Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кепілдік және кепіл болушылық.docx

— 167.20 Кб (Скачать документ)

 

                            1.1 Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже.

          Кепілдік пен  кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.Тұрақсыздық айыбында несие беруші келген залалдың мөлшерін дөлелдеу міндетінен босап өз жағдайын.біраз нығайтса,ал кейбір реттерде борышкер тұрақсыздық айыбын айыппұл,өсім төлеуге мәжбүр болса,ал кепілдік пен кепіл болушылық жағдайында несие беруші борышкердің қосымша ынтасымен емес,өзінің алдында бір емес,бірнеше міндетті адамның кемінде – екі болуымен позициясын нығайтады.

Борышкердің үшінші жақтардың  қосымша міндеттемелері есебінен Міндеттемені орындауды қамтамасыз етуінің түрлері өзара ұқсас болғанмен,олардың құқықтық реттелуін өзінше қарауды талап ететін айырмашылықтар да бар.Кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі айырмашылыгы олардың қосымша міндеттеме ретінде ортақтастығыңда не субсидиялығында,сондай-ақ кепілші мен кепіл болушының борышкер міндеттемесін орындауының шегінде және оларға талап қою  тәртібінде.Кепілдік. Кепілдік дегеніміз — кепілші деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие берушісі алдыңда міндеттемесін сол негізгі борышкермен ортақтасып орындауға жауап беру міңдеттемесі. Кепілшінің борышкермен ортақтасқан жауапкершілігі туралы ереже қолданылмайтын жағдайлар Заң актілерінде көзделуі мүмкін.Кепілдік — қамтамасыз етілетін міндетгеме бойынша несие беруіш ен негізгі міндеттеме бойынша борышкер емес адам арасында орнатылатын құқықтық қатынас. Кепілші келбеті борышкерге келмейді,негізгі міндеттемеге қатысты алғаңда кепілші әрқашанда үшінші тұлға болып қалады. Кепілдік бойынша міндеттемеге, тіптен, негізгі міндеттемеге туындыға да, негізгі борышкердің тікелей қатысы жоқ және бұл құқық қатынасына қатыспайды. Кепілші мен борышкер арасыңдағы негізгі міндеттеме бойынша қатынас кепілдік және негізгі міндеттеме бойынша құқық қатынастарынан тыс қалады және олар үшін ешқандай маңызы жоқ. Кепілші мен борышкер арасындағы қатынастардың негізі не өзінше бөлек келісім шарт, не басқа мән- жайлар болуы мүмкін, мысалы, кәсіпкерлік қызметпен ұзақ уақыт бірге айналысу, жарғы капиталына бірге қатысу атап айтқанда, “аталық” және “еншілес” коммерциялық ұйымдар, тәуелді акционерлік қоғам жөне оның жарғы капиталына қатысатын өзге занды тұлға, достық, туыстық, ерлі-зайыптылық байланыс және т.б.

          Әдетте, кепілдікпен борышкердің ақшалай міндеттемесінің орындалуы қамтамасыз етіледі. Кепілдіктің тұрақсыздық айыбынан, кепілпұлдан немесе кепілден айырмашылығы сол, ііптен міндетгемеде тұрақсыздық айыбын төлеу көзделмесе де немесе, егер, ол бойынша залал туындайтын болмаса да, борышкердің міндеттемені заттай орындауы да қамтамасыз етіледі. Кепілші өз қалауы бойынша не міндеттемені затгай орьшдайды не залалды өтеу және тұрақсыздық айыбын телеу жөнінде борышкермен тендей жауаптылық көтереді.Қалай болғанда да, тіптен борышкер міндеттеменің орындалуын зат түріңде қамтамасыз етерде немесе борышкер несие берушіге келген залалды өтеу жөніндегі міндетгеменің орындалуын қамтамасыз етерде кепілші өз қалауы бойынша: міндеттемені зат түрінде орындайды және негізгі міндеттемені тиісінше орындамағандықтан келген залалды төлейді, немесе, егер заңнамадан, кепілдік шартының талаптарынан, негізгі міндеггеменің мәнінен немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгедей туындамаса, негізгі міндеттемені орындамағандық шығынын өтейді және тұрақсыздық айыбын төлейді.Шарт бойынша кепілдік келешекте туындайтын міндеттемеге де таралуы мүмкін, бұл ретте болашақ талап кепілдікпен қамтамасыз етіледі, ал бұл жағдайда кепілшінің міндеттемесі қамтамасыз етілетін міндеттеме туыңдаған кезден бастап ғана туындай алады.Кепілші несие берушінің талаптарын қанағаттандырғанға дейін ол жайыңда борышкерді ескертуі тиіс, ал несие беруші оған талап қойған жағдайда - борышкерді іске қатысуға тартады. Кепілші мен борышкер несие берушінің бір міндеттеме бойынша борышкерлері больш табылмайтыңдықтан кепілші несие беруші мен борышкердің негізгі міндеттеме бойынша ара қатынасының сипатын біле бермейді. Борышкерді несие берушінің талаптары жайында ескертпей және борышкерді іске  қатысуға тартпай борышкердің несие берушінің талаптарына қарсы қоятын қандай дәлелдері бар екендігін анықтау мүмкін емес немесе қиындық тудырады. Кепілшінің несие берушінің талаптарын орындағанға дейін борышкерді ескерту міндеті, сонымен бірге, несие берушіге кепілші мен борышкер тарапынан қосарлап қайталап орындауды болдырмау мақсатыңда көзделеді.Тура осыңдай, бірақ борышкер тарапынан кепілшіні ескерту міндеті де қосарлап орындауды болдырмау мақсатын көздейді.Несие берушінің талаптарын кепілшінің орындағаны туралы борышқорды хабардар етудегі тағы бір мақсат - бұл жағдайда несие берушінің құқықтары кепілшіге өтеді, ал борышкер хабарланбаса, соның салдарынан кепілші, жаңа несие беруші ретінде қолайсыз саддарға душар болады, мысалы, борышкер міндеттемені алғашқы несие берушіге орындап, нәтижесінде міндеттеме тоқтауы мүмкін.

           Кепілшінің борышкерді іске қатысуға тарту міндеті материалдық - құқықтық болып табылады,бұл жағдайда кепілші несие берушінің кепілдік берушіге талап арыздың барлық қажетті мәліметтерін көрсетіп талап қойғанын борышкерге хабарлайды талап арыз жіберілген соттың аталуы, арыздың нөмірі мен жазылған күні көрсетіледі.Егер кепілші сотта борышкерді іске тарту туралы арызбен өтінішпен шектелсе, кепілшінің міндеті орындалды деп саналмайды.Кепілшінің борышкерді іске қатысуға тарту міндетінің болуы кепілшінің қандай жауаптылық көтеретініне толық көлемде немесе жарым-жартылай,несие беруші борышкерге бұрьш талап қойған-қоймағанына және қандай шешім қабылданғанына байланысты емес.Бұл міндеттеменің болуына борышкердің өз міндеттемесін орындағаны, жарым-жартылай орындағаны немесе орындамағаны да әсер ете алмайды.Борышкер іске жауапкер жағында өзінше бөлек талапсыз үшінші жақ ретінде тартылады. Мұның іс жүргізушілік негіздері АІЖК-нің 53-бабында белгіленген.Кепілшінің несие берушінің талаптарын қанағаттандырғанын борышкерге ескерту жөніндегі не борышкерді іске қатысуға тарту жөніндегі өзіне жүктелген міндетін орындамауы кепілшіге қолайсыз салдарлар әкеледі. Бұл ретте борышкер несие берушіге білдірген барлық қарсылығын кепілшінің регрестік талаптарына қарсы қоя алады, мысалы, талаптың мөлшері бойынша, оның зандылығы бойынша.Егер бұл қарсылықтарды сот дәлелді деп тапса, онда кепілшінің борышкерге қойған регрестік талаптары толықтай немесе ішінара қабылданбайды. Несие берушінің талап қойғаны жайында кепілшіден дұрыстап хабар алған борышкер іске қатысудан бас тартса, онда ол несие берушіге білдірген қарсыльгқтарын кепілшінің регрестік талаптарьша қарсы қоя алмайды, ол тек борышкер мен кепілші арасындағы өзара қатынастан туындайтын мән-жайларға ғана сілтеме жасай алады.

           Кепілші мен борышкердің міндеттемелері ортақтас болады, яғни кепілші ортақтас борышкерлер қатарына жатады, оларға ортақтас міндеттеме туралы жалпы ереже тарайды. Кепілдік, дегенмен, негізгі міңдетемеге қарағанда қосымша болып табылады. Соңдықтан да, ортақтас борышкер туралы ереже кепілшіге кепілдіктің негізгі міндетгемеге қосымшалығьшан, совдай-ақ кепілші негізгі міңдеттемені орындағанда оған несие берушінің құқығының ауысатындығы туралы ережеден туындайтын бірқатар ерекшелікгерімен таралады. Негізгі міндеттеме бойынша несие беруші негізіі міңдеттемені орыңдау жөнінде борышкерге де, орындау мерзімі келгеңде кепілшіге де талап қоюға құқылы. Сонымен қатар кепілші несие беруші мен борышқор арасындағы қатынастарға негізделген, борышқордың өзі де білдіре алатын қарсылықты несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы, жалпы ереже бойьшша ортақтас борышкерлер үшін ортақтас міңдеттемеде оған жол берілмейді. Кепілші мұңдай қарсылықтарды борышкер олардан бас тартқан немесе борышты мойындаған жағдайда да қоя алады. Кепілшінің бұл ерекше құқығы кепілдіктің негізгі міндеттемеге қосымшалығынан туындайды, онда ортақтас борышкер болғанмен кепілші негізгі міндеттеме бойынша борышкерге тең келмейді және оны толықтай алмастыра алмайды, өзінің несие берушімен негізгі міндеттеме бойынша қатынасын бөлек келісімнің негізінде тұрғызады, сондай-ақ кепілдік бойынша құқық қатынасында борышкердің еркін емес, өзінің еркін білдіреді.Кепілшінің қарсылыктар білдіруге құқығы оның өзінің немесе борышкердің іс жүргізушілік жағдайына, сондай-ақ борышкердің өзінше талап қоймаған үшінші жақ ретінде, немесе ортақ жауапкер ретінде тартылған-тартылмағанына байланысты емес.Кепілшінің несие беруінің талаптарьша қарсы қарсылық білдіру құқығын шектеу кепілдік шартының талаптарынан ғана туындауы мүмкін, мысалы, егер кепілдік шартында несие берушінің талаптарын бірінші мәлімдегенде бірден қанағаттаңдыру көзделген болса.Бір міндетгемені қанағаттандыру үшін бір емес, бірнеше кепілдіктер қабылдануы мүмкін. Бұл ретте кепілдіктің әрқайсы міндеттемені өзінше дербес қамтамасыз етеді, ал негізгі міндеттемені борышкер орындамаған жағдайда негізгі міндеттеме бойынша несие беруші кепілшілердің әрқайсысына кезекпен немесе олардың барлығьша бірден талап қоя алады. Несие беруші бұл жағдайда талапты борышкерге де, өзінше бөлек әрбір кепілшіге де белгілі бір кезекгілікпен немесе барлық кепілші мен борышкердің барлығына бір уақытга қоюға құқылы.Кепілші ретінде бір емес бірнеше адам бола алады. Бұл ретте кепілші жағыңда адамдардың көптті орын алады және бұл адамдардың барлығы өз кепілдігін бірге берген болып саналады. Бірге кепілдік берген адамдар несие беруші алдыңда, жалпы ереже бойынша, ортақтасып жауап береді.Сонымен қатар бұл ереже диспозитивгік болъш саналады, және кепілдік шартыңда кепілдікті бірге берген адамдардың кепілдік бойынша міндеттемені орындауының өзге тәртібі көзделуі мүмкін, мысалы, кепілшілер арасында үлесті жауапкершілік, қатысушылардың біреуінің басқа кепілшіге қатысты субсидиялық жауапкершілігі және т.б. көзделуі мүмкін. Бірақ бұл кепілдіктің — кепілдің немесе бірнеше кепілдің негізгі міндетгемеге қатынасы бойынша ортақтас міндеттемесінің мәнін еш өзгерте алмайды.

            Кепіл болушылық. Кепіл болушылық дегеніміз — кепіл болушы деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие беруші алдындағы міндеттемесін негізгі борышкермен бірге толықтай немесе жарым- жартылай субсидиялы орындауға жауап беру міндеті. Кепіл болушылық арқылы, әдетте, борышкердің ақшалай міндеттемені орындауы қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауаптылығының мәнінен туындайды: кепіл болушы, егер заңнамада өзгеше көзделмеген болса, кепіл болушылықта көрсетілген сома мөлшеріңде жауаптылық көтереді. Кепілші сияқгы,кепіл болушы да, егер кепіл болушылықтың шарттарынан, заңнамадан, негізгі міндеттеменің мәнінен немесе іскерлік айналым дағдысынан өзгедей туындамаса, не кепіл болушылықта көрсетілген ақша сомасын төлеуге, немесе борышкер міндеттемесін зат түрінде орындауға құқылы, ал соңғысы міндетгемені үшінші жақтың орындауы туралы жалпы ережеден туындайды.Кепілдік сияқты, кепіл болушылық та, қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттеме бойынша борышкер емес адам арасында орнаған құқықтық қатынас. Кепіл болушы да, кепілші сияқты, негізгі міндеттемеге қатысты әрқашан да үшінші жақ болып табылады. Кепілдіктегі сияқты, кепіл болушылық бойынша міңдетемеге, ол негізгі міндеттемеден туынды болса да, негізгі борышкердің тікелей қатысы жоқ, ол кепіл болушылық бойынша құқықтық қатынастарға қатыспайды. Кепіл болушы мен негізгі міндеттеме бойынша борышкер арасындағы қатынастар, кепілдікгегі сияқты, кепіл болушылық және негізгі міндеттеме бойынша қүұқық қатынастарьнан тыс қалады және олар үшін ешқандай рөл атқармайды.Кепіл болушылық негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысгы субсидиялық міндеттеме болып табылады, және кепіл болушы да субсидиялық борышкер болады. Яғни кепіл болушы негізгі міндеттің орындалмағанына несие берушінің осы міндеттеме бойынша талабын борышкер орыңдамағаннан кейін ғана жауап береді. Несие беруші кепіл болушыға талапты негізгі борышкерге талап қойғаннан және ол талапты борышкер орындамағаннан кейін ғана қоюға құқылы.

Кепіл болушылық қатынасына азаматгық құқықтың субсидиялық міндеттеме, субсидиялық борышкер жене субсидиялық жауапкершілік туралы барлық ережелері, жауапкершілік шектері және кепіл болушыға субсидиялық борышкер ретінде талап қою тәртібі бойынша бірқатар ерекшеліктерімен таралады. Бұл ерекшеліктер кепілші мен кепіл болушының жауаптылық шек ерін қарағанда толығырақ сөз болады.Кепіл болушылық көптеген тұста кепілдікке ұқсағанмен, өзінше жеке дербес институт және құқықтық реттеуде бірқатар елеулі ерекшеліктерге ие.Кепілдік пен кепіл болушылықтың шарттық институттарының арасындағы негізгі айырмашылықтарға мыналар жатады:жауапкершіліктің сипаты — кепілшінің негізгі міндеттемені орындау жөніндегі міндеттемесі ортақтас, ал кепіл болушының міндеттемесі - негізгі борышкердің міндеттемесіне қатысты субсидиялық қосымша болып келеді;жауапкершіліктің көлемі - несие беруші алдында кепілші борышкердікіндей көлемде жауап береді, оған сыйақыны мүдде, борышты өндіруге байланысты сот шығындарын және несие берушіге борышкердің міңдеттемені орындамағанынан немесе тиісінше орындамағаннан келген залалды, егер кеплдік шартында өзгеше көзделмеген болса, төлеу; кепіл болушы борышкердің жетіспейтін ақша қаражаты көлемінде несие беруші алдында жауап көтереді, бірақ, жалпы ереже бойынша, ол кепіл болушылықта көрсетілген соманың шегінен аспауга тиіс;талап қою тәртібі — несие беруші міндеттеменің оның орындалу мерзімі келген кезден бастап орындалуы туралы борышкер мен кепілшіге талап қоюға құқылы, ал міндеттемені орындауда кепілші мен борышкер ортақтас болғандықтан несие беруші олардың кез келгеніне талап қоя алады; кепіл болушыға талап қойғанға дейін несие беруші борышкердің бұл талапты қанағаттандыруы үшін көңілге қонымды шаралар қабылдауға тиіс, атап айтқанда, кері талапты есепке алу және төлеттіріп алуды занда белгіленген тәртіпте борышкер мүлкіне аудару арқылы.Кепілші сияқты, кепіл болушы да несие берушінің талабын қанағаттандырғанға дейін ол жайында борышкерге хабарлауга міндеті, ал егер кепіл болушыға талап қойылса, онда борышкер іске тартылуы тиіс. Кепіл болушының бұл міндеттері азаматтық құқықтың субсидиялық борышкердің субсидиялық жауапкершілігі туралы жалпы ережесінен туындайды. Кепіл болушының бұл міндеті орыңдамауының салдары осындай міңдеттерді кепілшінің орындамауының салдарындай: негізгі борышкер өзі несие берушіге қарсы қоя алатын қарсылықтарын кепіл болушының регресі талаптарына қарсы қоюға құқылы.Кепілдік пен кепіл болушылықтың қосымша сипаты талаптан бас тартқанда олардың негізгі шарт тағдырын бөлісетіндігінен де көрініс табады. Бірақ, борыш ауысқанда, егер кепілші немесе кепіл болушы жаңа борышкер үшін жауап беруге келісім білдірмесе, кепілдік немесе кепіл болушылық тоқтайды. Бұл ереженің мәні мынада — кепілдік немесе кепіл болушылық бойьшша шарт үшін кепілші немесе кепіл болушы мен борышкер арасындағы қатынаста жеке сенімгерлік сипаттың болғандығы керек және кепілші немесе кепіл болушы үшін борышкердің жеке басы да үлкен рөл атқарады - кепілші немесе кепіл беруші жай ғана шарт үшін емес,оған белгілі бір адаммен бірдей немесе қосымша жауап беруге міндеттеме алады.

        Кепілдік немесе кепіл болушылық, өздері қамтамасыз ететін шартты орындау мерзімі келгенде борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса да тоқтайды, ол несие берушінің мерзімнің өткендігі үшін жауапкершілігі туралы жалпы ережеден туындайды. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы негізгі шартты және борышкердің оны тиісінше орындау жөніндегі шартын тоқтатпайды. Бірақ несие берушінің борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартуы кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтатады, бұл мерзімнің өтуіне жол берген несие беруші үшін өзінше санкция болады. Бұл ереженің мәнісі - кепілдік пен кепіл болушылықтың бұл жағдайда өздеріне бөлінген мерзімдер өтпей-ақ тоқтайтындығында. Тіптен, мерзім оларда белгіленбесе де.Кепілдік немесе кепіл болушылық шартта көрсетіліп оларға берілген мерзім өткен бойда тоқтайды. Кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша талаптарды орындау, орындау мерзімі талап ету кезімен анықталатын шарт сияқты, жалпы ереже бойынша, жеті күндік мерзімде жүргізілуі тиіс, егер басқа мерзімде орындау міндеті заңнамадан, кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе негізгі шарттың мәнінен туындайтын болмаса.

 

 

_________________

1 Көптеген заңгерлер сын айтқанмен,мұндай пікірлер заң әдебиетінде айтылды. Мысалы, Г.Ф. Шершеневич алдын ала шарт деп болашақ міндеттемені қамтамасыз етудегі кепіл болушылықты,ақша қаражаты берілгенге дейін несие ашу шартын және т.б. қарастырады. Қараңыз: Г.Ф. Шершеневич.Учебник русского гражданского право, М.: СПАРК. 1995. 311-б.

 

 

                 1.2 Кепілдікпен және кепіл болушылықпен қамтамасыз етілетін талаптар.

         Кепіл болушылық пен кепілдік, жалпы ереже бойынша, занды талаптарды ғана, яғни қамтамасыз етілетін міндеттеменің туындау негізінің заңдылығын бірінші кезекте білдіретін занды міндетгемеге негізделген  талапты қанағаттандырады. Бұл ереже, негізінен, кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қарағанда қосымша акцессорлық міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі екендігінен туындайды. Қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңсыздығы, жалпы ереже бойынша, кепіл болушылықтың немесе кепілдікгің заңсыздығына әкеп соғады және кепіл болушы мен кепілшіні зандық салдарларға ұрыңдырады.

Тек занды талаптарды ғана кепіл болушылықпен және кепілдікпен қамтамасыз ету туралы жалпы ережеге жатпайтын бір жағдай — борышқордың әрекет қабілетсіздігін несие беруші білмей, оның міндеттемесі үшін жауап беруді кепілші мен кепіл болушының өз мойындарына алуы. Бұл ретте кепілші мен кепіл болушының ондай әрекетті қулық мәміле немесе борышкерге көмектесу ниетімен жасағаңдығының маңызы жоқ. Егер несие беруші борышкердің әрекет қабілетсіздігін шындығында білмеген болса, онда кепілші мен кепіл болушының мұндай мәмілесі қалайда заңды болады. Мәміленің зандылығы заңнамада тікелей бекітілген болса, мүдделі адамдардың арызы болса да ол заңсыз деп таныла алмайды. Егер несие беруші кепілдік пен кепіл болушылықтың ерекетке қабілетсіз борышкер үшін беріліп отырғаның білсе, дау туған жағдайда кепілдік және кепіл болушылық шарты өзінен өзі заңсыз деп танылмайды және кепілші мен кепіл болушының өзінен өзі жауапкершіліктен босанып қалулары мүмкін емес. Бұл ретте кепілдік пен кепіл болушылық заңсыз деп танылады, және кепілші мен кепіл болушының, ал кейбір жағдайларда несие берушінің де мысалы, қылмыстық ниет болса жауапкершілігі азаматтық құқықтың заңсыз мәмілелер жөніндегі ережелер ескеріліп анықталуы тиіс.Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, кепілші мен кепіл болушының шартта көзделген жағдайларда, қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына қарамастан, борышкер үшін міндеттеме - “сөзсіз” деп аталатын кепілдік немесе кепіл болушылық қабылдауына жол беріледі. Кепіддік пен кепіл болушылықтың “сөзсіздігі” шартга тікелей көзделуге тиіс.

Информация о работе Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже