Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 20:46, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
3

1
Коммерциялық банктердегі несиелеудің ғылыми–теориялық және әдістемелік негіздері.......................................................................

6
1.1
Коммерциялық банктердің жіктелуі......................................................
6
1.2
Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы.................................................................................................

12
1.3
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының қозғалысы................................................................................................

18

2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк қызметін талдау......................................................................................

23
2.1
«кaspi bank» АҚ АФ-ның қаржылық - экономикалық сипатын талдау....................................................................................................

23
2.2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін талдау..............................................................................

33

3

Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру.............................


53
3.1
Коммерциялық банктердегі несиелеу қызметін жүргізудің негізгі бағыттары.....................................................................................................

53
3.2
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары......................................................................................

65

Қорытынды.........................................................................................................
73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР Копеев.docx

— 423.72 Кб (Скачать документ)

 

2005 жылдан бастап, экономикалық  өсудің жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына  банктердің активтерінің өсу  ықпал еткендігі белгілі. 2005 жылдан  бастап, 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2005 жылдан бастап, 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9 % -дан 66,6 %-ға дейін 4,2 есе өскендігі байқалады.

Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің  капиталы өте төменгі жағдайда. 2012 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші  немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.

ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтердің соңғы 2003-2011 жж қатынасын төмендегі 13-ші суреттен көруге болады.

 

Сурет 13. ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтер серпіні, млрд теңге[25]

 

13-суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің активтері 2003 жылы 527,9 млрд теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2011 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.

ЕДБ-дің капиталдары 2003 жылы 97,6 млрд теңгені құраса, 2011 жылдың аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 78,8 млрд теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтың сенімінің артуын соңғы жылдардағы банктердегі депозиттердің көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2011 жылы 3480,7 млрд теңгені құрады. Ал депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 2005 жылы 15 % және 2012 жылы 48,2 %ға дейін өскен. Депозиттердің активтерге қатынасын   14-ші суретпен беруге болады.

 

 

Сурет  14.   ЕДБ-дің депозиттер мен активтерінің серпіні, млрд теңге[25]

 

Көптеген Қазақстандық банктердің қаржылық нәтижелері соңғы жылдары тұрақтылыққа қол жеткізді. Банктің рентабельдік көрсеткіштері бойынша біздің банктеріміз Орталық Еуропа елдерінің банктерінің осындай көрсеткіштерімен тең түсуде, оны  5-ші  кестеден көреміз.)

 

Кесте  5

ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі                               (мерзімнің соңына)

 

Көрсеткіштер

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2012ж

Таза пайда, млрд теңге

7,1

7,4

20,6

30,1

34,9

53,1

127,5

266

ROA,  %

1,3

0,9

1,8

1,8

1,2

1,8

1,4

2,3

ROE,  %

7,3

6,1

12,8

13,5

9,2

14,1

14,6

18,6

Ескерту – [25] қайнар  көзі  негізінде  құрастырылған.


 

Кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылы таза пайданың көлемі 7,1 млрд теңгені құраса, 2011 жылдың соңына оның мөлшері 266 млрд теңгеге дейін жеткен. Таза табыс көлемі 2005-2012 жж аралығында 37 есе өскен. Оған ЕДБ-дің активтерінің, соның ішінде банктің клиенттерге берген несиелерінің өсуі себеп болып отыр.

Банктік сектордың осал жақтарын айқындауда соңғы жылдарда өткен Қаржыгерлердің конгрессіне арналып жасалған Қазақстаннның қаржы секторының SWOT-талдауынның нәтижелерін негізге ала отырып, банк секторына қатысты талдауды  6-кестеден көруге болады.

 

Кесте  6

ЕДБ-дің  қызметіне  жасалған  SWOT-талдауы

 

Күшті жақтары

Мүмкіндіктері

  1. Пәрменді несие, депозит және инвестициялық саясаты.
  2. Активтері мен пассивтерінің мерзімдері бойынша салыстырмалы теңгерімділігі, тәуекелді басқарудың кешенді жүйесін кезең-кезеңімен қалыптастыру.
  3. Жиынтық активтердің, несиенің, депозиттердің және табыстылық көрсеткіштерінің серпінмен өсуі.
  4. Банк қызметінің Халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасауы.
  1. Жаңа банктік өнімдерді пайдалану, олардың төменгі шығындар, желілік тиімділіктер мен технологиялар есебінен арта түсуі.
  2. Банк қызметтерінің тарифтерін қалыпты деңгейде ұстау, несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерін төмендету.
  3. Банктер арасында бәсекелестікті күшейту.
  4. Менеджмент сапасын арттыру, активтер мен пассивтерді басқару және тәуекелді басқару жүйесін одан әр жетілдіру.

Әлсіз жақтары

Қатерлер

  1. Банк секторының қаржылық тұрақтылығы мен өтімділік, капиталдану және бәсекелестік қабілеттілік жағынан қол жеткізген деңгейі.
  2. Ішкі ұзақ және орта мерзімді банктік ресурстардың шектеулігі.
  3. Банктік тәуекелдердің жоғары деңгейде орын алуы;
  4. Ішкі нарықтағы банктің инвестициялық операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы құралдарының тапшылығы.
  1. Сыртқы қарыздарының көп мөлшерде болуы.
  2. Жіктелген активтердің, оның ішінде несиелерінің жоғары деңгейі.
  3. Банктік қызметтер нарығында банктер арасында бәсекелестік тепе-теңдіктіктің бұзылуы. Үш ірі банктің ұстанымының өте жоғары деңгейде болуы.
  4. ДСҰ-на кіруге байланысты шетел капиталының қатысуымен банктердің көбеюі.

Ескерту – автормен құрастырылған.


 

Жоғарыдағы банктік сектордың 2005-2012 жж аралығындағы дамуына жасалған зерттеулерді, SWOT-талдауын және Елбасының  халыққа жасаған жолдауында банктік сектордың алдына қойған мақсаттарын басшылыққа ала отырып, қазіргі заманға сай банктің активтері мен пассивтерін басқаруды жетілдіруге қолжеткізуге тиісті банктік сектордың даму мақсаттарын М. Портердің  ромбысы үлгісінде  15-суретпен беруге болады.

 

  Банктік сектордың капиталдану

деңгейін және құнын арттыру

 

 

 

Банк секторының өтімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қолдау

 

 

 

 

 

Банктің қызметтері     мен өнімдерінің технологияларының

сапасын арттыру

Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту


Сурет  15.   Қазақстанның банк секторының даму мақсаттары[26]

 

Сонымен, бұл даму мақсаттары қазіргі банк жүйесінде орын алған басты мәселелер анықтап береді, оларға: біріншіден, капиталдану деңгейінің төмендігі, екіншіден өтімділік пен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, үшіншіден, банк қызметінде озық технологияларды игерудің әлсіздігі, төртіншіден, тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту туралы мәселелерді шешу. Демек, аталған мәселелер бүгінгі банктік сектордың бәсекелестігін тежейтін басты факторларға айналуда.

Қазақстандық банктік сектордың бәсекелестігін тежейтін басты факторлардың бірі ретінде коммерциялық банктің капитал құрылымының қалыптасуын талдауға, оның  қазіргі жағдайына баға беруге әдістемесін жасауға байланысты болып келеді.

Банктің капиталы деп бұл жерде оның ресурсы, соның ішінде меншікті капиталы мен тартылған қаражаттарының жиынтығы түсіндіріледі. Банктің тұрақтылығын және жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуде меншікті капиталдың маңызы ерекше. Капиталдың жеткіліктігін бағалаудың нарықтық тәсілін енгізу, біздің ойымызша, банк жүйесінің элементерінің тұрақтылығына ықпал ететін жағымсыз құбылыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

Қазіргі кезде банктеріміз өздерінің капиталдарын жеткілікті мөлшерде ұстап отырғаны жасырын емес. Қор нарығындағы жағдайлар банктің акционерлік капиталын ұлғайтуға мүмкіндік бермей отыр. Қаржылық қадағалау тарапынан банк капиталын арттыруға талап қойылған. Бірақ та оны ұлғайтатын басты көз пайда десек ол жеткіліксіздік танытуда. Субординирленген қарызды тартудағы банктердің мүмкіндігі бірінші деңгейлі капиталдың 50%-нан аспайтын болуға тиістігін көздейтін шектеу тағы да бар.

2007-2012 жж банктік сектордың меншікті капиталының адекваттылығын 7-кестемен беруге болады.

 

Кесте  7

ЕДБ-дің меншікті капиталдарының адекваттылық көрсеткіштері

                                                                                                (мерзімнің басына)

Меншікті капиталдың адекваттылық    көрсеткіштері

2007ж.

2008ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

І деңгейлі капиталдың жиынтық активтерге қатынасы (к1)

0,09

0,08

0,09

0,09

0,11

Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай өлшенген активтер мен баланстан тыс міндеттемелерге қатынасы (к2)

0,17

0,16

0,15

0,15

0,14

Меншікті капиталдың ссудалық қоржынға қатынасы

0,22

0,19

0,19

0,20

0,20

Меншікті капиталдың құрылған провизияларға  қатынасы

3,49

2,62

3,40

3,91

3,43

Меншікті капиталдың күмәнді несиелерге қатынасы

0,60

0,47

0,48

0,43

0,34

Меншікті капиталдың үмітсіз несиелерге қатынасы

10,38

6,65

8,54

12,43

13,54

Ескерту – [17] қайнар  көзі  негізінде  құрастырылған.


 

Меншікті капиталдарының адекваттылық көрсеткіштері І деңгейлі капиталдың жиынтық активтерге қатынасына  (к1) қатысты алсақ, мұндағы нормативтік мәні 0,06 кем болмауға тиіс, ендеше  2007 жылдың 1 қаңтарына 0,09 құраса, 2012 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 0,11 дейін өскен. Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай өлшенген активтер мен баланстан тыс міндеттемелерге қатынасына (к2) тоқталсақ, оның мұндағы нормативтік мәні 0,12 кем болмауға тиіс, ендеше 2007 жылдың 1 қаңтарына 0,17 құраса, 2012 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 0,14 мөлшеріне дейін азайған. Нормативтік мәнді орындағанмен де капитал деңгейінің тәуекел дәрежесіне қарай өлшенген активтер мен баланстан тыс міндеттемелерге төмендегендігі байқалады. Бұл жерде соңғыларының үлесінің жиынтық активтердегі артқандығы белгілі. Меншікті капиталдың ссудалық қоржынға қатынасы 2007 жылдың 1 қаңтарына 0,22 құраса, 2012 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 0,20 дейін төмендеген. Бұл жерде банктің несиелік қоржынының көлемі активтер құрамында күрт өсуіне, оның меншікті капиталының баяу өсуі сәйкес келуде.  Меншікті капиталдың құрылған провизияларға  қатынасы 2007 жылдың 1 қаңтарына 3,49 құраса, 2012 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 3,43 төмендеген немесе несиелер бойынша құрылған провизиялар көлемінің көбейгендігін көруге болады.

Сонымен қатар, меншікті капиталдың күмәнді несиелерге қатынасы 2007 жылдың 1 қаңтарына 0,60 құраса, 2012 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 0,34 мөлшеріне дейін төмендеген. Бұл дегеніміз банктің несиелік қоржынындағы күмәнді несиелер көлемінің артуын баяндайды. Ал меншікті капиталдың үмітсіз несиелерге қатынасы 2007 жылдың 1 қаңтарына 10,38 құраса, 2012 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 13,54 мөлшеріне дейін артқан. Бұл дегеніміз банктің несиелік қоржынындағы үмітсіз несиелер көлемінің азайғандығын көрсетеді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

Капиталдың құрылымын талдау нәтижесінде белгілі болғандай ҚР екінші деңгейдегі банктерінің ресурстарын активтерге орналастыруына және активтер сапасын бағалауға, сондай-ақ активтерді қоржындық тәсілмен басқару әдістемесін жасауға байланысты. Банктік активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру