Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кепілдік және кепіл болушылық.docx

— 167.20 Кб (Скачать документ)

           Кепілдік немесе кепіл болушылық шартта көрсетіліп оларға берілген мерзім өткен бойда тоқтайды. Бұл ереженің практикалық маңызы зор, себебі кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың аяқталу мерзімі шартта тікелей көрсетілген болса, онда ол кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың мерзімі негізгі міндеттеменің әрекет ету мерзімінен ұзақ болуы мүмкін. Мысалы, кепіл болушылық бойынша бұл мерзім борышкердің негізгі міндеттеме бойынша талаптарды орындауы үшін несие берушінің ақылға қонымды шаралар қабыддауына қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін, атап айтқанда, кері талапты есепке алу және өндіріп алуды белгіленген тәртіпте борышкер мүлкіне аудару арқылы. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай — несие берушінің кепілдікті орыңдау туралы талап қою мерзімі борышкердің міндеттемені орындау мерзімінің негізгі шартта көзделген кезінен бастап кепілдік берілген мерзім өткенге дейінгі уақыт аралығымен, ал кепіл болушылық бойынша борышкердің талаптарды қанағаттандыруына қажетті шараларды несие берушінің қабылдауы және оның бұл талаптарды толық орындауы мүмкін еместігі кезінен бастап кепіл болушылық берілген мерзім аяқталғанға дейінгі уақыт аралығымен анықталады. Несие беруші белгіленген тәртіпте осы уақыт аралығында кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша міндеттемені орындау туралы талап қойса және оны кепілші немесе кепіл болушы орындамаса, несие беруші жалпы негіздерде сот арқылы қорғануға құқылы, бұл ретте талап көнелігінің жалпы үш жылдық мерзімі қолданылады.

          Кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша талаптарды орындау, орындау мерзімі талап ету кезімен анықталатын міндеттеме сияқты, жалпы ереже бойынша, жеті күндік мерзімде жүргізілуі тиіс, егер басқа мерзімде орындау міндеті заңнамадан, кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе негізгі міндеттеменің мәнінен туындайтын болмаса.Егер кепілдікгің немесе кепіл болушылықтың ең жоғарғы мерзімі белгіленбеген болса, оңда ол кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалу мерзімі келген кезден бір жыл өткенше несие беруші кепілшіге немесе кепіл болушыға талап қоймаса, тоқтайды.Егер негізгі міңдеттемені орындау мерзімі көрсетілмеген болса және оны анықтау мүмкін болмаса немесе шартпен, талап ету кезімен анықталған болса, кепілдік немесе кепіл болушылық, жалпы ереже бойьшша, егер кепілдік немесе кепіл болушылық шартын жасаған күннен бастап екі жыл ішінде несие беруші кепілшіге немесе кепіл болушыға талап қоймаса, тоқтайды.Заң актілеріне сәйкес кепілдікті немесе кепіл болушылықты мезгілсіз тоқтатудың өзге де жағдайлары белгіленуі мүмкін. Бұл ережелерде белгіленген мерзімдердің өтуі сот арқылы қорғану құқығын тоқтатып ғана қоймайды,сонымен қоса кепіл немесе кепіл болушылықты тоқтатады.

        Сондықтан, бұл көрсетілген мерзімдер тыйым салушылық рөл атқарады, талап қою мерзімін қалпына келтіру ережесі бұларға қолданылуы тиіс емес.Кепіл болушылық негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты субсидиялық міндеттеме болып табылады, және кепіл болушы да субсидиялық борышкер болады. Яғни кепіл болушы негізі міндеттің орындалмағанына несие берушінің осы міндеттеме бойынша талабын борышкер орындамағаннан кейін ғана жауап береді.Несие беруші кепіл болушыға талапты негізгі борышкерге талап қойғаннан және ол талашы борышкер орындамағаннан кейін ғана қоюға құқылы. Кепілдікпен және кепіл болушылықпен қамтамасыз етілетін талаптар. Кепіл болушылық пен кепілдік, жалпы ереже бойынша, заңды талаптарды ғана, яғни қамтамасыз етілетін міндеттеменің туындау негізінің заңдылығын бірінші кезекте білдіретін заңды шартқа негізделген талапты қанағаттандырады. Бұл ереже, негізінен, кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі қамтамасыз етілетін шартқа қарағанда қосымша акцессорлық міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі екендігінен туындайды. Қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңсыздығы, жалпы ереже бойынша, кепіл болушылықтың немесе кепілдіктің заңсыздығына әкеп соғады және кепіл болушы мен кепілшіні заңдық салдарларға ұрындырады.

      Тек заңды талаптарды ғана кепіл болушылықпен және кепілдікпен қамтамасыз ету туралы жалпы ережеге жатпайтын бір жағдай - борышқордың әрекет қабілетсіздігін несие беруші білмей, оның міндеттемесі үшін жауап беруді кепілші мен кепіл болушының өз мойындарына алуы.Бұл ретте кепілші мен кепіл болушының ондай әрекетті қулық мәміле немесе борышкерге көмектесу ниетімен жасағандығының маңызы жоқ. Егер несие беруші борышкердің әрекет қабілетсіздігін шындығында білмеген болса, онда кепілші мен кепіл болушының мұндай мәмілесі қалайда заңды болады. Мәміленің заңдылығы заңнамада тікелей бекітілген болса, мүдделі адамдардың арызы болса да ол заңсыз деп таныла алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-------------------------------

1Дернбург Г. Пандекты. Обезательственное право. М., 1990, 18 – бет.

 

                                                             

                                                    2.2 Кепіл.Кепіл ұғымы.

           Мүлік айналымыңца несиенің маңызы зор. Несиелік міндеттеменің орындалуын борышкердің барлық мүлкімен жауап беруі принципімен қамтамасыз ету несие берушіні барлық уақытта бірдей қанағаттандыра бермеуі мүмкін, себебі борышкердің мүлкін өндіртіп алуға айналдыру кезінде оның құны несие берушінің талабының мөлшерінен кем болуы немесе сол борышкердің басқа несие берушілерінің сол уақытта жарыса талап қою қаупі бар. Осының барлығы қоғам мен құқықтың дамуының белгілі бір кезінде қамтамасыз ететін шаралардың ерекше түрін қалыптастырды, ол кепіл деп аталды, ол белгілі бір адамның борышкердің,кепіл болушының жеке басының қасиетіне емес, борышкердің белгілі бір мүлкінің құнына сенуге, және онымен өз талаптарын қалайда қанағаттандыру мүмкіндігіне негізделді. Уақыт өте келе кепілге борышкердің ғана емес, заттық кепіл болушы деп ат алған үшінші жақтың мүлкі де беріле бастады, ал несие берушінің талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігі заттардан басқа мүлікке - тәнсіз заттар деп аталатын мүліктік құқықтарға да таралды.

           Кепіл кепіддік құқық деп несие берушінің міндеттеме бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болушының белгілі бір затының не өзге мүлкінің құндылығы есебінен қанағаттандырудағы айрықша құқығы танылады.

Кепілді құқықтық реттеу көздері. Кепіл институты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы үшін дәстүрлі болып табылады, онда кепіл құқық қатынастарын тікелей немесе жанама реттейтін бірқатар заң акгілері бар. Қандай да бір нормативтік актіні қолдану қажеттігі не мүліктің түрінен мысалы, жылжитын немесе жылжымайтын, оның айналым қабілеттілігінен мысалы, мүлікгік айналымда шектелген жер қойнауы мен пайдалы қазбалар, немесе кепіл құқық қатынастары субъектісінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерінен мысалы, арнайы құқық қабілетілігі бар мемлекетік кәсіпорын, немесе қолданылатын құқық мәселелерінен мысалы, кепіл туралы сыртқы экономикалық мәміле жасағанда туындайды.

            Кепіл құқық қатынастарын реттейтін негізігі нормативтік актілер — Азаматгық кодекс, атап айтқанда оның 18-тарауының 3-параграфы және Жылжымайтын мүлітің ипотекасы туралы Жарлық.Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен жеттігіне байланысты жылжымайтын мүлік ипотекасы мен жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтың кепілін мысалы, жалдау құқығының кепілі, сенімгерлікпен басқару құқығының кепілі және т.б. тіркеу Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы Жарлықпен реттелуге жатады. Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеудің кейбір жақтары арнайы заң актісінде — Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы “Жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы” Заңында реттелген.

Жер учаскелері және жер пайдалану құқығы кепілінің ерекшеліктері мысалы, жер учаскесінің, жер учаскесін жалдаудың мүліктік құқығының кепіл берушісі кімдер екендігіне қарай жер туралы заңнамадан, атап айтқанда Жер туралы заңнан туындайды.

Жер қойнауына  құқық кепілінің, сондай-ақ пайдалы қазбалар кепілінің ерекшеліктері жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада, атап айтқанда Жер қойнауы туралы және мұнай туралы Жарлықтарда көзделген.

            Бағалы қағаздар кепілінің ерекшеліктері бағалы қағаздар туралы заңнамада, атап айтқанда, 1997 жылғы 5 наурыздағы Бағалы қағаздар рыногы туралы занда, 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы заңмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы заңымен реттеледі. Вексельдер кепілінің ерекшелікгері 1997 жылгы 28 сәуірдегі “Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы” ҚР Заңында көзделген.

Валюталық құндылықтар  кепілін құқықтық реттеудің ерекшеліктері 1996 жылғы 24 желтоқсандағы “Валюталық реттеу туралы” Заңмен, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі №115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу Ережелерінде Әділет министрлігінде 2001 жылғы 3 шілдеде тіркелген, №1561, сондай-ақ валюта операцияларын реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген.

Кепіл жөніндегі  сыртқы экономикалық шарт бойынша қолданылатын құқыққа қатысты коллизиялық нормалар АК-ның VII бөлімінде реттеледі.

           Кәсіпорындардың, ғимараттардың, пәтерлердің, жер учаскесіне құқықтың және басқа жылжымайтын мүліктің кепілі арнайы заң актісімен - Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы Жарлықпен реттеледі. Ал, осы Жарлықтың 2-бабының 3-тармағьша сәйкес жылжымайтын мүлік ипотекасы мен оларға құқық ерекшеліктері Жер туралы заңда белгіленген. АК-ның кепіл туралы жалпы ережесі жылжымайтын мүлік кепіліне, жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы арнайы заң  акплерінде өзге ереже белгіленбеген жағдай, қолданылды Сондықтан АК-ға қарағанда ипотека туралы Жарлықтың басымдылығы сонда, ол жылжымайтын мүлік ипотекасы бойынша қатынас реттейді, ол АК нормалары жылжымайтын мүлік ипотекасына ипотека туралы Жарлықпен өзгедей ереже белгіленбеген жағдайда ғана қолданылады.2002 жылғы 17 қаңтардағы ҚР Заңымен АК-ның 299-бабы 3- тармақпен толықтырылды, оған сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, өзен-теңіз жүзу кемелерінің кепілі кеме ипотекасы Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі, және АК-дағы кепіл туралы жалпы ереже кеме ипотекасына Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ереже белгіленбеген жағдайда қолданылады.Сондай арнайы заң актілерінің бірі — Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы, оның 203-221 -баптары теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің,өзен-теңіз жүзу кемелерінің кепілшінің кеме ипотекасы ерекшеліктерін көздейді.Бұл заң актісімен кепілдің екі түрі қарастырылған: заң актісі негізде туындайтын кепіл - кеменің тұрғызылып жатқан кеменің теңіз кепілі, соңдай-ақ шарт негізінде туындайтын кепіл - кеме тұрғызылып жатқан кеменің ипотекасы.       

             Кепіл жөнінде АК-да көзделген жалпы нормалардың заң актісі негізінде туындайтын кепілге таралу мәселесі АК-ның 300-бабының 2-тармағында реттелгендіктен, АК-ның 299-бабының 3-тарағы, тиісінше, АК-ның кепіл туралы жалпы нормаларының кемелердің шарттық кепіліне — кеме ипотекасына таралу мәселесін ғана реттейді.Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңның 209-211-баптарында кеме ипотекасын белгілеудің, кеме ипотекасы нысанын анықтау тәртібінің, кеме ипотекасын тіркеудің, кеме ипотекасымен қамтамасыз етілген талаптарды қанағаттандыру тәртібінің ерекшеліктері белгіленген, кеменің занды және шарттық кепілінің кепіл ұстаушылары құқықтарының коллизиялық мәселесі және басқа да бірқатар мәселелер шешілген. Сонымен қатар, бұл көрсетілген заң актісінде шарт жасасу, кепіл құқығын іске асыру, кепіл нысаның мәжбүрлеп сату мәселелері шешілмеген, және Саудамен теңізде жүзу туралы заңмен реттелмеген мәселелер бойынша теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, өзен-теңіз жүзу кемелерінің ипотекасына АК-дағы кепіл туралы жалпы нормалар қолданылады.АК-ның 299-бабының 3-тармағына сәйкес Сауда мақсатыңда теңізде жүзу туралы заң мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің,өзен-теңіз жүзу кемелерінің кепілінің ерекшеліктерін, сондай-ақ тұрғызылып жатқан теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, өзен-теңіз жүзу кемелерінің кепілін белгілейтін бірден бір заң актісі емес, және мұндай ерекшеліктер әуе кемелерінің құқықтық режимін реттейтін өзге де заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Айта кететін бір жағдай - әуе кемелері кепілінің ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы” Заң күші бар Жарлығында және 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Азаматгық авиацияны мемлекетгік реттеу туралы ҚР Заңында көрсетілген ерекшеліктері әуе кемелері кепілінің міндетті мемлекеттік тіркеуіне ғана қатысты, ол әуе кемелерін мемлекетгік тіркеу талаптарынан және АК-ның 308-бабының 1-тармағынан орыңды туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

---------------------------------------

 1 Сарбаш С. Способы обеспечения обезательств.Хозяйство и право, 1995, № 11, 110 – 117 – бет.

                                           2.3 Кепілдің акцессорлық сипаты. Кепіл объектісі.

               Кепіл өзінен өзі болмайды, ол несие берушінің негізгі міндеттеме бойынша талаптарының қанағатгандырылуын қамтамасыз ету үшін керек.Сондықтан кепілде қосымша және тәуелді, акцессорлық сипат болады, және ол қамтамасыз етілетін міндеттемеден бұрын туындай алмайды, ол тоқтағанда бұл да тоқтайды.Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша несие берушіде екі талап болады: біреуі - қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкерге талап, екіншісі - кепіл нысаны болып табылатын мүліктің кепіл берушісіне талап. Егер кепілге өткізілген мүлікті сатқаннан түскен ақша толық қанағаттандыруға жетпесе, онда несие беруші, жалпы ереже бойынша, кепілге өткізілген мүліктің құны жаппаған бөлікті борышкердің орындауын, оның ішінде өндіртіп алуды борышкердің барлық мүлкіне аудару есебінен орындауын талап етуге құқылы.

Кепіл объектісі.Кепіл қатынасында көрсетілген борыш төленбеген жағдайда өндіртіп алуға жіберілуі мүмкін зат кепіл объектісі кепіл құқығы деп аталады. Егер оны кепіл жауапкершілігінің заты деп атасақ дәлірек болар еді, себебі кепіл беруші кепіл қатынастарынан туындайтын және өз жауапкершілігіне алған міндетеме бойынша сол затпен және оның құны шегінде жауаптылық көтереді. Заңнамада және құқық теориясында кепіл құқығының объектісі жай кепіл заты деп аталады.

             Кепіл объектісі заты белгілі бір құндылығы, бағалылығы бар, негізгі міндеттеме орындалмаған жағдайда несие берушінің мүддесін қанағаттандыра алатын кез келген мүлік бола алады. Сонымен, кепіл құқығының объектісі бола алатын мүлік ретінде заттарды, ақшаны, оның ішінде шетел валютасын, бағалы қағаздарды, жұмысты, қызметті, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін, фирмалық атауларды, тауар белгілерін, кейбір даралау құралдарын, мүліктік құ- қықтарды және мүлік ұғымына жататындардың барлығын алуға болады. Ескеретін бір жағдай мүлік деп материалдық түрдегі қандай да бір жеке зат немесе құндылықтың қандай да бір жеке түрі ғана танылмайды. Мүлік деп қаңдай да бір субъективтік құқықтың объектісін де түсіну керек, ал ол объект мүліктің көптеген түрлерін бірікгіруі мүмкін, мысалы, заттар мен мүліктік құқықтар, олардың барлық жиынтықтары да мүлік нақты субъективтік құқықтың объектісі болып табылады.Жылжитын да, жылжымайтын да, пайдаланылатын да, пайдаланылмайтын да заттар, әдетте, кепіл объектісі ретінде алынады. Бөлінбейтін зат тұтастай кепілге беріледі. Бөлінетін заттың бөлігі кепіл құқығының өзінше объектісі бола алады.Ортақ меншіктегі заттар да кепіл объектісі бола алады. Мұндай мүлікті кепілге беру үшін оған ортақ мүліктің барлық меншік иелерінің келісімі керек. Сонымен қатар әрбір меншік иесі ортақ мүліктегі өз үлесін кепілге салуға құқылы. Ортақ үлесті меншіктің ортақ мүліктің өзі үлесіне шамалас бөлітік өзінің иеленуіне және пайдалануына алған қатысушысы ортақ меншіктің сол бөлігін кепілге өз бетінше беруге қүқылы, себебі ол оны бөліп алуға не ортақ меншіктегі бүл бөлікп иелену және пайдалану құқығын кепілге беруге құқылы. Ортақ бірлескен меншіктің қатысушысы ортақ мүліктің тек идеалдық бөлігін - ортақ меншіктегі құқығын ұсынуға құқылы.

Информация о работе Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже