Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 07:25, курсовая работа
Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.
Талап занды болу үшін, кепіл болушылық пен кепілдікке тән қамтамасыз етушілік функцияларымен қатар негізгі міндеттеме де күшіне енуі тиіс. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай - келешекте туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін жасалған кепілдік шарты, егер шартта өзгедей көзделмесе, негізгі міндетгеме күшіне енген кезден бастап күшіне кіреді заттай шарт болса - зат берілген кезден, консенцуалдық шартга - тараптар негізгі шарт бойынша келісімге жеткен кезден бастап. Олай болмаған жағдайда кепілдік шарты күшіне кірмейді және одан ешқандай зандық міндеттеме туындамайды.
ҚР азаматгық заңнамасының талап көнелігі өткеннен кейін де талап қоюға материалдық құқыктың сақталу принципінен туыңдайтын ережелеріне сүйенсек және талап көнелігін соттың даудағы тараптардың арызы бойынша ғана қолдануы туралы ережені ескерсек, қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талап көнелігінің өтуі талаптың заңдылығын анықтауда ешбір рөл атқармайды, себебі талап көнелігі мерзімі өткеннен кейін де мүдделі жақтардың бұл мерзімінің өткендігі туралы арызы түскенше ол міндеттеме өтелді деп саналмайды.Кепілдік — қамтамасыз етілетін шарт бойынша несие беруші мен негізгі шарт бойынша борышкер емес адам арасында орнатылатын қүқықтық қатынас. Кепілші келбеті борышкерге келмейді, негізгі міндеттемеге қатысты алғанда кепілші әрқашаңда үшінші тұлға болып қалады.
------------------------------
1 Гражданское право (Под ред. А.Н.Сергеева, Ю.К. Толстого), ч. 1, 525-бет.
1.3 Кепілдік пен кепіл болушылықтың туыңдау негіздері және ол туралы келісімнің формасы.
Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негізі екіжақты шарт болып табылады. Кепіл болушылык шартының немесе кепілдік шартының тараптарына қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттемеге қатысты үшінші жақтар болып табылатын кепілші немесе кепіл болушы жатады. Бұл жерде бір тарап ретінде бір уақытта бірнеше адам қатыса алады. Кепілдік пен кепіл болушылыққа негіз болатын негізгі міндеттеме бойынша несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушылық арасындағы қатынастар кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының жағдайларының шегінен тыс қалады.Кепілдік шарты мен кепіл болушылық шарты біржақты міндеттеуші шарттар болып табылады, біржақты мәмілемен шатастырмау керек, себебі олар бойынша тек бір тарапта ғана — кепілшіде немесе кепіл болушыда міндет туындайды, ал несие берушіде тек құқық болады, оңда міңдет болмайды.Кепіпдік шарты мен кепіл болушылық шарты консенсуалдық болып табылады.Құқықтар міндеттер шарттың тараптары арасында келісімге қол жетіп, шарт тиісті формада ресімделгеннен кейін туындайды, және міндеттемелер мен шарттарды орындау туралы жалпы ережеге сәйкес, кепіл болушылық шарты мен кепілдік шартының, заңнамада немесе шарта көзделген жағдайлардан басқа реттерде бұзылуы немесе біржақты тәртіпте өзгеруі мүмкін емес. Егер кепілдік немесе кепіл болушылық шартыңда оны біржақты өзгерту немесе бұзу мүмкіндігі көзделмесе, кепілші немесе кепіл болушы өзі берген кепілдікті немесе кепіл болушылықты қайтарып алуға құқылы емес.
Біржакты міндеттейтін шарттар ретіндегі және несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушы арасындағы келісім ретіндегі кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының мәнінен олардың ақысыздығы туындайды. Ал шарт бостандығының азаматық-құқықтық принципінің өзінен тараптардың келісімімен кепіл болушылық шартыңда немесе кепілдік шартында ақылы болу жағы көзделуі мүмкін.Кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың ақысыздығы кепілші немесе кепіл болушы мен негізгі міндеттеме бойынша борышкердің арасыңдағы өзара қатынасқа еш әсер етпейді, ол қатынас кепілдік шартының немесе кепіл болушылық шартының әрекет аясынан тысқары қалады, сондықтан ол ақылы негізде орнауы мүмкін. Мысалы, банк өз клиенті үшін кепілдік немесе кепіл болушылық бергенде белгілі бір төлем болуы мүмкін.
Заңнамада бекітілген
кепілдіктерді қолданудың мысалы ретінде
Қазақстан Республикасының
Кепілшінің немесе кепіл болушының борышкердің несие берушісіне жазбаша оферта жіберуі жене қажетгі қалыпты уақыт аралығында несие берушінің кепілдік қабылдаудан бас тартуының болмауы тиісті жазбаша формада жасалумен теңестіріледі. Бұл ретте несие берушінің жауап үшін қажетті уақыт бойы үндемеуі оның келіскендігі деп саналады.Кепілші мен кепіл болушының жауапкершілігінің шектері. Жалпы ереже бойынша кепілші несие беруші алдында борышкердің барлық жауапкершілігін, оның ішінде борышкердің негізгі міндеттемені орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан несие берушіге келген залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін де көтереді.Сонымен қатар шартта кепілшінің жауапкершілігінің шегі мен мөлшерін анықтаудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін.Сол себепті кепілшінің жауапкершілігінің шектері,көбіне,кепілдік шартындағы жағдайларға байланысты.Атап айтқанда, кепілдік шартында негізгі міндеттемені толықтай емес, жарым-жартылай қамтамасыз ету көзделуі мүмкін және тиісінше кепілшінің негізгі міндеттемені орындау және залалды өтеу жөніндегі міндеттемесі сонымен шектелуі мүмкін. Мысалы, егер кепілші борыш- кердің несие беруші алдындағы міндетгемесін жартылай орыңдауға несие беруші алдында міндеттенсе, онда борышкер несие беруші алдындағы міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепілшінің жауапкершілігі борьшгкердің несие беруші алдындағы барлық міндетгемелерінің сомасының жартысымен шектеледі.
Кепілдік шартында, сонымен қатар, борышкердің негізгі міндеттеменің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан туындаған шығындарды өтеуіне қатысты кепілшінің жауаптылығының басқа тәртібі кепілшінің залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін кепілдік шартының талаптарымен шектеу арқылы белгіленуі мүмкін.Мысалы, кепілдік шартында негізгі міңдеттеменің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы себепті несие берушіге келген шығынды борышкердің өтеуі жөнінде кепілшінің жауап бермейтіндігі, немесе кепілші негізгі міңдеттемеде көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуге, сот шығыңдарын төлеуге, жауап бермейді деп көзделуі мүмкін. Егер кепілдік шартында кепілші жауапкершілігіне мұндай шектеулер көзделмеген болса, онда кепілші мен борышкердің шығындарды және несие берушінің басқа залалдарын өтеудегі теңдей Жауапкершіліктері туралы жалпы ереже қолданылады.Кепілшіге қарағанда кепіл болушы, жалпы ереже бойынша,несие беруші алдында,кепіл болушылық шартында көрсетілген шектерде шектеулі жауапкершілік көтереді.Кепіл болушылық шартында кепіл болушының жауапкершітігінің өзгедей шектері көзделуі мүмкін.Мысалы,кепіл болушылық арқылы кепіл болушының мынадай жауапкершілікгері көзделуі мүмкін: кепіл болушьшық сомасынан асатын;борышкердің негізігі міңдеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы себепті келген залалды өтеу жөніндегі; несие берушінің сот және өзге шығындарын өтеу жөніндегі және т.б. Кепіл болушылық шартының жағдайларында кепіл болушының кепіл болушылықта көрсетілген сомадан артық жауапкершілігі туралы ережелер болмаған ретте, кепіл болушының шекгеулі жауапкершілігі туралы жалпы ереже қолданылады.
Кепілдік пен кепіл болушылықты орындаудың салдарлары. Жалпы ереже бойынша, кепілші шартты орындағанда осы шарт бойынша несие берушінің құқығы оның талабын кепілші қаншалықты орындаса, сол көлемде оған ауысады. Жаңа несие берушіге айналған кепілшінің қүқығының көлемі жаңа несие берушіге құқықтың өтуі туралы ережеден туындайды, оған сәйкес алғашқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге, егер заң актілерінде немесе шартта өзгедей көзделмеген болса, борышкер үшін кепілші шартты орындай бастаған кезде қандай болса сол көлемде және сол жағдайда ауысады. Осыған сәйкес, шарт орындаған кепілшіге шарттың орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар да, оның ішінде алғашқы несие берушінің кепіл бойынша құқығы, егер ол кепілмен де негізгі шарт қамтамасыз егілген болса, орындалған шарттың көлемінде және кепіл туралы шарт бойынша құқықтан бас тарту үшін көзделген ерекшеліктер ескеріліп, өтеді.Кепіл болушылық қатынасына азаматтық құқықтың субсидиялық міндеттеме, субсидиялық борышкер жене субсидиялық жауапкершілік туралы барлық ережелері, жауапкершілік шектері және кепіл болушыға субсидиялық борышкер ретінде талап қою тәртібі бойынша бірқатар ерекшеліктерімен таралады. Бұл ерекшеліктер кепілші мен кепіл болушының жауаптылық шектерін қарағанда толығырақ сөз болады.Кепіл болушылық көптеген тұста кепілдікке ұқсағанмен, өзінше жеке дербес институт және қүқықтық реттеуде бірқатар елеулі ерекшеліктерге ие.
------------------------------
1 Советское гражданского право. Т. 1, М., 1968, 484 – бет.
Жалпы ереже бойынша, кепілші міңдеттемені орындағаңда осы міндеттеме бойьшша несие берушінің құқьпы оның талабын кепілші қаншалықты орындаса, сол көлемде оған ауысады. Жаңа несие берушіге айналған кепілшінің құқығының көлемі жаңа несие берушіге құқықтың өтуі туралы ережеден туындайды,оған сәйкес алғашқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге, егер заң актілеріңде немесе шартта өзгедей көзделмеген болса, борышкер үшін кепілші міңдеттемені орындай бастаған кезде қандай болса сол көлемде және сол жағдайда ауысады. Осыған сәйкес, міңдеттеме орыңдаған кепілшіге міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар да, оның ішінде алғашқы несие берушінің кепіл бойынша құқылы, егер ол кепілмен де негізгі міндеттеме қамтамасыз етілген болса, орыңдалған міңдеттеменің көлеміңце және кепіл туралы шарт бойыншаі құқықтан бас тарту үшін көзделген ерекшелікгер ескеріліп, өтеді.Кепілшінің, жаңа несие беруші ретіңде борышкерге қоятын талаптарьшан басқа,жалпы ереже бойынша, борышкер үшін жауапкершілікпен байланысты өзі тартқан шығынды толық көлемде, оның ішінде ақша қаражатын негізгі міндеттемені орындау үшін жаратумен байланысты шығындарды, АК-ның 353-бабына сәйкес өндіртіп алуға қүқығы бар. Кепілші негізгі міндеттемені орындаған жағдайда, несие беруші оған борышкерге қойылатын талаптарды растайтын құжаттар тапсыруға мысалы, егер заемды ол ресімдесе — вексель, т.б. және егер ондай бар болса - сол талапты қамтамасыз ететін құқықты мысалы, егер негізгі міндеттеме кепілмен де қамтамасыз етілген - кепіл шарты бойынша қүқықтан бас тарту, ипотекалық куәлікгі беру және т.б. беруге міңдетті.Несие беруші бұл баптың ережелерін орындамаған жағдайда кепілші несие берушіні мәжбүрлеп орындату үшін сотқа жүгіне алады.
Міндеттемелерін орындаған кепілші мен кепіл болушының қүқықтарында, негізінен, айырмашылық жоқ. Екеуі де, несие беруші алдындағы борышкердің міндеттемесін орындағанда тендей құқыққа ие болады.
Кепілші мен кепіл болушьшың қамтамасыз етілеіін міндеттемені орындауға байланысты туындаған регрестік талаптарына талап қөнелігінің жалпы мерзімі таралады, ол кепіл болушылықты немесе кепілдікгі орындау кезінен басталады.Борышкер негізгі міндеттемені қанағаттандырғаннан кейін кепілші тарапынан несие берушіге қабаттасьш қайталама орындау орын алмас үшін, борышкер міндеттемеңің орындалғандығын кепіл болушыға немесе кепілшіге тез хабарлауға міндетті. Кепіл болушыны немесе кепілшіні борышкердің хабардар етуі кепілшінің немесе кепіл болушының қабаттасып орындауынан келген залалды өтеу үшін маңызды рөл атқарады.Кепілшінің немесе кепіл болушының негізгі міндеттемені, оны борышкердің орындағаны туралы хабарлама алғанша қабаттасып орындап қоюына борышкер көтеріңкі жауапкершілік алады. Мұндай жағдайларда кепілші немесе кепіл болушы өз қалауынша, не несие берушіден оның негізсіз алғанын өндіртіп алуға, не борышкерге регрестік талап қоюға құқылы. Кепілшінің немесе кепіл болушының борышкерден міндеттеменің орындалғаны туралы хабарлама алғаннан кейін несие берушіге міндеттемені қабаттасып қайталап орындауы кепілшіні немесе кепіл болушыны борышкерге регрестік талап қою құқығынан айырады. Бұл ретте кепілші немесе кепіл болушы несие берущіден оның негізсіз алғанын ғана өндіртіп алуға құқылы.Егер кепілші немесе кепіл болушы борышкерден міндеттеменің орыңдалғаны туралы хабарлама алғанға дейін қабаттасып қайталап орындап, орындалғанды борышкерден регрестік талап бойынша өндіріп алса, онда борышкер, өз кезегінде, несие берушіден оның негізсіз алғаның өндіртіп алуға құқылы.Несие беруші міндеттеменің қабаттасып қайтара орындалғанын қабылдауға тиіс емес.Қабылдаған жағдайда ол негізсіз байығаны үшін жауап береді.Несие беруші міңдеттеменің қабаттасып қайтара орындалуын қабылдаған ретге ол негізсіз алынған мүлікті, оны кімнің есебінен алса соған қайтару жөнінде барлық қажетті шаралар қолдануы тиіс.
------------------------------
1 Иоффе О.С. Обезательственное право. М., 1975, 100 – бет.
2 Иоффе О.С. Обезательственное право. М., 1975, 103 – бет.
Кепілдік пен кепіл болушылық негізгі міндеттемеге қосымша акцессорлық міндеттеме болып келеді, олар өздері қамтамасыз ететін міндеттеме тоқтағанда тоқгайды, бұл ретте кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеме қандай негізбен: тиісінше орындалғандықтан, есепке алынғандықтан және т.б. себептермен тоқтағанының маңыздылығы жоқ. Негізгі міңдеттеменің жауапкершіліктің ұлғаюына немесе кепілші немесе кепіл болушы үшін қолайсыз салдарларға алып келетін жағдайлар өзгергенде де кепілдік пен кепіл болушылық өзінен өзі тоқтайды, мысалы, несие беруші мен борышкер арасындағы қосымша келісім бойынша несиеге қатысты пайыздық ставканың ұлғаюы борышкердің несиені қайтаруды қамтамасыз ететін кепіл болушылықтың тоқтауына әкеп соғады. Кепілші немесе кепіл болушы негізгі міндеттеменің кепілшінің немесе кепіл болушының жауапкершілігінің ұлғаюына әкеп соғатын жағдайларына келісімін берсе, яғни көтеріңкі жауапкершілікке немесе өздері үшін өзге де қолайсыз салдарлардың ұлғаюына келісімін берсе ғана кепілдік пен кепіл болушылық өз әрекетгерін ары қарай жалғастыра береді.Кепілдік пен кепіл болушылықтың қосымша сипаты талаптан бас тартқанда олардьң негізгі мі деттеме тағдырын бөлісетіндігнен де көрініс табады. Бірақ, борыш ауысқанда, егер кепілші немесе кепіл болушы жаңа борышкер үшін жауап беруге келісім білдірмесе, кепілдік немесе кепіл болушылық тоқтайцы. Бүл ереженің мәні мынада - кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша міндеттеме үшін кепілші немесе кепіл болушы мен борышкер арасындағы қатынаста жеке сенімгерлік сипаттың болғаңдығы керек жөне кепілші немесе кепіл болушы үшін борышкердің жеке басы да үлкен рол атқарады — кепілші немесе кепіл беруші жай ғана міндетгеме үшін емес, оған белгілі бір адаммен бірдей немесе қосымша жауал беруге міндеттеме алады.
Кепілдік немесе кепіл болушылық, өздері қамтамасыз ететін міндеттемені орындау мерзімі келгенде борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса да тоқтайды, ол несие берушінің мерзімнің өткендігі үшін жауапкершілігі туралы жалпы ережеден туындайды. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы негізгі міндетгемені және борышкердің оны тиісінше орындау жөңіндегі міндеттемесін тоқтатпайды. Бірақ несие берушінің борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартуы кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтатады, бұл мерзімнің өтуіне жол берген несие беруші үшін өзінше санкция болады.Бұл ереженің мәнісі кепілдік пен кепіл болушылықтың бұл жағдайда өздеріне бөлінген мерзімдер өтпей-ақ тоқтайтыңдығында. Тіптен, мерзім оларда белгіленбесе де.
Информация о работе Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже