Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 07:25, курсовая работа
Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.
Ипотека конструкциясын пайдаланып ақшаны кепіл берушінің иелігінде және пайдалануына қалдыру оның пайдаланып кетуіне мүмкіндік тудырады, нәтижесінде кепіл ұстаушының құқығын қамтамасыз етілмей қалуы мүмкін. Айта кету керек - ақшаның негізгі арналымы оны төлем құралы ретінде пайдалану, бұл тұрғыдан алғанда ол қолданылатын мүлікке жатады.Ақшаны банкке салу міндеттемесі ақша кепілінде банктің кепіл құқық қатынастарына өзінше міңдеттемесі бар дербес қатысушы ретінде қатысуын көздейді. Ақша кепілі бойынша ақша салынған банк, өзінің мәніне қарай кепіл туралы шарттың қайсы бір жағымен үйлеспеуі керек. Олай болмаған жағдайда, бұрын аталып өткендей, салынғанды ақшаның кепіл ұстаушысы мен меншік иесінің бір тұлға болуына немесе ипотека нысаны ретінде қолданылатын мүлікті пайдалануға байланысты кепіл тоқтайды.
Кепіл нысаны болып табылатын ақша арнайы банк салымына банкке салынуы тиіс, ол міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге арналады.
Мұндай салым шартты салымдар туралы ережеге бағынады, ол кепіл берушіге ақшамен қамтамасыз етілген міндеттеме тиісінше орындалған жағдайда ғана қайтарылады.Сондықтан, мұндай салым ақшаны несие ұстаушыға беру кепіл берушінің кепілмен қамтамасы етілген міндеттемені орыкдамауы жағдайында болады.АК-ның 301-бабында көзделгеніне қарамастан, ақша кепілі 765-бабына Қазақстан Республикасының 2000 жылғы наурыздағы Заңымен толықтырулар енгізілгенше мүмкін болмады себебі, сол кезге дейін банк салымының шарты бойынша салымшысы кез келген мерзімді немесе шартты салым бойынша, салымды қайтару үшін келісілген мерзім немесе мән-жай болғанға дейін салымды қайтаруға сөзсіз құқығы болды. Бұл жағдайда банктегі ақшаны кепіл салу мүмкін емес еді, себебі салымшы, банкпен арадағы қандай да шарттарға қарамастан, салымды кез келген уақытта қайтарып алуы мүмкіндік беретін, АК-ның 765-бабында алдын ала белгіленген құқығына сүйеніп салымды қайтарып ала алатын. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңынан АК-ның 765-бабының 1-тармақ түрінде толықтыру енгізілді, оған сәйкес банк салымын қайтару ережесі ақша міндетменің орындалуын қамтамасыз ету салынған жағдайға, яғни ақша кепілі жағдайына таралмайды.Ақшаны банк есепшотына кепіл нысаны ретінде, яғни банк есепшотының шартын пайдаланып банкке салуға болмайды, себебі банк есепшоты міндеттемесінің конструкциясы клиенттің банк есепшоты шарты бойынша банкте жатқан ақшаға билік етуінің сөзсіз құқығын, сондай-ақ банк есепшоты шартын кез келген уақытта бұзуға және бұл жағдайда ақшаны алуға не үшінші жақтың пайдасына аударуға сөзсіз құқығын көздейді.
Ақша кепілі банк салымының кепілінен немесе банк есепшотының кепілінен едәуір басқаша. Мысалы, банк салымының кепілінде немесе банк есепшотының кепілінде кепіл нысаны ақша емес, салымшының банк есепшоты шарты бойынша құқығы немесе банк салымы шарты бойынша құқығы болады, оған салымшының немесе клиенттің салымды мерзімінен бұрын қайтаруға немесе банк есепшоты шартын мерзімінен бұрын бұзуға және бірінші талап бойынша банк есепшотынан ақша алуға шарттардың осы түрлерінде көзделген құқықтары да кіреді ақша кепілінде негізгі міндеттемені қамтамасыз ету үшін банкке салынатын ақша кепіл нысаны болып табылады, бұл ретте, негізгі міндеттемені қамтамасыз ету үшін банкке салынған ақшаны алуға кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің қүқығы қамгамасыз етілген міндетгеменің орындалған-орындалмағаньша байланысты, олардың салымды мерзімінен бұрын қайтаруға немесе бірінші талап бойынша ақша алуға құқығы жоқ. Ақша кепілі жағдайында негізгі міндеттемені тоқтату немесе оны заңсыз деп тану ақшаны қамтамасыз етуші ретінде салу туралы шарттың тоқтауына немесе оны заңсыз деп тануға алып келеді, ал банк салымы немесе банк есепшоты кепілі жағдайында сондай мән-жайлар кепіл туралы шарттың тоқтауына немесе оны заңсыз деп тануға әкеп соғады,ал ол банк салымы шартына немесе банк есепшоты шартына еш әсер етпейді.
Ақша кепілінде банкке қамтамасыз ету ретінде салынған ақша бойынша тиесілі сыйақы кепіл берушіге беріледі, ал бұл сыйақыға кепіл құқығы таралмайды. Мұндай сыйақының мөлшері мен төлеу тәртібі банкке ақша салу туралы шартта көрсетіледі.Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан республикасының банк қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен, АК- ның 301-бабының 4-тармағы сияқты, АК-ның 303-бабының 5-тармағы жаңа редакцияда баяндалды. АК-ның 303-бабының 5-тармағының жаңа редакциясында кепіл нысаны болып табылатын ақша, егер кепіл туралы шартта өзгедей белгіленбесе, банкке салынады деп көрсетілген.Бұл ретте АК-ның 303-бабы 5-тармағының жаңа диспозитивтік редакциясы АК-ның 301-бабы 4-тармағының кепіл нысаны ретінде пайдаланылғанда ақшаны банкке салуды императивті ұсынған редакциясына қайшы келеді. Осыған байланысты, бұл біріне бірі қайшы келетін ережелерді сәйкестендіру керек екенін айта кеткен жөн. АК- ның 301-бабының 4-тармағы мен АК-ның 303-бабының 5-тармағы нормаларының бұл қиғаштығында басымдылық бірінші нормаға беріледі, себебі ол ақшаны тек банкке салғанда ғана оны кепіл нысаны ретінде пайдалану мүмкіндігін анықтайды.
Кепілдің заңнамада келтірілген әрқилы түрлері сонымен аяқталмайды, азаматтық заңнама нормаларының диспозитивтігі және шарт формаларының бостаңдығы нәтижесіңде практикада кепілдің заңнамада көзделгендерінен басқа да түрлері кездесуі мүмкін. Айналымдағы тауарлар кепілінен басқа ипотеканың басқа түрлері де болуы мүмкін. Заң актілері негізінде кепілдің өзге түрлері, бүрын аталып өткеңдей, кепіддің шартгық түрлерінен өзгеше “заңды кепіддер” деп аталатын заңнама белгіленгендіктен міндетті болып табылатын түрлері белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі қорына жататын мүлікті кепілге беру меншік иесі болып табылатын мемлекеттің келісімімен уәкілетті мемлекеттік органның келісімі түрінде болады.Кепілдің туындауының негіздері. Жалпы ереже бойынша, кепілдің туындауының негізі шарт болып табылады. Кепілдің өзіндік ерекше құқықтық реттеумен туындауының айрықша жағдайына оның оқиға немесе өзге заңдық факты болғанда туындауын жатқызуға болады, бұл ретте несие берушінің кепіл құқығының туындауы да солармен байланысты. Заң актілерінің негізінде туындаған кепілді құқықтық реттеудің ерекшелігі екі аспектіде көрініс табады.Кепіл құқығының туындауы туралы ережені қолданғанда кепілмен тек заңды талаптардың ғана қамтамасыз етілетіндігін ескеру керек. Сондықтан, борышкердің кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемесі (несие беруші талабы) әлі туындамаған болса, онда кепіл туралы шарттың жасалғанына, тіптен оның тіркелгеніне немесе кепіл нысанының кепіл ұстаушыға беріліп қойғанына қарамастан, кепіл құқығы да туындай алмайды. Несие берушінің қамтамасыз етілетін талаптары туындағанша және занды болғанша кепіл туралы шартта алдын ала шарт сипаты болады, одан өзінше тиісті салдарлар туындайды.
------------------------------
1 Братусь С. Н. Юридическая ответственность и законность. М., 1976, 83 – бет
4.1 Кепіл қүқығының мазмүны және оны жүзеге асыру. Кепілді қайталап салу.
Кепіл ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талаптардың қанағатын алу үшін оның өндіріп алуды кепіл нысанына аударуын білдіреді. Бұл ретте ескеретін бір жағдай - кепіл негізгі міндеттемені қанағатгандыру үшін керек, сондықтан кепіл ұстаушының кепіл нысанына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі,көбіне,негізгі міндеттеменің тағдырына байланысты. Кепіл ұстаушы негізгі міндеттемені борышкер орындамаған немесе тиісінше орындамағанда ғана өңдіріп алуды кепіл нысанына аударуға құқылы.Борышкер мен кепіл беруші бір адам болып үйлескенде міндеттеменің мәні мен кепіл берушінің жауапкершілігінің маңызы болмайды.Кепіл беруші де, борышкер сияқты, негізігі міндеттемені орындауы тиіс. Негізігі міндеттемені орындамаса ондай борышкер өзінің барлық мүлкімен жауап береді, ал кепіл несие беруші үшін оған борышкердің белгілі бір мүлкін өндіріп алуға аударуға ерекше құқық өз талаптарын кепіл нысаны есебінен канағаттандырғанда ол борышкердің басқа несие берушілері алдында артықшылық алады. Борышкер мен кепіл беруші екі басқа адам болып келетін заттық кепіл болушылықта қамтамасыз ету, яғни несие берушінің негізгі міндеттеменің орындалуына сенімі міндетті адамдар қатарына борышкерден басқа үшінші жақтың - заттық кепіл болушыны тарту есебінен қосымша артады. Несие беруші бұл жағдайда өз талаптарын борышкердің емес, үшінші жақтық-заттық кепіл болушьшың кепілге салған мүлкінің есебінен қанағаттандырып, басқа несие берушілер алдыңда артықшылыкда ие болады. Бұл жерде негізгі міндеттеме бойынша борышкер кепіл құқық қатынастарына қатыспайды, бірақ міндеттеменің орындалмағаны үшін өзінің барлық мүлкімен жалпы азаматық-құқықтық принциптер бойынша жауап береді, және несие беруші өндіріп алуды борышкердің мүлкіне жалпы негіздерде, яғни борышкердің басқа несие берушілері алдында кепіл берген артықшылығынсыз, аударуға құқылы.
Кепілмен қамтамасыз етілетін мерзімді міндеттемені белгіленген мерзімге орындамау фактысының өзі өндіріп алуды кепіл нысанына аударуға негіз болады, себебі бұл жерден борышкердің міндеттемені орыңдамауын көреміз. Мерзімсіз міндеттемеде немесе талап ету кезімен анықталған міндеттемеде несие берушінің өндіріп алуды кепіл нысанына аудару құқығы негізгі міндеттемені орындау жөнінде талап қойғанда ғана және мерзімсіз міндеттемені орындау үшін көзделген жеңілдік мерзімі әдетте, бұл - міндеттемені орындау үшін қажетті ақылға қонымды мерзім және одан кейін жеті күндік мерзім не, орындалуы талап ету кезімен анықталған міндеттемені орыңдаудың мерзімі әдетте, талап ету кезінен бастап жеті күндік жеңілдік мерзім өткеннен кейін ғана туындайды.Кепіл нысанын өндіріп алуға аудару, жалпы ереже бойынша, сот тәртібінде, яғни кепіл берушіге талап қою жолымен және негізгі міндеттеме бойынша талаптарды қанағаттандыру үшін кепіл нысанын өндіріп алуға аудару жөніндегі сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Мүлікті сатуды және түскен ақшаны бөлуді, бұл жағдайда, сот орындаушысы Азаматтық - іс жүргізу кодексінің ережелері бойынша жүргізеді.
Шартта, сондай-ақ АК мен заң актілерінде көзделген жағдайларда кепіл ұстаушы кепілдегі мүлікті сауда өткізу аукцион жолымен және - сауданы даярлаудың және жүргізудің айрықша процедураларын сақтай отырып мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте өз бетімен сатуға құқылы. Мысалы, жалпы ереже бойынша, ақша қарызын қамтамасыз ететін кепіл нысанын сату жөніндегі кепіл ұстаушы - банк кепіл мүлкін мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте сатуға құқылы.
Мәжбүрлі соттан тыс тәртіпті қолдану мүмкіндігі кепіл туралы кез келген шартта көзделуі мүмкін. Сонымен қатар, заң актілерінде, өндіріп алуды кепіл нысанына аударуды мүліктің кейбір түрлері үшін соттан тыс тәртіпте қолдануға, шарт жағдайларына немесе заң актілерінің соттан тыс тәртіпті көздейтін ережелеріне қарамастан шек қою көзделуі мүмкін. Мысалы, жылжымайтын мүліктің ипотекасында қоғам үшін едәуір тарихи, көркемдік немесе өзгедей мәдени құндылығы бар, жылжымайтын мүлік түріндегі кепіл нысанын сатқанда мәжбүрлі соттан тыс тәртіпке жол берілмейді. Жылжымайтын мүліктің ипотекасы үшін басқа адамның немесе органның келісімі керек болған жағдайда да мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте кепіл нысаның сатуға жол берілмейді.
Өндіріп алуды кепіл нысанына аудару оны ашық саудада сату арқылы жүзеге асырылады. Кепілге салынған мүлікті сот тәртібінде сату процедурасы жылжымайтын мүлікті сот шешімдерін қанағатандырып алуды кепіл нысанына мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте аудару процедурасы үшінші жақтың - сенім білдірілген тұлғаның болуын көздейді, ол кепіл мүлкін сатуға дайындайды және ашық сауда жүргізеді.Жалпы ереже бойынша, сенім білдірілген тұлғаны кепіл ұстаушы тағайындайды.Сенім білдірілген тұлға жеке немесе занды тұлға болуы мүмкін. Сенім білдірілген тұлға кепіл ұстаушының өкілі болып табылады және сауда өткізуге қатысты өз функцияларын жүзеге асыру үшін оның сенімхатын алады. Сенім біддірілген тұлға сауданы, әдетте, аукцион түріңде, алдын ала хабарлаған ереже бойынша өткізеді, ақшаны кепіл ұстаушының негізгі міндеттеме бойынша талаптарын қанағаттандыруға жіберу және қалғанын кепіл берушіге қайтару арқылы түскен ақшаны бөледі.Кепілді қайталап салу. Кәсіпорындарда айналымдық қаражаттың тапшылығы, несиелердің қайтарылымын қамтамасыз етуге банктердің көтеріңкі талаптары жағдайында, сондай-ақ құқық қолдануда кепілді қайта салумен байланысты белгілі бір қиындықтар болғанда кепілді қайталап салу мәселесі айрықша көтеріледі.
Жалпы ереже бойьшша кепіл берушінің кепілдегі мүлікті келесі кепілге беруіне жол берілген. Кепіл берушінің кепілді қайталап салу мүмкіндігін шектеу кепіл туралы шартта белгіленуі мүмкін. Кепіл туралы шартта кепілді қайталап салуға тыйым болмаса кепіл беруші кепілдегі мүлікті баска міндеттемелерді қамтамасыз етуге пайдалану мәселесін өзі шешуге құқылы, бірақ алдыңғы кепіл ұстаушылардың құқықтары туралы кейінгілердің барлығын ескертеді.Әртүрлі несие берушілер алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды аударған жағдайда кепілге қайталап салу, талаптарды қанағаттандыру үлкендік принцип - кепіл құқығының туындау кезекгілігі бойынша жүргізіледі. Ескеретін бір жағдай - тіптен қайталап салынған кепіл нысанына өндіріп алуды бір-ақ рет аударуға болады, және кепіл мүлкін ашық саудада сату, сондай-ақ оны сатудың мүмкін еместігі осы кепіл нысанының барлық кепіл ұстаушыларының кепіл құқығының тоқтауына алып келеді. Алдыңғы кепіл ұстаушыда тұрған кепіл мүлкін кепілге қабылдағанда, кейінгі кепіл ұстаушылар: біріншіден, осы мүліктен алдыңғы кепіл ұстаушылар қанағат алғаннан кейін ғана және ондай қанағат алудан қалған құн шегінде өз талаптарын қанағаттандыруға құқық алады; екіншіден, осы мүліктің келесі кепіл ұстаушылары мен кепіл берушінің талаптары осы мүлікгің кепілімен қамтамасыз етілмеген несие берушілеріне қатысты ғана өз талаптарын мұндай мүлік есебінен қанағаттандыруға айрықша артық құқық алады.
Мүлік кепілге қайталап салынғанда кепіл беруші әрбір келесі кепіл ұстаушыға осы мүліктің барлық кепілдері жайындағы деректерді хабарлап отыруға міндетті. Бұл міндет борышкер негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талаптарды орындамаған жағдайда кепіл мүлкін иеліктен шығару мүмкіндігінен, барлық кепіл ұстаушылардың - несие берушілердің талаптарын кепіл нысанын сатудан түскен ақша есебінен үлкендік тәртібінде қанағаттандыру және барлық кепіл ұстаушылардың сатылған кепіл мүлкіне қатысты кепіл құқығын тоқтату қажетгілігінен туындайды.
Кейінгі кепіл ұстаушылардың алдыңғы кепіл ұстаушылардың құқықтары туралы білмеуі кейінгілердің кепіл құқығына ықпал етпейді. Кейінгі кепіл ұстаушылардың алдыңғылардың құқықтары туралы білмеуінің бұл адамдардың несие берушімен ара қатынастары үшін ғана маңызы бар, себебі, несие берушінің кейінгі несие ұстаушыларға кепілге салынатын мүліктің барлық бар кепілі жайында хабарлау міндетін орындамауы осындай бұзушылық салдарынан кейінгі кепіл ұстаушы келтірген залалды өтеудегі оның жауапкершілігіне негіз болады.Кепіл берушінің кейінгі кепіл туралы ережені әйтеуір бұзуы кепіл ұстаушыға кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге, ал талабы ақылға қонымды мерзімде қанағаттандырылмаса - өндіріп алуды кепіл затына аударуға құқық береді.
Мүлікті кепілге қайта салуға кепіл туралы шартта тыйым салынса, онда ол заңсыз деп танылады, ол заң талаптарына, атап айтқанда АК- ның 311-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Мүлікті кепілге қайталап салу туралы шарт, егер оған бұрынғы шартта тыйым салынған болса, тек бұрынғы несие ұстаушының ғана емес, сонымен қатар мәмілені заңсыз деп тану туралы жалпы ереже бойынша кез келген мүдделі адамның да талабы бойынша заңсыз деп танылуы мүмкін.
------------------------------
1 Комментарий: Гражданский кодекс Республики Казакстан (общая часть). Отв. ред. Сулейменов М. К., Басин Ю.Г., Алматы, «Жеті жарғы», 1998, 298 – бет.
Несие берушінің кепіл құқығының негізгі міндеттемеге қосымша екендігі негізгі міндеттеменің заңдылығына байланысты екендігінен басқа, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің оның орындалуы арқылы немесе міндеттеменің тоқтауын қарастыратын өзге де негіздер бойынша, мысалы, борышты кешіру, орындаудың мүмкін еместігі, занды тұлғаның тарауы, т.б. себепті тоқтауының нәтижесінде кепілдің тоқтауынан да көрініс табады. Бұл кепілдің қосымша ретінде негізгі міндеттемеге тәуелді екендігінен туындайды, ал акцессуорлық сипат оның негізгі міндеттемесіз болуы мүмкіндігін жоққа шығарады. Қамтамасыз етілетін міндеттеме тоқтағанда оны қамтамасыз ету қажеттілігі де қалады.Бірақ, мұнымен қатар, кепіл құқығы кепіл нысаны ретінде пайдаланылатын заттың тағдырына да, және кепіл берушінің кепіл нысанына меншік құқығына да байланысты. Атап айтқанда, кепіл нысанының жойылуы немесе кепіл нысанына меншік құқығының заң актілерінде көзделген негіздермен және тәртіпте алып қою немесе мемлекет пайдасына сатып алу, реквизиция, ұлт меншігіне айналдыру және тоқтауы негізгі міндеттеме тоқтамай-ақ кепіл құқығының тоқтауына әкеп соғады.
Информация о работе Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже