Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кепілдік және кепіл болушылық.docx

— 167.20 Кб (Скачать документ)

         Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, себебі жоқ затқа кепіл құқығы болуы тиіс емес. Кепіл ұстаушы жауапты емес мән-жайлар бойынша кепіл нысанының жойылуы немесе басқадай шығыны, егер кепіл беруші ақылға қонымды мерзімде кепіл нысанын қалпына келтірмесе немесе оны құндылығы соңдай басқа мүлікпен алмастырмаса, кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуіне құқығы бар.Кепілге салынған мүлікті заң актілерінде көзделген негіздер бойынша алып қоюдың кез келген жағдайында осы мүлікке қатысты кепіл құқығы тоқтайды. Кепіл ұстаушы, заңнамада көзделген өзге құқықтармен қатар, қамтамасыз етілетін міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын сөзсіз талап ету құқығын алады. Ескеретін бір жағдай - кепіл ұстаушының негізгі міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуі оның міндеті болып табылмайды. Кепіл ұстаушының негізгі міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуына өз құқығын пайдаланбау фактысы кейін несие беруші - кепіл ұстаушының негізгі міндеттеме бойынша шығыңдарды өтеу жөніндегі талаптардан бас тартуына немесе оларды азайтуына негіз бола алмайды.

       Алынған мүліктің орнына өзге мүлік қойылған жағдайда алынған мүлікке қатысты кепіл құқығы тоқтайды, кепіл ұстаушы негізгі міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге құқылы. Бірақ, мұнымен қатар, кепіл ұстаушыда алмастырылып қойылған мүлікке де кепіл құқығы туындайды. Бұл ретте алғашқы кепіл нысанына кепіл берушінің меншік құқығы тоқтаған кезден бастап қандай мүліктің қандай міндеттемені қамтамасыз етуге кепілге берілгендігін тағайындайтын заң актісінің негізінде кепілдің жаңа міндеттемесі туындайды заң актісі негізінде туындайтын занды кепілдің бір түрі. Бір міндеттеменің алғашқы кепілдің екінші міндеттемеге алынған алғашқы кепіл нысанынын орнына қойылған мүлікке алмасуы болады, Кепіл нысаны болып табылатын мүлік алынып, оның құны өтелген жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, кепіл ұстаушыға негізгі міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап ету құқығы беріледі, сонымен қатар, кепіл ұстаушыға өз талабын кепіл берушіге тиесілі сомадан қанағаттандыруға, кепіл құқығындағы сияқты, артықшылық құқық беріледі. Бір міндеттемені кепіл құқығын басқаға алынған мүліктің құның өтеуден қанағат алуға артықшылық құқық алмастырудың негізгі, сақтандырылған мүлік жойылғанда сақтандыру төлемінен қанағат алуға құқық туыңдағандағы сияқты, тараптардың келісімі емес, заңнамадағы нұсқау болып табылады.

          Кепілге салынған мүлікгі заң актілерінде белгіленген негіздерде және алынған мүлікгі алмастыруға не алынған мүліктің құнын өтеуге ешқандай мүлік берілмейтін тәртіпте алып қойған жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, бірақ бұл негізгі міндеттемеге еш әсерін тигізбейді, себебі қамтамасыз етуші мәміленің заңсыздығы негізгі міндеттеменің заңдылығына ықпалын тигізбейді.

Кепіл берушінің  кепіл құқығын мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі талаптарын кепіл мүлкі берілген кепіл ұстаушы кепіл нысанының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін кепіл нысанын жоғалтатын немесе бүлдіретіндей өрескел қанағатгандырған жағдайда да негізгі міндеттеме тоқтамай-ақ кепіл туралы шарт күшін жояды. Бұл ереже кепілге салынған мүліктің меншік иесінің құқықтарын кепіл ұстаушының кепіл нысанын жоғалтуға немесе бүлдіруге алып келетін сондай құқыққа қарсы әрекеттерінен қорғайтын шара болып табылады.

         Кепіл ұстаушы кепіл шарты бойынша өз құқықтарын жүзеге асырып негізгі міңдеттеме орындалса да кепіл құқығы тоқтайды. Борышкер міндеттемені орындамағандықтан немесе тиісінше орындамағандықтан , несие берушінің қамтамасыз етілетін негізгі міндеттеме бойынша талапары кепіл мүлкінің құнынан, оны сату жолымен қанағаттаңдырылғанда осыңдай болады. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, борышкердің негізгі міндеттеме бойынша міндеті, мүлік құны несие берушінің талаптарын толық қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, тоқтамайды, ал кепіл берушінің міндеті өндіруді кепіл нысанына аударған несие берушіге қатысты ғана емес, осы мүліктің өзге келесі кепіл ұстаушыларына қатысты да тоқтайды, себебі келесі кепіл ұстаушылар осы мүліктен, ол сатылған жағдайда, алдыңғы кепіл ұстаушылар қанағат алғаннан кейін қанағат алуға құқылы.Кепілге салынған мүліктің құны несие берушінің талабын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда, ол жалпы ереже бойынша, борышкердің өзге мүлкінен жалпы негіздерде, кепіл ұстаушыға берілетін артықшылықсыз қанағат алуға құқылы. Сатылған мүліктің өзге де келесі кепіл ұстаушыларында да осындай құқық болады.

         Жылжымайтын мүлік ипотекасының сол ипотека тоқтағанда негізгі міндеттеменің тоқтауына алып келетін кейбір жағдайлары Ипотека туралы жарлықтың 37-бабының 2-тармағы жоғарыдағы ережеге жатпайды.Кепілдің тоқтауының жалпы негіздерімен қатар жылжымайтын мүлік ипотекасының тоқтауының өзіндік ерекшеліктері де болады. Ипотека куәлігі берілмей ипотека шартымен ресімделген ипотеканың тоқтауы азаматтық заңнаманың жалпы нормаларында, атап айтқанда, АК-ның 322-бабында көзделген негіздер бойынша, Ипотека туралы жарлықтың 37-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Ипотека шартын ипотека куәлігін беріп ресімдеген жағдайда, кепіл құқығын тоқтатудың азаматтық заңнаманың жалпы нормаларында көзделген негіздерінен басқа реттерде, кепіл құқығы ипотека куәлігінің күші жойылғаннан бастап тоқтайды. Ипотека куәлігінің әрекеті одан туындайтын құқықтар жүзеге асырылғанда тоқтайды, егер одан туындайтын талаптар негізгі міндеттеме бойынша борышкерге негізгі міндеттеменің орындалу мерзімі келгеннен кейін бір ай өткенше немесе ипотека нысаны жоғалған жағдайда қойылмайтын болса.

Кепіл шарты тіркелуге  тиіс жағдайда кепіл туралы шарт тіркелген тізілімде кепілдің тоқтағаны туралы белгі қойылуға тиіс, себебі кепіл туралы шарттың тоқтауы кепіл берушінің кепіл нысаны ретінде пайдаланылған мүлікгі пайдалану және оған билік ету құқығына шектеулердің тоқтауымен де байланысты.Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме оны орындағандықтан немесе АК-ның 21-тарауында көрсетілген өзге негіздермен тоқтаған жағдайда, сондай-ақ кепіл берушінің кепіл құқығын 312-баптың 3- тармағында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы талаптары қанағаттандырылған жағдайда, кепіл ұстаушы, егер кепіл мүлкі өзінде болса, немесе сақталуын қамтамасыз ету үшін ол мүлік үшінші жаққа заңды негізде берілген болса, оны кепіл берушіге тез қайтаруға міндетті. Мұндай міндет кепіл құқығының тоқтауымен және кепіл мүлкі кепіл ұстаушының иелігінде болған негіздердің тоқтауымен байланысты туындайды. Кепіл құқығының тоқтауы кепіл берушінің кепіл нысанына құқығын толық көлемде қалпына келтіреді меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын, оралымды басқару құқығын, өзінің басқаруындағы мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге сенімгершілікпен басқару құқығын және т.б. және кепілге салынған мүлікке кепіл құқығы ауыртпашылығын түсірумен байланысты барлық шектеулерді тоқтатады. Кепіл ұстаушы кепіл нысанын дер кезінде қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамаған жағдайда,кепіл мүлкін жоғалтқан немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті қоспағанда, кепіл беруші алдында кепілге салынған мүлікті қайтармаудан немесе дер кезінде қайтармаудан келген залал үшін жауап береді.Негізгі міңдеттеме бойынша борышты аудару кепіл құқығы тоқтайтын негіздердің бірі болып табылады.

           Кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышты аудару кепіл құқығын тоқтатады, себебі кепіл берушінің қамтамасыз етуге мүлік беруі борышкердің жеке басымен, оның төлем қабілеттігімен, кепіл беруші тарапынан деген оған сеніммен тығыз байланысты. Сондықтан, негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкердің ауысуымен, егер кепіл беруші жаңа борышкер үшін жауап беруге келіспесе, кепіл де тоқтайды. АК-ның өзге келісім болмаған жағдайдағы толықтырушы нормасына сәйкес кепіл құқығы, борышты басқа адамға аударған жағдайда, кепіл беруші негізгі міңдеттеме бойынша борышкер болса да тоқтайды, АК-ның 348-бабына сәйкес несие беруші борышты аударуға келісім беру мәселесін шешеді, және, егер ол мұндай келісім берсе, онда кепіл берушімен - бұрынғы борышкермен кепіл шарты тоқтайды.

Кепіл құқығын аудару. Кез келген мүліктік құқық сияқты кепіл құқығы да кепіл міндеттемесінің мәнінен туындайтын, беру жөніндегі ерекшеліктермен берілуі мүмкін.Кепіл құқығын, оның ішінде заттық кепіл құқығын беруге міндеттеме бойынша несие беруші құқығының басқа адамға өтуі үшін белгіленген ережелер қолданылады. Бұл, біздің пікірімізге, кепілдің туындау негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қосымша және оған тәуелді айрықша шарт болып табылатындығымен байланысты. Кепіл заң актісі негізінде туындаған жағдайда, оған да, егер заң актілерінде тікелей өзге көзделмеген болса, шарт негізінде туыңдаған кепіл туралы ереже қолданылады.

          Кепіл туралы шарттың акцессорлығы қосымшалығы және оның негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге байланыстылығы себепті, сондай-ақ, кепіл ұстаушы тек негізгі қамтамасыз етілетін міңдеттеме бойынша несие беруші ғана болуы мүмкін болғандықтан кепіл ұстаушы құқығының басқа адамға өтуі несие берушінің негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша құқықтары сол адамға өтпейінше мүмкін емес. Кепіл ұстаушының кепіл туралы шарт бойынша құқығын беруге көнуі сол адамға негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша құқық та берілмей занды деп танылмайды.Негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша құқықтың өтуі оны қамтамасыз ететін міндеттемелер бойынша, оның ішінде, кепіл туралы міндеттеме бойынша, егер заң актілерінде немесе негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талап ету құқығын беруге көну туралы шартта өзгедей көзделмесе, құқықтардың өздігінен және бір уақытта өтуіне әкеп соғады. Заң актілерінде немесе негізгі міндеттеме бойынша талап қою құқығын беруге көну туралы шартта несие берушінің басқа несие берушіге өтетін құқықтарының өзге көлемінің көзделуі мүмкін, атап айтқанда, кепіл туралы шарт бойынша құқық жаңа несие берушіге өтетін құқықтар көлемінен алынып тасталуы мүмкін бұл ретте кепіл құқығы тоқтайды, немесе кепілмен қамтамасыз етілетін талаптын көлемі азаюы мүмкін бұл ретте кепіл туралы АК-ның 370-бабының ережелеріне сәйкес есепке жатқызуы орын алады.Ұстап қалуды құқықтық реттеудің болмауы АК-ның 380-бабына сәйкес міндеттеме тараптарына қамтамасыз етудің бұл түрінің ережесіне өз ықтиярымен келісуіне мүмкіндік береді.Қамтамасыз етудің АК-да және бірқатар заң актілерінде айтылатын басқа тәсілі - кепілдік жарнасы. Әдетте, міндеттемелердің орындалуын кепілдік жарнамен қамтамасыз етудің шарттары ашық саудаға қатысу үшін көзделген. Мысалы, кепілге салынған мүлікті АК-ның 319-бабының 4-тармағына сәйкес сатқанда саудаға қатысу, АК-ның 915-бабы 6-тармағының ережелеріне сәйкес конкурстық міндеттемелерге қатысу кепілдік жарнаның төленуін қарастырады.    

        Бұл ретте кепілдік жарна қатысушы офертасының белгілі бір уақьгг аралығындағы зандылығын да, қатысушыны ашық сауданың немесе өзге конкурстық міндеттемелердің жеңімпазы деп жариялағанда оның конкурс талабында көзделген шартты жасау міндетін де қамтамасыз етеді. Көрсетілген мысалдардағы сияқты кепілдік жарнасы, қамтамасыз ету тәсілі ретінде, басқа да кез келген жағдайларда, оның ішінде сатып алу-сатуда, жалдауда, ақысыз қызмет көрсетуде және т.б. пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте кепілдік жарнасы тараптардың кез келгенінің міндеттемесін қамтамасыз ете алады.Кепілге қарағанда, кепілдік жарнада ақша несие берушіге негізгі қамтамасыз етілетін міңдеттеме бойынша беріледі, ол қамтамасыз етілген міндеттеме тоқтағанда, оның ішінде, міндеттеме тиісінше орындалғанда, жалпы ереже бойынша, кепілдік жарнасын қайтаруға міндетті, ал негізгі міндеттеме орындалмаған жағдайда оны қайтармауға құқылы. Кепілдік жарнасында, кейбір тұстарда, кепілпұлдың сипаты бар, одан аванстық төлем функциясын табуға болады. Мысалы, аукционға оның ішінде кепіл мүлкі сатылатын саудаға қатысу үшін төленген кепілдік жарна аукцион жеңімпазының сатып алу бағасының есебіне жартқызылуы мүмкін, бірақ оның кепілпұлдан айырмашылығы сол, ол сауданы ұйымдастырушы қандай да бір ақша сомасын төлеу жөніндегі өз міндеттерін бұзғанда, оған, енгізілген кепілдік жарнасын қайтару жөнінде көтеріңкі міндет жүктелмейді.

 

 

----------------------------------

1 Бұл бапта аманат делінген,ал АК-тің 330-шы бабында кепіл болушылық деп алынған.Жоғарыда ескерткеніміздей

Осындай қайшылықтар біздің Азаматтық кодексте баршылық.


Информация о работе Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже