Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 20:46, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.
Кіріспе..................................................................................................................
3
1
Коммерциялық банктердегі несиелеудің ғылыми–теориялық және әдістемелік негіздері.......................................................................
6
1.1
Коммерциялық банктердің жіктелуі......................................................
6
1.2
Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы.................................................................................................
12
1.3
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының қозғалысы................................................................................................
18
2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк қызметін талдау......................................................................................
23
2.1
«кaspi bank» АҚ АФ-ның қаржылық - экономикалық сипатын талдау....................................................................................................
23
2.2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін талдау..............................................................................
33
3
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру.............................
53
3.1
Коммерциялық банктердегі несиелеу қызметін жүргізудің негізгі бағыттары.....................................................................................................
53
3.2
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары......................................................................................
65
Қорытынды.........................................................................................................
73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................
Кез келген банк бойынша ең қолжетімді ақпарат – оның қаржылық есептілігі. Сәйкесінше баланс баптары және шығындар мен пайдалар есебі бойынша бәсекеге қабілеттілікті бағалау көрсеткіштерін жасауға болады.
Банктің іскер репутациясы негізінен көрсетілетін қызметтердің сапасынан және банк персоаналының кәсібилілігінен құралады. Сәйкесінше бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған ұсыныстарды жасауда артықшылықты бағыт ретінде персоналдың біліктілігі және операциялар сапасы танылады.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Қорыта айтқанда, кейбір банктер бастапқыда мұндай жаңа бөлімшенің басқару құрылымында болуын бәсекелестік тұрғыдан қаламауы мүмкін. Бірақ та уақыт өте келе ондай құрылымының қызметінің тиімділігіне көздері жететіне күмән келтіруге болмайды. Қазақстандық банктерінің активтерінің бүгінгі жағдайы немесе сапасы активтерді, оның шінде жіктелетін (проблемалық) активтерді жаңаша басқару бөлімшесінің құрылуын қажет етіп отырғаны сөзсіз.
Қорытынды
Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі.
Бұндай жағдайларда банктер жарнаманың әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша қандай да бір шаралар арқылы өзінің репутациясын жақсартуға ұмтылады.
Олар біздің республикамызға өтіп жатқан әр түрлі маңызды шараларға демеуші ретінде қатысады, акционерлер жиналысын жүргізеді, жылдық есеп беруді құрайды, жарнамалық проспекттер мен буклеттерді шығарады, теле және родио жарнамаға айтарлықтай сомада шығын жұмсайды. Бірақ клиенттерді ұлғайту үшін уақыт қажет, өйткені экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығынан, банктердің жұмыс уақытының кішігірім аралығынан, шетел валютамен салыстырғанда ұлттық валютаның құбылуынан және басқа да сипаттамаларынан тұтынушылар өз ақшаларын сеніп тапсыру ықтималдығы төмен болады. Бұдан басқа заңнамалық база, көбінесе, өткізу нарығын шектейді.
Банктік қызметтерді талдау оның табыстылығын банктер басшылығымен берілген шынайы әрі көп негізделген бағалармен банктердің қызмет нәтижесін білеміз, олардың күшті және әлсіз тұстарын таныймыз, туындаған мәселелерді шешу жолдарын анықтап және олардың жұмысында өтімділікті, яғни банктердің өтімділігіне және табыстылығына көмек беру, несиелік саясатқа қатысты, ұйымдастыру бәсекелестікті ұстап тұру, салымшыларға сенімді болуы. Коммерциялық банктердегі қызметтердің негізін қалаушы принциптерге шынайы ресурстармен жұмыс істеу болып табылады. Банктік ресурстарының негізгі көздеріне клиенттердің салымдары жатады, яғни несиегерлерге кепілідік болып табылады. Яғни пассивтердің құрылымы банктерде активтік операциялардың жүргізілуіне мүмкіндікті анықтайды.
Қазіргі заманға сай банктердің есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне, активі мен пассивін басқаруды жетілдіруге байланысты жүргізілген зерттеу мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
Банктің активтері мен пассивтерін басқару ұғымын анықтау барысында әр түрлі ғалымдардың көзқарастарына жасалған зертттеулер, коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін теңгерімді басқару деп банктің стратегиясына сәйкес, өтімділік пен табыстылықты қамтамасыз ететін теңгерімді банк балансының активтері мен пассивтерінің құрылымдарын қалыптастыру және оған ықпал ететін қаржылық тәуекелдерді жүйелі түрде басқару шараларын түсіну туралы автордың тұжырымын қалыптастыруға негіз болды. Сонымен қатар, банк активтері мен пассивтерін басқаруды осылайша түсіну тәсілі мынадай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: берілген тәуекел деңейінде банктің өтімділігі мен табыс алуын қамтамасыз ететін активтердің ықшамды құрылымын жасауға, тартылған қаражат көздері бойынша жұмасалатын шығынды азайтуды қамтамасыз ететін пассивтердің ықшамды құрылымын қалыптастыруға, ең жоғары маржа алуды, яғни активтер табыстылығы мен пассивтер шығысының арасындағы айырманың оң болуын қамтамасыз ететін активтер мен пассивтер құрылымын құруға.
Бәсекелестігіне және нарықтағы ұстанымдарына қарай топтастырылған екінші деңгейдегі банктердің капиталына жасаған талдаулардан, капитал деңгейін өтімділік тұрғысынан жетілдіру мақсатында мынадай ұсыныстар жасалды: біріншіден, банктердің меншікті капиталдарының жеткіліктігі коэффициенттерін кемінде екі есеге көтеру; екіншіден, капитал деңгейін ұлғайту мақсатында шығарылатын акциялардың орналастырылуына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсету; үшіншіден, капиталы өте төмен банктердің өзара бірігуі немесе қайта ұйымдастырылуы шараларын қарастыру.
Бүгінгі күні қазақстандық банктердің депозиттік қоржындарын басқару жүйесі мынадай элементтер есебінен жетілдіруді қажет етеді: депозиттік операциялармен байланысты тәуекелдің түрлерін бағалауды жетілдіру, банктің ақпараттық базасына қойылатын талаптарды күшейту, депозиттік операциялар бойынша жүргізілетін депозиттік саясатты оңтайландыру. Коммерциялық банктер депозиттер бойынша туындайтын тәуекелдерді бағалау барысында сандық және сапалық бағалау әдістерін пайдалануға тиіс. Сандық және сапалық бағалауда құрылымдық талдау, нормативтік коэффициенттерді пайдалану, депозиттердің тұрақтылығын бағалау, факторлық талдау, ақша ағымын талдау әдістерін пайдаланумен қатар, депозиттік операциялар бойынша тәуекелдерді кешенді түрде бағалауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамсыздандырулар жасауы қажет.
«кaspi bank» АҚ АФ-ның пассивтеріне жасалған талдау барысында депозиттік емес ресурстардың үлесі, соның ішінде сырттан тартқан қарыздардың үлесі банктердің бірінші және екінші тобында тобында жоғары көрсеткіштке ие екендігі анықталды. Талдау нәтижесінде «кaspi bank» АҚ АФ-ның активтердің жартысына жуық бөлігін сырттан тартқан ресурстар есебінен қамтамасыз етілгендігі белгілі болды. Біздің ойымызша, олардың сырттан қаражат тартуларына реттеуші ұйымдар тарапынан нормативтік тұрғыдан шектеулер қою қажет.
«кaspi bank» АҚ АФ-ның активтерінің ағымдағы жағдайы мен үрдісіне талдау жасау барысында, активтерінің жіктелімінің ережесіне сәйкес, жіктелген (проблемалық) активтердің, оның ішінде жіктелген несиелердің үлесінің жоғары болуы жағынан алдыңғы орынды алады. Себебі, жіктелген активтердің үлесінің жоғары болуы аталған банктердің ағымдағы пайдасы есебінен белгілі мөлшерде провизиялар құруын талап ететіндігін ескерсек, бүгінгідей өтімділік дағдарысы орын алған тұста мұндай мәселені дербес түрде шешетіндігі бізді күмәндандыратыны белгілі. Бұл жерде активтердің жіктелімі туралы ережедегі күмәнді активтердің түрлеріне қарай, соның ішінде несиелерге қатысты провизия құру мөлшерлемесін азайту тұрғысынан қайта қарау қажет.
«кaspi bank» АҚ АФ-ның өтімділік тәуекелін бағалау негізінде өтімділікті жоспарлау әдістемесі мен стресс-тестілеу үлгісі жасалды. Стресс-тестілеу бұл нарықтық жағдайлардың өзгерісіне байланысты болуы мүмкін банк қоржындарының әлуиетті табыстары немесе зияндарының нұсқаларын талдауды білдіреді.
Дипломдық жұмыстағы осындай ғылыми тұрғыдан негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар, банктердің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай активтер мен пассивтерін теңгерімді басқару қызметін жетілдіруге қажетті теориялық, әдістемелік және тәжірибелік алғы шарттарын жасауға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нормативтік - құқықтық актілер
Оқулықтар және ғылыми еңбектер
10 Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер» / Оқу құралы/, Алматы- 2008ж. – 367 с.
11 Колесников В.И. Банковское дело: Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2007.– 464 с.
12 Колпакова Г.М. Финансы. Денежное обращение. Кредит: Учебное пособие. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2010. – 496 с.
13 «кaspi bank» АҚ АФ-ның жарғысы
14 «кaspi bank» АҚ АФ-ның экономикалық көрсеткіштер есебі
15 «кaspi bank» АҚ АФ-ның статистикалық көрсеткіштер есебі
16 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметі туралы// Банки Казахстана-2010, №3
17 Қазақстан Республикасы Статистика Агентігінің арнайы сайты
18 Лаврушин О.И. Банковское дело: Учебник для вузов, обучающихся по экономическим специальностям. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 672 с.
19 Лаврушин О.И. Деньги. Кредит. Банки.– 2 –е изд., перераб. и доп. – /Учебное пособие/ М.: «Финансы и статистика», 2008. – 460 с.
20 Романовский М.В., Врублевкая О.В. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник.– М.: Юрайт – Издат, 2007. – 543 с.
21 Сенчагов В.К., Архипова А.И. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник.– М.: «Проспект», 2007.– 496 с.
22 Сурен Л. Валютные операции: Основы теории и практики/Учебное пособие/.– 2-е изд. –М.:Дело, 2008. –176 с.
23 Четыркин Е.М. Финансовая математика: /Учебное пособие/ – 3-е изд. – М.: Дело, 2008. – 400 с.
24 Антонов О. В. Экономика организации (предприятия, фирмы): учебник / [О. В. Антонова и др.]. – Москва: Вузовский учебник, 2008. – 534 с.
25 «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның сайтындағы ЕДБ-дің қаржылық есептері және ЕДБ-дің 2004-2012 жж. есептік мәліметтері
26 Тычинский А. В. Экономика, организация и управление на предприятии: учебное пособие / [А. В. Тычинский и др.]. – Ростов–на–Дону: Феникс, 2011. – 475 с.
А қосымшасы
Кесте 1
ЕДБ-дің (екінші деңгейдегі банк) инвестициялық қоржындарының құрылымы
Бағалы қағаздар |
01.01.2010ж |
01.01.2011ж |
01.01.2012ж | |||
млн. теңге |
үлесі, % |
млн. теңге |
үлесі % |
млн. теңге |
үлесі, % | |
ҚР мемлекеттің бағалы қағаздары, оның ішінде: |
217 198 |
33,56 |
477 762 |
38,54 |
296 720 |
38,52 |
ҚР еурооблигациялар |
39 583 |
6,12 |
40 705 |
3,28 |
8 869 |
1,15 |
Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздары |
91 509 |
14,14 |
97 414 |
7,86 |
136 696 |
17,75 |
ҚҰБ-нің ноталары |
83 511 |
12,90 |
338 211 |
27,28 |
148 957 |
19,34 |
Жергілікті атқарушы ұйымдардың бағалы қағаздары |
2 594 |
0,40 |
1 431 |
0,12 |
2 198 |
0,28 |
Халықарлық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары |
139 800 |
20,05 |
74 826 |
6,03 |
3 863 |
0,50 |
Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік бағалы қағаздары |
147 799 |
22,84 |
235 251 |
18,97 |
151 417 |
19,65 |
ҚР эмитентерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде: |
85 374 |
13,19 |
212 692 |
17,15 |
178 984 |
23,24 |
акциялар |
3 712 |
0,57 |
32 363 |
2,61 |
39 349 |
5,11 |
облигациялар |
81 661 |
12,62 |
180 329 |
14,54 |
139 417 |
18,10 |
Шетелдік эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде: |
67 075 |
10,36 |
239 394 |
19,31 |
139 328 |
18,09 |
акциялар |
0 |
0,00 |
0 |
0,00 |
1 043 |
0,14 |
облигациялар |
67 075 |
10,36 |
239 394 |
19,31 |
138 285 |
17,95 |
Барлығы |
647 245 |
100,0 |
1 239 924 |
100,0 |
770 094 |
100,0 |