Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция
Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.
1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар
5. Мүлікті сатудың ең тиімді нысанын таңдау.
Таңдау
банкрот-кәсіпорынның мүлкін сатудан
барынша жо ғары қаражат сомасын
алу үшін жасалады. Ыңтимал сатып
алушыға мүліктің сатылу тәртібі
жөнінде бүқаралық ақпарат
6. Кредитордың талабын банкрот-кәсіпорынның
мүл-
кін сату есебінен канагаттандыруды ңамтамасыз
ету.
Банкрот-кәсіпорынның мүлкін сатудан
алынатын қаражат
талапты қанағаттандыруға жүмсалады жэне
осы қаражаттың
сомасы белгіленген кезекте бөлінеді.
«Банкроттық тура-
лы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 (өзгерістермен
және
толықтырулармен) ҚР Заңына сэйкес экімшілік
жэне сот
шығыны борышқордың мүлкінің есебінен кезектен
тыс жа-
былады. Сауықтыру немесе конкурстық басқарушы
экімшілік
шығынның кредиторлық комитет бекіткен.смета
шектеріндегі
сомасын пайда болу шамасына орай төлеуі
мүмкін.
Бірлесу бағдарламасының қаржы бөлігі іс-шараларының іске асырылуын бақылау. Бақылауды бірлесу жөніндегі комиссия жэне бірлесетін кәсіпорындардың жоғары менеджерлері жүзеге асырады. Бақылау нэтижесі бойынша кэсіпорын бірлестігі бағдарламасында қарастырылған жекелеген іс-шаралар нақтыланады.
Жаңадан құрылған кәсіпорынның қаржы құрылымы түрақты болып, сонымен бірге қаржы қызметінің дамуы жоғары элеуетке ие болған жағдайда кэсіпорындарды бірлесу нысанында қайта ұйымдастырудың қаржы мақсатына қол жеткізілді деп саналады.
Банкроттық нарық
Баланстың
қанағаттанғысыз құрылым борышкердің
мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік
деңгейінің жетісдіруіне байланысты кредитордың
алдында мүлік есебінен міндеттемелердің
дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған
кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда
мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің
жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі
мүмкін.
Банкроттық
кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының
шаруашылық механизімінің балансының
бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық
саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Қазақстан
Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің
нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер
тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
18.3 Банкроттықтан құтылу жолдары. Банкроттау процедурасы
Банкроттық—
қарызын қайтаруға ақша қаражатының
жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген
қарыз алу мен борыш
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің
тапшылығын қаржыландыру мақсатында,
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға
(келісімдерге) қол қою
Банкроттық – кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі
салдарынан өз жұмысын
Қазіргі уақыттағы заң, алдымен борышкер
кәсіпорынды мүмкіндігінше сақтап
Қаржылық ағымдарды талдау әдісінің артықшылығы есептеудің қарапайымдылығы, алынған нәтижелердің көрнектілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қежетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дөлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы төлемдердің көлемін, сонымен қатар кәсіпорындағы аналитикалық есептің қажетті мәліметтерін жоспарлау өте қиын.
Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады. Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:
а) қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату;
ә) басы артық тауарлы-материалдық қорлардан құтылу;
б) жарғылық капиталды өсіру;
в) айналым қаражаттарын толтыру үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды алу;
г) шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;
ғ) активтерді басқаруды жақсарту;
д) қайтарылмайтын немесе қайтарылатын негізде әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық жәнесалааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.
Банкроттықты
болдырмауға бағытталған
Үшінші бағыт — капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір белігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқандай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау болып табылады. Пайда нормасы жоғары бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдам-дығы банкроттықган сақтайды.
Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын Қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлек (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.
Мемлекеттік
кредиттің ерекшелігі қарызға берілген
қаражаттардың
Шартты мемлекеттік кредит отандыцқ қарызгерлер: кәсіорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік
емес қарыз алуды Қазақстан
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Мемлекеттік
емес қарыздарды Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кепілдіктерімен
Қарыздар
бойынша Қазақстан
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.
Банкроттық
– нарық шаруашылығының категориясы
болып табылады. Банкротқа ұшырау
— кәсіпорынның ұдайы өндіріс
капиталының шаруашылық балансының
бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық
саясатының тиімсіз болуынан туындайды.Кәсіпорындардың
жаппай банкротқа ұшырауы ұйымды
әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін,
сондықтан нарықтық экономикасы
дамыған елдерде, оларды толық күйреуден
қорғау мен алдын алудың механизмі
қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі
элементтері: банкроттықты құқықтық реттеу;
қайта құру және жою шараларын
қаржыландыру; банкроттық процедураға
қатысушыларға экономикалық көмек
көрсету.
Банкротқа ұшырау – Көне Рим елінің құқықтық
жүйесінде қалыптасқан экономикалық және
заңдық категорияның ескі түрі болып табылады.
Банкроттық институты қарызданушы мен
кредитор арасындағы байланыс негізінде
қалыптасқан. Бұл институт қоғамдағы экономикалық
жүйені реттеу барысында бағаланады.
Банкроттық – нарықтық экономика жүйесінің
объектісі болып қалыптасты.
Әлеуметтік-экономикалық түр ретінде,
банкроттық жоғары көрсеткіштегі қарама-қайшылықта
сипатталады. Сол себептен де, кез келген
дамыған елді алып қарасаңыз, нарықтық
байланыстағы құқықтық элемент механизмінің
реттелуі банкроттың заң арқылы орындалуына
әкеледі. Әлемдік тәжірибеде банкротқа
ұшырау – зардап туғызатын жағдайға әкелетіні
анықталған. Тиімсіз кәсіпорындарды тарату
да оңтайлы шешімдердің бірі десе болады.
Экономикалық байланыс орнатқан кезде
түрлі жағдайдар туындап жатады. Яғни
белгілі себептерге қатысты шаруашылық
қызметі өзіне жүктелген қаржыны өтей
алмауы. Орын алған осы жағдайды ретке
келтіретін арнайы институттар бар. Кеңейтілген
дәстүр бойынша, тұрақсыздық салдарынан
кәсіпорынның қаржылық төмен деңгейі
түсіндіріледі. Белгілі бір шаруашылыққа
төленбеген қаржы ішкі жүйеге ғана анық
мәселе боп қала береді. Біздің тәжірибеде
банкроттыққа ұшырау тұрақсыздығы механизмін
реттеу тек басты белгілері бойынша зерттеледі.
Банкротқа ұшырауды кәсіпорынның дағдарысқа
түсуі деп қарастыруға болады. Анықталғандай,
банкроттықтың маңызы өзіндік дағдарыс
жүйесін қалыптастырған үш сатыдан тұрады:
1. Банкротқа ұшыраудың жасырын түрі. Бұл
сатыда ішкі кәсіпорындағы пайдасыз беталыс
салдарынан құлдыраған «баға» жатады.
Кәсіпорындағы бағаның төмендеуі орташа
жауапкершілік құнының ұлғаюы мен кіріс
көзінің азаюына апарады. Кірістің төмендеуі
ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен
пайда болады.
2. Қаржылық тұрақсыздық. Екінші сатыда
банкротқа ұшыраудың белгілері — қолма-қол
ақша төңірегінде қиындықтар туындайды.
Яғни, шоттағы қаражаттың күрт төмендеуі;
дебиторлық берешектің көбеюі; дебитор
шотының ескіруі; несиелік және дебиторлық
берешек теңгерімінің бұзылуы; несиелік
берешектің ұлғаюы және т.б.
3. Анық банкротқа ұшырау. Кәсіпорын уақытында
қарызын өтей алмаған жағдайда банкроттық
заңды түрде айқындалады. Саланың күрт
жоғарылауы бәсекелестікті тудырып, жоғарылау
жылдамдығы бәсеңдейді. Осыған байланысты,
банкротқа ұшыраудың себебі ретінде кәсіпорынның
жоғарылауына немқұрай қараған басшының
қателігі деп білуге болады. Банкротқа
ұшыраған жағдайда артық сала ретінде,
кәсіпорын жартылай құлдырау үстінде
болғанда қысқарту орын алады. Осыған
орай банкроттыққа ұшыраудың ішкі мазмұны
күрделі экономикалық құбылыс ретінде,
сыртқы формасы – төлеу мүмкіндігі жоқтығынан
бизнесте тиімсіз болып саналады.
Төлеу мүмкіндігі жоқ кәсіпорынды сәйкесінше
үш түрге бөлуге болады: уақытша, аралық,
абсолюттік төлеу мүмкіншілігінің болмауы.
Банкроттыққа тап болу тәртібі шет елдерде
тек абсолюттік төлеу мүмкіншілігі жоқ
болғанда қолданылады.
Тұрақсыздану заңнамасының күші негізінде
қарызданып қалу жайында түсінбеушілік
себептері жетіп артылады. Қазақстан Республикасындағы
кәсіпорындардың қарыздануы мен банкротқа
ұшырауы он жылда қалыптасты және оның
басты себебі негізгі әлеуметтік-экономикалық
жоспармен байланысы болып есептеледі.
«Кәсіпорын дағдарысының» жалпы мәні
— кәсіпорынның пайда болуына қауіп төндіретін
жүйені аңғартады. Кәсіпорында «дағдарысқа»
қарсы ұйымдастыру жолы дұрыс басқарылса,
бұл жағдайдан құтылып кетуге болады.
Дағдарыстың жалпы шарты бойынша, өндіріс
кірісі көлемінің өсуін қамтамасыз еткендігі
Қазақстандағы банкротқа ұшыраған тәжірибеде
мақұлданды. Дағдарыс мәселесін статикалық
жағдай ретінде қарастыруға болмайды.
Оның басқарушылық және ұстап тұратын
белгілі бір шекарасы да болуы мүмкін;
сондай-ақ сыртқы фактор мен ішкі фирманың
ықпалында болады. Кәсіпорыннан тәуелсіз
дағдарыс жүйесі, оның құрылымы, инновациялық
потенциалы және ұзақмерзімділікке, қарқындылыққа,
түрлі сатыдағы қиындықтарға ие болуы
арқылы байқалады. Дағдарыс жағдайының
бұл түрінен шығудың екі нұсқасы бар: кәсіпорынның
таратылуы – экстремалды күйде, не дағдарыстан
тиімді құтылу. Дағдарыстың басталуы мен
аяқталу аралығы түрлі ұзақтықта орын
алып жатады.
Дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз –
дағдарыстың қаупін анықтау, белгілеріне
сараптама жасау. Дағдарысқа қарсы басқарудың
негізгі мақсаты – жұмыс режимінде дағдарысты
болдырмау және осы режимде қызметті ұйымдастыру
шегін өңдеу болып табылады.
Дағдарысқа қарсы менеджмент – кәсіпорын
басқарудағы реттелген жүйесі, яғни анықталған
қауіп дәрежесінде оның тиімді қызмет
жасауына жағдай жасайды. Іс-әрекет моделінің
мақсаты үйлестіру негізінде жетістікке
жету мен компания ресурсын үлестіруді
таныстырады. Ол экономиканың негізгі
мақсаты мен өз кезегіндегі нарықтық жетіспеушілікті
анықтайды. Сондай-ақ кәсіпорынды сыртқы
ортаға бейімдеп, ішкі үйлестіруді қалыптастырады.
Экономикалық өсім стратегиялық жіктелімде
қолданылады. Стратегияны жасақтау мына
кретерийлер бойынша іске асырылады:
1) Шоғырланған өсім стратегиясы – жаңа
өнім шығаруды бағамдайды, сонымен қоса
нарықта пайда болған немесе жаңа нарыққа
көшкен кәсіпорын жағдайын жақсартуға
мүмкіндік іздеу;
2) Біріккен өсім стратегиясы – жеке меншік
шотындағы экономикалық өсім мен жаңа
өндіріс құрылымының пайда болуын қамтамасыз
етеді.
Аталған екі стратегияның іске асуы барысында
ішкі саладағы кәсіпорын жағдайы жақсарады;
3) Әртараптандыру өсім мақсаты осы сала
шеңберінде нарықтағы тауарды кәсіпорын
одан әрі дамыта алмағанда құрылады.
4) Өндірісті қысқарту және тарату мақсаты
– кәсіпорынды қайта құру және күштерін
қайта жасақтау керек болғанда іске асырылады.
Кәсіпорын қызметіне сараптама жасағанда,
туындаған дағдарыс жағдайының бағасын
төрт түрдегі мақсат ретінде қарастыруға
болады. Дағдарыс белгілі бір мекеменің
өркендеуіне де мүмкіндік беруі де ғажап
емес.
Банкротқа ұшырау – нарықтық қатынастың
ажырамас бөлігі болып табылады. Банкротқа
ұшырау нәтижесінде мүлік бір қолдан екінші
қолға өтеді. Мүлік ауысуы оның жаңа иесінің
тиімді қолданып, қажетінше кіріс әкелуіне
мүмкіндік береді. Табысты кәсіпкер, сондай-ақ
іргесі мықты ұйым, иелігіндегі мүліктің
оңтайлы тұсын тауып, дағдарыстан шығудың
жаңа жолдарын таба біледі. Заңды тұлға
банкротқа ұшыраған жағдайда босатылған
қаражаты ешқайда жоғалмайды. Олар тек
түр жағынан өзгеріске ұшырап, жаңа сапаға
ие болады. Осы жағынан алып қарағанда,
банкроттыққа ұшырау – нарықтағы экономиканың
атрибуты болып саналады. Көптеген кәсіпорындардың
банкротқа ұшырауы, қолда бар құралдарды
тиімді пайдаланып, өндірісті жаңарту,
нарықтағы өткізілімнің жаңа бағыттарын
іздеу мен өнім сапасын жоғарлатуға мол
мүмкіндіктер береді. Нарықта осы бағытта
жұмыс істеу арқылы кәсіпорынның өнімі
сұранысқа ие болып, банкротқа ұшыраудан
аулақ болады. Бизнестен қол үзу
қаупі туындаған сәтте, нарықтық экономикадағы
әр қатысушы тиімді және ерікті түрде
қызметін жалғастыруға міндетті. Банкроттыққа
ұшырау — жұмысы төмен кәсіпорындардың
жабылып, жаңа жүйеде іске асырылатын
өндіріс көздерінің қызмет етуіне мүмкіндік
туғызады.
Бақылау сұрақтары:
1. Банкроттықтан құтылу жолдары ата
2. Банкроттау процедурасы түсінігі
3. Шоғырланған өсім стратегиясы дегеніміз не?
4. Дағдарысқа қарсы менеджмент дегеніміз не?
5. Банкрот жайлы түсінік