Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 20:46, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
3

1
Коммерциялық банктердегі несиелеудің ғылыми–теориялық және әдістемелік негіздері.......................................................................

6
1.1
Коммерциялық банктердің жіктелуі......................................................
6
1.2
Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы.................................................................................................

12
1.3
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының қозғалысы................................................................................................

18

2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк қызметін талдау......................................................................................

23
2.1
«кaspi bank» АҚ АФ-ның қаржылық - экономикалық сипатын талдау....................................................................................................

23
2.2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін талдау..............................................................................

33

3

Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру.............................


53
3.1
Коммерциялық банктердегі несиелеу қызметін жүргізудің негізгі бағыттары.....................................................................................................

53
3.2
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары......................................................................................

65

Қорытынды.........................................................................................................
73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР Копеев.docx

— 423.72 Кб (Скачать документ)

Банк клиенті кез – келеген банктік операцияны кез – келген күні және түні орындай алады. Клиенттер – жүйені пайдаланушылар банкте негізгі дискета мен порольді алады, одан кейін олар төленген тапсырысты дайындап, оған электронды түрде қол қойып, модем арқылы жібере алады. Банкте құжат қабылданып тексеріледі және қателіктер жоқ болған жағдайда автоматты түрде клиент шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады. Осылайша клиенттер мен банк қызметкерлерінің арасындағы жеке контактілер қажеттілігі минимумға жетеді.

3) Соңғы уақытта несие  түрлері даму үстінде, бірақ экономикасы  дамыған елдермен салыстырып  қарасақ, әлдеқайда төмен. Банктік  несие түрлерінің көп болуы, банк өтімділігіне тікелей әсер етеді. «кaspi bank» АҚ АФ жетілдірілмеген несие түрлеріне келетін болсақ – студенттік несие. Жақын арада «кaspi bank» АҚ АФ – ының Басқарма Орынбасарымен бұл несие түрі енгізіліп, дамытылатындығы аталып өткен болатын, ол өз сөзінде әрбір жоғары және орта оқу орындары банкпен келісім – шартқа отыруы керек, яғни жақсы оқығаны үшін стипендия алатын студенттерге шектеулі сома көлемінде несие алуға мүмкіндік беруге. Бұл өз кезегінде біріншіден, банк өтімділігіне, екіншіден сол оқу орнына деген қызығушылықты жоғарлатады, яғни өзге оқу орындары арасында өз имиджін көтереді.

2007-2013 жылдарға ақша-несие  саясатының басым жақтары туралы  айтсақ, ақша-несие саясатының негізгі  мақсаты 2013 жылдары орташа жылдық  инфляцияны 4-6 % ұстап тұрып, оны 2012 жылы 3-5 %-ға дейін төмендету.

Қазақстан Ұлттық Банкі теңгенің айналым курсын еркін режимде сақтауды көздеп отыр, өйткені курстың ауытқуы сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Мұның өзі сыртқы рыноктағы қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігін сақтауға ықпал етеді. Қазақстанның Ұлттық банкі айырбастау курсының қалыптасуына араласпайды, бірақ қажет болған жағдайда, ішкі валюта рыногіне теңгенің айырбас курсының секірмелі саудагерлікті болдырмау үшін ғана белгілі бір шекте араласады[17].

Тәуекелді басқару жүйесі банк қызметіндегі тәуекелділікті талдауға біртұтас әдіспен келуге, тәуекелділікті анықтау арқылы ішкі бақылаудың бүкіл жүйесінің тиімділігіне ықпал етуге бағытталған және сол арқылы оны басқаруды қамтамасыз етеді. Банк тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыстарды жоспарлы жүргізіп келеді. Банктің тәуекелді басқару жүйесі барлық өнімдер, клиенттер мен аймақтық бөлімшелер бойынша тәуекелді оперативті бағалауға қабілетті.

Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру операциялық тәуекелдерді мейлінше мұқият бақылау, сондай-ақ банктің бақылау бөлімшелерінің ролі мен міндетін кеңейту арқылы жүзеге асыруға болады.

Еліміздегі несиелендіру саласында ең жақсы дамып, халықтың сұранысына ие болған және де Қазақстанның болашағы  жастар мен жас жанұялары үшін өте қажетті несие түрі, әрине  – ипотекалық несиелендіру. Ипотекалық несиелендіруді одан әрі жетілдіру еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында да айтылған.

Ұзақ мерзімді ипотекалық несиелеудің мәселелерін шешудің негізгі жолы нарықтық механизмның дамуына жағдай жасау, қоғамдық бюджеттің сыртқы ресурстарын мобилизациялау және оларды несиелік-қаржылық салаға аудару. Соңғы кезеңдері мемелекеттік бюджеттің құрылу жағдайының жақсаруымен заемдар мен олардың құны төмендеді. Сондықтан, ипотекалық  құнды қағаздар инвесторлар салатын альтернативті құрал ретінде қарастырылады. Қазақстандағы ипотекалық несиелендіруді дамытуға қажетті, шешуші талап ететін проблемалар төмендегідей:

  • салық салу жүйесі, мысалы тұрғындар үшін несие бағасын анықтайтын негізгі элемент болып табылады олардың кірістері;
  • ипотекалық несие көмегімен баспана алу үшін мемелкеттік келісім-шарт процедурасының ұзақтығы және қымбаттығы;
  • құнды қағаздар эмитентінің ликвидациясы кезінде, ипотекалық құнды қағаздар бойынша инвесторрларды талаптарды қанағаттандыру бойынша бесінші топқа қосуы.

Қазақстандағы тұтынушылық несиенің даму бағыттары туралы сөз қозғағанда, несиенің төлем карточкалары арқылы берілуі туралы мәселені айналып өту мүмкін емес. Себебі, несиелеудің бұл түрі әлемдік банктік бизнесте маңызда орынға ие болып отыр. Бірақ бұл мәселенің іске асуы үшін, ең кемінде төлем карточкаларының дамыған нарығы мен қарыз сферасының бұл қызмет түріне үлкен  дайындығы қажет[18].

Мамандар болжауы бойынша бұл мүмкіндік Қазақстан аймағында 2-3 жылдан кейін туады. Микропроцессорлы карточкалар кезінде ұлттық банка аралық төлем карточкасы жүйесін құру арқылы төлем карточкалары нарығын дамыту программасы бұл болжамның кепілі бола алады. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 2 маусымындағы №713 қаулысымен бекітілген. Оны іске асыру аясында бұл жүйенің операторы болып табылатын «Процессингтік орталық» АҚ құрылды. Бағдарламаның негізгі міндеті бөлшек сауда сферасында тауар мен қызмет көрсетуге төлем карточкаларын кеңінен қолдануын қамтамасыз ету.

Бөлімшелердің таза табыс алуына мейлінше ықпал еткен негізгі операциялар кассалық операциялар мен инкассация. 2012 жылдың ішінде банк бөлімшесінің жүйесі дәстүрлі түрде инкассация мен кассалық операцияларды сапалы атқарып, корпоративті клиенттерге тұрған жерінде қызмет көрсетуді мақсат етіп қойып отыр. Сонымен қатар бөлімшелердің қаржылық қоржындары да өседі деп күтілуде. Басқа бөлімшелер мен банктермен салыстырғанда бәсекелестік ортада сыйақының мөлшері мен қарыз беру операциаларына пайдалану үшін бос ресурстардың барлығы қолайлы жағдай жасап отыр. Осы факторлардың өзі бөлімшелердің клиент базасының өсу қарқынына да мүмкіндік жасауда. Осы мақсатпен бөлімшелер қарыз алушылармен жұмысты белсенді жүргізіп, сонымен бір мезгілде клиентердің несиені қайтару қабілетін анықтау сапасын да көтеру қажет.

Несиелік операциялар - банктік бизнестің ең пайдалы статьясы. Бұл көзі арқылы таза пайданың негізгі бөлімі құрылады, олар резервтік қорларға және банк акционерлерінің дивиденттерін төлеуге кетеді.

Банктер өзінің меншік және қарыз ресурстарын әр түрлі заңды және жеке тұлғаларға несие береді. Банк қаражатгары клиенттердің есеп айырысу, ағымдағы, мерзімдік және басқа да банкаралық несие шот қаражаттары арқылы құрылып, бағалы қағаздар шығару аркылы уакытша пайдаланады.

Несиелік тәуекелдік жүргізу банк ісінің негізі болып табылады. Несие жүргізудің тиімді элементтерінің бірі - жақсы дамыған несие саясаты және процедуралары, несие портфелін тиімді жүргізуі және несиені тиімді бақылау болып табылады.

Несие саясаты барлық несие жүргізу процесінің негізін құрайды. Ол банк жұмысшыларының объективті стандарт анықтауына пайдаланып, олардың дұрыс берілуіне жүргізілуіне жауап береді. Несие саясаты дұрыс қалыптасқанда, банктің барлық деңгейлерінде дұрыс түсіністік жүргізіледі, ол банк ұжымына несие аймағындағы стандарттарды дұрыс қалыптастырып, артық тәуекелділіктен құтқарып істің даму жолдарын дұрыс бағалауға әсерін тигізеді.

Несие тәуекелділігі дегеніміз - несиелер негізгі қарыз және несие бойынша проценттерін қайтармауын, процент мөлшерінің тәуекелділігін айтады. Несие тәуекелділігінен  құтылу несиегерлердің тиянақты  іріктелуін  несие  берілу шарттарының тапдануы, несиегердің қаржылық жағдайын әрдайым бақылауы, оның несие каіітару ұқыптылығын жүргізуінде. Осы шарттардың орындалуы несие беруді кепіл етеді. Несие тәуекелділігін жүргізу - бұл процесс және қиьш жүйе. Процесс несиелеу нарықтарын анықтаудан басталады, олар көбінесе мақсатты нарық деп аталады[19].

Банк аясындағы проблемалардың бірі - несие тәуекелділіктерін қадағалау. Үкімет жағынан бақылау, саясат аясындағы ішкі және шектеу, нарық түсірмелері және т.б. жағдайлар несиегердің қаржылық жағдайын түсірмелейді.

Банктердің көбінесе несие тәуекелділігін жүргізу процестері сенімсіз талданған. Солардың ішінде көбінде кездесетін кемшіліктерін атап кетуге болады:

  • саясаты туралы жазбаша түрде тіркелген құжат жоқтығы;
  • қоржынды шоғырландыру қатынастарына шектеу жоктығы;
  • несие жетекшілерінің артық орталыктандырылуы  немесе  орталықсыз- дандырылуы;
  • несиелейтін саланың талдау нашарлығы;
  • несиегердің каржылық жағдайын жалпылама талдауы;
  • кепілдік бағасының көтеріңкі болуы;
  • клиентпен байланыс аздығы;
  • тексеру аздығы және несиелеу процесіндегі теңгерімсіздіктің жоқтығы;
  • берілген қарыз бойынша бақылау жоқтығы;
  • несие    сапалығының    нашарлауына    қарай    кепілдік    бағасының жоғарлауы;
  • қарыз бойынша құжаттар жүргізуінің нашар бақылауы;
  • қарыз қаражаттарын артық бақылауы;
  • несие құжаттарының толымсыздығы;
  • несие процесін тиімді бақыламауында және аудит жүргізбеуінде.

Осы кемшіліктер несие қоржынын әлсіздендіреді. Проблемдік несиелер клиенттің ақшалы дағдарыс нәтижесінде болуы мүмкін. Ақшалы дағдарыс құралдары кенеттен де болуы мүмкін және ол жәймен дамиды. Дамыған сайын оның көрсеткіштері де нашарлай береді. Банктің несие бөлімінің жұмысшылары мүмкін болатын залалға қарсы қорғанысы болады, олар пайда болатын дағдарыстың бірінші көрсеткіштерін алдын ала біліп талдауы керек.

Несие берілгеннен кейін залалға қарсы шаралар қолданылуы қажет. Банк берілген несие бойынша клиенттің әр қаржылық жағдайының құжаттамаларына қол жеткізуі тиіс, ол келісілген уақыт аралығында дайын болумен қатар аудиторлармен тексерілуі қажет. Несие бойынша құжаттамада банк клиенттің қаржылық жағдайын тексеріп тұруы шарт мазмұнында болуы тиіс.

Проблемдік несиелердің ерте шығу жүйелерін талдамалау өте қиын және адам факторы ең көп кездесетін кедергілердің бірі болуы мүмкін. Осы несие үшін жауапты қызметкер банкті қиын жағдайға соқтырғаны үшін хабарламауы мүмкін. Егер банк жетекшілері өзінің несие қоржынының проблемаларын біліп, залалды тәуекелді несие беру арқылы өтегісі келсе, онда банк одан да қиын жағдайға келеді. Осындай жағдайдан аулақ болу үшін банк өзінің ішкі аудит бөлімінің шолуымен несие бөлімінің қызметкерлерінің қателерін шығарады. Қадағалау және ретт еу бөлімімен өткізілетін тексерулер көрінбей қалған проблемдік несиелерді шығарады. Несие тәуекелділіктерін тиімді жүргізу процесінде, банктің ішкі бақылау жүйесі бірінші шығарады [20].

Жақын арадағы 100 күнде банк жаңа өнімдерді: автоәуесқойдың картасын; бонустық бағдарламаны іске қоспақшы, олар клиенттерге серіктестерімізден жеңілдіктер, тиімді ұсыныстар алуға мүмкіндік береді; сонымен бірге интернет-бөлімшені іске қоспақшымыз, оның көмегімен қазақстандықтар мобильді, коммуналдық және басқа да төлемдерді ыңғайлы әрі арзан төлей алады.

2012 жылы «кaspi bank» АҚ бүкіл еліміз бойынша жаңа пішімдегі бөлімшелер ашу есебінен сатылым желісін ары қарай ұлғайтуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта қызмет көрсету сапасын жақсарту және несие тәуекелдерін жүйелі түрде бақылап отыру тұрақты басымдықтарымыз болып қала бермек.

Сонымен, «кaspi bank» АҚ АФ-да басшылығының алға қойған міндеттері бойынша -  сырттан инвестиция тарту мәселесі алға шығуда. Инвестицияны кәсіпорынға тарту мәселесі бірнеше көрсеткіштермен анықталады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын көрсететін тиімділіктің негізгі көрсеткіші ретінде шығындарды басқару стратегиясы инвестордың алғы шарттары болатыны анық.

«Пассивті басқару» теориясы 60 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оның жақтаушыларының көзқарастарынша банктер өтімділік мәселелерін нарықтан қосымша қаражаттар тарту арқылы шешуге болатындағын айтады. Нақтырақ айтсақ, пассивтерді басқару бұл тартылған қаражаттар құрылымын өзгерту жолымен өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру шараларын білдіреді.

Әдістемелік тұрғыдан алғанда банк активтері мен пассивтерін кешенді басқаруды базалық және күрделі деп екіге бөлуге болады. Банк активтер мен пассивтерін базалық басқару бұл капитал жеткіліктігіне, өтімділік деңгейіне, активтер мен пассивтердің пайыз мөлшерлемелерінің және валюталардың бағамдарының өзгерісіне сезімталдығына қолжеткізуге арналған реттеуші ұйымдардың талаптарын білдіреді. Базалық басқарудың мақсаты тәуекелдерді анықтау және талдауға басты көңіл бөле отырып, банк балансының құрылымын ұстап отыру және  жаңа тәуекелдердің пайда болуына жол бермеу. Банк активтері мен пассивтерін күрделі басқару бұл банк қызметінің барлық бағыттарында табыстылықты көздейтін, тәуекелді төмендетуге бағытталған банктің стратегиясын жасауды білдіреді. Күрделі басқару капиталдың жеткілікті шамасын белгілеу, өтімділік пен сезімтал пайыз мөлшерлемелерін анықтау, несиелік тәуекелді бақылауда ұстау, банктің активтерінің сапасын бақылау сияқты шараларды қамтиды. Күрделі басқарудың артықшылығы, яғни ол бәсекелестік стратегияға сәйкес келеді және банктің қабілетін барынша көрсете біледі.

Қазақстанның банктік секторының 2005-2012жж аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдардағы коммерциялық банктердің экономиканың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын 1-кестеден көреміз.

 

Кесте  4

Қазақстан  банк  секторының  экономикадағы  рөлі

 

Көрсеткіштер

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

ЖІӨ, млрд теңге

3 250,6

3 747,2

4 612,0

5 870,0

7 453,0

10 139,5

13315,2

Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

25,1

30,6

36,3

45,8

60,6

87,5

87,7

Несиелік қоржынның  ЖІӨ-ге қатынасы, %

15,9

 

 

19,1

23,6

30,9

41,1

59,1

66,6

Меншікті капиталдың  ЖІӨ-ге қатынасы, %

3,8

4,3

5,1

5,9

7,9

11,5

13,4

Депозиттердің ЖІӨ қатынасы,  %

15,0

18,6

21,1

27,4

33,9

46,5

48,2

Ескерту – [17] қайнар  көзі  негізінде  құрастырылған.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру