Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 07:25, курсовая работа
Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.
Кепілге салу үшін белгілі бір талаптар орындалған жағдайда ақша кепіл заты бола алады. Ақшаны кепіл заты ретінде пайдаланғанда ол банкке салынуы тиіс, бұл ақша кепілінің ерекшелігі, сондықтан мұндай кепіл кепілдің айрықша түріне жатады. Кепілге бергенде ақшаны банкке салудың қажеттігі оның жоғары өтімді мүлік ретіндегі қасиетінен, кепілге салғанда кепіл берушінің немесе ипотекада кепіл ұстаушыньщ ақшаны пайдалануын шектеу мүмкін еместігінен, сондай- ақ ақшаны кепілге ұстаудың немесе ипотекасының мүмкін еместігінен туындайды.
Ақша кепілінде кепіл заты ретінде қолма қол ақшаның да ақша белгілері, қолма қол емес акшаның да банктердің өз клиенттерінің банк есепшоттары бойынша жазбаша берген ақшалай міндеттемелері пайдаланылуы мүмкін. Қолма-қол ақшаны банкке салғанда олар да қолма-қол емес ақшаға - банк міндеттемесіне айналады.Банк есепшотының кепілін немесе банк салымын ақша кепілінен айыру керек. Банк есепшоты немесе банк салымы кепілінде кепіл беруші кепілге ақшаның өзін емес, банк есепшотының шарты немесе банк салымының шарты бойынша өз құқығын талабын береді. Банк есепшоты немесе банк салымы кепілінің өзге міндеттемелік мүліктік құқық кепілінен, мысалы, жалдау құқығының кепілінен еш айырмашылығы жоқ.Банк аккредитивін белгілі бір мән-жайларда немесе аталып көрсетілген құжаттарды ұсынғанда банктің ақша төлеу міңдеттемесін беруі де ақша кепіліне жашайды. Аккредитив қамтамасыз етудің өзінше бөлек төсілі болып табылады.Ақшаны қамтамасыз ету заты ретінде пайдаланудың өзгедей шарттық және заңнамада көзделген тәсілдерін ақша кепілінен ажырату керек. Мысалы, ақша қамтамасыз етудің кепіл мүлкін АК-ның 319-бабының 4-тармағына сәйкес сату кезінде саудаға қатысудың кепілдік жарнасы, АК-ның 915-бабының 6-тармағына сәйкес конкурстық міндеттемелердің кепілдік жарнасы ретінде пайдаланылады. Бұл мысалдар сияқты кепілдік жарнасы, қамтамасыз ету тәсілі ретінде, өзге жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін.
Кепілге қарағанда, кепілдік жарнада ақша несие берушіге негізгі міндеттеме бойынша беріледі, ал ол негізгі міндеттеме орындалмаса қайтарылмай қалады.Қамтамасыз ету заты ретінде ақша қамтамасыз етудің кепілзат сияқты дәстүрлі тәсілінде де пайдаланылады. Кепілге қарағанда, кепілақының ақшалай сомасы, кепілдік жарнадағы сияқты, негізгі міндеттеме бойынша несие берушіге тікелей беріледі.Ақша кепілінен әртүрлі ақылы шарттардан алынатын ақша талаптарын қамтамасыз ету заты ретінде пайдалану жағдайын да ажыратқан жөн. Ақша талаптары кепілдің өзінше бөлек заты ретінде болуы мүліктік құқықтар кепілінің бір түрі, сондай-ақ олардаң қамтамасыз ету тәсілінің кепілге қарағанда басқа тәсілдері бойъпшіа пайдаланылуы мүмкін, мысалы, клиенттің қаржы агенті алдында міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету мақсатында ақша талабынан бас тартуды көздейтін факторинг қаржыландыру шартында пайдалану.Мүлікті жалдағанда оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін ақша пайдаланылатын жағдайлар кепілге жатпайды спортинвентарды жалға алу, кассеталарды жалға алу, кітапханадан кітап алу, т.б. Қамтамасыз етудің мұндай тәсілдері, олар кейде кепіл ақша немесе кепіл сомасы деп аталғанымен, шартта көзделген кепілдік жарнасына жатады. Мұндай ақшамен қамтамасыз ету кепіл деп танылуы үшін ақша банкке салынуы тиіс. Қамтамасыз ету ретінде ақшадан басқа мүлік қалдыру, тараптардың келісіміне қарай, кепілақы, мүлікті ұстап қалу немесе қамтамасыз етудің басқа шарттық тәсілі болуы мүмкін. Борышқор жайында ақпарат көзі болудан басқа немесе борышқор үшін несие берушіні міндеттеменің орындалатынына сендіретін айрықша құндылығынан басқа ешқандай материалдық құндылығы жоқ жеке құжатты қамтамасыз ету ретіңде қалдыру міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің азаматтық- кұқықтық тәсілдеріне жатпайды.
Кепіл нысанын несие берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін сату қажеттігі кепілге берілген нәрсенің иеліктен шығарылу мүмкіндігін көздейді. Сондықтан да кепіл нысаны ретінде өзінің табиғи қүндылығымен қатар кепіл ұстаушының өндіріп алуды соған аударғанда сатуға болатындай нәрсе берілуі тиіс. Бұл талап ақшаға таралмайды, себебі оны сатудың қажеттігі жоқ, өндіріп алуды оған аудару оның өз құнымен тең болады. Ақшаның ол ережеге кірмеуі оның мүліктің айрықша түрі - белгі қойылған нәрсе екендігінде, оның құндылығы әлеуметтік функциямен анықталады және ол нәрсенің талап ету құқығына ие екендігінен туындайды.
Кепіл нысанын
сатудың қажеттігі кепіл
Шектеулі айналым кабілеті бар мүлік, олардың мүліктік айналымын құқықтық реттеудің ерекшеліктері ескеріліп, кепіл нысаны бола алады, атап айтқанда, кепіл нысанына өндіртіп алуды аударғаңда ондай мүлікті иеленушіге не оны мамандандырылған сауда ұйымдары арқылы сату процедурасына қойылатын талаптар ескеріледі.Кепіл туралы және кепіл нысаны туралы заңнамада мүліктің кейбір турлерінің кепіліне заң актілері арқылы тыйым салу немесе шек қою мүмкіндігі туралы ереже бар. Бұл ереже заң актісі бойынша кез келген нәрсенің кепіліне тыйым сала алады, себебі мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдалануға тыйым салудың немесе шек қоюдын, негізге алынатын критерилері белгіленбеген. Мұндай тыйым салу немесе шек қою тек заң актілерімен ғана белгіленеді.
------------------------------
1 Фалькович М.Способы обеспечения исполнения обезательств, Хозяйство и право, 1995, № 11, 10 – 11 – бет.
3 Кепіл қатынастарының тараптары.Кепілдің туындауының негіздері.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар: өмір, денсаулық, ар- ождан, жақсы атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сүғылмайтындық, жеке және отбасы қүпиясы, есімге құқық, авторлыққа құқық, шығармаға қол сұғуды болдырмайтын құқық және басқа материалдық емес құқықтар мүлікке жатпайды және кепіл нысаны бола алмайды.Кепіл қатынастарының тараптары.Кепіл қатынастарына кемінде екі адам - кепіл ұстаушы және кепіл беруші қатысады.
Кепіл ұстаушы, әдетте, негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші болады. Негізгі міндеттеме бойынша несие берушінің; ауысуы, егер алғашқы және жаңа несие берушілер арасында құқық ауысқанда басқадай айтылмаса немесе заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, әрқашанда кепіл ұстаушының құқықтарының жаңа несие берушіге ауысуына әкеп соғады.
Кепіл беруші негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкер де, заттық кепіл болушы ретіндегі үшінші жақ та бола алады.Кепіл ұстаушыға қойылатын басты талаптардың бірі - ол кепілге берілген нысанның меншік иесі болуы тиіс немесе ол нысанды кепілге беруге мүмкіндік беретіндей онда өзгедей заттық құқық болуы тиіс, не, мүліктік құқықты кепілге салғанда мысалы, интеллектуалдық меншікке жататын не тауарлар беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелік қатынастардан туындайтын және т.б. сол мүліктік құқықтың иесі болуы керек.
Жалпы ереже бойынша, затты кепілге беруші оның меншік иесі болуы, ал мүліктік құқықты кепілге беруші оның құқық иеленушісі болуы тиіс, сонда ғана бөтен мүліктің кепілге берілуіне мүмкіндік болмайды. Кей жағдайларда меншік иесі не құқық иеленуші үшінші жаққа өз мүлкін, сол мүлікті басқаруға сенімхат беру арқылы, затты немесе басқадай мүлікті кепілге салуға құқық береді, нәтижесінде өкілдік қатынас туындайды, бүл ретте де кепіл нысанының меншік иесі немесе құқық иеленушісі бәрі бір кепіл беруші болып қалады.Мемлекетгік кәсіпорынның негізгі қорына жататын мүлікті кепілге беру меншік иесі болып табылатын мемлекеттің келісімімен уәкілетті мемлекеттік органның келісімі түрінде болады.Кепілдің туындауының негіздері. Жалпы ереже бойынша, кепілдің туындауының негізі шарт болып табылады. Кепілдің өзіндік ерекше кұқықтық реттеумен туындауының айрықша жағдайына оның оқиға немесе өзге заңдық факты болғанда туындауын жатқызуға болады, бұл ретте несие берушінің кепіл құқығының туындауы да солармен байланысты. Заң актілерінің негізінде туындаған кепілді құқықтық реттеудің ерекшелігі екі аспектіде көрініс табады.Біріншіден, кепіл заң актісінің негізінде туындауы үшін заң актісі кепіл құқығының туындауьша негіз болатын оқиғадан басқа, онда, қандай мүлік қандай міндеттемені қанағаттандыру үшін кепілге берілетіндігі көзделуі тиіс.Екіншіден, шарт негізіңде туындайтын кепіл туралы ереже, егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, заң актілері негізінде туындайтын кепілге де қолданылады. Яғни заң актісінде кез келген өзге ереже және Азаматтық кодексте немесе жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Жарлыққа сәйкес кепілді құқықтық реттеуден өзгеше кез келген мәселе көзделуі мүмкін.
Мысалы, кепіл берушіге орнына басқа мүлік беріп кепіл нысанын мемлекет қажеттілігі үшін алып қою, ол нысанды реквизициялау немесе меншігіне алу заң актісі негізінде кепілдің туындауының мысалы алады. Бұл ретте орнына берілген мүлікке кепіл құқығы АК-324-бабына сәйкес туындайды. Занды кепілдің тағы бір мысалы ретінде, жоғарыда аталып өткендей, кеме тұрғызылып жатқан кеме кепілін алуға болады, оның құқықтық реттелуі Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Занда көзделген.
------------------------------
1 Басин Ю. Г. Ответственность за нарушение гражданско – правового обязательства. Алматы: «Әділет – Пресс» , 1997, 3 – бет.
Кепіл туралы шарттың мазмұны үшін қажетті елеулі жағдайларға, жалпы ереже бойынша, кепіл нысаны туралы талап, оны бағалау, кепілмен қамтамасыз етілетін міңдеттеменің мәні, мөлшері, және орындалу мерзімі, сондай-ақ кепілге салынған мүліктің тараптардың қайсысында екенін көрсету және оны кепіл туралы шарт күшінде болған кезде пайдалануға болатындығы жатады АК-ның 307- бабы.Кепіл нысаны туралы талапта нақты мүлікті кепіл нысанына жатқызу үшін қажетті ақпараттар болуға тиіс. Мысалы, кепіл нысаны ретінде жеке белгілі бір нәрсені пайдаланғанда қандай нақты заттың кепілде екендігін анықтауға мүмкіндік беретіндей барлық ерекше белгілер көрсетілуі тиіс.Тектік белгілерімен анықталатын нәрселерді кепілге өткізгеңде тектік белгілер, сондай-ақ кепіл заттың қай жерде тұрғандығын білдіретін қажетгі мәліметтер немесе нақты мүлікті кепіл нысаны ретінде анықтауға мүмкіндік беретін өзге мәліметтер көрсетіледі, мысалы астықты кепілге бергенде оның сорты, астық қоймасының тұрған жері мен реквизиттері, астықты қоймада сақтау шартының елеулі талаптары көрсетіледі. Мүліктік құқықты кепілге салғанда - міндетті адам,мүлікгік құқықтың туындау негіздері туралы қажетті деректер, атап айтқанда - реквизиттер, шарттың елеулі талаптары немесе зандық факты жайындағы қажетті деректер кепілге өткізілген мүліктік құқықтың туындау негіздері көрсетіледі.
Айта кететін бір жағдай — кепіл нысанын бағалау оның нақты құнының жорамалы ғана, ол уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін кейбір себептермен ұлғаюы немесе кемуі мүмкін. Сондықтан, өндіріп алуды кепіл нысанына аударғанда тараптар алғашқы бағаға жүгінбейді, себебі кепіл нысанының нақты құны мүлікгің сондай түрлерінің өндіріп алу кезіндегі құнынан тұрады. Сондықтан да, кепіл мүлкіне өндіріп алуды қолданған тараптардың әрқайсысы оның құнына дау айта алады.Жылжымайтын мүлік кепілін құқықтық реттеудің ерекшелігі сонда, тараптардың келісімімен жылжымайтын мүліктің кепілі туралы шартга бағалауды елеулі деп қарау көзделгенмен, ондай бағалаудан бас тарту жағы да қарастырылған. Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы заңнама жылжымайтын мүлікте әрқашанда белгілі бір құн және құндылық бар, сондықтан да жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт үшін бағалау туралы талаптың қажеті жоқ екендігіне сүйенеді.Кепіл туралы шарттың кепілге салынған мүліктің тараптардың қайсысында екендігі көрсететін жағдайы кепіл түрін - ипотеканы кепілақыны, мүлік құқығының кепілін анықтау үшін керек. Кепіл түрін анықтаудың маңыздылығы бар, себебі кепілдің әрбір түрінде, кепіл ұстаушының құқықтарының шегін, кепіл мүлкін сақтаудағы; тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ тараптардың сол мүлік жойылған, жоғалған немесе бүлінген жағдайда жауапкершілігі мен қауіптерін анықтауда ерекшеліктер бар.
Кепіл туралы шарттың күшінде болу кезеңінде кепілге салынған мүлікті пайдалануға жол беру туралы жағдай, әрине, елеулілер қатарына жатпайды, себебі заңнамада кепіл нысанын ипотека және кепілақы үшін пайдалану тәртібін реттейтін нормалар бар. Сонымен қатар, мүліктік құқықтың кепілі үшін, сондай-ақ, шарт талаптарынан оның кепілақы немесе ипотека екенін дәл анықтау мүмкін емес жағдайларда, кепілдің күші бар кезенде кепіл мүлкін пайдалануға жол беру туралы жағдай кепіл туралы шарттың елеулі жағдайларына жатады, және осы 4 шарт негізінде кепіл құқығының табысқа және кепіл мүлкін пайдаланудан түскен өзге өсімге таралу шегі, тараптардың кепіл мүлкінің жойылуы, жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауапкершілігі, сондай-ақ тараптардың өзге құқықтары мен міндеттері анықталады.
------------------------------
1Алексеев С. С. Проблемы теории права. М., 1972, т. 1, 371 – бет.
3.2 Кепіл туралы келісімнің формасы. Кепілді тіркеу. Кепілдің субъективтік құқығы
Кепіл туралы шарт жазбаша формада жасалуға тиіс. Жазбаша формада жасалмаған кепіл шартты заңсыз деп танылады.Қазіргі кезде кепіл туралы шартты нотариалдық куәландыру қажет емес. Бірақ кепіл туралы шарттың тараптары өзара келісіп кепіл туралы шартың жай жазбаша формасын емес, нотариалдық формасын таңдауы мүмкін, бұл, көбіне, азаматтар қатысқан кепілді ресімдегенде қолданылады. Тараптар кепіл туралы шарттың нотариалдық формасына келісіп, бірақ оны сақтамаса, шарт заңсыз болып танылады.Ортақ меншіктің, әсіресе мемлекеттік тіркеуге жататын меншіктің қатысушыларының келісімін ресімдеудің бірқатар ерекшелікгері бар. АК-ның 304-бабына сәйкес, ортақ үлесті немесе бірлескен меншік - болып табылатын мүлікті кепілге салу барлық меншік иелерінің келісімін керек етеді, ал АК-ның 220-бабының 3-тармағына сәйкес, кепіл заты больш табылатын және мемлекеттік тіркеуге жататын әуе, теңіз кемелері және т.б. бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі нотариалдық куәландыруды талап етеді. Ал, кепіл туралы шарттың өзі АК-ның 307-бабының 2-тармағына сәйкес, міндетті нотариалдық куәландыруды керек етпейді. Ал, практикада ортақ меншік болып табылатын мүлікгі көбіне, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін кепілге, салғанда шарт нотариаддық формада жасалады тіптен мүлік мемлекеттік тіркеуге жатпаса да, бұл ретте ортақ меншік иелерінің кепілге келісімін .куәландыру ондай шарттың талаптарының бірі болып табылады.Кепілді тіркеу. Жалпы ереже бойынша мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктің кепілі мұндай мүлікгі тіркеуді жүзеге асыратын органда тіркелуі тиіс. Атап айтқанда, кепілге салынғандығы жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органдарда тіркелуге жататын жылжымайтын мүлікті және олармен мәмілені тіркеу заңнамада көзделген. Ондай кепілді тіркеудің оның заңды болуы үшін құқықтық маңызы бар. Жылжымайтын мүліктің кепілін тіркеу жөніндегі талаптарды орындамау кепіл туралы шарттың заңсыз деп танылуына әкеп соғады, ол тікелей заңнамадан туындайды.
Информация о работе Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже