Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2014 в 20:46, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................
3

1
Коммерциялық банктердегі несиелеудің ғылыми–теориялық және әдістемелік негіздері.......................................................................

6
1.1
Коммерциялық банктердің жіктелуі......................................................
6
1.2
Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы.................................................................................................

12
1.3
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының қозғалысы................................................................................................

18

2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк қызметін талдау......................................................................................

23
2.1
«кaspi bank» АҚ АФ-ның қаржылық - экономикалық сипатын талдау....................................................................................................

23
2.2
«кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін талдау..............................................................................

33

3

Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру.............................


53
3.1
Коммерциялық банктердегі несиелеу қызметін жүргізудің негізгі бағыттары.....................................................................................................

53
3.2
Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру жолдары......................................................................................

65

Қорытынды.........................................................................................................
73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДР Копеев.docx

— 423.72 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе..................................................................................................................

3

     

1

Коммерциялық  банктердегі  несиелеудің  ғылыми–теориялық және әдістемелік  негіздері....................................................................... 

 

6

1.1

Коммерциялық банктердің жіктелуі......................................................

6

1.2

Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы.................................................................................................

 

12

1.3

Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының қозғалысы................................................................................................

 

18

     

«кaspi bank» АҚ АФ-ның мысалында коммерциялық банк  қызметін талдау......................................................................................

 

23

2.1 

«кaspi bank» АҚ АФ-ның қаржылық - экономикалық сипатын талдау....................................................................................................

 

23

2.2

«кaspi bank» АҚ АФ-ның дамуы мен несиелеу бойынша жүргізілетін қызметтерін талдау..............................................................................

 

33

 

3

 

Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды  жетілдіру.............................

 

 

53

3.1     

Коммерциялық банктердегі несиелеу  қызметін  жүргізудің  негізгі бағыттары.....................................................................................................

 

53

3.2   

Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастыруды  жетілдіру  жолдары......................................................................................

 

65

     

Қорытынды.........................................................................................................

73

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі..................................................................

76

Қосымшалар........................................................................................................

78

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы  операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді[1].

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Банктің бәсекеге қабілеттілігін анықтау мәселесін қозғағанда банк қызметінің бәсекеге қабілеттілігі ұғымын қарастырған дұрыс, өйткені бұл дамыған бәсекелі нарықта банктің коммерциялық табысының шешуші фактор болып табылады.

Банк қызметінің бәсекеге қабілеттілігі - банк қызметінің нарық жағдайына және клиенттің талаптарына сәйкестігін білдіретін көп қырлы ұғым. Басқаша айтсақ, бәсекеге қабілеттілік дегеніміз банк қызметінің нарықтағы табысын анықтайтын тұтынушылық және құндық сипаттамаларының кешені, яғни дәл осы банк қызметінің басқаларына ұқсас банк қызметтерінің бәсекелес ұсыныстары жағдайындағы артықшылығы.

Бәсекеге қабілеттілігі үшін банк қызметінің сапасы және банктің белгілілігі үлкен роль атқарады, өйткені банк белгісіз, жақсы репутациясыз болса банк қызметі бәсекеге қабілетті болмайды. Егер банк тұрақсыз болып табылса, оның қызметтерінің сапасы төмендейді, яғни банк қызметі клиенттің сенімділікке қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Осылайша, бәсеке және бәсекеге қабілеттілік банктің тек қана қызмет сапасын жоғарылату факторы ғана емес, сонымен бірге банк қызметін жетілдірудің үзіліссіз үрдісі болып табылады.Банк қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін анықтау әдістемелерінің ішінде ерекше назар аударылатыны Ресейлік ғалым И.Андреевтің әдістемесі есептеледі, онда біртекті банк қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың келесі тәсілі ұсынылады. Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде коммерциялық банктердегі есепті ұйымдастыру ерекшеліктерінің тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.

Бар артықшылықтардың негізінде банк өзінің дамуының бәсекелік стратегиясын жасайды, оған маркетинг стратегиясы, тәуекелдерді басқару, персоналды басқару, жаңа өнімдерді жасау мен игеруді басқару, өндірістік – ұйымдастырушылық технологияларды басқару енеді. Осылайша инновациялық даму стратегиясының тұжырымдамасында банктің несиелік қаржылық саясаты анықталады.

Әлемдік бәсекенің күшеюі банктердің бәсекеге қабілеттілігін тұрақты түрде жоғарылатуын талап етеді, соныдықтан қадағалаушы орган тарапынан оларға талаптар қатаңдана түсуде. Ғаламдық ашық нарық жағдайында біздің банктер шетелдік банктермен сәйкес бәсекеге түсе алуы үшін бұл талаптар халықаралық талаптарға өте жақындатылған. Тұрақты бәсекелік артықшылық әртүрлі әдістермен жүзеге асады: білікті кадрларды пайдалану, банк өндірісінің ерекшеліктерін білу, жоғары банктік технологиялардың болуы және т.б.

Коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі  мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің есепті ұйымдастырудың  теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру мен банктің активі және пассивін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды. 

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банктің есепті ұйымдастыруды   басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • коммерциялық банктің жіктелуі, құрылымы мен басқару теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банктің  қызметінің  мазмұнын анықтау және жасау;
  • банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
  • депозиттік қоржынды басқарудың банктің тұрақты пассивін қалыптастырудағы маңызын көрсету;
  • депозиттік емес ресурстарын қалыптасу көздерін талдау мен бағалаудың, банктің өтімділігі мен тұрақтылығына тигізер әсерін айқындау;
  • «кaspi bank» АҚ АФ-ның құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
  • банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «кaspi bank» АҚ АФ-ы болып  табылады.

Дипломдық жұмыстың зертеу пәні болып қазіргі кездегі коммерциялық банктердегі несиелеу үрдісін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады.

Зерттеудің теориялық  және  әдіснамалық  негізі  болып   шетелдік және отандық   жетекші  ғалым-экономистерінің  еңбектері  табылады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1   Коммерциялық  банктердегі  несиелеудің  ғылыми–теориялық және әдістемелік  негіздері

      

1.1     Коммерциялық   банктердің   жіктелуі

 

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,  сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен).
  1. Операцияларының түрлеріне қарай:

-    әмбебап, яғни  экономиканың барлық салаларына бірдей   және   кең                                 

көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

-  маманданған, яғни бір  ғана салаға қызмет көрсететін  банктер;

3.   Аумақтық белгісіне  қарай:

- халықаралық;

- мемлекетаралық;

- ұлттық;

- аймақтық;

4.    Салалық  белгісіне   қарай:

- өнеркәсіптік  банктер;

- сауда банктері;

- ауыл шаруашылық банктері;

- құрылыс банктері;

5.   Филиалдар  санына   қарай:

- филиалсыз;

- көп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акцияның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акцияның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді[2].

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200–ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі несиелеу үрдістері мен банк қызметінің тиімділігін жоғарылатуды жетілдіру