Экономикалық және қаржылық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция

Краткое описание

Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.

Содержание

1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ф31 Касипорын каржысы лекция.docx

— 438.64 Кб (Скачать документ)

экономикалық құқықтық     негіздері

 

Акционерлік қоғамның құрылуын, мәнін және ондағы қаржы мәселелерін қарастыру. Яғни, акционер – акцияның меншік иесі болып  табылатын адам. 
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді. 
              Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше "Ашық Акционерлік Қоғам" және "Жабық Акционерлік Қоғам" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді. 
                Акционерлік Қоғамдардың көптеген құрылу жолдары бар. Олар - жұмыс істеп тұрган заңды тұлғаны АҚ түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі-бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі.  
             Акционерлік қоғам қаржысын ұйымдастыру, ашық акционерлік қоғам туралы мәліметтерді қарастыру, акционерлік қоғамдардың қаржылық мәселелерін, қаржылық жұмыстарының айрықшылығын қарастыру. Акционерлік нысан ғана ірі және ең ірі өндірісті құрудың негізі болып табылды және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші роль атқарады. Мысалы, АҚШ-де 80-шы жылдардың ортасында 32 млн. корпорация болды және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді. 
             Акционерлік қоғамдар меншіктің басқа формаларымен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктерге ие. Кәсіпорындарды ашық акционерлік қоғам формасында қайта түрлендіру арқасында, жедел түрде ірі қаржы ресурстарын жұмылдыру мүмкіндігі туындайды. Акцияларды сатудан түскен түсімдер эмитент-компанияның шотына түсіп және бизнесті жаңғырту, диверсификациялауға және т.б. қызмет етеді. 
"Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын анықтау үшін кәсіпорынның, мүлкінен келесідей баланс пассивінің баптары шығарылып тасталады: 
- басқада кәсіпорындардан алынған мақсатты қаржыландыру қаражаттары; 
- несие және заемдық қаражаттар - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер; 
- есеп айырысулар және баланс пассивінін басқадай, яғни заемдық және уақытша тартылған қаражаттар бөлігі. 
             Акционерлік қоғамды ұйымдастыру үшін оның құрылтайшылары банкке белгілі ақша сомасын салады. Қоғамның капиталы құрылтайшылардың акция шығару жолымен құрылады және оны барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы келетіндерге сатады.  
             Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 85-ші бабына сай акционерлік қоғамды бір ғана тұлға құруы мүмкін немесе бір акционердің барлық акциясы иеленген жағдайында тек бір тұлғадан тұрады.

Бағалы қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция 
Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі қолданылады:  
а) атаулы акциялар;  
ә) ұсынушыға арналған акциялар;  
6) жой акциялар;  
в) артықшылығы бар акциялар. 

               Біздің елімізде жай акция шығарылған жеңілдікпен пайдаланатын табысы Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді: біріншіден, Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің барлық сомасына немесе Әрбір атаулы акцияның қозғалысы акцияның тіркеу кітабында белгіленеді. Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың Акционерлік қоғамның басты қызметі - уақытша босаған ақша Акционерлік қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда болып, 
Қазақстанда акционерлік қоғам ХІХ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы 
Қазақстан 1899-шы жылы бай Копес Деров құрған Воскресенск 
Большевиктердің 1917-шы жылы өкімет басына келуіне орай және 
Қазақстан Республикасында реформалық процессті жүргізудің және әлеуметтік-экономикалық қатынастар 
                Акционерлік ұйымның мұндай бірлестігі ірі өндірістік кешеннің жұмысын 
Қазақстан Республикасында 1996-шы жылға дейін 48 холдингтік компаниялар 
                Ашық акционерлік қоғамның құрылуы, мәні, негіздерімен  
процедураларын қарастыру  
Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп өзінің 
                   Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. 
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен 
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын 
Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас 
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің 
Қазіргі уақытта ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңында 
Ашық акционерлік қоғам (ААҚ) төмендегі 

1. Халықтық қоғам  
2. Оның активтерінің  
3. Қоғам акцияларының бағалы 

 
                  Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды 
Қоғамдарды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде орасан көп табысты 
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып 
Құрылтай жиналысында құралтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды, 
Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен 
Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның 
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын 
Осымен қатар жарғыда қоғам акционерлерінің құқықтары, яғни қоғамды 
АҚ - заңды тұлға. Оның органдары: акционерлердің жалпы 
Акционерлердің жалпы жиналысының айырықша құзыретіне жататын кейбір мәселелерді. 

 

14.2 Акционерлік қоғамдардың қалыптасу тарихы және құрулы жолдары

 

         Нарық тек қана өмір менталитетін өзгертіп қана қойған жоқ,басқарудың жаңа функцияларын нарыққа енгізді (фирманы басқарудың ұйымдастырушылық құрылымындағы өзгерістер).  
            Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық әлеуметті және саяси жаңарудың жылдамдату жолында» деген халыққа Жолдауында «біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдер арасында лайықты орын алу» деп белгіленген. Осыған байланысты алға қойған мақсатқа жетуде экономикалық субъектілердің қызметін тиімді басқару үлкен рөл атқарады, соның ішінде экономикалық тіршілік ортасы- акционерліқ қоғамдар болып табылады. 
              Еліміздегі рыноктық қарым-қатынастың дамуы экономикалық саясатын бара-бар жүзеге асуын талап етеді,бұл акционерлік қоғамдарыдың қызметін тиімді дамуына жолданған. 
             Қазіргі таңда халық шаруашылығында бұрын болмаған құрылым элементтерінің өтімділігі пайда болды. Бұрын да жабдықтау және өткізу бойынша проблемалар болған. Орталықтан жоспарлау жағдайында бұлар басқалай шешілген,қазіргі таңда шаруашылық қызметтер өз бетінде шешімді. Бүгінгі күндегі ең күшті техникалық жетістікткр (барлық жағдайдағы мүмкіндіктер) қарастырылмаса жабылуы мүмкін,өйткені ооның өніміне тұтынушылардың сенімі нық болмаса, тиімділік бермей қалуы мүмкін. 
               Мемлекеттің қазіргі экономикалық даму кезеңі акционерлік қоғамдарды ғылыми басқарудың талаптары жоғарлауда. Біздің дамушы ғасырымызда кез-келген акционерлік қоғамдардың дамыу шарты ойдағыдай қалыптастыруы аса маңыздылықпен алға басуда.  
             Акционерлік қоғамның басқару құрылымы және оның бөлемшелері арнайы маманданған орган болуы керек,маркетингпен айланысатын,өнімді қандай сапамен, санмен,қандай қызмет түрлерін көрсетумен,өндіріп жатқан немесе өндіруге тиісті өніміне немесе қызметі тұтынушылар таба алама деген сұрақтарға көп көңіл бөлінеді.  
              Акционерлік қоғамның басты мақсаты - өз ресурсын барынша тиімді қолданып,пайда табу болып табылады. Сондықтан ұйым ресурстарды басқарудың басты стратегияларын таңдау, ұйым қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы, ұйым ресурстарын басқару әдістерінің, сонымен қатар ұйымдағы кірістер мен шығыстарды оптимизациялау маңызды болып саналады. Бизнес стратегиясындағы бірлік бұл - өте нақты өндірістік өнім немесе оның тасымалдануы әрине кеденмен байланысты. Бизнес стратегиялық бірліктің мақсаты өндіреді,ал маркетинг,дистрибьютерлік қызметпен басқалар жұмыс жасуы керек. Нақты, жақсы стратегяи ұйымының сұрақтарын дұрыс шешеді. Стратегияны бөлшектерге бөліп өңдеуге болмайды, өйткені байланыс үзіледі.                        Құрылымдық бірліктің корпарацияға қатысты проблемасы оның функцияларын орталық шетел тәжірибесінде 70 жылдарының басында жекешелендірудің жағында шешіліп қойылған. Соңғы 10 жыл ішінде тәжірибеде менеджерлерге арнайы өкілеттік берілген, басшының қатысуынсыз менеджер шешім қабылдап, жұмысты жүргізе береді.         Әрине өкілеттілікті өзіңе жүктелген қызмет барысына ғана қолдана алады. Бұл жағдайға басшы менеджер орта буындағы бөлім менеджерлері толық қаржылық және материалдық жауапкершілікті өз мойнына алады. Бөлім менеджерлері бірігіп өздерінің техникалық және экономикалық идеяларын жүзеге асырса,онда компания табыс табады. Орталықтандырылмаған басқару құрылымы қазіргі таңда және нарықта “қозғалмалы” болып келеді. 
               Басқару буындары арасындағы деңгейлердегі дұрыс жіктеу қажет. Орталықтандырылмаған басқару құрылымындағы корпорация жалпы корпорациялық деңгей және өндірістік – шаруашылық деңгейлерге бөлінеді. Бұл жағдайда аппарат бөлімі өндірістік – шаруашылық қызметтің нәтижесіне, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне, жоғарғы басшылық ұзақ мерзімдік жоспарлау және сыртқы байланысты кеңейтуге жауап береді. 
                   Акционерлік қоғамның тағы бір маңызды мәселелерінің бірі – адам ресурстарын тиімді басқару. Бұл басты,бір мақсаттағы басқаруды әрбір облыстарға сапалы түрде жүзеге асыра алмайсың. Ұйым персоналдардың шешімімен санасуы керек. Сол үшін персоналдарға мотивацияны кең көлемде қолдану қажет, өйткені олар фирманың жұмысын алға жылжытады және фирманың тікелей ішінде жүріп басқаруға қатысады. . 
                  Қазақстандағы рынок ерекшелігін ескере отырып, оның жиі тез өзгеруі ретінде мекемелердің сыртқы және ішкі жағдайларын айтуға болады, ұжымдардың дамыту жүйесі оның тек қана ойдағыдай дамуы ғана емес,сонымен бірге оның өміршендігін де анықтайды.Ғылыми-техникалық прогрестің жылдам дамуы кезеңінде жетістікке жеткен отандық және шет елдер тәжірибесі көрсетіп тұрғандай акцмонерлік қоғамдарының қызметі барысында дұрыс бағыт – бағдар ұстануы маңызды болып табылады.

          Экономиканың бірқалыпты қызмет етуі үшін мемлекеттік сектордың үлесі 25-30%-дан аспауға тиіс. Тек осындай үйлесімділік болғанда ғана халық шаруашылығының бүгінгі құрылымын қалпына келтіріп, тауар өндірушілер арасындағы бәсекені дамытуға, сондай-ақ өркениетті нарықтың қатынастарын жолға қоюға болады. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі нарық экономикасы стратегиясын жарияланғаннан бастап мемлекеттік меншікті түрлендіруді біртіндеп жүргізуде. 1991 жылдың ортасында сарапшылардың бағалауы бойынша негізгі өндірістік қор-лардың 90%-дан астамы мемлекеттік меншікте болған. Қал-ған мүліктің біршама санын мемлекеттік емес ұйымдар -кеңшарлар мен кооперативтер иеленді. 
                   Алдағы уақытта мемлекеттік меншікте ұлттық эконо-миканың үштен бір бөлігі қалады деп күтілуде. Бұл эконо-мика өзегін, мемлекет меншігін құрайтын қазба байлықтарға негізделген салаларға байланысты болып келеді. 
Меншіктің монополиялану көлемі мен ауқымын, сол сияқты экономиканың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі ұзақ уақытқа мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын жасады. 1991-1992 жылдарға есептелген бағдарламаның бірінші кезеңінде, шағын жекешелендіруді жүргізу және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының орта және ірі кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алуды бастау қарастырылған. Бұл процесс өте баяу жүрді. 1992 жылы көктемде меншік қатынастарын түрлендіру процессін жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің №728 «Материалдық өндіріс салаларындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша жұмысты жандандыруға байланысты шаралар туралы» Жарлығының қабылдануы, ірі және орта кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың негізгі тәсілі, оларды ашық типтегі акционерлік қоғамға айналдыруға бағытталды. Алайда бұл басқа формаларды да жоққа шығармады, керісінше Жарғы әр объектінің түрлендірілуінің ықшамды формасын таңдауға мүмкіндік жасады. Кәсіпорындарға өздерінің шаруашылықтану формаларын таңдауға және жекешелендіруді жүргізуге байланысты шараларды жасауға қүқық берілді. Бұл кәсіпорындардың жұмыс жасау ерекшелігіне, олардың негізгі қорларының әр түрлі құндарына, еңбекшілердің санына, рентабельділігіне және т.б. негізделді. 
                  Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелен-дірудің бірінші кезеңінде 6-9 мың объекті қайта түрлен-дірілді. Мемлекеттік сектордан 18% негізгі қорлар сатылып, жекешелендірілген кәсіпорындарда республикада жұмыс жасайтын жұмысшылардың тізім бойынша орташа санының 12%-ы жұмыспен қамтылды. 
Меншіктің әр формасын тарихи тұрғыдан, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың жеткен деңгейімен байланыстырып қарастыру қажет. 
                 Қайта түрлендірілген объектілердің жартысынан астамы ұжымдық меншікке берілді. Бірақ меншіктің үжымдық формасына берілгенімен, ондағы жұмыскерлердің рухани тінінде, сондай-ақ олардың еңбегінің нәтижелерінде көп өзгеріс болған жоқ. 
Сатып алудың бұл формасы мемлекет және халық үшін күткен нәтижені бере алмады. Талдау көрсеткендей, ұжым-дық кәсіпорындардың 25%-ы нашар жұмыс жасап, өндірістің 24%-ы қысқарды немесе мүлдем жабылды, 30%-ы сол деңгейде қалды, тек кәсіпорындардың 31%-ы ғана өз өнімдеріне бағаның өсуі есебінен ісі жақсара түсті. 
1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстандағы қайта түрлендірген 6198 кәсіпорын ішінде жеке меншікке берілгендер саны 1461-ді құрады. Өндірістің шоғырлануы және техникалық деңгейі жоғары сатыға жетпеген салалар мен сфераларда жеке меншіктің өзіндік экономикалық артықшылықтары болады. Ол өз ерекшеліктеріне қарай тауарлар өндіру және қызмет көрсететін шағын объектілерде өте тиімді болып келеді. Егер қандай да бір сферада өндіргіш күштер тиісті деңгейіне дейін дами алмаса, бірақ мұнда жеке меншік толық біріктірген болса, онда бұл теріс және әлеуметтік салдарлар тудырып, нәтижесінде еңбекшілердің қажетін қанағаттандыра алмайды. 
                    Нарықтың қазіргі түсінігі меншіктің бір формасына мо-нополия болуды теріске шығара отырып оның көп түрлі-лігіне экономикалық және саяси теңдіктің болуын талап етеді. Ол үшін нарық заңына сүйене отырып, экономикалық процестерді дұрыс реттеу, сондай-ақ шаруашылықтың іскерлік белсендігі үшін бірқатар ынталандыру жағдайларын жасау қажет. 
                     Толыққанды нарық жағдайында қажеттілікті нақты анықтауға және оларды тиімді қанағаттандыру тәсілдерін табу, сұраныс пен ұсынысты теңестіру, өндірістің дамуы үшін бірқалыпты сфераны жасауға мүмкіндік болады. Нарық экономикалық тиімділігін және адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру құралы ретінде қызмет етеді.                           Әлеуметтік бағыттағы нарыққа өту барысындағы алғышарттарды бұзбаған жағдайда, ол экономиканы толығымен адам мүддесіне бағынышты етуге қол жеткізеді. 
Меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы формаларын жасау мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады. 
             Мемлекеттік меншікті қайта түрлендіру процесінде рес-публика Үкіметі екі негізгі қағиданы жетекшілікке алады. 
Бірінші, бұл үлкен істің еңбекшілердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуден тұрады. Екінші қағида, меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы-лығын барлық сфераларда пайдалану болып табылады. 
1993 жылы көктемде Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдарға (2 кезең) арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Ұлттық бағдарламасы қабылданды. Ұлттық бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру купондарының иелеріне акционерлеу жолыменен меншікке біртіндеп беру болып табылады. 
             Жаппай жекешелендіру тұжырымының алатын орны ерекше. Біріншіден, ол республиканың барлық тұрғындары-ның мүдделерін толық қамтиды; екіншіден, оның басқа елдердегі тұжырымдамалармен сәйкес келмейтін өзіндік ерекшеліктері бар. 
Жаппай жекешелендіру төңірегінде республика тұрғын-дарының меншігіне барлық мүліктік кешенді беру қарас-тырылады. Мұнда бірқатар мәселелерді шешу талап етіледі. Купондық жекешелендіруді алдыменен республика тұрғын-дарының мүддесіне сай жүргізу қажет. Бұл процесс басқарылатын және бақыланатын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы болуға тиіс. Сонымен қатар, республикада бар жеке капиталды тартуды ынталандыруы тиіс. Ең соңында купон түріндегі жаңа төлем құралдары инфляцияны жұмсартуды көздейді. 
                Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына сәйкес жекешелендіру купондарын пайдалана отырып, жаппай жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру ашық акционерлік қоғам түріндегі инвестициялық жекешелендіру қорларын (ИЖҚ) құрумен байланысты болды. Олар Мемлекеттік қоры өткізетін купондық аукциондардағы жекешелендірілетін кәсіпорындар акцияларын кейіннен ауыстыру мақсатында халықтың купондарын шоғырландыруға бағытталады. 
Милиондаған купон иелерінің көзқарасымен қарағанда, ИЖҚ купондарды көптеген кәсіпорындар акцияларына салуды диверсификациялау және белгілі бір дивидент пайыз алу есебі тәуекелді төмендетіп, сол сияқты қордың мамандары купондарға білікті қызмет етуді қамтамасыз етумен қатар, аукцион өткізетін орынға дейінгі жол ақысын және қаржы делдалдарын жалдау, жекешелендірілетін объектілерді оқып үйренумен байланысты шығыстарды олар өздеріне алады. 
                  Акционерлік қоғамдар меншіктің басқа формаларымен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктерге ие. Кәсіпорындарды ашық акционерлік қоғам формасында қайта түрлендіру арқасында, жедел түрде ірі қаржы ресурстарын жұмылдыру мүмкіндігі туындайды. 
                  Акцияларды сатудан түскен түсімдер эмитент-компанияның шотына түсіп және бизнесті жаңғырту, диверсификация-лауға және т.б. қызмет етеді. 
Акционерлеудің басты пайдасы – бұл алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Ашық типтегі акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.

 

14.3 Құрылтайшылық құжаттар және олардың сипаттамасы

АҚ-дың  қаржы ресурстары, ақша қорлары, резервтері

 

 

                «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе  жедел басқару құқығындағы оқшау  мүлкі бар және сол мүлікпен  өз міндеттемесі бойынша жауап  беретін, өз атынан мүліктік  және мүліктік емес жеке құқықтар  мен міндеттерге ие болып, оларды  жүзеге асыра алатын, сотта талапкер  және жауапкер бола алатын  ұйым заңды тұлға деп танылады»  (Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексінің 33-бабы). Заңды тұлғаның  түрлерінен мен акционерлік қоғамдарды  жеке дара ажыратқым келеді. 
                  Алғашқы акционерлік қоғамдар сонау XVI ғасырда, капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Некен-саяқ құбылыстар ретінде олар монополизмге дейінгі капитализм дәуірінде тарады. Бірақ олардың жаппай құрылуы XIX ғасырдың соңғы үштен бірінде, ерекше көп капитал жұмсау керек болған, ал капиталдың айналымы баяу болған салаларда (ауыр өнеркәсіп, темір жолдар құрылысы және тағы сондай сияқты ) басталды. Бұл салаларда бірде-бір капиталист тіпті қаражатты қарызға алып та меншікті кәсіпорын ұйымдастыра алмайтын. Оны тек акционерлік негізде ғана құруға болатын еді. Сөйтіп акционерлік қоғамдар жеке капиталдардың шоғырлануының аса маңызды формасы болды. 
                  XX ғасырда акционерлік қоғамдар (корпорациялар ) дамыған капиталистік елдердің экономикасында үстем жағдайға ие болды. Мысалы, 1983 жылы АҚШ-та ұсақ шеберханалар мен дүкендерден бастап алып компанияларға дейін 15 миллионнан астам кәсіпорын болды. Олардың арасында 3 миллиондай, яғни 20 пайызындай акционерлік қоғамдар (корпорациялар) болды. Елдің барлық кәсіпорындарының жалпы кірісінің 90 пайызынан астамы олардың үлесіне келді. Осының өзінде акционерлік қоғамдардың өз арасында сараланушылық көп: олардың 16 пайызының ғана әрқайсысының 1 миллион доллардан астам жалпы кірісі болды. Бұл миллионер-корпорацияларға барлық акционерлік қоғамдардың жалпы кірісінің 92 пайызына тең келді. Монополистік капитализмге өту кезінде шаруашылық жүргізудің басым формасы акционерлік қоғамдар (немесе корпорациялар) болып отыр. Сол уақытта акционерлік қоғам болып, капиталы акциялар шығару көптеген жеке капиталдар мен жекелей қаражаттарды біріктіру негізінде құралатын кәсіпорындар танылса, қазіргі кезде де акционерлік қоғамға тән анықтама өзгерген жоқ. 
                  Акционерлік қоғамдардың қызметі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. Осы заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылуы, қызметі, қайта құру, ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін, оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерімен реттеледі. Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескертіле отырып қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы заңнан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық ережелер қолданылады. 
Әрине, акционерлік қоғамның қызметі мен алға қарай дамуы оны басқаратын акционерлер қызметіне байланысты. Акционерлік қоғамды басқарғанда акционерлердің қандай артықшылықтары бар екеніне тоқталсақ, келесі мәліметтерді келтіруге болады. 
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 14-бабында акционерлік қоғам акционерлерінің құқықтары көрсетілген. Атап айтқанда: 
1) Дивиденттер алу 
2) Акционерлік қоғамның қызметі жайлы кез келген ақпарат алу 
3) Тіркеушіден немесе нақты ұстаушыдан өзінің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын көшірмелер алу 
4) Акционерлердің жалпы жиналысына, директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидатуралар ұсыну 
5) Акционерлік қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дау көтеру 
6) Қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алу 
7) Акционерлік қоғамның жарғысында көрсетілген өзге де құқықтар

Информация о работе Экономикалық және қаржылық талдау