Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 20:37, курсовая работа
Краткое описание
Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды: 1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері; 2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы; 3. Қауіпсіздік техника ережелері; 4. Өрт және электр қауіпсіздігі; 5. Жедел жәрдем көрсету. Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.
і
Содержание
1. Кіріспе 2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер 3. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері 4. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар (қағидаларын бекіту)
1. Осы "Зертханаларға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық қағидалары
(бұдан әрі – Санитариялық қағидалар)
орындамау адамның өміріне немесе денсаулығына,
сондай-ақ аурудың пайда болу және таралу
қаупін тудыратын органолептикалық, токсикологиялық,
санитариялық-химиялық, микробиологиялық,
бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық
зертханалық зерттеулерді, шуды, дірілді,
электромагниттік өрістерді және физикалық
факторларды өлшеуді, радиометрия мен
дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулерді
орындайтын зертханаларға (бұдан әрі –
зертхана) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптарды белгілейді.
2. Санитариялық
қағидалар:
1) зертхана
ғимараттарының құрылысына жер
учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға,
қайта жаңартуға және пайдалануға беруге;
2) сумен
жабдықтауға, кәріз жүргізуге, жарық беруге
және желдетуге;
3) зертханаларды
күтіп-ұстауға, пайдалануға және жұмыс
жағдайларына;
4) радиациялық,
химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық,
токсикологиялық, паразитологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
(оның ішінде аварияларды жою
кезінде);
5) материалдарды
(микроорганизмдерді) сақтауға және
тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптарды да белгілейді.
3. Осы Санитариялық
қағидалардың талаптарын сақтау меншік
нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға
міндетті болады.
4. Осы Санитариялық
қағидаларда мынадай терминдер
мен анықтамалар пайдаланылды:
1) авариялық
жағдай (бұдан әрі – авария) –
биологиялық материалмен жұмыс
істеу кезінде, өндірістік аймақтың
ауасына, қоршаған ортаға патогенді
биологиялық агенттің бөлінуінің,
персоналға жұқтырудың нақты
немесе әлеуетті мүмкіндігін
тудыратын, зертханада туындаған
жағдай;
2) бактериологиялық
зертхана – биологиялық материалдан
және қоршаған орта объектілерінен
бактерияларды бөлу, антигендерді
және антиденелерді анықтау бойынша
зерттеулерді орындайтын зертхана;
3) бақылау-өткізу
пункті (бұдан әрі – БӨП) – адамдардың
және көлік құралдарының рұқсат етілген
түрінің өтуін қамтамасыз етуге арналған
арнайы үй-жай;
4) биологиялық
агенттер немесе уыттар – адамның немесе
жануарлардың организміне түскен кезде
немесе олармен, сондай-ақ өсімдіктермен
жанасқан кезде олардың сырқаттануын
немесе өлім-жітімін тудыруға бейім микроорганизмдер
және бактериялық, өсімдіктен немесе жануардан
шығатын белоктық күрделі қосындылар;
5) биологиялық
қауіпсіздік – жұмыс істейтін
персоналды, тұрғындарды және қоршаған
ортаны биологиялық агенттердің
(бұдан әрі – БА) әсерінен қорғауға
бағытталған медициналық-биологиялық,
ұйымдастыру және инженерлік-техникалық
іс-шаралар жүйесі;
6) биологиялық
қауіпсіздік боксы (бұдан әрі – БҚБ) –
персоналдың жұқтыруын және жұмыс аймағы
мен қоршаған орта ауасының ластану мүмкіндігін
болдырмау мақсатында микроорганизмдерді
физикалық оқшаулау үшін (жұмыс аймағына
енгізбеу және бақыланатын шығару) пайдаланылатын
конструкция;
7) биологиялық
қорғаныш (бұдан әрі – биоқорғаныш)
– БА және уыттарды жоғалтуды,
ұрлатуды, дұрыс пайдаланбауды, диверсиясын,
рұқсат етілмеген қол жетімділікті
немесе алдын ала жоспарланған
рұқсат етілмеген таралуын болдырмау
мақсатында оларды қорғауды, бақылауды
және есепке алуды қамтамасыз
ету;
8) боксталған
үй-жай (бұдан әрі – бокс) –
тамбуры (боксқа кіреберісі) бар
оқшауланған үй-жай;
9) виварий
– тәжірибелер үшін пайдаланылатын зертханалық
жануарлардың алуан түрлері ұсталатын
ұйымның бөлімшесі;
10) вирусологиялық
зертхана – биологиялық материалдан
және қоршаған орта объектілерінен
вирустарды бөлу, антигендерді және
антиденелерді анықтау бойынша
зерттеулерді орындайтын зертхана;
11) дезактивация
– қандай да бір беттен немесе қандай
да бір ортадан радиоактивті ластануды
жою немесе азайту;
13) демеркуризация
– сынапты төгіп алған жағдайда
оны жинау бойынша іс-шаралар кешені;
14) диагностикалық
зерттеулер – қоздырғышты, оның
антигенін немесе оған антиденені
анықтау және сәйкестендіру мақсатында
өткізілетін шығу тегі биотикалық және
абиотикалық объектілерді зерттеу;
15) жұқпалы
аймақ – патогенді биологиялық
агенттермен немесе ықтимал жұқтырған
патогенді биологиялық агентпен
материалмен әрекеттер және оларды
сақтау жүзеге асырылатын зертхананың
үй-жайы немесе зертхананың үй-жайлар
тобы;
16) жұқпалы
материал – құрамында инфекциялық
аурулардың қоздырғыштары бар
екені белгілі немесе негізді
болжанатын заттар;
17) зертхана
– патогенді биологиялық агенттермен
және (немесе) уыттармен тәжірибелік,
диагностикалық немесе өндірістік
жұмыстарды орындайтын ұйым немесе оның
құрылымдық бөлімшесі;
18) иммундық-ферментті
талдау (бұдан әрі – ИФТ) – ферментті белгіні
қолдана отырып, антигеннің антиденемен
өзара әрекеттесуіне негізделген әртүрлі
биологиялық молекулаларды анықтау әдісі;
19) инсектарий
– тәжірибелік мақсатта қолдану
үшін жәндіктерді күтіп-ұстауға,
шығаруға немесе көбейтуге арналған ұйымның
бөлімшесі;
20) микробиологиялық
зертхана – биологиялық материалда
және қоршаған орта объектілерінде
микроорганизмдерді анықтау бойынша
зерттеулерді орындайтын зертхана;
21) микробиологиялық
зерттеулер бактериологиялық, вирусологиялық
және паразитологиялық зерттеулерді
қамтиды;
22) микроорганизмдер
– бұл белгілі бір жағдайларда
және белгілі бір шоғырлануда адамның
денсаулығына әсер етуі мүмкін шығу тегі
белоктық күрделі қосындылар бактериялар,
вирустар, микоплазмалар, риккетсийлер,
хламидийлер және грибоктар;
23) объектінің
(үй-жайдың) техникалық нығайтылуы
– ғимараттың, үй-жайлардың, олардың
периметрлерінің, күзеттің арнайы
техникалық құралдарының (күзет, қауіп-қатер
дабылы; қол жетімділікті бақылау жүйесі;
теледидарлық бақылаудың бейнебақылау
және бейнекүзет жүйелері; радиоактивті,
химиялық және өзге де уландырғыш заттарды
анықтау детекторлары; қаруды, жарылғыш
заттар мен құрылғыларды анықтау детекторлары)
және өрт дабылы жүйесінің, оның ішінде
өртті автоматты түрде анықтау және өшіру
жүйесінің конструкциялық элементтерін
инженерлік қорғау жиынтығы;
24) отқа
қауіпті заттар – тұтанудың сыртқы көзінен
жанатын, жеңіл тұтанатын заттар мен жанғыш
сұйықтықтар;
25) патогенді
биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА)
– адамдар үшін патогенді микроорганизмдер
(бактериялар, вирустар, риккетсийлер,
хламидийлер, қарапайымдылар, грибоктар,
микоплазмалар, эндо- және эктопаразиттер),
гендік-инженерлік түрлендірілген микроорганизмдер,
биологиялық және өсімдік тектес улар
(уыттар), гельминттер, сондай-ақ құрамында
санамаланған агенттердің болуы ықтимал
материал (қанды, басқа да биологиялық
сұйықтықтарды және организмнің нәжістерін
қоса алғанда);
26) паразитологиялық
зертхана – биологиялық материалда
және қоршаған орта объектілерінде
гельминттерді және қарапайымдыларды
анықтау бойынша зерттеулерді
орындайтын зертхана;
27) периметр
– қоршайтын құрылыс конструкцияларымен
(тосқауылдармен) және бақылау-өткізу
пункттерімен жабдықталған күзетілетін
аумақтың (аймақтың) шекарасы;
28) полимеразды
тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР)
– зерттелетін микроорганизм геномының
ерекше учаскесін анықтауға мүмкіндік
беретін, ДНҚ-РНҚ (амплификация) фрагменті
көшірмелерінің санын көп еселеп көбейтуге
негізделген реакция;
29) таза
аймақ – зертхананың БА-мен әрекеттер
жүргізілмейтін үй-жайы немесе үй-жайлар
тобы;
30) тәжірибелік
зерттеулер – шығу тегі биологиялық
микроорганизмдерді, гельминттерді, уыттар
мен уларды пайдаланатын жұмыстардың
барлық түрлері;
31) тәуекелді
бағалау – БА-ның ену және
таралу ықтималдығын және онымен
байланысты әлеуетті әлеуметтік,
медициналық-биологиялық, фито-ветеринариялық,
экологиялық және экономикалық салдарларын
ғылыми негізделген бағалау;
32) уақытша
зертханалар (эпидемиологиялық жасақтар,
экспедициялар) – эпидемиялық белең
алулар пайда болғанда ұйымдастырылатын
мерзімдік жұмыс істейтін зертханалар;
33) улы және
қатты әсер ететін заттар –
организмге аз мөлшерде және аз шоғырлануда
түскен кезде патологиялық өзгерістер
тудыратын химиялық қосындылар;
34) шартты
жұқпалы аймақ – жұқпалы аймақ
шегіндегі үй-жай немесе үй-жайлар
тобы;
35) штамм
– микроорганизмнің таза өсіріндісі;
36) эпидемиологиялық
маңызды объектілер – өндірілетін
өнімдері және (немесе) қызметі халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын бұзған жағдайда, тұрғындар
арасында тамақтан улануды және инфекциялық
аурулардың белең алуын тудыруы мүмкін
объектілер.
2. Ғимараттың(тардың) құрылысына
жер учаскесін таңдауға,
зертханаларды жобалауға, салуға,
қайта жаңартуға және
пайдалануға беруге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
5. Ғимараттың
құрылысына жер учаскесін таңдауға,
жобалауға, қайта жаңартуға және
зертханаларды пайдалануға беруге
оның осы Санитариялық қағидалардың
талаптарына сәйкестігі туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы
болғанда жол беріледі.
6. Мынадай:
1) бұрын
мал өлексесін және уытты қалдықтарды
көму орындарына пайдаланылған;
3) жер учаскесінде
күйдіргі бойынша стационарлық
қолайсыз елді мекен орналасқан
жағдайларда жер учаскесінде
құрылысты жобалауға және жүзеге асыруға
жол берілмейді.