Экономикалық және қаржылық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция

Краткое описание

Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.

Содержание

1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ф31 Касипорын каржысы лекция.docx

— 438.64 Кб (Скачать документ)

                  Қазіргі өндіріс ауқымының өсуімен  және оның техникалық базасының  күрделенуімен негізгі капитал  ұлғаяды. Ең ірі деген жеке  капиталдың өзі бұл жағдайда  алып метеллургиялық және машина  құрылысы кәсіпорынын, жол, порт, канал және т.б. салуға жеткіліксіз. 
                   Осыдан барып бірнеше жеке капиталдардың ірі капиталға обьективті бірігуі қажеттілігі туындайды, сөйтіп акционерлік қоғам құрылады. Бірінші акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде XVI-шы ғасырда пайда болды.                     Олардың жаппай құрылуы XIX-шы ғасырдың үшінші жартысына келеді, ол ҒТР-ның шарықтауымен байланыстырылады: электр жарығының ашылуы, іштен шығатын электр двигательдерінің пайда болуы, металл балқыдудың жаңа технологиясы және т.б. Металлургиялық өнеркәсіптің, автомобиль және авиақұрылыстары қарқынды дами бастады. Зауыттар сал көптегенқаржыны талап етті. Бірде бір жағдацы осы салаларда өз меншігіндегі кәсіпорынды ұйымдастыра алмады. Тек акционерлік негізде ғана құрыла алды. 
                  Акционерлік қоғам ғана ірі және ең ірі өндірісті құрудың негзі болып табылады және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші рөл атқарады. Мысалы, АҚШ-де 80-шы жылдардың ортасында 32 млн. Корпорация болды және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді. 
                 Акционерлік қоғамды ұйымдастыру үшін оның құрылтайшылары банкке белгілі ақша сомасын салады. Қоғамның капиталы құрыльайшылардың акция шығару жолымен құрылады және оны барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы келетіндерге сатады. 
                  Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 85-ші бабына сай акционерлік қоғамды бір ғана тұлға құруы мүмкін немесе бір акционердің барлық акциясы иеленген жағдайда тек бір ғана тұлғадан тұрады.

 

Тақырып  15. Шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылары

15.1 Шағын кәсіпкерліктің әлемдік экономикадағы орны.

Қазақстандағы шағын кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары

         Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор.

         Нарықтық экономика жағдайында  экономикалық қызметтің барлық  экономикадағы негізгі буыны  – бұл кәсіпорын. Сондықтан  да бұл деңгейде қоғамға қажетті  өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі  тиіс. Бұған байланысты ресурстарды  үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді  техникалар мен технологияларды  қолдану мәселелері маңызды болып  отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.

                Шаруашылық субъектілерінің қызмет  ету тиімділігін қамтамасыз ету  шаруашылық қызметін экономикалық  тұрғыдан сауатты басқаруды талап  етеді, ал ол өз кезегінде  шаруашылық қызметін талдаумен  тығыз байланысты. Экономикалық  талдау көмегімен кәсіпорын қызметінің  нәтижесі мен оған әсер етуші  факторлардың даму тенденциясы,  өзгеру себептері жан-жақты терең  талданады, басқарушылық жоспарлары  мен шешімдері негізделеді, олардың  орындалуына бақылау жүргізіледі,  өндіріс тиімділігін арттыру  резервтері анықталады.

               Бүгінгі таңда республикамызда  экономиканы қайта құру жолында  оның негізі болып табылатын  кәсіпкерлік қатынастарды дамытып,  жандандыру күн тәртібіндегі  негізгі мәселелердің бірі. Оның  негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің  «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына  жолдауында: «еліміздің экономикалық  саясатының бірден-бір басым бағыты  шағын кәсіпкерлік» деп аталынған.  Сондықтан шағын кәсіпкерлікті  дамытуды басқару еліміздің жүзеге  асырып жатқан саясатының стратегиялық  мәселесі болып табылады. Оның  стратегиялық маңыздылығын бағалау  үшін Қазақстан экономикасының  мынадай ерекшеліктеріне көңіл  бөлу қажет:-айқын көрініс алған  шикізаттық бағыт; -қайта өңдеу  өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа  тәуелділігі; -инфрақұрылымның нашар  дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш  күштердің біркелкі орналаспауы.  Бұл аталған біздің экономикамыздың  мұндай зардаптарын шағын және  орта бизнестің даму жолдарымен  ғана жеңуге болады. Себебі, шағын  кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы  мемлекеттің экономикалық жетілуіне  ықпал етуі және өндіріс, халықтың  жұмыспен қамтылуына жеткілікті  түрде қамтамасыз ете алуы  жатады. Сол үшін кәсіпкерлік  қызметті еліміздің шаруашылық  қызметінің жандандырғыш күші  деп білуіміз қажет. Осыған  байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің  жан-жақты қолдау мен қорғау  табуын тек шағын кәсіпкерлікті  дамытумен бірге оның нарықтық  экономиканы дамытуда қосар үлесі  де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе  көрсетіп отырғандай шағын дамып  отырған нарықтық шаруашылықтың  бөлінбес, ажырамас бір элементі  болып табылады.Шағын кәсіпкерлік  экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық  табыс көлемінің деңгейін де  анықтайды. Әлеуметтік  жағынан да функциясы – жаңа қосымша жұмыс орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылығын көрсетеді. Сондықтан, шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару  мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады.

                   Шағын бизнестің негізгі мақсаты  – халықты жұмыспен қамту,  оның әлеуметтік мәселелерін  шешу, еңбекке деген белсенділігін  дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті  товарлармен, қызметтермен толықтыру.  Шағын кәсіпкерліктің дамуын  ынталандыру мақсатымен Қазақстан  азаматтарына жайлы құқықтық  және экономикалық жағдай туғызу  үшін бірнеше заңдылық және  ұйымдастыру – экономикалық шаралар  жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев  “Қазақстан Республикасында шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың  мемлекеттік бағдарламасы туралы”  жарлыққа қол қойды. Президент  бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру  шараларының жоспарын жасап, бекіту  жөнінде үкіметке тапсырма берді.  Елімізде шағын кәсіпкерлікті  қалыптастырып, дамыту жүйесі  әлі де жүріп жатыр. Шағын  кәсіпорын дүниежүзінде маңызды  орын алады. Ол тек қана тұтыну  сферасында емес, сол сияқты кейбір  бөлек үзелдер мен механизмдерді  шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар  өндіріп негізгі басты өндірісті  қамтамасыз етуде маңызды орын  алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері  жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық  шаруашылық салаларында жұмыс  істейді.

       Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.  
                     Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.  
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру.  
Міндеттері:  
- шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;  
- оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;  
- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;  
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;  
- шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;  
- қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;  
- шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.  
             Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде. 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Нарықтық қатынастар

 

2. Шағын  бизнес 

 

3. Шағын бизнестің негізгі мақсаты

 

15.2 Шағын кәсіпорындар табысын есептеу және тарату

 

                    Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен инновациялық серпілістің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар еліміз экономикалық үрдістерге сай дамып келе жатқан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, өндірісті, соның ішінде экономиканың нақты секторын таңдап алды. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолджауында ел экономикасын көтеру, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын.  
                      Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. 
                      Қазіргі таңда әлемдік экономикада бәсекелестіктің қарқыны артуда. Сонымен қатар нарықты жаңа өнімдермен, жаңа қызметтермен қамтамасыз етуге ынталы өндіргіш күштердің белсенділігі де жоғарылауда. 
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектісінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.  
                       Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнән, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.Қазіргі жағдайда іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп , кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік- бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген , қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын , шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы , инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процессі. 
                       Қазіргі заман жағдайында кәсіпорын күнкөрісін қамтамасыздандыру үшін басқару персоналына бәрінен бұрын өз кәсіпорнының, сонымен қатар потенциалды бәсекелестерінің қызмет етуінің тиімділігінің дәрежесін бағалай білу керек. Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі – кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсеке артықшылығын, іскерлік келісімдегі потенциалын, қаржылық және өндірістік қатынастағы кәсіпорынның және оның экономикалық назарының қаншалықты кепілдіктендірілгенін өндірісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанын анықтайды. Бірақ кәсіпорынның қызметіне оның алға қойған мақсатына жетуіне бір ғана тиімділік дәрежесін нақты бағалау аз. 
Берілген дипломдық жұмыста «Бикен-жарнама» ЖШС кәсіпкерлік қызметін арттырумен байланысты мәселелер, ұсыныстар мен экономикалық талдаулар мәселелері қарастырылады. 
                       Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты: нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің экономикадағы белсенділігі мен тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну. 
                       Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырап тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Осы және тағы басқа мәселелерді үшінші бөлімде қарастырамыз.  
                     Қазіргі заманғы экономикада шағын кәсіпкерліктің рөлі өте маңызды болып табылады. 
                     Нарықтың әртүрлі сфераларын жеңіп алу және әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерінде шағын кәсіпкерліктің өркендеуі , кәсіпкерліктің осы формасының ТМД республикаларында , соның ішінде Қазақстанда кең таралуын анықтады.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Шағын кәсіпорындар табысы

 

2. Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетуі

 

3. Әлемдік экономикада бәсекелестіктің қарқыны

 

4. Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі

 

 

15.3 Шағын кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін есептеу

 

                     Шағын бизнес базар қатынастарын  ұдайы іске қосып отыратын  ортаның нақ өзі. Экономиканың  өтпелі кезеңіндегі шағын бизнес, ең алдымен, базардың тауармен  молығуына және жаңа жұмыс  орындарының құрылуына мүмкіндік  берді. Жалпы алғанда, бизнес  экономикада нақты белсенді, бәсекелес  ортаны ғана қалыптастырып қоймады,  сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық  дамыуында оның тұрақтығылының  индикаторы есепті орта тапты  жасақтайды. Шағын бизнестің әлеуметтік  міндетіне: халықты жұмыспен қамту,  тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету,  адамның өмірге нық сеніммен  қарау мүмкіндігін арттыру жатады. 
Шағын кәсіпорындар экономиканы қайта құру қарқының жеделтездетіп, шығының тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі 
деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі:шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал             Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.²шағын²Бизнеске қатысына қарай,  
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта бизнес бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы: шағын бизнес саны өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғары да емес, небәрі пайыздың бөлшегі ғана. Дегенмен, өсім бар. Оның жалпы ішкі өнімде де өзіндік үлесі бар. Ол 7 пайызды құрайды. 
                     Шағын бизнестің басты ерекшелігі- кірістерге қатысуымен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болуымен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық коллективтік түрде еңбек етуге жәнебригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар ( негізін қалаушылар ) кәсіп орынды басқару үшін маман мененжерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе екі жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезеңінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіп орындарда мундай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен мененжер-бұл ереже бойынша бір адам. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын бизнес қайтадан өз мәнімен маңыздылығына ие болады. Көптеген елдердің үкіметтері шағын бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының табыстар мен өркенеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шаруаларын қабылдауда. 
                     Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің түрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады. Оның үстіне, шағын бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай ,сондай-ақ оның экономикалық дақдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретін де қарастырылады. Шағын фирмалады көбірек құру -–жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарғын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кейтүі мүмкін.

Информация о работе Экономикалық және қаржылық талдау