Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 07:25, курсовая работа
Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің қүқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына төуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді.
Кейбір жағдайларда ғана болмаса, жылжитын мүлік міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Олардың ішіндегі тіркеуге жататындары - жылжымайтын мүлікке теңестірілгендер ғарыш объектілері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суларда жүзетін кемелер, өзен-теңіз жүзетін кемелер және айналым қабілеті шектелген немесе қауіптілігі жоғары объектілерге жататын кейбір өзге жылжитын заттар. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжитын мүліктің кепілін тіркеу жөніндегі талапты сақтамаудың құқықтық маңызы жылжымайтын мүліктің кепілін тіркегендегі сияқты. ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Азаматгық авиацияны, мемлекеттік реттеу туралы Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңына сәйкес тек әуе, теңіз және өзен кемелері ғана емес, оларға қатысты мәмілелер де мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондықтан, АК-ның 155-бабының нормалары ескеріліп және көрсетілген арнайы заң актілерінде қандай да бір ерекшелікгер болмағандықтан, әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзу кемелерінің, өзен-теңіз жүзу кемелерінің кепілі кепіл туралы шарт тіркелген кезден бастап ғана жасалды деп саналады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын өзге жылжитын мүліктің кепіліне қатысты, егер заң актілерінде өзгедей көзделмесе, кепіл туралы шартты тіркеген кезден бастап оларды жасау презумпциясы күшіне кіреді.Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі Заңы қабылданғаннан бастап міндетті тіркеуге жатпайтын жылжитын мүлік кепілін тараптардьң келісімімен тіркеу тетігі құрылды. Мұндай тіркеудің құқықтық маңызы сонда, ол — белгілі бір адамның жылжитын мүлкінің кепілі туралы ақпараттың үшінші жақ үшін, оның ішінде мұндай адамның мүлкін кепілге қабылдау мүмкіндігі туралы мәселелерді шешу үшін жариялығында, алуға оңайлығында, бұрынғы және алдыдағы кепіл ұстаушылардың құқықтарының, кепілдегі мүлікіні өңдіртіп алуға айналдыруға занды құқығы бар кепіл ұстаушылар мен өзге адамдардың құқықтарының басымдылығын анықтауда көрініс табады. Жылжитын мүліктің кепілін бұлай тіркеу құқық коллизиясы туралы дауды шешкенде дәлелдемелік функция атқаруы мүмкін, себебі өндіріп алушы бұл мүліктің кепілі туралы білмеуі және кепіл ұстаушының мүдделері мен құқықтары ескерілмей өндіртіп алынғанда адал әрекет етуі мүмкін. Жылжитын мүліктің кепілін тіркегеңде өндіріп алушының адал еместігі, әрине, болжамданады, себебі оның кепіл туралы білуіне, міндетгі мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдерінің жария тізбесінен ақпарат алуына болады.Егер тараптар мұндай жылжиты мүлік кепілін тіркеу туралы келісімге келсе, онда тіркеу туралы жағдай шарттың елеулі жағдайына айналады.Тіркеу жасамау, бұл жағдайда, кепіл туралы шарттың заңсыздығына әкеп соғады, бірақ ол тіркеу талаптарын бұзғандықтан емес, шарттың елеулі жағдайларын бұзу негізінде болады.Бұл заң, сондай-ақ, жылжитын мүлікті кепілге қайта салуға тыйым салу туралы жағдайлар көзделген сол мүліктің кепілі туралы шарттың міндетті түрде тіркелуін қарастырады. Бұл шартты тіркеу туралы ережені бұзу тыйым салу туралы талаптарды заңсыз етеді, бірақ жалпы кепіл туралы шарттың заңсыз деп танылуына ықпал етпейді.Кепілдің субъективтік құқығы.
Кепіл құқығы кепіл құқық қатынастарында ең басты рөл атқарады.Кепіл құқығы, біздің пікірімізге, кепіл ұстаушының, оған кепіл нысанының сақталуын қамтамасыз ету үшін берілген мүліктік құқықтарының жиынтығын құрайды.Сонымен қатар, кепіл құқығының құрамына кепіл ұстаушының борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамағанда өңдіріп алуды кепіл мүлкіне аудару құқығы кіреді. Егер, кепіл туралы шартта кепіл ұстаушыға кепілдегі мүлікті өз бетімен сату құқығы берілсе, онда кепіл құқығы мүлікке шектеулі билік ету құқығын - несие берушінің қамтамасыз етілетін негізгі міндеттеме бойынша талаптарын борышкер орындамаған жағдайда кепіл мүлкін сату құқығын қамтиды.Тіркеуге жататын мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдаланғанда,жалпы ереже бойынша, мұндай мүліктің кепілі туралы шарт тіркелген кезден бастап кепіл құқығы туындайды, кепілақыда — мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден, ипотекада және мүлік кепіл ұстаушыға берілмейтін кепілдің басқа түрлерінде — кепіл туралы шарт жасалған кезден бастап туындайды. Кепіл туралы шартта кепіл құқығы туындауының өзге де тәртібі көзделуі мүмкін, мысалы, тараптар кепіл ұстаушыға берілетін мүлікке кепіл құқығының шарт жасалған кезден бастап таралуы туралы келісуі мүмкін. Сонымен қатар, жалпы ережелердің императивтігіне байланысты, кепіл туралы мәміле тіркелген кезден бастап кепілдің пайда болуына қатысты кейбір мәселелер шартта өзгеше шешімін табуы мүмкін емес, мысалы, мүліктің кейбір түрлерін немесе олармен мәмілелерді міндетті мемлекеттік тіркеу туралы жалпы императивтік ереже болса, онда кепіл құқығы шарт тіркелген кезден бастап ғана туындай алады.
Кепіл құқығының туындауы туралы ережені қолданғанда кепілмен тек заңды талаптардың ғана қамтамасыз етілетіндігін ескеру керек. Сондықтан, борышкердің кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемесі несие беруші талабы әлі туындамаған болса, онда кепіл туралы шарттың жасалғанына, тіптен оның тіркелгеніне немесе кепіл нысанының кепіл ұстаушыға беріліп қойғанына қарамастан, кепіл құқығы да туындай алмайды. Несие берушінің қамтамасыз етілетін талаптары туыңдағанға және заңды болғанша кепіл туралы шартта алдын ала шарт сипаты болады, одан өзінше тиісті салдарлар туындайды.Кепіл құқығының туындау ережесін қолдануды шектейтін басқа да мән-жайлар бар - кепіл нысанының заттай болмауы немесе жалпы ереже бойынша кепіл құқығының туындауымен байланыстырылған кезге кепіл ұстаушыда кепіл нысанына меншік шаруашылық жүргізу құқығының болмауы. Мұндай жағдай кепіл туралы шартта кепіл құқығы меншікке немесе шаруашылық жүргізуге келешекте келіп түсетін мүлікке таралғанда мүмкін болады. Кепіл нысаны зат түрінде пайда болғанша немесе ол кепіл ұстаушының меншігіне немесе шаруашылық жүргізуіне келіп түскенше кепіл құқығы тараптар кепіл туралы шарт жасасқан жағдайда да туындамайды. Кепіл туралы шартқа алдын ала шарт белгілері тән болады. Мысалы, үй салуға тұтыну несиесін алып, несие қаражатына тұрғызылып жатқан үйге тараптар кепіл құқығын таратса, кепіл құқығы құрылыс аяқталған, үй жылжымайтын мүлік объектісі ретінде тіркелген және жылжымайтын мүлік ипотекасы тіркелген кезден бастап ғана туындайды.Бұл көрсетілген жағдай үшін ең қолайлы кепіл түрі - кепіл құқығы келешекте алынатын құрылыс материалдарына таралатын айналымдағы тауарлар кепілі дәлірек айтқанда - өндеудегі тауарлар кепілі.
Тараптар несие жасасқан кезден бастап қарыз ақшаға алынатын құрылыс материалдарына кепіл құқығы таралады, оларды алған кезден бастап өндеудегі тауарларға кепіл құқығы туындайды, себебі құрылыс материалдары үйдің құрылысына пайдаланылатын болады, ал үй тұрғызылып және жойылмайтын мүлік ретіңде тіркелген кезден бастап кепіл құқығы үйге де таралады.
Айналымдағы тауарларға кепіл құқығы, біздің ойымызша, кепіл ұстаушының кепілдерді жазу кітабы бойынша да, кепіл мүкінің нақты бар екендігін, мөлшерін, күйін және сақтау жағдайын былайша да тексеру құқығын, сондай-ақ кепіл ұстаушының кепіл заттарын көптеген заңгерлер сын айтқанмен, мұндай пікірлер заң әдебиетінде айтылды.Айналымдағы тауарлар кепілінде кепіл құқығының құрамына, сонымен қатар, кепіл беруші айналымдағы тауар кепілін бұзған жағдайда кепіл ұстаушының айналымдағы тауарлармен операцияларды тауарларға өз белгілері мен мөрлерін салу айналымдағы кепіл тауарын қатты кепілге айналдыру арқылы тоқтата тұру құқығы, сондай-ақ борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда, жалпы ереже бойынша, айналымдағы тауарлармен операцияларды тоқтатуы және кепілге салынған мүлікті өндіртіп алуға аударуы кіреді.Айналымдағы тауарларға кепіл құқығы кепіл нысанына шарт жасалған кезден бастап туындайды, ал кепіл нысанын белгіленген тәртіпте ауыстырған жағдайда - кепіл берушіде ауыстырылған нысанға Меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығы туындаған кезден пайда болады.
Кепіл нысанын жоғалту немесе оның толық бүлінуі кепіл құқығын тоқтатады, себебі жоқ нәрсеге кепіл болмойды, және бұл мән-жай негізгі міндеттеменің зандылығына еш әсер етпейді. Мұндай ереже мүліктік құқыққа қатысты да бар - мүліктік құқықтың мерзімнің өтуіне байланысты тоқтауы, мысалы, кепілдің тоқтауына әкеп соғады, себебі күшін жоғалтқан мүліктік құқыққа да кепіл болуы мүмкін емес.Егер кепілге салынған мүлік сақтандырылған болса, кепіл құқығы басқа құқыққа алмастырылады - кепіл ұстаушы мұндай жағдайда, заң актілерінде белгіленгеннен алып тасталатындарды қоспағанда, кепіл , мүлкінің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін сол мүліктің кепіл берушінің сақтандыру өтемі есебінен қанағат алуға құқылы. Кепіл туралы және кепіл нысаны туралы заңнамада мүліктің кейбір түрлерінің кепіліне заң актілері арқылы тыйым салу немесе шек қою мүмкіндігі туралы ереже бар. Бұл ереже заң актісі бойынша кез келген нәрсенің кепіліне тыйым сала алады, себебі мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдалануға тыйым салудың немесе шек қоюдың негізге алынатын критерийлері белгіленбеген.Мұндай тыйым салу немесе шек қою тек заң актілерімен ғана белгіленеді.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар: өмір, денсаулық, ар-ождан, жақсы атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұғылмайтындық, жеке және отбасы құпиясы, есімге құқық, авторлыққа құқық, шығармаға қол сұғуды болдырмайтын құқық және басқа материалдық емес құқықтар мүлікке жатпайды және кепіл нысаны бола алмайды.Кепіл қатынастарының тараптары. Кепіл қатынастарына кемінде екі адам кепіл ұстаушы және кепіл беруші қатысады.
Кепіл ұстаушы, әдетте, негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша несие беруші болады. Негізгі шарт бойынша несие берушінің ауысуы, егер алғашқы және жаңа несие берушілер арасында құқық ауысқанда басқадай айтылмаса немесе заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, әрқашанда кепіл ұстаушының құқықтарының жаңа несие берушіге ауысуына әкеп соғады.Кепіл беруші негізгі қамтамасыз етілетін шарт бойынша борышкер де, заттық кепіл болушы ретіндегі үшінші жақ та бола алады.
------------------------------
1 Гражданское право. Учебник. Под ред. А. П.Сергеева; Ю. К. Толстого. ч. 1, М., 1973, 825 – бет.
3.3 Кепіл ұстаушының және өзге де адамдардың кепіл нысанына құқықтарының қиғаштығы.
Кепіл борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда өндіртіп алуды аударуға болатын арнайы мүлік болу жолымен несие берушіде, басқа несие берушілерге қарағанда белгілі бір артықшылық туғызып міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеді.Басқа несие берушілер деп кепіл берушінің несие берушілерін түсіну керек. Кепілді борышкердің өзі емес, үшінші жақ белгілеген жағдайда, борышкердің басқа несие берушілері кепіл мүлкін өндіртіп алуға аудара алмайды.Кепіл ұстаушының өзге несие берушілер алдындағы артықшылық құқығы кепіл ұстаушының және кепіл берушінің өзге несие берушілерінің құқықтарының қиғаштығында кепіл ұстаушының құқықтарының басымдылығын білдіреді. Қазіргі кезде кепіл ұстаушының кепілге несие берушінің құқығының артықшылығы бар екендігі даусыз,бірақ АК-да кепіл ұстаушы кепілге салынған мүліктің құнынан,белгіленген алып тасталатындарды қоспағанда, басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағат алады деп көрсетілген.АК-ның 299-бабының 1-тармағының алғашқы редакциясында кепіл ұстаушы заң актілерінде белгіленген алып тасталынатындарды қоспағаңда басқа несие берушілер алдыңда артықшылыққа ие делінген.Осыған сәйкес алып тасталатындарды заң актілері белгіледі.Орыңдаушылық іс жүргізу туралы заң, Банкроттық туралы заң және т.б.1998 жылғы 2 наурыздағы заңмен бұл бапқа өзгертулер енгізілді, оған сәйкес кепіл ұстаушы құқығының өзге несие берушілер алдыңдағы артықшылығынан алып тасталынатынларды тек АК белгілейді. Дегенмен бұл норма өзге заң актілерімен қайшылықта болады, ол қайшылық кодекстер бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды шешу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы Заңның 6-бабының нормаларына сәйкес басқа заң актілерімен иерархияның бір деңгейінде болған жағдайында туындаған. АК нормалары мен басқа заң актілерінің, мысалы, Банкротық туралы заң, Орындаушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заң нормалары арасында қайшылық болса, онда кейінірек қабылданған акт нормаларының басымдылығы болады, ол кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан алып тасталынатынды тек АК-ның белгілеуі мүмкін екендігі туралы норманы жоққа шығарады.
Кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан алып тастау мәселесі бойынша елеулі өзгерістер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 қазандағы Қазакстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілер иерархиясында АК-ның орнының өзгеруіне байланысты болды, онда кодекстерге нормативтік құқықтық актілер иерархиясында жоғарырақ деңгей берілді. Бұл ретте, кодекске қарағанда басымдылық тек Конституцияға, сондайақ конституциялық зандар мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін зандарға ғана берілген.АК нормалары мен заң актілері иерархиясында төмен түрған өзге нормалар,мысалы, Банкроттық туралы заң, Орындаушылық іс жүргізу және сот орыңдаушыларының мәртебесі туралы заң, Акционерлік қоғам туралы заң қиғаштығында АК-ның нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы орының өзгеруіне байланысты Нормативтік құқықтық актілер туралы заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес жоғарырақ деңгейдегі нормативтік құқықтық актіде, яғни АК-да басымдылық болады. Сондықтан АК-ға жоғарылау деңгейі берілгендіктен кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан алып тасталынатындарды тек АК ғана белгілейді, ал басқа заң актілері бойынша алып тасталынғандардың барлығы заңсыз және күшінде емес, себебі оңдай алып тасталыну АК-да көзделмеген.Кепіл ұстаушының құқығының сөзсіз артықшылығы АК-да ол үшін алып тасталынатындардың занды тұлғаның өз еркімен тарауына көне белгілі бір несие берушілердің талаптарын АК-ның 1080-бабына сәйкес мұрадан қанағаттандырумен байланысты толық тізімі көзделгендіктен туындайды.Кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан алып тасталынатындардан кепіл міндеттемесінің жеке кәсіпкердің банкрот болуымен немесе кепіл берушінің - заңды тұлғаның банкрот болуымен байланысты тоқтауын ажырату керек, соңғы жағдайда кепіл құқығы тоқтайды және кепіл ұстаушының өзге несие берушілермен құқықтарының қиғаштығы болмайды, несие берушілердің банкротқа талаптарын қанағаттандырғанда белгілі бір кезектіліктегі несие берушілерінің құқықтарының қиғаштығы болады.Занды тұлға өз еркімен тарағанда оның барлық несие берушілердің, Талаптарын қанағатгандыруға жететін ақшасы болса кепіл міндеттемесі күшін сақтайды, ал кепілге салынған мүлік басқа несие берушілердің талаптары бойынша өңдіртіп алуға айналмайды. Ақша, таратылған заңды тұлғаның несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыруға жетпейтін болса, онда кепіл ұстаушы мен таратылатын занды тұлғаның мүлкінің меншік иесінің функциясын жүзеге асырушы тарату комиссиясы құқықтарының қиғаштығы болуы мүмкін. АК-ның 50-бабының 5, 6 - тармақтарында сәйкес бұл ретте тарату комиссиясы заңды тұлғаның кез-келген мүлкін, оның ішінде кепілге салынғанын да ашық саудамен сатуға және таратылатын занды тұлғаның несие берушілерінің талаптарын белгіленген кезекпен қанағаттаңдыруға құқылы. АК-ның 315-бабының кепіл ұстаушы мен кепіл беруші құқықтарының қиғаштығы мәселесін шешетін 2-тармағының диспозитивтігінен және АК-ның 50-бабы 5-тармағының императивтігінен соңғы нормада басымдылық болады, және құқықтардың бұл көрсетілген қиғаштығында кепіл ұстаушы құқығының басымдылық күші жойылады, ал тарату комиссиясы кепіл мүлкін сатуға және кепіл ұстаушының талаптарын белгіленген кезекте қанағаттандыруға құқылы. Тарату комиссиясы кепілдегі Мүлікті ашық саудада сатқанда кепіл міндеттемесі, жалпы ереже бойынша, АК-ның 322-бабы 1-тармағына сәйкес тоқтайды, ал кепіл ұстаушы таратылатын занды тұлғаның барлық мүліктерінің есебінен өз талаптарын белгіленген кезекпен қанағаттандыруға құқық алады. Кепіл ұстаушы, сонымен қатар, кепіл нысаны- ның кепіл туралы шарт жағдайына сөйкес болмай шығьіп қалуына байланысты қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге құқылы.
Информация о работе Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже