Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 20:46, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
3

1
Коммерциялық банктердегі несиелеудің ғылыми–теориялық және әдістемелік негіздері.......................................................................

6
1.1
Коммерциялық банктердің жіктелуі......................................................
6
1.2
Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы.................................................................................................

12
1.3
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының қозғалысы................................................................................................

18

2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк қызметін талдау......................................................................................

23
2.1
«кaspi bank» АҚ АФ-ның қаржылық - экономикалық сипатын талдау....................................................................................................

23
2.2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін талдау..............................................................................

33

3

Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру.............................


53
3.1
Коммерциялық банктердегі несиелеу қызметін жүргізудің негізгі бағыттары.....................................................................................................

53
3.2
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары......................................................................................

65

Қорытынды.........................................................................................................
73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР Копеев.docx

— 423.72 Кб (Скачать документ)

 

Мұндай жіктелімді стандартты тәсілді пайдаланушы барлық коммерциялық банктер үшін ортақ болып табылады.  Базель комитеті банк қызметін реттеуші ұйымдарға аталған тәсілге балама стандартты тәсілді қолдануға рұқсат етеді. Балама стандартты тәсіл банк қызметінің кейбір бағыттарын біріктіруде банктердің құқылы екендігін сипаттайды.

 

Жетілдірілген тәсілдер қарастырылған тәсілдердің кемшіліктерін қалпына келтіру мақсатында қолданылады.

Активтер мен пассивтерді басқаруда банктің нарықтық тәуекелдерін басқару аса маңызды орын алады. Банк қызметіндегі орын алатын нарықтық тәуекелдер түрлеріне мыналар жатады:

  • валюталық тәуекелдер, яғни валюталық бағамдардың өзгерістеріне туындайтын зияндар;
  • пайыздық тәуекелдер, яғни пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгерісінен туындайтын зияндар;
  • баға тәуекелі, яғни нарықтағы корпоративтік бағалы қағаздардың бағамдарының қолайсыз өзгерісіне байланысты зияндар.

орналастырған жағдайда туындайды.

Мұндағы банктердің активі мен пассивін теңгерімді басқаруда ең маңыздысы бұл пайыздық тәуекелдерді басқару. Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда мынадай тәсілдер қолданылады: пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау; Spread коэфиициентінің деңгейін және динамикасын бағалау; GAP талдауы; Дюрация; Имитациялық моделдеу.

Spread – бұл банктің активтері  мен пассивтері пайыздық мөлшерлемелер  арасындағы айырма, яғни ол төмендегі  формуламен берілген:                                    

                                           

                             Spread = iа - іп  ,                                                                                                         (3)

 

мұндағы, iа – табыс әкелетін активтер бойынша пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі;

іп  - банктің міндеттемелері бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі.

Сонымен қатар, спред арқылы бас банктен қарыз алған филиалдар мен бөлімшелердің қызметінің пайдалылығын бағалауға болады.

Пайыздық тәуекелді бағалаудың келесі тәсіліне GAP талдауы жатады.

GAP – үлгісінің формуласы  төмендегідей:

 

                             GAP = RSA – RSL                                                          (4)

 

мұндағы: GAP -   Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма.

RSA  - Пайыз мөлшерлемесінің  өзгерісіне сезімтал банк активтері.

RSL  - Пайыз мөлшерлемесінің  өзгерісіне сезімтал банк пассивтері.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтеріне мыналар жатады: қысқа мерзімді бағалы қағаздар; банкаралық несиелер; өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен берілген қарыздар; пайыз мөлшерлересін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай берілген қарыздар.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтерге мыналар жатады: өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен тартылған депозиттер; өзгермелі пайыз мөлшерлемесі белгіленген бағалы қағаздар; банкаралық несиелер; пайыз мөлшерлемесін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай тартылған депозиттер.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтерді өзара салыстырғанда оң  және теріс GAP пайда болады. Демек оң GAP тұсында пайыздық тәуекел егерде нарықта пайыз мөлшерлемесі төмендесе ғана пайда болады. Мұндай жағдайда менеджерлер тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін ұлғайтуға және сонымен бірге қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді көбейтуге тиіс. Бұл шаралар активтер мен пассивтер арасындағы теңгерімсіздікті қалыпқа келтіріп, таза пайданың төмендеуін туындайтын шығынды азайтады. Теріс GAP тұсында пайыздық тәуекел, егер нарықта пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда банк менеджерлері пайданың пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімталдығын өлшеуге тиіс[28].

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

- ақылы негізде депозиттерді  тарату;

- клиенттер мен банк  корреспонденттердің шоттарын жүргізу  және оларға кассалық қызмет  көрсету;

- қайтарымдылық, мерзімдік  және төлемділік шарттарымен  заңды және жеке тұлғаларға  қысқа мерзімді несиелер беру;

- инвестицияланатын қаражаттар  иелерінің немесе иемденушілердің  тапсырмалары бойынша капиталдық  жұмсалымдарды қаржыландыру;

- заңда көрсетілген тәртіппен  өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді, депозиттік  сертификаттарды, акцияларды және  басқа да қаржылық міндеттемелерді);

- төлем құжаттарын сатып  алу, сату және сақтандыру, олармен  басқа да операцияларды жүргізу;

- банктік операциялар  бойынша брокерлік қызметтерді  көрсету, клиенттердің тәуекелі  бойынша оларды агенттері ретінде  әрекет ету;

- клиенттердің тапсырмалары  бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

- банктік қызметпен байланысты  кеңес беру қызметін көрсету;

- лизинтік операцияларды  жүзеге асыру.

Сонымен, Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, коммерциялық банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қараумен айналысады.

Коммерциялық  банктер қарыз  капиталы  нарығының  әртүрлі  секторларында  қызмет  ететін  көп  қызметті  мекемелер  болып  табылады. Олар  кәсіпкерлік  тәжірибесінде  белгілі  бір  көптеген  қаржылық  операцияларды  орындайды. Коммерциялық  банктер  кез  келген  елдің  несие  жүйесінде  әдеттегідей  негізгі,  базалық  буын  рөлін  атқарады. 

Олар  үкіметтің,  іскерлер  мен  миллиондаған  жеке  тұлғалардың  салымдарын  шоғырландыра отырып,  қаржы  жүйесінің  орталығы  болып  қала  береді.  Коммерциялық  банктер  қарыздық  және  инвестициялық   операциялар  арқылы  өздерінің  әртүрлі   қорларына  қарыз  алушылардың  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.

Коммерциялық  банктер  қаржы нарығында  ең маңызды делдалдық қызметті атқарады.  Несиелік жүйенің төменгі буыны  халық шаруашылығына тікелей қызмет  көрсететін және  коммерциялық негізінде  кең көлемді қаржылық  қызмет  жасайтын  дербес  банктік  мекемелер  торабынан  тұрады.  Бұлар  коммерциялық,  кооперативтік  және  жеке  банктер,  банктік  заңдылықтарда  коммерциялық  банктер  деген  жалпы  атпен  біріктіріледі.

«Коммерциялық  банк»  термині  банк  ісінің  ертеретегі  даму  кезеңінде,  банктердің  сауда,  тауар  айырбасы  операциялары   мен  төлемдеріне  қызмет  көрсетуі  барысында  пайда  болды.  Негізгі  клиенттері  саудагерлер  болған (міне  осында «коммерциялық  банк» деген  атауға  ие  болды ). Бірақ өнеркәсіптің  және  басқа  салалардың  дамуымен банктер  экономиканың  өзге  де  сфераларында  қызмет  көрсете  бастағандықтан  да  банктің  «коммерциялық» деген  атауы  бастапқы  мағынасын  біртіндеп  жоғалтты.  Ол  банктің  «іскер» деген  сипатын  білдіреді,  оның  шаруашылық  агенттердің  барлық  жұмыс  түрлеріне  қызмет  көрсетуі олардың  қызметтерінің  саласына  байланыссыз  болады.  Коммерциялық  банктер – нарық  экономикасында  қаржылық  операциялар  мен  қызмет  көрсететін  несиелік  мекемелердің  тобын білдіреді[29].

Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.

Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.

Бүгінгі  коммерциялық  банктер  өз  клиенттеріне  200-ге  жуық  әр  алуан  өнімдер  мен  қызмет  көрсетуге  әзір.  Мұндай  кең  көлемді  операциялар  коммерциялық  банктерге  өз клиенттерін  сақтай  отырып,  қолайсыз  жағдайда  өзінде  пайдалы  жұмыс жасауға  септігін  тигізеді.

Бір  операциялардан  болған  зиян,  екінші  бір  опеациялардан  түсетін  пайда  есебінен  жабылады.  Нарық  экономикасы  дамыған  барлық  елдердің  коммерциялық  банктері  несие  жүйесінің  негізгі  операциялық  буыны  болып  қалуы  кездейсоқтық  емес.  Олар  өзгермелі  ақша – несие  нарығының  жағдайына  көндігетін  қабілетінің  барлығын  көрсете  алады.

Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.

Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы бойынша қызмет көрсету – бұл «банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан[30].

Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:

  • заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
  • банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;
  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен байланысты тапсырмаларын орындау;
  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
  • қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операциялары операцияларын жүргізу;
  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
  • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,   вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді);
  • төлем карточкаларын шығару;
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндетемелерді беру;
  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру  жатады.

Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету,клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету[31].

Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:

  • қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту;
  • қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;
  • басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.



Пассивті операциялар (тартылған қаражаттар)




 

                   

 

 

 

 

 

 

Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру)




  • банктердің өз шотына және пайдасына жүргізілетін операциялар;
  • клиенттердің шоттарына және олардың қажеттіліктері бойынша жүргізілетін операциялар.



 

 

 

 

 

 

 

 

Активті-пассивті  операциялар (комиссиялық делдал)




  • клиенттердің қажеттіліктері бойынша және комиссиялық бастама негізінде (таза банктік қызмет көрсетулер) жүргізілетін операциялар.



 

 

 

 

 

 

 

Сурет 16.  Коммерциялық банк операцияларының негізгі құрылымы[31]

 

Коммерциялық банктің кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен  банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті операциялар  – табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру