Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 07:25, курсовая работа
Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тарату комиссиясы өзге несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруға басқа мүлік жеткілікті болса өтеуді кепіл мүлкіне аудармауға құқылы, бұл ретте кепіл құқығы күшін сақтайды. Тарату комиссиясының шешімі бойынша және таратылатын занды тұлғаның аралық немесе ақтық балансына сәйкес кепілге салынған мүлік тек кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін сатылуы не кепілге салынған мүлік таратылатын занды тұлғаның құқық мирасқорына берілуі немесе кепіл құқығын сақтап оны үшінші жақтың иеліктен шығаруы мүмкін. Соңғы жағдай кепіл мүлкін жеке тәртіпте, ашық сауда жүргізбей-ақ сатқан реттерде де болады. АК-ның 50-бабының 4-тармағы нормаларының сөзсіздігіне байланысты занды тұлға өз еркімен тарағанда кепілге салынған мүліктің тағдырын шешу тарату комиссиясының құзыретіне жатады, оның құқығы болып табылады.
АК-ның 1080-бабына сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажетті шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге кеткен шығыңдарды, мұраны қорғауға, басқаруға, өсиетті орындауға, сондай-ақ өсиетті орындаушыға немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеуге мұра жеткіліксіз болса, бұл шығындардың орнын толтыру үшін өндіру мұра құрамындағы кез келген мүлікке, оның ішінде, кепілдегі мүлікке түсуі мүмкін. Бұл норманы іске асырарда мұрагерлік мүлікті АК-ның 1080-бабында көзделген шығындардың орнын толтыру үшін сатуда кепіл ұстаушының құқығы мен мұраға билік етушінің мұрагер, өсиетті орындаушы, сенімгерлікпен басқарушы және т.б. құқығының қиғаштығы туындайды. Бұл ретте мұраға билік етуші іс жүзінде мүліктің меншік иесінің өкілеттігін атқарады, яғни, шын мәнінде мүліктің меншік иесінің құқықтары мен несие ұстаушының құқықтарының қиғаштығы болады. Кепіл берушінің құқықтары мен кепіл ұстаушы құқықтарының арасындағы қиғаштықты шешетін АК-ның 1080-бабы нормаларының императивтігі және АК-ның 315-бабының 2-тармағы нормаларының диспозитивтігі нәтижесінде мұраға билік етушінің құқығында басымдылық болады, ол АК-ның 1080-бабында көрсетілген шығыңдарды жабу үшін кепілге салынған мүлікті сату немесе өзге мүлікті сату туралы шешім қабылдауға құқылы. Қажетті шығындарды өтеу үшін жеткілікті өзге мүліктер болған жағдайда мұраға билік етуші не кепіл ауыртпалығымен мұрагерлерге өтетін кепіл мүлкін сатуға, не , оны ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін ғана пайдалануға не кепілге салынған мүлікті оған кепіл құқығын сақтай отырып сатуға құқылы. Мұраға билік етушінің шешімі бойынша немесе мұраға кіретін өзге мүлік жеткіліксіз болған жағдайда кепіл мүлкі АК-ның 1080-бабында көрсетілген шығындарды жабу үшін сатылуы мүмкін.Бұл ретте, кепіл мүлкі ашық саудамен сатылғанда, кепіл құқығы АК-ның 322-бабы 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес тоқтайды. Кепіл ұстаушы, сонымен қатар, кепіл нысанының кепіл туралы шарт жағдайына сәйкес болмай шығып қалуына байланысты қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге құқылы.
Кепіл мүлкін ашық сауда жүргізбей жеке тәртіпте сатқанда кепіл құқығы АК-ның 323-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес күшін сақтайды.Жеке кәсіпкер банкрот болған жағдайда жеке кәсіпкер кепіл беруші болған кепіл міндеттемесі тоқтайды, себебі банкрот болған кезден бастап жеке кәсіпкердің тіркелгені күшін жояды, міндеттеме субъектісі жойылады, сондықтан жеке кәсіпкердің өмірге немесе денсаулыққа келген зиянды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеке сипаттағы басқа талаптарды өтеу жөніндегі міндеттемелерден басқа барлық міндеттемелері тоқтайды. Кепіл міндеттемесінің тоқтауы қепіл ұстаушыға кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің кепіл нысанының кепіл туралы шарт талаптарына сәйкес болмай шығып қалуына байланысты мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге құқық береді. Бұл ретте АК-ның 21 -бабына және банкроттық туралы заңнамаға сәйкес, жеке кәсіпкер банкрот болған кезден бастап банкроттық несие берушілерінде борышкердің конкурстық массасы есебінен, заңнамада белпленген кезектілікпен өз талаптары бойынша қанағат алуға құқықтар туындайды. АК-ның 21-бабына сәйкес талаптары жеке кәсіпкер мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген несие берушілер банкрот мүлкінің есебінен талаптарды қанағаттандырудың екінші кезегінде болады.
Кепілге несие берушінің талаптарын орындағанға дейін кезектен тыс шығындар деп аталатын шығындар - егер тағайындалған болса, сот шығындары, әкімгерге, конкурстық және ақтаулық басқарушыға сыйақы төлеу жөніңдегі шығындар, сондай-ақ бірінші кезектегі несие берушілердің талаптары - алименттер өндіру жөніңдегі талаптар, соңдай- ақ өмірге немесе денсаулыққа келген зиянды өтеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады.
АК-ның 21-бабының 4-тармағы әрбір кезектіліктегі несие берушілердің талаптарын орындаудың ережелері жөнінде занды тұлғалардың банкроттығы туралы заң актісіне сілтеме жасайды, ондай акті - Банкроттық туралы заң. Банкроттық туралы заңның 76-бабына сәйкес әрбір кезектіліктегі несие берушінің талабы алдыңдағы кезектіліктегі несие берушінің талабы орындалғаннан кейін орындалады, ал банкроттың мүлкі тиісті кезектіліктегі несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, онда қанағаттандыру олардың талаптарының сомасына қарай пропорциямен жүргізіледі. Сондықтан бірнеше кепіл ұстаушылардың талаптары болса және оларды толық қанағаттандыру үшін мүлік жеткіліксіз болса, онда, несие ұстаушылар арасында қанағаттандыру қамтамасыз ететін сомаға пропорционалды жүргізіледі. Ал, айта кететін бір жағдай жеке кәсіпкер банкрот болғаңда, кепіл берушінің өзге несие берушілері мен кепіл ұстаушының құқықтарында қиғаштық болмайды, бірақ кепіл құқығы тоқтайды, және несие ұстаушы банкроттық белгілі бір кезектіліктегі несие берушісіне айналады. Жеке кәсіпкер банкрот болғаннан бастап кепіл несие берушісі мен банкрот арасындағы қатынастар кепіл туралы нормалармен емес, жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы нормалармен реттелінеді.
Мұндай жағдай заңды тұлға банкроттыққа ұшырағанда да болады. АК-ның 55-бабына сәйкес, конкурстық іс жүргізу қозғалғаннан бастап банкроттық барлық міндеттемелері, оның ішінде кепіл міндеттемелері тоқтайды. Конкурстық іс жүргізу қозғалған кезден бастап қабілетсіз борышқордың мүлкін өңдіртіп алуға айналдыруға қойылған, оның ішінде АК-ның 299-бабында белгіленген барлық шектеулер алынады.Кепіл міндеттемесінің тоқтауы, жеке кәсіпкердің банкроттығындағы сияқты, кепіл ұстаушыға кепіл нысанының кепіл туралы шарт жағдайларымен сәйкес емес шығып қалуына байланысты кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімнен бұрын орындалуын талап етуге құқық береді.
Бұл ретте АК-ның 55-бабына және банкроттық туралы заңнамаға сәйкес заңды тұлғаның несие берушілерінде конкурстық іс жүргізу қозғалған кезден бастап өз талаптары бойынша, белгілі бір кезектілікпен, борышкердің конкурстық массасы есебінен қанағат алуға құқық туындайды.Айта кететін бір жағдай АК-ның 3-бабының 3-тармағына сәйкес банктердің банкроттығымен және таратылуымен байланысты қатынастар АК-ның банк қызметін реттейтін заң актілеріне - Банктер және банк қызметі туралы Заңға қайшы келмейтін бөлімінде реттеледі. Банкттер және банк қызметі туралы Заңның 74-2-бабының 3-тармағында банк банкрот болған жағдайда несие берушілер талабын қанағаттандырудың өз кезектілігі белгіленген, онда кепіл несие берушілері алтыншы кезекте тұр.
АК-да ақтайтын процедуралар жүргізгенде несие берушілер құқықтарының дауларын шешетін нормалар жоқ. Сондықтан, АК-ның нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы орнын ескерсек, атқарушы процедуралар жүргізген кезде кепіл құқығының және кепіл ұстаушының АК-ның 299-бабының 1-тармағында көзделген құқық артықшылығының ақталатындығын айта кету керек. Заңды түлға банкрот болғанда, заңды тұлға тарағанға дейін немесе конкурстық іс жүргізу қозғалғанға дейін кепіл ұстаушының құқық артықшылығы АК-ның 299-бабы 1 -тармағының, АК-ның өзінде белгіленген алып тасталынатындарды қоспағанда, кепіл мүлкіне қатысты кепіл ұстаушының артықшылығын белгілейтін 1-бөлігінің нормаларына сәйкес күшін сақтайды. Заңды тұлға банкрот болғанда занды тұлға тарағанга дейін немесе конкурстық іс жүргізу қозғалғанға дейін алып тасталынатындар АК-да көрсетілмеген. Сондықтан, АК-ның 299-бабының 1-тармағы 1-бөлігінің нормасы мүліктің кепіл ұстаушысы болып табылмайтын өзге несие берушілердің ақтайтын процедуралар жүргізу барысында өндіртіп алуды кепіл мүлкіне айналдыруына зандық шектеу болады.Кепіл нысанын сатудың қажеттігі кепіл құқығының объектісі ретінде айналым қабілеті бар мүлікті пайдалануды керек етеді. Иеліктен алудың мүмкін еместігі азаматтық айналымнан шығып қалған мүлікті, сондай-ақ кепіл ұстаушының талабы бойынша өзіне өндіртіп алуды аударуға болмайтын мүлікті кепіл объектісі бола алатын мүліктер қатарынан шығарады.Кепіл туралы және кепіл нысаны туралы заңнамада мүліктің кейбір түрлерінің кепіліне заң актілері арқылы тыйым салу немесе шек қою мүмкіндігі туралы ереже бар. Бұл ереже заң актісі бойынша кез келген нәрсенің кепіліне тыйым сала алады, себебі мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдалануға тыйым салудың немесе шек қоюдың негізге алынатын критерийлері белгіленбеген. Мұндай тыйым салу немесе шек қою тек заң актілерімен ғана белгіленеді. Кепіл беруші негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша борышкер де, заттық кепіл болушы ретіндегі үшінші жақ та бола алады.
Кепіл ұстаушыға қойылатын басты талаптардың бірі — ол кепілге берілген нысанның меншік иесі болуы тиіс немесе ол нысанды кепілге беруге мүмкіндік беретіндей онда өзгедей заттық құқық болуы тиіс, не, мүліктік құқықты кепілге салғанда (мысалы, интеллекгуалдық меншікке жататын не тауарлар беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөніндегі шарттық қатынастардан туындайтын және т.б.) сол мүліктік құқықтың иесі болуы керек.Жалпы ереже бойынша, затты кепілге беруші оның меншік иесі болуы, ал мүліктік құқықты кепілге беруші оның қүқық иеленушісі болуы тиіс, сонда ғана бөтен мүліктің кепілге берілуіне мүмкіндік болмайды. Кей жағдайларда меншік иесі не құқық иеленуші үшінші жаққа өз мүлкін, сол мүлікті басқаруға сенімхат беру арқылы, затты немесе басқадай мүлікті кепілге салуға құқық береді, нәтижесінде өкілдік қатынас туындайды, бұл ретте де кепіл нысанының меншік иесі немесе құқық иеленушісі бәрі бір кепіл беруші болып қалады.
------------------------------
1 Тархов В. А. Ответственность по советскому гражданскому праву. Саратов, 1973, 11 – бет.
4 Кепілмен қанағаттандырылатын талаптар. Кепіл түрлері.
Жалпы ереже бойынша, несие берушінің талабы өндіртіп алуды кепіл мүлкіне аударған кезде кепіл нысаны тұратын құнан қанағаттандырылады, ол талаптардың кепіл белгіленген кездегі мөлшеріне байланысты емес.Осылардың құрамына қамтамасыз етілетін негізгі міндеттеменің сомасынан басқа, кепіл белгіленгеннен кейін туындайтын талаптар: сыйақы төлеуге қарыз берілген қаражатты пайдаланғандық үшін пайыздық үстеме түрінде, ақша қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбына борышты жабу мерзімін өткізіп алу қатысты талаптар, орындау мерзімін өткізіп алумен байланысты шығындарды толық мөлшерде өтеу, тұрақсыздық айыбын төлеу айыппұл, өсім, сондай-ақ кепіл мүлкін сақтауға шыққан шығындар және өндіртіп алуға байланысты барлық шығындарды өтеу мысалы, сату шығындары және т.б..Сонымен қатар өндіртіп алуды кепіл нысанына аудару кезінде несие беруші талаптарын қанағаттаңдырудың кез келген басқа көлемі белгіленуі мүмкін. Басқа Көлем шартта немесе заң актілерінде белгіленуі мүмкін.Несие берушінің талаптарын, ол талаптардың кепіл белгіленген кездегі мөлшеріне қарамастан, өндіртіп алуды кепіл нысанына аудару кезінде нысан тұратын құннан толық мөлшерде қанағаттандыру туралы жалпы толықтыратын ереже кепіл берушінің құқығын да, кепіл ұстаушының құқығын да қорғайтын күзет шарасы болып табылады.Біріншіден, егер кепіл белгіленгеннен кейін сол кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша борыш өссе кепіл ұстаушы кепіл мүлкін борыштың жаңа пайда болған бөлігін жабуға да аударуға құқылы. Борыштың алғашқы сомасының өсуі, көбінесе, борышкердің міндеттемені уақтылы орындамауынан болады, нәтижесінде, міндеттеменің шартына байланысты борыштың негізгі сомасына сыйақы есептелуі, кепіл ұстаушыда борышкерден тұрақсыздық айыбын алу құқығының туындауы, сондай-ақ кепіл ұстаушыда келген залалды өндіруге құқық пайда болуы мүмкін.Екіншіден, кепілмен міндеттемені кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру кезіндегі сол, бар көлемде қанағаттандыру туралы ереженің, кепілге салынған мүліктің құны сол кепілмен қамтамасыз етілген міңдеттеме бойынша борыш сомасынан асып түссе, кеіпіл беруші үшін едәуір маңыздылығы болады. Себебі, кепіл ұстаушының кепіл мүлкін сатудан түскен сомамен кепіл нысанымен қамтамасыз етілген талап мөлшері арасындағы айырманы кепіл берушіге беруі жөніндегі міндеті деп осы ережеден туады. Егер кепіл ұстаушының талаптарын жабуға өндіртіп алуды кепіл мүлкінің бір бөлігіне аудару мысалы, бірнеше кепіл нысандарының біреуіне жеткілікті болса, кепіл ұстаушы өндіртіп алуды сол мүліктің қалған бөлігіне аударуға құқылы емес.
Несие берушінің талаптарын қанағаттандыру көлемін салынған мүлік құнынан анықтаудың жоғарыда келтірілген тәртібі кепілдің болашақ талаптарды қамтамасыз ететін кепіл сияқты түрлеріне таралмайды, оған қатысты арнайы ереже - қанағаттандыру көлемін кепіл туралы шарт жасалғанда анықтау тәртібі белгіленген. Жалпы ереже - бойынша кепіл арқылы борышкердің сол кезде бар және занды міндеттемелері қамтамасыз етіледі, себебі кепілге акцессорлық қосымша сипат тән.Ерекше жағдайларда кепілмен борышкерге келешекте туындайтын талаптар қанағаттандырылуы мүмкін, бұл ретте міндетті жағдай - мұндай талаптарды кепілмен қамтамасыз ету мөлшері жөнінде тараптар арасында келісім болуы тиіс. Келешекте туындайтын талаптарды кепілмен қамтамасыз мөлшерін анықтау үшін тараптардың келісімге жетуі қажет болатындықтан, бұл талап, сөзсіз, кепіл туралы шартың елеулі жағдайларына, өзінен туындайтын барлық салдарымен, жатады.Кепіл түрлері.Кепілді топтастыру кепілді құқықтық реттеу үшін елеулі маңызы бар әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі. Негізгі топтастырған негіз, ол - кепіл нысаны болып табылатын мүліктің түрі,себебі, әртүрлі құқықтық режимдегі мүлікті пайдалануға байланысты кепілді құқықтық реттеудің кепілді тіркеу туралы қосымша жағдай, кепіл затын кепіл ұстаушыға беру немесе оны кепіл берушіде қалдыру, қауіпті кепіл туралы шартқа қатысушылар арасында болу мүмкіндігі және т.б. түрінде өзіндік ерекшеліктері бар. Осы негіздерге сәйкес заттар кепілі және мүліктік құқық кепілі болып бөлінеді.Кепілді түрге бөлудің басқа бір негізі - кепіл нысанының шарт бойынша тараптардың біреуінде болуы және рұқсат берілгендігі. Осы негіздер бойынша кепіл мынадай түрлерге бөлінеді кепілзат, мұнда кепіл нысаны кепіл ұстаушының иелігіне беріледі, және ипотека, мұнда кепіл нысаны, кепіл күшіңде тұрған кезде, оны пайдалану құқығымен кепіл берушінің немесе үшінші адамның иелігінде қалады.
Бұл түрлердің әрқайсы, мүлікке, кепіл құқық қатынастарының субъектілеріне немесе оларды қолдануды құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне байланысты тағы да әр түрге бөлінуі мүмкін. Мысалы, кепілзаттың басқа түрлеріне жататындар: ломбардтағы тауарлар кепілі, онда кәсіпкер ретіндегі кепіл ұстаушының айрықша жағдайы кепілді құқықтық реттеудің ерекшелікгеріне байланысты; тауар қоймасында тұрған тауарлар кепілі - кепілді құқықтық реттеудің және оны рәсімдеудің ерекшеліктері кепіл мүлкін сақтаушының - кәсіпкердің құқықтық қатынастарға қатысуында. Кепіл құқық қатынастары айрықша реттелетін ипотеканың басқа бір түрі айналымдағы тауарлар кепілі, оның ерекшелігі - кепіл нысаны ретінде қолданылатын заттарды, өндеуге, табиғи формасын өзгертуге ұшыраған заттарды не тектік белгілерімен анықталатын заттарды пайдаланумен байланысты төлем құралы екендігімен түсіндіруге болады. Кепілзат конструкциясын пайдаланып ақшаны несие ұстаушының иелігіне беру оның меншік иесінің ауысуына әкеп соғады, ол кепіл нысанының кепіл ұстаушысы мен меншік иесінің біреу болуына байланысты кепіл бойынша қандай да бір қатынастардың тоқтауына себеп болады.
Информация о работе Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже