Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 20:46, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
3

1
Коммерциялық банктердегі несиелеудің ғылыми–теориялық және әдістемелік негіздері.......................................................................

6
1.1
Коммерциялық банктердің жіктелуі......................................................
6
1.2
Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы.................................................................................................

12
1.3
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының қозғалысы................................................................................................

18

2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк қызметін талдау......................................................................................

23
2.1
«кaspi bank» АҚ АФ-ның қаржылық - экономикалық сипатын талдау....................................................................................................

23
2.2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін талдау..............................................................................

33

3

Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру.............................


53
3.1
Коммерциялық банктердегі несиелеу қызметін жүргізудің негізгі бағыттары.....................................................................................................

53
3.2
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары......................................................................................

65

Қорытынды.........................................................................................................
73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР Копеев.docx

— 423.72 Кб (Скачать документ)

Кесте  2  жалғасы

 

Caspian Capital BV облигацияларын  қайта сатып алудан түскен  таза пайда

    3 896 877

                       -  

Төленген шағымдарды шығарып тастағандағы сақтандыру сыйлықақысы

       192 592

            151 621

Өзге кірістер

         20 442

              18 379

Пайыздық емес Таза кірістер

    4 686 040

         4 504 074

Операциялық кірістер

  14 975 846

       21 462 766

Операциялық шығыстар

-11 575 769

     -10 729 022

Операция қызметінен түскен пайда

    3 400 077

       10 733 744

Резервтерді өзге операциялар бойынша құнсыздандыру арқылы қалпына келтіру/(құру)

   629 890

          -592 632

Салық салынға дейінгі пайда

   4 029 967

       10 141 112

Пайдаға салынған салық бойынша шығыс

     -113 473

       -1 827 509

Таза  пайда

    3 916 494

         8 313 603

Е  с  к  е  р  т  у - [14]  қайнар  көзі  негізінде  құрастырылған


 

«кaspi bank» АҚ АФ қаржылық есеп беруін қарастырайық. Мұнда біз «кaspi bank» АҚ АФ балансының көрсеткіштер динамикасын қарастырайық, дәлірек: 2012-2013 жж. кезеңіндегі капитал көлемі мен құрылымындағы банк міндеттемелері, оның активтерінің өзгерісі.

Бұл кезең ішінде банктің негізгі артықшылықтары болды:

  • нарықтық үлесінің ұлғаюы;
  • пайда көлемінің өсімі;
  • халықаралық қаржылық институттарымен және шетел банктері – серіктестерімен байланысын дамыту;
  • басқару жүйесін жетілдіру.

«кaspi bank» АҚ АФ нарықтық үлесі жыл ішінде 4,5 – тен 5,0%-ға дейін, тұтастай банктік жүйенің өсім темпімен салыстырғанда Банк активтері өсімі динамикасының қуып жетуі нәтижесінде өсті. Сонымен қоса, банк активтерінің жоғары сапасын сақтады және меншік капиталымен қамтамасыз ету жағдайы жақсарды.

2013 жылы банктің таза  пайдасы өткен жылмен салыстырғанда  екі есеге өсті және 1894 млн. тг  құрады. Пайда көлемінің айтарлықтай  өсуі Банктің активтері мен  капиталының рентабельдігін жақсартуға  мүмкіндік берді.

Банк шетел банктерінен – серіктестерінен алған 15 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызын уақытында  жауып, және 36 млн. доллар көлемінде жаңа қарыз тартты. Сонымен қоса бұл жаңа қарыз ұзақ мерзімге және өте жақсы бағалық шарттарға алынады.

2013 жылдың  1 қаңтарындағы  жағдай бойынша төленген жарғылық  капитал 5063 млн тг құрады. Банк  Қазақстанның ішкі қор нарығында  зейнетақы қорлары мен компаниялар  арасында 7 жылдық мерзімге 2 млрд. тг. соммада үшінші шығарылған субординарланған облигацияларды тиімді орналастырды. Банктің бағалы қағаздары қазақстандық қор биржасының «А» категориясының ресми тізіміне қосылды.

Меншікті бағалы қағаздарды орналастыру Банктің капиталын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Банктің меншікті капиталы 10 800 млн. тг құрады, немесе барлық банктік сектордың 45% - ның өсіміне қарағанда 77% - ға өсті.

Меншікті капитал өсімі банктің сенімділігін арттырады, қаржылық нарықта активті операциялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, ішкі және сонымен қатар шетел инвесторларының сенімділігін ақтайды.

 

 

Сурет 8.  Меншікті бағалы қағаздар құрылымы[14]

 

Коммерциялық банктің меншікті құралдар құрылымы банк капиталының негізгі үлесін: жарғылық капитал, қосымша капитал және банк қорын құрайтынын көрсетеді. Сонымен қоса, банктің таза пайдасынан қалыптасқан қорлар барлық құрылатын қорлардың айтарлықтай бөлігін құрайды – ал олардың  құрамында ең үлкен үлес салмағын мақсатты бағытталған және жинақ қорлар құрайды. Сонымен, бұл құралдарды шығындау банктің ағымдық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Атап өткендей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктер капитализациясына белсенді саясат жүргізуде: бүгінгі күнге жарғылық капиталдың минималды көлеміне талап қойылды.

Қайта құрылушы банктер үшін – 2 млрд. тг. көлемінде; әрекет етуші банктер үшін – 1 млрд. тг. көлемінде; аудандық банктер үшін – 500 млн тг көлемінде.

Көріп отырғандай, берілген мәліметтерге сай «кaspi bank» АҚ АФ жарғылық капиталы нормативтік талаптарға сай келеді.

Өткен жылды кезеңдермен салыстырғанда орналастырылуы бойынша банкаралық займдар 0,4 есеге төмендеп кетті. Тартылған банкаралық займдар өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өсті. Ұлттық валютадағы банкаралық тартылымдар 1,4 есеге, ал шетел валютасында шетел банктері мен несиелік меншіктердің ашылуына байланысты 2,3 есеге өсті.

 

Сурет 9.  Банктегі ағымдық қаржы құрылымы[14]

 

Есептік кезең ішінде банкаралық нарықта нетто – позиция 1 айға дейінгі мерзімге – 296 142 мың тенгені құрады.

1 айға дейінгі мерзімді  қарыздарды орналастыру құрылымы  құрады:

  • резидент банктерде  тенгемен – 300 000 мың тг;
  • резидент банктерде валютамен – 1 377 610 мың тг;
  • резидент емес банктерде валютамен – 861 848 мың тг.

Резидент – банктерден тарту бойынша:

  •   тенгемен – 1 490 000 мың тг;
  •   валютамен – 269 120 мың тг.

-    резидент емес  банктерден валютамен – 1 076 480 мың тг.

Негізгі құралдарға инвестициялар ағымдық жылдың үшінші тоқсанында 368 121 мың тг құрады.

Соның ішінде:

  • Ғимараттар мен құрылғылар 10 500 мың тг;
  • Жер 80 000 мың тг;
  • Компьютерлік технология мен жабдықтар 322 413 мың тг (компьютерлер, арнаулы жабдықтар – банкнота есептеуіштері, валюта детекторлары, кондиционерлер, вакумдық жабдықтаушылар, қорғаныс жабдықтары, ксерокстар);
  • Автомашиналар – 18 166 мың тг;
  • Материалды емес активтер – 16 962 мың тг.

2013 жылдың 1 қаңтарында Банктің  несиелік портфель көлемі 73 296 млн тенгені құрады. Нестелік полртфельдің айтарлықтай өсімі шағын және орта бизнесті қаржыландыруды кеңейтуге, сонымен қатар бөлшек және ипотекалық несиелендірудің әр түрлі бағдарламалардың дамуына бағытталған. Банктің ресурстық базасы мен стратегиялық ұлғаюымен байланысты. Сонымен қоса, несиелік портфель кірістілігінің айтарлықтай төмендеуі орын алды – жылына 6,5% - дан 15,5%- ға дейін, яғни бұл Қазақстан несие нарығы үшін пайыздық мөлшерлемесінің жалпы тенденциясының төмендеуімен байланысты.

Банк экономиканың түрлі секторларын несиелендіру кезіндегі негізгі мақсаты банк қызметінің салалық тәуекеліне жағымсыз әсерді шектеу.

 

 

Сурет 10. Несиелер, кепілдемелер және аккредетивтер көлемі[14]

 

Несиелік портфельде ең көп үлес салмақ сауда, тау қазбалары мен тамақ өнеркәсібі болып табылады – олардың үлесі жиынтық несиелік портфельдің 56% - н құрайды. 2012 жылы тамақ  өнеркәсібін несиелендіру көлемі 8% - дан 11% -ға дейін, сауда 24%-дан 26%-ға дейін және ипотекалық несиелендіру 7% -дан 10%-ға дейін өсті (Қазақстандық Ипотекалық Компаниямен берілген несиелерді есептемегенде).

Қарастырып отырған банктің 2013 жыл басындағы жағдай бойынша несиелік портфелі 10-суретте көрсетілген:

 

 

 

Сурет 11.  Несиелік портфель көлемі[14]

 

Несиелер өсімі несиелік портфельді мерзіміне қарай диверсификациямен шығарылады, яғни бұл соңғыларының жалпы тенденцияларына сәйкес келеді.  3 жылдан жоғары мерзімді несиелендірудің көбеюі елдегі жалпы экономикалық жағдайдың жақсаруымен және нарық конъюктурасының тиімділігімен, сонымен қатар банктің ұзақ мерзімді ресурстарының өсуімен шартталады, өз кезегінде бұл банкке клиенттнрдің орта және ұзақ мерзімге қаржыландыру қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Жалпы «кaspi bank» АҚ АФ соңғы жылдарда Қазақстанның ең ірі банктер санына енді, қызмет етуі, яғни тұтастай отандық банктік жүйе тиімділігі анықтайды. Көп жағдайда кадрлық менеджментке жүктелген басқару құрылымының тиімді құрылуымен түсіндіріледі. «кaspi bank» АҚ АФ отандық банктік жүйенің отандық банктік жүйенің ірі банкі бола отырып, өз қызметінде артықшылықтарымен қатар жетіспеушіліктері де бар. Көптеген қазақстандық банктер тәрізді капиталды басқару саясаты ең алдымен, Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен бекітілген және халықаралық банктік қызмет стандарттарына сай қабылданған пруденциялды және өзге де нормативтерді сақтауға бағытталған. Бұл қызмет өз жемістерін әкелуде. Банк өз рейтингі бойынша әрқашан Қазақстанның ең «үздік» бестігіне енеді.

 Банк қызметіндегі  жетекші бағыттары заңды тұлғаларды  несиелендіруде және үкіметтік  және халықаралық бағдарламалар  қатарын қызмет етуде көрінеді. Сонымен қатар банк қызметінде  ол жаңа бағыттар байқалуда: жеке  тұлғалардане салымдар қабылдаужәне  жеке тұлғаларды несиелендіру  бағдарламасының белсенді жұмысы.

Банк өте жақсы дамыған филиалдық жүйеге ие болғанымен, филиалдар қызметі бүгінгі күнге дейін жеткілікті универсалды болып табылады, филиалдар, ең алдымен, банкаралық және банкішілік есеп айырысуларда қызмет етеді.

Сонымен, жалпы «кaspi bank» АҚ АФ өз клиенттеріне банктік қызметтердің толық спектрін ұсынады және өз қызметінде барлық бағдарламалар бойынша белсенді әрекет етуші тұлға болып табылады. 

 

 

2.2  «кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін   талдау

 

Қазақстанның инвестициялық қоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі. Қордың мақсаты – қайта құрылатын және жұмыс жасап жатқан ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндірісті құруға арналған жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету. Қор акциялардың 49%-ына дейін сатып ала отырып, жобалардың тікелей инвесторы ретінде жұмыс жасайды.

Қордың 2012-2013 ж.ж. арналған инвестициялық бағдарламасы отандық және шетелдік инвестициялық ресурстарды әр түрлі ауқымдағы 40-50 тартымды жобаларға тартуды көздейді, алайда Қазақстанда да, шетелде де бәсекеге қабілетті ірі және тиімді өндірісті құруды ерекше назарда ұстайды.

М. Ломтадзе мырзаның «Қаржы технологиялары орталығы» (банкке арналған бағдарламалық жабдық өндірісі) және «Europlan» (Ресейдегі жетекші лизинг компаниясы) сияқты жетекші компаниялардың Директорлар кеңесіндегі жұмыс тәжірибесі Қазақстанның инвестициялық қорының корпоративтік басқару деңгейін көтеріп қана қоймай, ұсынылатын жобаларды бағалауға және инвестиция тартуға да көмектеседі.

 «кaspi bank»  АҚ АФ-ның 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41 млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007 жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 157 бөлімше мен 514 пункттен құралады. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «кaspi bank»  АҚ АФ-ның инвесторы .

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялар қорларын басқару тобының құрамына кіреді.

АҚШ-тың, Батыс Еуропа мен Азияның зейнетақы және университеттік қорлары Бэринг Востоктың ұзақ мерзімді инвесторлары болып табылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 56 жобаға $1,6 млрд инвестициялады, олардың арасында қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен медиа, тұтынушылық сектордағы бірқатар табысты компаниялар бар. Қазіргі таңда қорлардың тартылған капиталы $2,2 млрд құрап отыр. Бэринг Восток 2005, 2006, 2007, 2008, 2012 және 2012 жылдары Private Equity Online және Private Equity International оқырмандарының пікірінше «Жылдың тікелей инвестициялар бойынша Ресей компаниясы» болып танылды. Бэринг Восток қорларының жобалары арасында: СТС Медиа, Голден Телеком, Яндекс, Гэллери Групп, Озон, Энфорта, ЦФТ, ЭР-Телеком, Баррен Энерджи, Волгагаз, Жайықмұнай, kaspi bank, Восточный экспресс банк, Европлан және көптеген басқа ұйымдар бар. 2013 жылы Бэринг Востоктың Яндекске салған инвестициясы Investor Allstars Venture Capital Awards-тың пікірінше ең үздік венчурлық инвестиция болып танылды.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру