Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция
Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.
1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар
в) Тәуекелдің теңгерімділігі
принципі. Әсіресе
тәуе-
келді ұзақ мерзімді инвестицияларды
меншікті қаражат
есебінен (таза пайда, амортизациялық
аударым жэне т.б.) қар-
жыландырған орынды.
г) Нарықтың ңажеттілігіне бейімделу
принципі.
Корпорация нарық жағдаятын, сондай-ақ
ағымдағы және
инвестициялық қызметті қаржыландыру
үшін меншікті
қаражаттың барлық жағдайда жеткілікті
бола бермейтінін ес-
кере отырып, өзінің кредит пен қарыз алуға
тәуелділігін еске-
руі тиіс.
Қаржы көрсеткіші бірнеше әдістің көмегімен жоспарланады. Жоспарлау эдісі жоспарлы есеп-қисаптың нақты тәсілі мен жолы болып табылады. Аталмыш әдіске:
Қаржы көрсеткішін нормативтік жоспарлау эдісінде корпорацияның ақшалай ресуреқа жэне ол пайда болатын көзге қажеттілігі алдын ала межеленген норма мен норматив негізінде анықталады. Аталмыш нормативке салық ставкасы, мемлекеттік бюджеттен тыс қорға салынатын жарна тарифі, негізгі капитал мен материалдық емес активтің амортизация нормасы, банк пайызының есептік ставкасы жэне т.б. жатады.
Қаржыны жоспарлауда жалпы нормативтік жүйе қолданылады. Аталмыш жүйеге келесі норма мен норматив кіреді:
12.3 Ағымдағы және оперативтік қаржылық жоспарлау
Ақшалай қаражатты болжау корпоративтік қаржыныңең аз зерттелген мэселесінің бірі болып табылады. Аталмыш мэселе кәсіпорынның (корпорацияның) келешектегі дамуын стратегиялық жоспарлаумен де, сондай-ақ келешекті қаржыны
жоспарлаумен де тығыз байланысты. Ақша ағынын жоспарлау - ақшалай қаражат түсуі мүмкін көзді және ақшалай қаражат жүмсалуы мүмкін бағытты анықтау. Осыған байланысты көрсеткіштің көпшілігін барынша дәл болжау қиынға соғады, ал ақша ағынын жоспарлағанда ақшалай қаражаттың болжамды кезеңдегі бюджеті жасалады. Бұл үшін ағынның ең маңызды параметр сату мөлшері; қолма-қол ақша төлеп
сатудан жэне баспа-бас айырбастан түсетін кіріс; дебиторлық және кредиторлық берешектің болжамы және т.б. ғана жоспарланады. Болжам межеленген кезеңге: жылға (тоқсанға бөлініп), тоқсанға (айға бөлініп); айға (он күнге немесе бес күнге бөлініп) жасалады.
Ақша ағынын болжауга келесі операция кіреді:
Егер кәсіпорын бірінші сатыда сатудан алынатын түсімді өнімді жөнелту шамасына қарай есептеу эдісін қолданған жағдайда қиындық кездесуі мүмкін. Ақшалай қаражат не-гізінен тауар сатудан алынатын түсімнен түседі, ал аталмыш түсім қолма-қол есеп айырысу мен кредитке сатудан түсетін түсімнен қүралады. Кэсіпорын іс жүзінде сатып алушыға тауарды төлеу үшін қажетті орташа кезеңді ескеруі тиіс. Осыған байланысты осы жэне келесі кезеңде сатылған тауардың түсімінің үлесін анықтауға болады. Бүдан кейін баланстық әдістің (тізбекті тэсілмен) көмегімен ақша түсімі жэне дебиторльщ берешектің өзгеруі есептеледі:
ВР+ДЗНЯ=ДП + ДЗКЯ
мұнда: BP - өнім сатудан кезең (тоқсан) ішінде түсетін түсім (нетто);
ДЗт - тауар мен қызметтің кезең басындағы дебиторлық берешегі;
ДП - осы кезеңдегі ақша түсімі;
ДЗ - тауар мен қызметтің кезең (тоқсан) соңындағы дебиторлық берешек.
Ақша түсімі мен дебиторльщ берешектің өзгеруін бүдан да толық есептегенде дебиторлық берешек өтеу мерзімі бойынша жіктеледі. Аталмыш жіктелімді өткен кезеңнің (тоқсанның) дебиторльщ берешегін өтелуін талдаудың статистикалық де-ректерін жинақтау арқылы орындауға болады.
Бірінші сатыда өтеу мерзімі 30 күнге, 60 күнге, 90 күнге дейін жэне т.б. орташаланған үлес белгіленеді. Қаражат өзге көзден де түскен жағдайда (өзге сатудан, қаржы операциясынан) оны болжамды бағалау тікелей есептеу әдісімен орындалады, яғни алынған сома межеленген кезеңце өнім сатудан түскен ақша түсімінің мөлшеріне қосылады.
Есептеудің екінші сатысында ақшалай қаражаттың кеткен мөлшері белгіленеді. Қысқа мерзімді кредиторлық берешекті өтеу оның басты элементі болып табылады. Кәсіпорын төлемнің мерзімін ұзарта алса да жеткізушінің шотын уақытында төлейді деп қарастырылады. Бұл жағдайда мерзімі ұзартылған кредиторлық берешек қысқа мерзімді қаржыландырудың қосымша көзі ретінде болады. Ақшалай қаражат жұмсалатын басқа бағытқа қызметкерлерге еңбекақы төлеуді, үстеме шығынды, салықты, күрделі салымды, пайызды, дивидендті жатқызуға болады.
Үшінші сатыда болжанатын ақша түсімі мен төлемді са-лыстыру арқылы таза ақша ағыны (оң немесе теріс сальдо) анықталады.
Ең соңында, соңғы сатыда қысқа мерзімді қаржыланды-руға (банк кредитіне) жалпы қажеттілік анықталады.
Мысал.
Кәсіпорын келесі көрсеткіштің негізінде ақша ағынын болжау максатын қойды: ол өз өнімінің 80%-ын ол кредитке, ал қалған 20%-ын қолма-қол ақшаға сатады. Сондай-ақ ол сатып алушыға (клиентке) 30 күнге кредит (төлемнің мер-зімін үзартады) береді. Статистика бойынша клиент төлемнің 70%-ын (ай ішінде) уақытында, ал қалған 30%-ын кейінгі айлардың ішінде төлейді. Келесі жылдың I тоқсанында сату мөлшері: қаңтарда - 6300 млн теңгені, ақпанда - 6680 млн теңгені, наурызда - 7560 млн теңгені қүрайды. Өткен жылдың қарашасында сату мөлшері 5400 млн теңгеге, желтоқсанда - 5960 млн теңгеге тең болған.
Келесі жылдың I тоқсанында ақшалай қаражат қоз-ғалысының бюджетін (ақша бюджетін) жасау қажет. Аталмыш бюджетке көрсеткішті үш жүйелі есептеу кіреді ( кестелер).
Ақшалай қаражаттың алдағы тоқсанда болжанатын бюджеті, млн тенге
Көрсеткіш |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
1. Өнім сатудан түскен ақшалай қаражат |
5894 |
6294 |
6765 |
2. Өзге түсім |
522 |
252 |
1044 |
3. Барлық түсім (1+2) |
6416 |
6546 |
7809 |
4. Ақшалай қаражаттың кетуі 4.1. Кредиторлық берешекті өтеу |
5328 |
6210 |
7110 |
4.2. Өзге төлем (еңбекақы төлеу, салық жэне т.б.) |
684 |
756 |
1044 |
БАРЛЫҚ төлем (4.1 + 4.2) |
6012 |
6966 |
8154 |
5. Ақшалай қаражаттың артыгы (+), жетіспеуі (-) (3 - 4) |
404 |
-420 |
-345 |
Ақшалай қаражаттың айтарлықтай тапшылығы пайда болған жагдайда, осы тапшылықтың пайда болуының себебін талдау қажет.
Ақпан-ңаурыздағы қолма-қол ақшаның 1023 млн теңге (318 млн теңге + 705 млн тенге) сомасындағы тапшылығы болжанады. Сондықтан тапшылыққа жол бермеудің бірнеше нұсқасы ұсынылады.
Кірісті капиталдандыру әдісі келешектегі кірісті агымдағы кіріспен салыстыруға болса немесе оның өсу қарқынын болжауға болмаган жагдайда қолданылады, мүның өзінде кіріс едэуір салмақты оң мөлшер болып табылады. Мүндай жагдайда корпорация үзақ уақыт бойы ойдағыдай жұмыс істейді. Мүлікті багалау теориясында капиталдандыру деп таза кірісті капиталдандыру ставкасына белу арқылы кірісті объектінің нарық қүнының көрсеткішіне қайта есептеу процесі түсініледі. Аталмыш ставка бағаланатын кәсіпорынның қызметімен байланысты жылжымайтын мүлік пен тәуекел нарығындағы жағдай ескеріліп тандалады.
Дисконттау әдісінде келешектегі ақша түсімі таңдалған дисконттық ставканың көмегімен оның нақты құнына қайта есептеледі. Қолында айтарлықтай айналымнан тыс активі бар, банкінің кредитін тартатын жэне ақшалай қаражатты таза айналым капиталын үлғайту үшін пайдаланатын кәсіпорын үшін таза ақша түсімінің көрсеткішімен пайдаланған қолайлы болады.
Төлем балансының негізінде қаражаттың шұғыл мұқтажға жүмсалуы бақыланады. Уақытша қаржы тапшылығы туындаған жагдайда, осындай бақылаудың маңызы артады.
Кәсіпорын әрбір тоқсанға шұғыл мұқтажға жүмсалатын қаражаттың күнделікті нормасын анықтау үшін өзінің есеп айырысу шоты орналасқан жерінде қызмет көрсететін банкире есепті айдан кейінгі бірінші айдың 10-ы күнідейін өткен тоқсанда осы шотқа өнім (жүмыс, қызмет) сатудан қаражаттың түсуі жөнінде мәлімет беруі тиіс. Өнім сатудан түсетін түсімнің қүрамына енгізілетін, бюджетке енгізілуі тиіс қосымша қүн салығы шүғыл мүқтажға арналган қаражат-тың сомасынан шегерілуі тиіс. Қаражаттың орташа күндік түсімінің мөлшерін есептеу үшін өткен тоқсанның түсімінің сомасын сол кезеңнің жүмыс күніне бөлу қажет.
Банк шүғыл мүқтажға арналған қаражатты кэсіпорынның жазбаша өтінішіне сэйкес береді. Қаражатты есеп айырысу (ағымдағы) шотында қалдыру кезеңділігі мен оны мақсатқа орай жұмсау да клиенттің (кәсіпорын басшысының) жазбаша өкімі бойынша белгіленеді. Қолма-қол ақшалай қаражат кәсіпорынға қолданыстағы заңнамада белгіленген мақсат пен шектерде шұғыл мұқтаждың есебіне беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Ағымдағы қаржылық жоспарлау
2. Оперативтік қаржылық жоспарлау
Тақырып 13. Түрлі ұйымдастырушылықтық- құқықтық нысандағы кәсіпорындардың қаржылық ерекшіліктері
13.1 Кәсіпорын кәсіпкерлік қызметінің бір нысаны ретінде
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері және нысандары
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық
белсенділік – бұл барлық энергетикалық
процесс тауар өндірісімен
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660ж. Ост-Индия сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
Жер – деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б.