Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 20:46, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.
Кіріспе..................................................................................................................
3
1
Коммерциялық банктердегі несиелеудің ғылыми–теориялық және әдістемелік негіздері.......................................................................
6
1.1
Коммерциялық банктердің жіктелуі......................................................
6
1.2
Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы.................................................................................................
12
1.3
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының қозғалысы................................................................................................
18
2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк қызметін талдау......................................................................................
23
2.1
«кaspi bank» АҚ АФ-ның қаржылық - экономикалық сипатын талдау....................................................................................................
23
2.2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін талдау..............................................................................
33
3
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру.............................
53
3.1
Коммерциялық банктердегі несиелеу қызметін жүргізудің негізгі бағыттары.....................................................................................................
53
3.2
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары......................................................................................
65
Қорытынды.........................................................................................................
73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................
Сурет 2. Банктің активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың
қазіргі үлгісі[11]
«Коммерциялық ссудалар» теориясының негізінде банктердің өтімділігін басқару туралы көзқарасты А.Смиттің еңбегінде былай деп береді: «Банк вексель үшін төлемді қарыз алушының қарыз берушіге берген векселін есепке алу кезінде төлейді, кейіннен вексельдегі мерзімнің өтуіне қарай қарыз алушы банкке пайдаланған сомасы мен оған есептелетін пайызын қайтаруға тиіс». Бұл көзқарас бүгінгі күнгі банктердің тауарлар қорларын немесе айналым қаражаттарын толықтыруға беретін қысқа мерзімдік несиелерін сипаттайды. Аталған теорияның басты кемшілігі, ол дамушы экономиканың қажеттілігін ескерген жоқ. Бірақ та коммерциялық ссудалар теориясы, өзінің кемшіліктеріне қарамай бүгінгі күні де өз мағынасын жоғалтқан жоқ[12].
Ауысымдылық теорияның мәні банк өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай активтік операциялар банкке коммерциялық вексельдерді немесе қазынашылық вексельдерді, облигацияларды және өзге де бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік жасайды. Қысқаша айтқанда аталған теория банктің активтік операцияларында жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін талап етеді.
Сонымен, жоғарыда аталған теориялардың негізінде активтерді және пассивтерді жеке-жеке басқару әдістері пайда болып, оларды қазіргі отандық және шетелдік банктер тәжірибесінде қолдана бастады. Біздің ойымызша банк активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың міндеті бұл банк балансын жеке-жеке бөліктерге бөліп емес, тұтастай үйлестіре басқару болуға тиіс. Банктің активтері мен пассивтерін кешенді басқару банкке депозит және займдар түрінде тартылған ресурстарын әр түрлі маусымдық ауытқулардан қорғау және банктің түпкілікті мақсатына қол жеткізетін активтер қоржынын қалыптастыру құралы ретінде зор мүмкіндік береді. Банк активтері мен пассивтерін кешенді басқару мәселелері кешенді түрде әлі күнге дейін терең зерттелмегені белгілі.
2 «кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк қызметін талдау
2.1 «кaspi bank» АҚ АФ-ның негізгі қаржылық - экономикалық көрсеткіштерін талдау
«кaspi bank» АҚ АФ – активтері, несиелік қоржыны мен депозиттері бойынша Қазақстанның аса ірі банкі болып табылады, негізгі бағыттар бойынша нарықтық үлесі орташа алғанда 25% - құрайды.
«кaspi bank» АҚ АФ кең ауқымды қаржы қызметтерін көрсетеді, соның ішінде корпоративтік және бөлшек несиелендіру, саудалық қаржыландыру, шетел валютасымен операциялар жасау, төлем карталары, лизинг, ипотекалық несие беру, сақтандыру және басқа қызметтер[13].
«кaspi bank» АҚ АФ – бұл 32 000–нан астам клиент, 600 000 – нан астам депозиттік шот, пластик карталар нарығының 15%-ы және саудалық қаржы нарығының 35% - ға жуығы.
Банктің активтері 5,7 млрд. АҚШ долларынана асады (жалпы ішкі өнімге қатысты – 13,5%. Меншікті капиталы 600 млн. АҚШ долларынан асады. Банктің ТМД банктерінің арасында төмендегідей ұзақ мерзімді несиелік рейтингілері бар:
Халықаралық банк – акционерлердің құрамында 17,09% акциялар пакетін иеленетін бірінші сыныпты халықаралық мекемелер – EBRD, RZB, FMO, IFC бар.
Халықаралық еуробондтар мен бірлестірілген қарыздар нарығының танымал қатысушысы.
Банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі», ҚР –ның банктік және қаржылық телекоммуникация орталығы және Ассоциациясы мүшесі болып келеді.
Қазіргі уақытта «кaspi bank» АҚ АФ-ң банкінде 2300 астам қызметкерлер (есеп айырысу – кассалық бөлімдерді қосқанда) жұмыс жасайды. Компанияның мәліметтері бойынша банктің барлық топ – менеджерлерінің кемінде екі жоғары білімдері бар, жоғары жетекшілер құрамасының 24% - ның ғылыми деңгейлері бар. Орташа деңгейлі барлық менеджерлер, сонымен қатар жоғары білімдері бар. Қызметкерлерінің 34%-ның «кaspi bank» Банкінде бес жылдан астам еңбек тәжірибелері бар.
Банк үлесіне Қазақсткан Республикасының депозиттер нарығының 9% - ы келеді. Жеке (нарықтағы үлесі – 4,8%) және заңды ( нарықтағы үлесі – 11,6%) тұлғалардан тартылған құралдар банкінің ресурстарының потенциалының негізі болып табылады. 1998 жылдың аяғына банктің міндеттемелерінің жалпы сомасы депозиттердің 80%-ын құрайды. Несиелер нарығында банк үлесі 7,7% - ды құрайды.
Енді банк жұмысының негізгі жетістіктері мен көрсеткіштері туралы айталық.
Ең алдымен банк қызметінің ең басты әрекеті қауіпсіз операциялар жүргізу, олар арқылы тұрақты кіріс алу болып белгіленеді. Банк сонымен қатар қымбат металдармен операция жүргізуге рұқсат алды. Банктің төлем қабілеттілігінің тұрақтылығына қол жеткізді, бұл банктің барлық филиалдарында төлем төлеуде ешқандай қиындық болмайтынын білдіреді.
Депозиттерді және олардың пайыздарын төлеуде де қиындық жоқ. Банк тұрғындарға касса қызметін көрсетеді, айлық береді, валюталық операцияларды жүргізеді.
1998 жылдың аяғында екінші
нарықта мемлекеттік құнды
Банктің жоспарында экспорт – импорт сауда саласында жұмыс көлемін ұлғайту, банк операцияларын көбейту, Visa, Master Card карточкалары бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Барлық уақытта «кaspi bank» АҚ АФ барлық есеп өлшемдерінің тұрақты өсімін көрсетіп отырды. Бұл банктің өзіндік қайталанбас жеке даму жолы бар және Ұлттық банктің нормативтерін толық орындады. Бірнеше жылдар бойы банк жеке жақтың салымына кепіл болатын қазақстандық қордың тұрақты мүшесі. «кaspi bank» АҚ АФ кіші шаруашылық субъектілерін, несиелеу бағдарламасын табысты жүргізуде. Банкпен 2600 несие берілді және банк қаражаты 6-9 млн доллар көлемінде орналастырылды.
Меншікті капитал, таза кіріс, депозит көлемі және несиелер соңғы жылдары ондаған есе өсті, яғни «кaspi bank» АҚ АФ жақсы өсім, демек акционерлер және клиенттер тұрғысынан жоғары тиімділікті көрсетті. Депозиттер бойынша «кaspi bank» АҚ АФ алдағы орындардың, бұл тұрғыдан банкке деген сенімділіктің айғағы.
2012 жылы банктің депозит көлемі өсті. Бұл сервистің жақсаруы мен банк беделінің өскендігін көрсетеді.
«кaspi bank» АҚ АФ сыртқы займдарды белсенді тартуда, банктің халықаралық беделінің барын көрсетеді. 2008 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша клиенттерге несие беру көлемі 220,5 млрд тг болды. Банк жалпы сомасы 81 млрд тг көлемінде несие алды, кіші және орта бизнестен 400 клиент жалпы сомасы 14 млрд тг несиеге ие болды. Осы жылдың басынан қажеттілік несиесіне несие көлемі 3,5 есе, ипотекалық несие 4 млрд тг-ден 24 млрд тг-ге өсті. Банктің елдегі ең үлкен клиенттік қоры бар, оның біразы жеке тұлғалар.
«кaspi bank» АҚ АФ-ң ұйымдық құрылымын зерттей келе, оның құрылысы сызықтық – функционалдық және дивизионалды құрылымдар арасында аралық орын алатынын көреміз. Біз білетіндей, сызықты – функционалды құрылымға тиімсіз басқару шешімдерінің тәуекелдерін төмендету, бір функционалды қызмет шегіндегі жай проблемаларды тез шешу және т.с.с. оңтайлы сипаттар тиесілі. Бірақ мұндай құрылым тұрақты әрекет етуші технологиялар мен құрылған нарық қызметінің қызметіне бағытталған. Сонымен қатар бұл көрсетілген сипаттар әлі де отандық қаржылық сфераларда жоқ, сондықтын қазіпгі заманғы банктердің ұйымдық құрылымының дивизионалды құрылымға трансформациясынан құтылу мүмкін емес, сонымен қатар жаңа технологияларды меңгеру және бағалық емес бәсекеге бағытталған банк қызметтерінің компоненттерін басқару.
Кесте 1
Ұйымдық құрылымдардың салыстырмалы мінездемесі
Сызықтық–функционалды құрылымдар |
Дивизионалды құрылымдар |
Тұрақтылық (тұрақты ортада өте тиімді ) |
Икемділік (динамикалық ортада өте тиімді) |
Басқару шығындарын үнемдеу |
Шешім қабылдау жылдамдығы |
Мамандандырылу және компетенттілік |
Тәртіп аралық ыңғай |
Бір функционалды қызмет компетен- циясындағы жай проблемаларды тез шешу |
Күрделі қызмет аралық жылдам шешу |
Әрекет етуші технологияларға және қалыптасқан нарыққа бағыт |
Жаңа нарықтар мен технологияларға бағыт |
Бағалық бәсекелестікке бағыт |
Бағалық емес бәсекелестікке бағыт |
Е с к е р т у - [13] қайнар көзі негізінде құрастырылған |
Сонымен, қарастырылушы «кaspi bank» АҚ АФ-ң ұйымдық құрылымына бәсекелестікпен қарыз нарығы және салымдар нарығындағы үлеске күресті күшейтуге сәйкес келеді.
Әрі қарай «кaspi bank» АҚ АФ-ң еңбек ресурстарын пайдаланудың өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді қарастырайық.
Банк басқармасы персоналдардың еңбек мотивациясына жоғары көңіл бөледі, яғни еңбекақының жоғары деңгейі персоналдың еңбек тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан банктер бойынша еңбекақы ел ішінде орташадан жоғары. Еңбекақының өсу темпі мен көлемін келесі диаграммадан көруге болады.
Сурет 3. Пайданың өсу темпі мен еңбекақы қорын салыстыру[14]
3 суретте көріп отырғандай 2013 жылы кәсіпорын пайда көлемі 1002586 мың.тг., құраса еңбек ақы қоры 785424 мың тг. көлемінді болды, ал 2012 жылы
Пайда көлемі 925 467 мың тг., сәйкесінше еңбек ақы қоры 560 225 мың тг. құрап отыр.
Көрсетілген диаграммалардан еңбекақы қорының өсу темпі пайданың өсу темпіне сәйкес келетінін көруге болады, яғни бұл басқарманың қызметкерлер еңбегін материалды ынталандыруының жоғары базасын көрсетеді. Орташа жалақының өсу темпін инфляция темпімен салыстыру жалақы өсімі нақты жалақыдан инфляциялық жоғалтулардан асатынын, яғни сол арқылы ел бойынша орташа жалақы деңгейінен айтарлықтай төмен болып отыр. Айта кету керек, жалпы персоналдар жалақысы қазақстандық банктік сфераның орташа салалық көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Сурет 4. Орташа жалақының өсу темпі[14]
Жоғарыда айтылғандай «кaspi bank» АҚ АФ-ң клиенттік базасының 2012-2013 кезеңіне айтарлықтай өсуі төменде келтірілген диаграммада сонымен қатар персоналдар санына клиенттік база көлемінің қатынасы ретінде өлшенген еңбек өнімділігінің өсімі байқалады. Бұл көрсеткіштің жоғарылауының негізгі факторы болып операциялық еңбектің шығындарын қысқартуға ғана емес, сонымен қатар операциялардың бухгалтерлік рәсімделуінің дұрыстығын бақылау бойынша жұмысты қарапайымдандыруға мүмкіндік беретін банктік операциялар тиімділігі болып табылады.
Сурет 5. Ссудалық портфель өсімі[14]
Келтірілетін диаграммадан ссудалық портфель өсімі және банктегі бір қызметкердің есеп айырысудағы тартылған ресурстар сомасы сияқты көрсеткіштер келтірілген. Мұнда сонымен қатар байқалатын көрсеткіштердің айтарлықтай өсімі болады. Егер 2012 жылы ол 8856,39 мың тг./адам, қалыптастырса, ал 2013жылы 16613,08 мың тг./адам құрап екі есе өскенің көрсетеді.
Сурет 6. Пайданың банктегі жұмысшылардың орташа санына қатынасы[14]
Диаграммадан көріп отырғандай 2012 жылы пайданың банктегі жұмысшылардың орташа санына қатынасы 5434,2736 мың тг./адам құраса, ал 2013 жылы 12871,31333 мың тг./адам қалыптастырып отыр.
Банктік тәжірибеде пайда мен персоналды басқару келісімін бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш – бұл бақылаушы кезеңдегі пайданың банктегі жұмысшылардың орташа санына қатынасы. Басқару тиімділігі есептелеген көрсеткіштің 246,86/123,11=2 есе өсімімен расталады.
|
Сурет 7. Бір қызметкерге келетін пайда[15]
Бір қызметкерге келетін пайда 2012 жылы 123,11 мың тг./адам болса, ал 2013 жылы 264,86 мың тг./ адам құрап отыр. Бұл пайданың екі еселенгенің көрсетеді. Сонымен, «кaspi bank» АҚ АФ бұл көрсеткіштеріндегі ауытқуларды зерттей отырып, банктің қоғамдағы қызметінің жылдан – жылға жақсарып келе жатырғандығын көреміз. Яғни бұл банктегі негізгі басқарушылық қызметтерінің дұрыс жүргізіліп отырғандаған растайды.
Кесте 2
«kaspi bank» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайдалар мен шығындар туралы шоғырландырылған есебі
Көрсеткіштер |
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл |
2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл |
Пайыздық кіріс |
37 804 742 |
36 003 099 |
Пайыздық шығыстар |
-18 734 148 |
-14 635 297 |
Пайыздар есептелетін активтерді құнсыздандыру арқылы резервтерді құрғанға дейінгі таза пайыздық кіріс |
19 070 594 |
21 367 802 |
Пайыздар есептелетін активтерді құнсыздандыру арқылы резервті құру |
-8 780 788 |
-4 409 110 |
Таза пайыздық кіріс |
10 289 806 |
16 958 692 |
Пайда және шығындар арқылы дұрыс құны бойынша көрініс табатын, қаржы активтері және міндеттемелерімен операциялар бойынша таза шығындар |
-728 937 |
-749 670 |
Шетел валютасымен операциялар бойынша таза пайда (шығын) |
-1 551 144 |
1 732 065 |
Қызмет және комиссия бойынша кірістер |
2 933 251 |
3 669 717 |
Қызмет және комиссия бойынша шығыстар |
-720 997 |
-710 517 |
Сатуға арналған қолда бар инвестициялардың шығып қалуынан түскен таза пайда |
643 956 |
392 479 |