомдар анықталған жағдайда
олар үшін және аварияға жол
берген адамдар үшін изолятор
көзделеді.
Изолятор
негізгі және резервті ерекше
дәрілік препараттар қорымен, шокқа қарсы
дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялық
құралдармен қамтамасыз етіледі.
Зертхана
ішіндегі қызметкерлердің патогендігі
I-IV топтың микроорганизмдерін жұқтырғаны
туралы барлық ақпарат тез
арада тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы уәкілетті
органға беріледі.
70. Виварийлерде
және инсектарийлерде омыртқалылар
мен буын аяқтылардың қозғалысын
тіркеу ауланған күні мен орнын,
зерттеу және карантин нәтижелерін
көрсете отырып арнайы нөмірленген
және ау өткізілген журналда
жүргізіледі. Виварий және инсектарий
үй-жайларына жұмыс күні аяқталғаннан
кейін сүргі салынады.
71. Виварийлер
мен инсектарийлерден омыртқалылар
және буын аяқтыларды басқа
ұйымдарға беру ұйым (зертхана) басшысының
рұқсатымен таза виварийде туған аңдар
қатарынан жүргізіледі.
72. ПТР әдісімен
зерттеулер жүргізген кезде мынадай
қағидалар сақталуы тиіс:
1) мына аймақтар
үшін жеке үй-жайлар бөлінеді:
сынама дайындау, реакциялық қоспаларды,
детекциялар ( нәтижелерді есепке алу)
дайындау;
2) сынама
дайындау үй-жайы (бөлмесі) материалды
қабылдау бөлмесіне жақын, детекцияға
арналған бөлме мүмкіндігінше
басқа аймақтардан алыс немесе
оларға ауа ағынымен амплификация
өнімдерінің енуін болдырмайтын
оқшауланған бөлікте орналасады;
3) әр аймақта
өзіне тиесілі жиһаздар жиыны,
тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық
жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар
(дозаторлар), ұштықтар, пластикалық
және шыны ыдыстар, қорғаныш киімдері,
аяқ киімдер, ұнтақсыз бір рет
қолданылатын қолғаптар, жинау мүкәммалы
және тек осы бөлмеде қолданылатын
басқа да шығыс материалдары
болуы тиіс;
4) ПТР-дің
әрбір кезеңі бір рет қолданылатын шығыс
материалын қолдану арқылы автоматты
тамшуырдың (дозатордың) жеке жинағымен
жүзеге асырылады. Бір рет қолданылатын
шығыс материалы (ұштықтар және түтіктер)
ДНҚ-аздан және РНҚ-аздан бос, апирогенді
болуы тиіс. Ұштықтарда сүзгіштер бар
(аэрозолдық кедергі) болуы тиіс;
5) ПТР бойынша
барлық жұмыстар жұмыстың әрбір
кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз
бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі;
6) жабдықтарды,
шығыс материалдарын, реактивтерді,
қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан
екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді;
7) сынама
дайындау және реакциялық қоспаларды
дайындау кезеңдері БҚБ-да жүргізіледі;
8) ПТР жүргізуге
арналған барлық үй-жайлар жуу
және дезинфекциялық құралдардың
әсеріне төзімді материалмен
жабылады; барлық үй-жайларда бактерицидті
сәулелегіштер орнатылады;
9) ПТР-дің
барлық кезеңдерін өткізуге арналған
реагенттерді сақтау шарттары қолдану
бойынша нұсқаулыққа сәйкес болуы тиіс.
Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек
сақталады;
10) терезелер
тығыз жабылуы тиіс. Жұмыс үстелдеріне
күн сәулесінің тікелей түсуінен
қорғау үшін дезинфекциялық құралдарға
төзімді материалдан жасалған
жарықтан қорғаушы үлдір қолданылады.
Жалюздерді шаң жиналуына байланысты
қолдану ұсынылмайды;
11) ПТР зерттеулеріне
арналған үй-жайларды жеке ғимаратта
орналастыру кезінде мыналар
көзделеді: материалды қабылдайтын,
үлгілерді тіркейтін және алғашқы
өңдеуден өткізетін бөлме, дәрігерлерге
арналған бөлме, киім ілетін орын, дәретхана,
себезгі, қойма үй-жайлары, автоклав, жуатын
бөлме;
12) ПТР зерттеулерін
нақты уақыт режімінде жүргізген кезде
детекция үшін жеке үй-жай қажет етілмейді.
73. ИФТ жүргізу
кезінде:
1) ИФТ арналған
үй-жайдың оңтайлы температурасы
плюс 18оС - 22оС болуы тиіс;
2) планшеттерді
қыздырғыш аспаптардың жанында
инкубация жасауға жол берілмейді;
3) күн сайын
(жұмыстан кейін) жабдықтарды, дозаторларды,
штативтерді өңдеу 70% этил спиртімен
жүргізіледі, планшеттерді автоматты
жуғыш дистиллденген сумен, аптасына
бір рет 70% этил спиртімен мұқият жуылады;
4) планшеттерді
автоматты жуғышта жұмыс істеу
кезінде күн сайын ұяшықтарды
толтыру және ерітінді төгу
сапасына көзбен шолып бақылау
жүргізіледі;
5) оптикалық
тығыздықты өлшеу спекрофотометрді
алдын ала қыздырғаннан кейін
жүргізіледі;
6) жууға
арналған ерітіндінің ұсақ тамшыларын
сорғытуға арналған сүзгіш қағаз
бір рет қана қолданылады;
7) бір рет қолданылатын
ұштықтарды және ыдыстарды қайта пайдалануға,
жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді,
қолғаптарды, халаттарды ИФТ арналған
үй-жайлардан басқа үй-жайларға тасымалдауға
жол берілмейді;
8) термостаттың
жоғарғы және төменгі сөрелеріндегі
температура күн сайын бақылануы
тиіс, ұзақ уақыт инкубация жасау кезінде
ылғалды камера қолданылады немесе ұяшықтар
тест-жүйелер жинағының құрамына кіретін
арнайы қағазбен желімделеді;
9) дистиллденген
су әрбір қойылымға дайындалады.
74. Вирустарды
индикациялау бойынша зерттеулер
жүргізу кезінде мынадай шарттар
сақталуы тиіс:
1) зертханалық
жануарларды жұқтыру және сою,
жұқтырылған жануарларды күтіп-ұстау,
центрифугалау, кептіру, аэрозоль түзуі
мүмкін басқа да операциялар; жасушалардың
өсірінділерін және тауықтың эмбриондарын
жұқтыру; суспензиялар дайындау; лиофилизацияланған
ПБА-мен жұмыс; коллекциялық штаммдарды
жүргізу бойынша жұмыс зертхананың жұқпалы
аймағындағы боксталған үй-жайларында
БҚБ-да жүргізіледі;