Экономикалық және қаржылық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 10:57, лекция

Краткое описание

Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуыныц 2003-2015 жылдарга арналган мемлекеттік багдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруга, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылган стратегиялық мақсаттарга сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет.
Корпоративтік экономика еңбекті халықаралық бөлуде үлттық экономиканың бәсекеге кабілетін арттыруга, нақты эконо-микага инвестициялар тартуга, сонымен бірге гылыми-техникалъщ прогрестіц жетістіктерін енгізуге ъщпал етеді. Мемлекеттіц әріптестері ретінде ірі корпоративтік -қүрылымдар өндірістің ма-териалдъщ ресурстары мен капиталын біріктіреді.

Содержание

1 Кіріспе (аннотация)
2 Тақырыптық жоспар
3 Лекциялар
4 Лабораторлық жұмыстар
5 Практикалық жұмыстар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ф31 Касипорын каржысы лекция.docx

— 438.64 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорынның қаржысын жемісті басқарудың ең негізгі шарты  – оның қаржылық жағдайын талдау. Нарықтық қатынастар кезіндегі қаржылық жағдайды талдаудың маңызы өте зор. Бұл  кәсіпорындардың тәуелсіздікке  ие болуымен, меншік иелері, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер  алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік  қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте  болуымен байланысты. 
             Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуын үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің соңғы нәтижелерін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері тек қана оның жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет бойынша серіктестерін де қызықтырады, олар: мемлекеттік, қаржылық, салық органдары және т.б. Осының барлығы кәсіпорынның қаржылық талдаудың өткізудің маңыздылығын анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың ролін арттырады, қаржылық талдау элементі болып табылады. 
                Нарық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады: 
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі; 
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу; 
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау; 
- қаржы – есептік және несие ережесін сақтау; 
- кәсіпорын активтері мен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу; 
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі; 
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау; 
- кәсіпорын табыстылығын бағалау; 
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай – ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару; 
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.  
             Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады.  
             Қаржылық талдау – тиімді дамуды қамтамасыз етуге және оның нарықтық құнын көтеруге мақсатында кәсіпорынның қаржылық-шаруашалық қызметінің негізгі нәтижелерін және қаржылық жағдайын зерттеу процесі. 
             Қаржылық талдаудың негізгі зерттеу объектілері – қаржылық ресурстар, ақшадай құралдар ағымы, кәсіпорынның қаржылық жағдайы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның іскерлік активтілігі және сенімділігінің маңызды мінездемесі болып табылады. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, іскерлік бірлестіктегі тұрақтылығын анықтайды, сол кәсіпорын сияқты, оның әріптестерінің тиімді қызметінің кепілі болып табылады. Қаржылық жағдай кешенді түсінік болып табылады және тұрақты қаржылық мүмкіндіктерді көрсететін көрсеткіштер жүйесімен мінезделеді. Жақсы қаржылық жағдай – бұл тұрақты төлем дайындығы, меншікті айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі және оны шаруашылық бағытта тиімді қолдану, анық есептік ұйым, тұрақты қаржылық базаның болуы. 
              Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негізі 
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Қаржылық есеп беруге мыналар жатады:  
- бухгалтерлік баланс;  
- табыстар мен шығындар туралы есептеме;  
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептеме;  
- меншікті капитал ішіндегі өзгерістер туралы есептеме.  
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. 
              «Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есептің № 2 БЕС көрсетілгендей,- бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдай және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. 
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады: 
1) ұзақ мерзімді активтер; 
2) ағымдағы активтер; 
3) меншікті капитал; 
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер; 
5) ағымдағы міндеттемелер. 
                Баланс қаржылық есеп беруде 3 элементі сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған 2 элемент – табыс және шығын – қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетілген. Бухгалтерлік есеп – бұл қолданушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Басқарушылық шешімдерді қабылдау негізі есепті ақпаратта болады.  
№ 4 БЕС сәйкес субъекттер жасаған “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп” заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге қызмет), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капитала мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді.  
                      Меншік капиталының қозғалысы - бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі.               Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет.         Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді. 
                   Қаржылық есеп беру қағидалары қаржылық есеп жүргізудің бастапқы жайы мен қаржылық есепті құрудан тұрады. БЕС № 30 қаржылық есеп саясыты мынандай негізгі қағидалардан тұру тиіс: 
1) есептеу - қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады; 
2) толасыздық - субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды; 
3) маңыздылық- қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; 
4) мәнділік - қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін;

 

 

 

17.2 Қаржылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын  мәлеметтерді есептеу

 

Қазақстан Республикасының  банктік заңнамасы қарастыратын операцияларды жүзеге асыру лицензиясы, сонымен қатар бағалы қағаздар рыногында  номиналды ұстаушы ретінде клиенттер  шотын басқару құқығымен брокерлік-дилерлік қызмет ету және трансфер-агенттік қызмет лицензияларына сәйкес "Қазпочта" АҚ кең ауқымда қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

∙ - депозиттер; 
∙ - заңды тұлғалар / жеке тұлғаларға банктік шот ашу және жүргізу; 
∙ - ақша аударымдары; 
∙ - банкноттар, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу; 
∙ - бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да төлемдерді төлеу; 
∙ - зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдер төлеу; 
∙ - салық  және басқа да төлемдерді қабылдау;   
∙ - коммуналдық төлемдерді қабылдау; 
∙ -  төлем карточкалары қызметін көрсету;  
∙ - валютаны сату / сатып алу операциялары бойынша (Қазақстан Республикасы валютасы, еркін конверттелетін және жұмсақ валюталар); 
∙ - қолма-қол шетел валютасымен байланысты айырбас операцияларын ақшаны клиентке жеткізуге дейін ұйымдастыру; 
∙ - рынокқа ақша тарту мен орналастыру; 
∙ - құнды қағаздарды номиналды ұстау мен брокерлік қызмет көрсету бойынша қызмет крсету; 
∙ - трансфер-агенттік қызметтер.

 Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді.Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады. 
               Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады. 
               Сол немесе өзге функциялардың мазмұны, рөліне және іс - қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару / атқарушы - өкімші қызмет / түрінде жүзеге асыралады.Мемлекеттің биліктің жоғары органы-Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары – депутаттардың жиналысы-маслихаттар.Атқарушы биліктің басшысы           Президент болып табылады, атқарушы - өкімші қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді. 
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға” 
Мемлекеттің іс - қимыл етуінің нақтылы кезендеріндегі оның міндеттерін 
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу 
- қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына” 
- мемлекет кірістерінің көздеріне” 
- ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына 
- мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі. 
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады” 
-1 Орталықтандырылған мемлекетті қорларға ”мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және кредит қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. 
Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары / әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар жатады /.Ерікті негіздерді жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекттік қарыздар, ақшалай – заттай лотереялар,  
банктерге салынатын салымдар – депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады. 
-2 Мемлекеттің ақша қаражаттары бөлген кезде мына әдістерді ажыратады” қаржыландыру – қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру / несиелендіру / - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу. 
-3 Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма – қол ақшасыз және қолма – қол ақшамен есеп айрысу әдістері қолданылады.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айрысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорондармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады. 
           Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттің қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді. 
            Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктергк және банктік топтарға бөлуге болады.Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар. 
            Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады. 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Қаржылық қызмет нәтижелері

 

2. Мемлекеттің қаржылық қызметі

 

3. Қаржы операциялары

 

4. Валютаны сату туралы не білесіз?

 

5. Сыртқы экономикалық байланыс түсінігі

 

 

 

 

 

Тақырып 18. Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі

18.1 Ұйымның дәрменсіздігінің негізгі белгілері

 

Қаржы дагдарысының диагностикасы - кәсіпорында дағдарыстың дамуының ықтимал үрдісін жэне оның жағымсыз салдарын табу үшін жасалатын қаржыны талдаудың мақсатты жүйесі. Кәсіпорынның қаржы дағдарысын диагностикалау

мақсаты мен оны жүзеге асыру әдісіне сэйкес ол келесі екі негізгі жүйеге бөлінеді:

 1) қаржы дағдарысын экпресс-диагностикалау жүйесі;

2) қаржы дағдарысын терең диагностикалау жүйесі. Қаржы дагдарысын экпресс-диагностикалау - кәсіпорын қаржысының дамуының дағдарыстық параметрін ұдайы бағалау жүйесі. Бағалау кәсіпорын қаржысының есеп О деректерінің базасында стандартты талдау алгоритмі бойынша жүзеге асырылады.

Қаржы дағдарысын экспресс-диагностикалаудың негізгі максаты - кәсіпорында дағдарыстың даму белгілерін ерте табу және дағдарыстың жай-күйінің ауқымын алдын ала бағалау.

Қаржы дағдарысының экспресс-диагностикасы  келесі негізгі саты бойынша жүзеге асырылады:

1. Кәсіпорында қаржы дағдырысы туындауы қауіпті «дағдарыс өрісі» қадағаланатын объектіні анықтау.

Осы тұрғыдан кэсіпорынның «дағдарыс өрісін» қадағалау жүйесіне мына негізгі объектілер (параметрлер) кіруі мүмкін.

Кәсіпорынның «дағдарыс өрісін» қадағалау жүйесі.

 

Қадағаланатын «дағдарыс өрісінің» объектісі

Көрсеткіш-индикатор

 

көлемдік

құрылымдық

/

2

3

1. Кәсіпорынның таза ақша ағыны

1. Жалпы кэсіпорын 
бойынша таза ақша 
ағынының сомасы.

2. Кэсіпорынның 
операциялық қызметі 
бойынша таза ақша 
ағынының сомасы.

1. Таза ақша агынының жет- 
кіліктілік коэффициент!.

2. Ақша ағынының өтім- 
ділік коэффициенті.

3. Ақша ағынының 
тиімділік коэффициенті

4. Таза ақша ағынын 
қайта инвестициялау 
коэффиценті.

II. Кәсіпорынның  нарықтық қү_ны

1. Кэсіпорынның таза активінің нарықтық құн бойынша сомасы.

1. Кэсіпорынның нарықтық 
құны

2. Кэсіпорынның пайда 
капиталдану коэф- 
фициент! бойынша құны.

III. Кэсіпорын  капиталының құрылымы

1. Кэсіпорынның 
меншікті

капиталының сомасы.

2. Кэсіпорынның қарыз 
капиталының сомасы.

1. Дербестік коэффициенті.

2. Қаржыландыру коэффи- 
циент! (Қаржы леверидж 
коэффициент!).

3. ¥зақ мерзімді қаржы тэ- 
уелсіздігі коэффициент!.

IV. Кэсіпорынның  қаржы міндет-темесін өтеу мерзім-ділігі  бойынша құрамы

1. ¥зақ мерзімді қаржы 
міндеттемелерінің 
сомасы.

2. Қысқа мерзімді 
қаржы

міндеттемелерінің сомасы.

3. Қаржы кредитінің 
сомасы.

4. Тауарлық 
(коммерциялық) 
кредиттің сомасы.

5. Ағымдағы міндет- 
теменің сомасы.

1. ¥зақ мерзімді жэне 
қысқа мерзімді 
қаржы міндеттемесі 
арақатынасының 
коэффициент!.

2. Тартылган қаржы жэне 
тауарлай кредиттің 
арақатынасы.

3. Олардың жалпы 
сомасындагы тнүғыл 
қаржы міндеттемесінің 
коэффициент!.

4. Ағымдагы төлем қабі- 
леттілік коэффициент!.

V. Кэсіпорын акгивінің құрамы

1. Айналымнан тыс 
активтің сомасы.

2. Айналым активінің 
сомасы.

3. Ағымдагы деби- 
торльщ берешектің 
сомасы - барлыгы, 
оның ішінде мерзімі 
өтіп кеткен.

1. Активтің оңтайлылық 
коэффициент!.

2. Өтімділігі жоғары 
активпен қамтамасыз 
етілу коэффициент!.

3. Дайын төлем 
құралымен камтамасыз 
етілу коэфифиценті.


 

Кәсіпорында қадағаланатын «дағдарыс өрісінің»  жекелеген объектісінде қаржы дағдарысының туындау қаупін бағалай-тын аса маңызды индикаторлар жүйесі

 

 

 

Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару жүйесінде каржыны тұрақтандырудың ішкі механизмін кеңінен пайдалану негізгі рөл атқарады. Бүл жагдай осы механизмді ойдағыдай пайдалану банкроттық қаупінің салдарынан пайда болган уайымнан күтылып қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорынды қарыз капиталын пайдалану тәуелділігінен біршама қүтқаруга, сондай-ақ оның экономикалық дамуының қарқынын жеделде-туге мүмкіндік береді.

Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржысын тұрақтандыру мына негізгі саты бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылады:

1. Төлемге қабілетсіздікті жою. Кэсіпорынның жай-күйінің дагдарысының ауқымын диагностикалау нэтижесі бойынша қандай дәрежеде багаланса да, оның қаржысын түрақтандыру үшін қолданылатын іс-шаралар жүйесіндегі ең шүғыл міндет - бүл банкроттық тәртіптемеге жол бермеу үшін кәсіпорынның шүғыл қаржы міндеттемелері бойынша толем төлеу төлеу қабілетін қалпына келтіру.

2. Қаржының тұрақтылыгын (қаржылық тепе-теңдікті) 
цалпына келтіру. Төлемге қабілетсіздікті туындатқан себепті 
жою, кәсіпорын қаржысының түрақтылығын қауіпсіз деңгейге 
дейін қалпына келтіру қысқа ғана емес, сонымен бірге бірша- 
ма ұзақ уақыт аралығында қаржы дағдарысының қайталану 
қаупін жоюға мүмкіндік береді.

3. Ұзақ кезеңде каржы тепе-теңдігін ңамтамасыз 
ету. Кәсіпорын пайдаланылатын капиталдың қүнын түрақты 
төмендету, өзінің нарықтық құнын ұдайы өсіру үшін жағдай 
жасаған жағдайда ғана толық қаржы түрақтылығына же- 
туге болады. Кәсіпорынның қолайсыз факторлар ескеріліп 
үйлестірілген қаржы стратегиясы оның операциялық 
қызметінің түрақты өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз 
етуі, сонымен бірге алдағы кезеңдегі банкроттық қаупін де 
бейтараптандыруы тиіс.

Кәсіпорын қаржысы тұрақтандырылатын  әрбір кезеңнің белгіленген ішкі механизмі бар. Аталмыш механизм қаржы менеджменті практикасында жедел, такт икал ың жэне стратегиялық болып бөлінеді.

Жоғарыда атап өтілген пайдаланылатын ішкі механизм «цорганыс» немесе «шабуылдық» сипатта болады.

Қаржыны тұрақтандырудың жедел механизмі «ар-тықты алып тастау» принципіне негізделеді. Аталмыш механизм кэсіпорын қаржысының қолайсыз дамуына қарсы жасайтын қорғаныс іс-әрекетті білдіреді жэне қайсы бір шабуылдық сипаттағы басқарушылық шешімге жатпайды.

Қаржыны тұрақтандырудың тактикалық механизмі жекелеген қорганыс іс-шарасын пайдалана отырып қаржының дамуындағы қолайсыз үрдісті өзгертуге жэне кэсіпорынның қаржы тепе-теңдігінің шебіне шыгуга бағытталған шабуылдық тактикасын білдіреді. Кэсіпорын қаржысының тепе-теңдігінің негізгі моделінің түрі мынадай болады:

ч п0 + ао + аак + асфрп = аиск + дф + пуп + сп + ак + арф,

мқнда: 477 - кэсіпорынның таза операциялық пайдасы;

АО - амортизациялық аударымның сомасы;

     АК -акционерлік капиталдыц қосымша акция эмисси-ясында өскен сомасы (жарғылық капиталга салынган үлестік жарна мөлшерінің үлғаюы);

АСФРП - меншікті қаржы ресурсының өзге көздің есебі-нен өсімі;

ЫИ - меншікті көздің есебінен қаржыландырылатын инвестиция мөлшерінің өсімі;

ДФ - дивиденд қорының (кэсіпорынның меншік иесіне салынган капиталга шаққандағы пайыз төлеу қорының) сомасы;

ПУП - жалдамалы қызметкерлердің пайдага қатысу баг-дарламасының (пайда есебінен төленетін төлемнің) көлемі;

СП - кэсіпорынның пайда есебінен қаржыландырыла-тын элеуметтік, экологиялық және басқа да сыртқы багдар-ламалардың көлемі;

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

     1. Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі дегенміз не?

 

 

2. Ұйымның дәрменсіздігінің негізгі белгілері ата.

 

 

 

 

18.2 Банкроттық түсіндігі және мәні. Ұйымның банкроттық  потенциалын бағалау

 

Банкроттықты сот борышқордың өтінішінің негізінде немесе кредитордың «Банкроттық туралы» ҚР Заңында өкілеттік берілген түлғаның сотқа берген өтінішінің негізінде анықтайды.

Егер кредитордың борышқорға қоятын талабының жиынтығы жуз елу айльщ есептік көрсеткіштен кем емес соманы құраған жағдайда банкроттық туралы іс сотта қаралады.

       Егер сауықтыру іс-шаралары кэсіпорынды қаржы дағдарысынан шығару жөнінде қажетті нәтиже бермесе, онда сот борышқор-кәсіпорынды банкрот деп тану жэне оны тарату жөнінде шешім шығарады. Бұл жағдайда арнайы тарату тәртіптемесі жүзеге асырылады (конкурстық іс ашылады).

    Кэсіпорын банкрот болған кездегі тарату тәртіптемесінің бірқатары қаржы менеджментінің функциясымен тікелей байланысты. Аталмыш менеджмент тарату комиссиясына жүктеледі. Тарату комиссиясы банкрот-кәсіпорынның мүлкін заңнамаға сәйкес жалпы басқарады жэне кредиторлардың талабын қанағаттандырады.

Кәсіпорын банкрот болган кезде тарату тәртіптеме-сін жүзеге асыру процесінде қаржы менеджментінің атңаратын функциясы:

1. Банкрот-кәсіпорынның мүлкін баланстық ңұн бойынша багалау. Бағалау кэсіпорынға меншік қүқығы немесе толық шаруашылық жүргізу қүқығында тиесілі мүлікті толық түгендеу негізінде жүзеге асырылады.

2. Таратылатын (конкурстык) жиынының мөлшері 
мен құрамын аныктау. Тарату (конкурстық) жиыны- бүл 
банкрот болып жарияланған кәсіпорынның кредитордың тала- 
бын қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін сатуға арналған 
мүлік.

Таратылатын (конкурстық) жиынының негізі банкрот-кәсіпорынның қолданыстағы заңнамаға сэйкес қарастырылған шегерім алынған баланстық құн бойынша бағаланған бүкіл мүлкі құралады. Мәселен, тарату (конкурстық) жиынға бан-крот-кэсіпорынның мүлкіне кепілзат; жалға алынған мүлік; оның қызметкерлерінің жеке мүлкі, түрғын үй қорының, балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің, өндірістік жэне коммуналдық инфрақұрылым объектілері енгізілмейді.

Информация о работе Экономикалық және қаржылық талдау